
- •1. «Қалалық транспорттарды басқару» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •2. «ҚазПочта» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
- •3.Бірінші модель бойынша ақпараттық жүйені интеграциялаудың қауіпсіздік саясатын құрыңыз
- •4. Ақпараттық өзара байланысу процестерін жобалаңыз (аису мысалында)
- •6. «Универ жүйесі» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •7. «ҚазПочта» жүйелерді интеграциялау үшін қолданылатын программалық өнімдер.
- •8. «Жатақхана» интеграциялау. Екінші модель бойынша ақпараттық жүйені интеграциялаудың қауіпсіздік саясатын құрыңыз
- •9. Case – технологияларды қолдану арқылы аж автоматты жобалау
- •10. «Аэропорт» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •11. Кітапхана» ақпараттық жүйесінің диаграммасын ақпараттық жүйелер интеграциясымен байланыстырыңыз.
- •12. Мекемеарасындағы әрекеттесу архитектурасының негізгі компоненттері. Мысалдар келтіріңіз.
- •13. «Аптека» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •14. «Жатақхана» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру).
- •15. «ТурФирма» интеграциялау архитектурасының құрылымын кластар бойынша құрастырыңыз.
- •17.«Қалалық транспорттарды басқару» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
- •18. «Универ жүйесі» интеграциялау аж интеграциялау архитектурасының құрылымын топологиясы бойынша құрастырыңыз
- •19. «Аптека» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
- •20. «Музей» интеграциялау. 1 модель бойынша аж интеграциялау қауіпсіздік саясатын құрыңыз.
18. «Универ жүйесі» интеграциялау аж интеграциялау архитектурасының құрылымын топологиясы бойынша құрастырыңыз
Университет студенттері туралы жалпы және де оқу үлгерімін есепке алу үшін тағайындалған ақпараттық жүйе студент туралы түсу кезінен бастап бітіру (немесе шығарылу) кезіне дейінгі оның жағдайының барлық тарихын сақтаулы күйіндегі толық ақпаратты сақтауға және тасымалдауға арналған.
Функционалдық мүмкіндіктері:
Студенттердің жеке мәліметтерін сақтау (физикалық тұлға туралы ақпарат);
Студенттерді кадрлық ақпараттық тіркеу (бұйрықтар);
Студенттердің оқу үлгерімін енгізу (ведомость және оқу жоспары);
Әскери міндеттері туралы ақпаратты сақтау.
«Универ» ақпараттық жүйесі келесі сипаттағы түрлі сұрақтарға жауап беруге міндетті:
Университеттегі берілген факультетте оқудың, курстың берілген формасында қанша студент бар?
Коммерциялық немесе бюджеттік негізде университет студенттерінің үлесі қандай?
Пән мен семестр бойынша студенттің оқу үлгерімі қандай?
Университеттің берілген семестріндегі үздіктердің саны қанша?
Берілген факультеттегі қызыл дипломмен аяқтаған қанша түлек бар?
Және т.б....
Қолданылу аймағы: Бұл программалық кешен жоғары және орта арнайы оқу орындарында қолданыла алады.
Өңдеу ортасы:
Жүйе Borland Delphi 7 ортасында ADO мәліметтеріне қол жеткізу компоненттерін қолданумен жүзеге асырылған. Мәліметтер базасы структурасы Microsoft SQL Server 2000 МҚБЖ-да өңделген.
19. «Аптека» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
Rose жүйесі - визуальды моделдеу жүйесінде жақсы орын алады, оны қолдана отырып құрылып отырған қосымшаның құрылымын құруға, оның орындамалық текстін генерациялауға және паралелді өңделіп отырған жүйенің құжаттаымен жұмыс жасауға болады. Rational Rose көмегімен com модулдегі кері талдау базасы негізінде жаңа моделдер құруға немесе қолданбалы программа текстін және «Аптека» класстарын анықтауға болады.
Жүйе аптекаға келіп түсетін дәрі-дәрімектердің есебін енгізуге, қоймадағы дәрі-дәрімектерге тапсырыстарды формалауға, есептік-кассалық операцияларды орындауға, дисконтты карталар бойынша жеңілдіктер операциясын орындауға, дәрі-дәрімектер, дисконтты карта, аптека мәліметтер қорын сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жүйені басқарушыға есептердің көмегімен қандай тауарлар түріне сұраныстың көптігін байқауға, шығындар мен пайданы көруге жағдай жасайды.
Дәрі қоры бөлімінің негізгі қызметі:
Дәрі дәрмектерді қабылдау және оның өтуін есепке алу;
Дәрі дәрмектерді дұрыс сақтауын қамтамасыз ету;
Емхана кабинеттерінің және бөлімшелерінің тапсырыстары бойынша дәрі дәрмектерді жіберу.
Дайын дәрі дәрмектер бөлімінің басты міндеті:
Өндірісте шығарылған дайын дәрі дәрмектерді тұрғындарға өткізу;
ВАЗ арқылы дайындаған дәрі дәрмектерді тұрғындарға жіберу;
Рецептурасыз дәрі дәрмектерді жіберу;
Рецептік өндіріс бөлімінің қызметі:
Емхана кабинеттерінің және бөлімшелердің тапсырыстары бойынша зарарсыз және зарарсызданбаған дәрі дәрмектерді дайындау;
Экстемпоралді рецепт бойынша дәрі дәрмектерді дайындау.
Дәріхана штаты 4 провизорлардан құралады (дәріхана меңгерушісі, қор бөлімінің провизоры, провизор технологі, провизор аналитигі) фармация менеджерінен, 2 -фармацевттерден, 2 –дәрі бөлшектеушіден және 2 тазалықшыдан.
Дәріхананың ең негізгі жұмыс көрсеткіші көтерме және бөлшектеу тауарайналым болып саналады. Бөлімшелерден түскен тапсырыстар дәрі дәрмектер қажеттігін анықтайтын басты тұтқышы болып есептеледі. Дәрі дәрмектерді таңдау белгісіне төмендегі тұтынушы қасиеттері тән:
Тиімділік;
Қауіпсіздік;
Сенімділік;
Ыңғайлылық және қабылдау жайлылығы;
Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету:
Медицина орталығы айсайын жүргізілетін тендер арқылы дәрі-дәрмектердін негізгі жабдықтаушысы. Мемлекет тапсырысы алдында тендер артықшылығы - дәрі-дәрмектердің саудалық атауларын және шыққан жерін көрсеткені, бұл дәрі-дәрмектерді генериктермен алмастыруына мүмкіншілік бермеуі.
МТЖБ-ы арқылы ай сайынғы тапсырыстары бойынша дәрі дәрмектерді жеткізеді.
Мемлекеттік сатып алу бағыты бойынша дәрі дәрмектерді жеткізу.