Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Радиациялық қауіпсіздік

Кез – келген медициналық ионды сәулені қолдану, сәуле бөлімшесіндегі қызметкер мен науқастың сәулеге қарсы қорғаныш пен радиациялық қауіпсіздік тәртібін сақтауды керек етеді. Ионды сәулелермен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы арнайы нұсқаулармен реттеледі. Онда медицина қызметкерлері мен науқастарды және қалықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету талаптары анықталады.

  1. Қойылатын талап – кез-келген сәулелі зерттеу қатаң көрсеткіштермен жүргізіледі. Рентгенологиялық зерттеулер жүктілерге, 14 жасқа дейінгі балаларға, ал радионуклидті процедуралар 1 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға, жүктілерге, баласын емізетін аналарға жасалынбайды.

  2. Екінші талап – науқастардағы радиологиялық зерттеу тәртібін сақтау. Оны арнайы дайындығы бар адамдар ғана жасайды және арнайы науқастарға және ионды сәулемен емделетін науқасқа ғана жасалады.

Қорғаныш дегеніміз – адамға әсер ететін жіберілген сәуле мөлшерін азайтуға арналған шаралармен құралдар жиынтығы.

А – дәреже – иондаушы сәуле көздерімен үнемі немесе уақытша жұмыс істейтін адамдар. Олар үшін 50 жыл бойы алған сәуле денсаулық жағдайына ешбір қолайсыз өзгеріс әкелмейді.

Б – дәреже – жылдық күнтізбе бойынша сәуле дозасы, олардың тұратын жерінің немесе жұмыс істейтін жерінің ионды сәулеге байланыстылығымен анықталады.

Кесте –1. Мүшелерді сәулеге сезімталдығы бойынша 3 топқа бөлінеді.

1 – топ – барлық дене, қызыл сүйек миы, 1 аталық без

2 – топ – бұлшық ет, қалқанша без, майлы тіндер, бауыр, бүйрек, көкбауыр, өкпе, көз қарашығы

3 – топ – тері жамылғысы, сүйек тіні, иық, табан, балтыр сүйектері.

Сәулеге қарсы қорғаныш келесі одакторлардан тұрады:

  1. Медициналық мекемелердегі радиологиялық кабинеттерді дұрыс орналастыру.

  2. Ауруханалық қорғаныш заттары (арнайы кірпіш, баритобетон, қорғасын шынылардан дайындалған қозғалммайтын қабырғалар)

  3. Ауруханадан тыс қорғаныш заттар (қорғаныш қалақсы, рентегн түтікшесі бекітілген қабықша, радиоактивті препартараттарды сақтауға арналған сейфтер, радионуклидтерді тасымалдауға арналған контейнерлер)

  4. Деке қорғаныш заттары (қорғасынды резинкадан жасалған алжапқыш, биялай, арнайы киім, дистанционды құралдар)

  5. Арақашықтықпен қорғаныс – қызметкерлердің жұмыс орны мен сәуле көзінің алыс болуы

  6. Уақытпен қорғану.

Медициналық диагностикалық бейне

Бейне деп – кез-келген сәуленің түрін көзбен қабылдауды айтаыз.

Слайд – сурет 2. Бейне – арнайы жүйемен пайда болады. Барлық бейнелі радиологиялық жүйе – рентгендік, радионуктидті, ультрадыбысты, термографиялық, магнитті – резонансты – келесі қағидалы кесте түрінде беріледі:

Сәуле көзі – науқастың сыртында болуы мүмкін (рентгенологиялық және ультрадыбысты зерттеу кезінде). Организмнің ішіне енгізілуі де мүмкін радионуклидті зерттеу кезінде). Сәуле адам денесінде спонданды (теплография кезінде) немесе сыртқы тітіргендіргіштің әсерінде болады (магнитті резонансты томография кезінде).

Сәуле детекторы. Оның қызметі – электро – магнитті сәулені немесе тұрақты тербелісті диагностикалық ақпаратқа айналдырады. Детектор – флюоресцентті экран, фота немесе рентген пленкасы, газорразрядты камера, сцинтилляцияионды счетчик, арнайы материалдар, қорытпалар болады.

Ұйымдастыру блогы. Кедергілерді жойып, ақпараттың дабыл сиымдылығын күшейтіп оның әрі қарай берілуін қолайлы қалыпқа келтіреді.

Бейне синтезаторы. Оның қаситеі – тексерілетін обьектінің бейнесін қалыапастырады. Ол әр түрлі сәуле әдістерінде әр түрлі болады.