- •1. «Қалалық транспорттарды басқару» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •2. «ҚазПочта» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
- •3.Бірінші модель бойынша ақпараттық жүйені интеграциялаудың қауіпсіздік саясатын құрыңыз
- •4. Ақпараттық өзара байланысу процестерін жобалаңыз (аису мысалында)
- •6. «Универ жүйесі» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •7. «ҚазПочта» жүйелерді интеграциялау үшін қолданылатын программалық өнімдер.
- •8. «Жатақхана» интеграциялау. Екінші модель бойынша ақпараттық жүйені интеграциялаудың қауіпсіздік саясатын құрыңыз
- •9. Case – технологияларды қолдану арқылы аж автоматты жобалау
- •10. «Аэропорт» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •11. Кітапхана» ақпараттық жүйесінің диаграммасын ақпараттық жүйелер интеграциясымен байланыстырыңыз.
- •12. Мекемеарасындағы әрекеттесу архитектурасының негізгі компоненттері. Мысалдар келтіріңіз.
- •13. «Аптека» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
- •14. «Жатақхана» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру).
- •15. «ТурФирма» интеграциялау архитектурасының құрылымын кластар бойынша құрастырыңыз.
- •17.«Қалалық транспорттарды басқару» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
- •18. «Универ жүйесі» интеграциялау аж интеграциялау архитектурасының құрылымын топологиясы бойынша құрастырыңыз
- •19. «Аптека» интеграциялау (Rational Rose-та класстар диаграммасын құру)
- •20. «Музей» интеграциялау. 1 модель бойынша аж интеграциялау қауіпсіздік саясатын құрыңыз.
7. «ҚазПочта» жүйелерді интеграциялау үшін қолданылатын программалық өнімдер.
8. «Жатақхана» интеграциялау. Екінші модель бойынша ақпараттық жүйені интеграциялаудың қауіпсіздік саясатын құрыңыз
9. Case – технологияларды қолдану арқылы аж автоматты жобалау
Программалық жасақтамаларды автоматтандырылған түрде әзірлеу, case-технология (Автоматизированная разработка программного обеспечения, Case-технология) — программалық жасақтама әзірлеу кезінде компьютерлерді қосалқы құрал ретінде пайдалану. Программалық жасақтаманы жобалау, құжаттамаларды туыңдату жөне қызметтің басқа да түрлерінде аспаптық программалық құралдарды пайдалану көзделген
10. «Аэропорт» интеграциялау (erp-жүйесі, мақсаты)
ERP-жүйе – тұтынушылар тапсырысының орындалуы барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.
ERP–жүйелерін ендіру.
1) Сыртқы партнер арқылы ендіру.
2) Кәсіпорынның өз күшімен ендіру.
3) Кәсіпорынды басқарудың ағымдағы сұлбасы негізінде ендіру.
4) «Дайын (под ключ)» толық функционалды жоба.
5) Модульдер бойынша сатылап ендіру .
11. Кітапхана» ақпараттық жүйесінің диаграммасын ақпараттық жүйелер интеграциясымен байланыстырыңыз.
Мәліметтерді өңдеудегі қазіргі заманғы автоматтандырылған технологиялар пайдаланушылар үшін тек қажет мәліметті алу процесін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар өзіне барлық стандартты операциялардың орындалуын қабылдай отырып, персоналға кітапты сақтауды жүктеуді төмендетуге мүмкіндік береді. Кітапханаларға арналған ақпараттық жүйе сенсорлы ақпараттық киоскілер базасындағы барлық қолданушыға қажетті мәліметтерді реттеуге, сақтауға, жаңартуға, түзетуге және беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кітапханалық ақпараттық жүйе кітаптарды іздеу процесін, қолдану мерзімін созу, кітаптарды ұстап қалуды қадағалауды және де қайтарылмаған әдебиеттер үшін төлемдерді толықтай автоматтандырады.
Сондықтан да кітапхана ақпараттық жүйесін қолдайтын сенсорлы киоскілерді енгізу әрбір сұранысты өңдеу процесін тездетуге жағдай жасайды, ал жиынтық ретінде келушілерге қызмет көрсету сапасын жоғарлатады.
«Киоскілер әлемі» компаниясының ақпараттық жүйелерінің базасы негізіндегі кітапхананың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары:
Келушілерге қазіргі уақытқа сай және қол жетімді түрдегі кез келген ақпаратты ұсыну;
Керек басылымдарды табуға, оны резервке қоюға сонымен қатар пайдалану мерзімін ұзартуға көмек беретін сұраныстарды басқару жүйесіне қол жетімділік;
Барлық сервистерді бір құрылғыға біріктіру;
Ыңғайлы интерфейс;
Кітаптардың толық электронды каталогы;
Жүйенің интернетпен байланысы;
Ақпараттарды термопринтермен шығару;
Электронды түрдегі басылымдардың аз болуы;
Кітапхана мекемесі бойынша навигациясы;
Ақпаратты ыңғайлы түзету және жаңарту.
Кітапханаға арналған ақпараттық жүйе және де оның бір бөлігі ретіндегі сенсорлы киоскілер архивтік каталогтық жүйе түрінде қолайсыз, мүмкін емес болғандықтан, қор бойынша навигациялауды, оны талдауды және әрбір басылымды толық сипаттауды ұсынатын электронды жүйелілігін жүзеге асыруға көмектеседі.
Компания ұсынып отырған шешім бір-бірінен асып түседі, олар кітап сақтаушының өлшемімен, қажетті функционалдығымен және басқа да құрылғыларды қолдану параметрлерімен анықталады. Сондықтан да, клиенттің кез келген талабына жауап беретіндей кітапханалық ақпараттық жүйені жасау үшін компания жүйені жобалау этабындағы тапсырыс берушілермен (заказчик) тығыз байланыста болады.
Кітапхана ақпараттық жүйесінің қосымша мүмкіндіктеріне тағы да әдебиет көздерінің толық мәтіндерін көру функциясының жүзеге асырылуын кіргізуге болады, сонымен қатар әрбір пайдаланушы үшін қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатындағы оның барлық іс-әрекетін қадағалап отыру мүмкіндігін беретін жеке карточкаларды енгізу.
Ендігі кезекте осы кітапханаға арналған ақпараттық жүйені жасау қалай жүзеге асатынын қарастырайық:
Тапсырыс беруші жүйесі арасындағы мәліметтермен ақпаратты алмасуды қамтамасыз ету;
Территориялық алыстағы филиалдар үшін бірыңғай ақпараттық ортаны жасау;
Ақпараттық жүйелерді бірыңғай анықтамалық мәліметтерге қол жеткізуді ұсыну;
Интернет-сервистер интеграциясы үшін хабарламалармен алмасудың сенімді жүйесін пайдалану;
Мәліметтерді тасымалдауды кезекті талдауға арналған нақты уақыт режіминде қамтамасыз ету;
Сервистік шинаның жұмысқа қабілеттілігі мониторингының құралдарын ұсыну (процестің орындалу статусын қадағалау);
Хабарламалар журналын енгізу (процестердің орындалу тарихы).
Жоба этаптары
Кітапхана ақпараттық жүйесіне деген талаптарды қалыптастыру;
Объектілерді зерттеу және ағымдағы процестердің детализациясы;
КАЖ-не деген қолданушылардың талаптарын жасау;
КАЖ-ды жасаудағы техникалық тапсырманы өңдеу мен бекіту;
КАЖ бойынша жобалық шешімдерді өңдеу;
КАЖ-дағы құжатнамаларды дайындау және өңдеу;
КАЖ-ды енгізу.
Қызметтер тізімі:
Тапсырыс берушінің АЖ зерттеу;
КАЖ архитектурасына талаптарды анықтау;
КАЖ жасауды ұйымдастыру;
Шешім құрамына кіретін лицензияларды, құрылғыларды және программалық жабдықтарды орналастыру;
Персонал мәліметтерінің қауіпсіздігі мен қорғау ақпаратын қамтамасыз ету;
Басқа да сыртқы жүйелермен интеграция;
Персоналды үйрету;
Консультациялық қызметтер;
Эксплуатация этабындағы техникалық қолдау.
Кітапхананың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мүмкіндік береді:
Бөлек-бөлек ақпараттық жүйелерді бірыңғай кешенге біріктіру;
Процес тазалығын қамтамасыз ету;
Еңбек өнімділігін жоғарылату;
Алынған есеп беру ақпаратының оперативтілігін, дәлдігін және сенімділігін жоғарылату;
Адам ресурстарымен туындайтын тәуекелдікті төмендету;
КАЖ-ды жобалау кезіндегі барлық қатысушылар мен объектілер арасындағы байланыстардың Rational Rose программасында диаграммасы құрылды. Берілген суретте кітапхана ақпараттық жүйесінің диаграммасын ақпараттық жүйелер интеграциясымен байланыстыру көрсетілген.
