
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Радиациялық қауіпсіздік
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне ақпарат обьектісі ретінде.
- •Бейнені көзбен көріп (визуальді) талдау.
- •Сәуле диагностикасының құралдары мен әдістері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіс жєне жаќ рентгенограммаларын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Бет қаңқасы мен тіс-жақ жүйесінің рентген анатомиясын.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тістер мен жаќтардыњ рентгенограммасын оќуѓа арналѓан єдістемелік н±сќаулар.
- •Тістер мен жаќтардыњ жараќаттыќ заќымдарыныњ рентгеносимптоматикасы.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өкпе дерттерінің рентген суретінде белгілері
- •Өкпенің қабынуы
- •Бронхтардың кеңіп, іріңдеп қабынуы (бронхоэктатическая болезнь)
- •Өкпедегі қабынған жердің шектеліп іріңдеуі, шіруі (абсцесс және гангрена)
- •Жарғақтың арасына сарысудың жиналуы
- •Тыныс мүшелеріндегі бөгде заттар
- •Өкпенің қабынуы (өкпе тінінің қабынуы)
- •Қабынудың ұсақ ошақты түрі
- •Қабынудың ошақты түрі (фокальды түрі)
- •Аралық тіннің қабынуы
- •Туберкулез кеселін топқа бөлу
- •Орталық қатерлі ісік
- •Лимфосаркома
- •Туберкулез кеселінің ағзаға жайылып , бүршіктеніп тарайтын түрі (миллиарлы түрі)
- •Екі жақтағы өкпеде бірдей секпілденген ұсақ көлеңкелер көрінеді;
- •Өкпенің туберкулез кеселімен қабынған жерінің дәнекер етпен шектеліп қапталуы (Туберкулема).
- •Өкпедегі туберкулез кеселінен пайда болған қуыстардың қабырғаларының қалыңдап,қатайған түрі.
- •Орталық қатерлі ісік
- •Кеудедегі мүшелердің ісігі
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Орталық мүшелердің ісігі.
- •Невриномалар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Лучевые методы диагностики органов пищеварения. Іштен туа пайда болған өңеш ақаулары. Өңештің бітеліп тууы.
- •Өңештің қатерлі ісіктері.
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Визуалды диагностика кафедрасы Тәжрибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сүйектер мен буындар дерттерінің жалпы семиотикасы.
- •Сүйектің кестелерінің өзгеруі
Өкпенің қабынуы
Өкпенің қабынуы оның құрылымына, тыныс алғандағы қозғалыстарына айрықша әсерін тигізеді. Ондағы өзгерістерді айнада қарап, дерттің түрін дәл анықтауға болатынына күмән келтіруге болмайды. Бірінші болып көрінетін белгі - өкпенің көлеңкеленуі. Ол дерттің түріне байланысты кішкентай жерде аумақты болуы мүмкін.
Көлеңкенің аумағы, қоюлығы, пішіні, дерттің жарақаттанған жеріне , аумағына байланысты. Егер қабыну өкпенің көпіршіктерінде болса, ондағы ауаның орнына және кішігірім бронхтардың ішіне сарысу жиналады да көлеңке береді.
Қабыну барлық тінде болса (бронхтың, қан тамырларының қабырғаларында) көлеңке осыған сай шектелген, өкпенің суреті молайып шым-шытырық болуына әкеліп соғады.
Егер қабыну өкпенің көпіршігінде және аралық тіндерде болса онда қоюлығы, аумағы әртүлі шексіз көлеңкелер көруге болады.
Өкпе бөлігінің қабынуы.
Қабынудың қоздырғышы адамды белгілі бір жағдайда ғана ауыртады. Қабыну өкпенің тұтас бір бөлігін не бөліктің үлкен бөлшегін қамтуы мүмкін. Оның айнадағы көрінісі жарақаттанған жедің өзгерісіне, қабынудың кезеңіне байланысты. Өкпе бөлігі қабынуының (крупозная пневмония) 4 кезеңі болады. Өкпе суретінің молаюы (қанталауы), қызарып бауырлануы, сұрланып бауырлануы және дерттің ыдырап тарау кезеңдері.
Бірінші кезең (өкпе суретінің молаюы не қабынған жердің қанталауы). Өкпенің қабынған жерінде қантамырлары кеңіп, қанайналымы жылдамдайды. Қантамырларының қабырғалары қанның сұйық бөлшегіне өтімтал болады. Жарақаттанған жердің көлемі үлкейіп, домбығады. Бірінші кезең мөлшермен 1-2күнге созылады да, екінші кезеңіне ауысады.
Екінші кезең (қызарып бауырлануы). Өкпенің көпіршіктері, кішігірім бронхтары фибрин араласқан, белогы мол сарысуға толады. Жарақаттанған жердің көлемі үлкейіп, қалыңдайды. Бірақ бұндай өзгерістер жарақттанған жерде тұтас бір мезгілде бола бермейді.
Рентген суретінде қабынған жердің аумағына қарай қою не орта дәрежелі қоюлықтағы қоюлығы бір тегіс, шеттері жайылған, белгісіз көлеңке көрінеді. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірнеше күнге созылады.
Үшінші кезеңде рентген суретіндегі көріністер қызарып бауырлану кезеңіндегідей. Бұл кезеңнің ұзақтығы 2-4 күнге созылады да, төртінші кезең – ыдырап тарқау кезеңіне ауысады, қабынудың салдыранан болған өзгерістер біртіндеп ыдырап қайтады. Бұл кезең 6-9 күнге созылады. Қабынған өкпенің көлемі кішірейеді, тығыздығы босаңдайды, көлеңкесінің арасында, қабыну қайтқан жерде ашық, ауаланған өкпенің бөлшектері көрінеді. Қабынудың тарқау кезінде өкпе суреті молайып, шым-шытырық көрініс береді.
Сонымен рентген суретінде кезеңіне байланысты мынандай өзгерістерді көреміз.Бірінші күндері қабынған жерде өкпенің суреті молайып, жиіленеді.Одан кейін орта дәрежелі қоюлықтағы көлеңке біртіндеп қою көлеңкеге ауысады да төртінші кезең дерттің ыдырап, тарқап қайту кезінде өкпенің суреттері молайып, шым-шытырық болып көрінеді.
Қабыну кей уақытта асқынып, қабынған жер шектеліп іріңдейді (абсцесс) Жарғақ қуыстарының арасында сары судың жиналып, не болмаса қабынған жер тарқамай, дәнекер ет өсіп, шектеліп, тығызданып қалуы мүмкін (карнификация), не дерт өкпенің басқа бөлігіне ауысады.
Өкпенің шамалы жерінің шоғырланып қабынуы.
Өкпенің кішкентай бөлігінің (ацинус) қабынуы. Қабынудың бұл түрі бронхтардың қабырғасын бойлап, көпіршіктеріне дейін жетеді. Екінші жағдайда көпіршіктердің, бронхтардың шырышты қабаттары қабынып, аралық тіндерге, қан тамырларына бронхтарға, лимфа тамырларына өтуі мүмкін. Көпіршіктер, кішігірім бронхтар, фибрин араласқан белогы көп сарысуға толады да, ауадан босап тығыздалып көлеңке береді.
Өкпе алаңының қандай бөлшегі қабынса да алдымен шамылы 1-2 жер (ацинус) қабынып, кейін өзара қосылып, қабынған жердің аумағын өсіреді. Қабынған жер қалыңдап тығыздаанады.
Рентген суретінде аумағы әрқалай (жарақаттанған жердің аумағына қарай) орта дәрежелі қоюлықта пішіні әртүрлі, шеті белгісіз көлеңке болып көрінеді.
Қабыну себебіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді (гриптік – грипоздный, операциялық – послеоперационный, жарақаттық – травматическии, химиялық заттардың әсерінен – токсические, қабынудың қоздырғышы басқа жерден қан арқылы тарап, өкпеде ұяласа – септическии). Рентген суретінде жиі көретініміз орта дәрежелі қоюлықтағы, қоюлығы жағынан біртегіс, түрі әрқалай, шеті белгісіз көлеңкелер.
Өкпенің қабынуы мезгілінде емдемесе не ем дұрыс қолданылмаса дерт созылмалы түріне ауысады.
Қабынудың созылмалы түрлері. Қабынудың бұл түрінде өкпенің құрамындағы барлық бөлшектері (көпіршіктер, бронхтар, аралық тін, қан тамырлары, лимфа тамырлары) түгелімен жарақаттанады. Дәнекер ет өсіп, бронхтардың іші кеңіп, маңайындағы тіндер іріңдеп, қабынады. Олардың өзара, бірімен бірі байланысып, жабысып, тыртықтануын көреміз. Қабыну шамалы жерде, өкпенің бөлшегінде, бөлігінде, тұтас бір өкпеде болуы мүмкін. Осыған байланысты қабынудың аумақты және шоғырланған түрлері болады. Қабынудың созылмалы түрлері мезгіл мезгіл асқынып тұрады.
Рентген суретіндегі белгілері: Біріншіден өкпенің суреті молаяды. Өкпе суретінің молаюы жарақаттанған жердің аумағына байланысты кішігірім жерде не тіпті өкпенің бір бөлігінде болуы мүмкін. Қан тамырларының қабырғалары қатайып, қалыңдап, өкпенің шетіне дейін көрінеді және ығысып, өздерінің белгілі бағытын өзгертеді.
Екіншіден өкпе суреті молайып, шым-шытырық болып көрінеді. Қалыпты жағдайда өкпе суретін құрайтын бөлшек тек қан тамырлары ғана болса, қабынудың созылмалы түрінде қосымша, қабырғалары қалыңдаған, қатайған өкпенің көпіршіктері, бронхтар көрінеді де, өкпе суретінің бағытын қалыпты жағдайдан өзгертеді. Өкпенің суреті кестеленіп ойыс-ойыс болып шығады.
Үшіншіден, қан тамырларымен бронхтар қабырғаларының маңайында орта дәрежелі, шетсіз көлеңкелердің көрінуі мүмкін, бұл белгі созылмалы қабынудың асқынданғанын көрсетеді.
Төртіншіден, қабынған жерге дәнекер ет өсіп, тыртықтанып, өепк беріштеніп кішірейеді. Сонымен өкпенің көлемі кішірейеді, оның суреті молайып, шым-шытырық болады. Орталық көлеңке дерт жаққа ығысады. Кеуденің қаңқасы өзінің пішінін өзгертеді.