
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
ДӘРІС
Тақырып: «Жақ-бет аймағының жарақаттарының визуальді диагностикасы»
Пән Визуальді диагностика
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс екінші
Уақыты (ұзақтығы) 1сағат
Қарағанды 2008
Тақырып: Жақ-бет аймағының жарақаттарының визуальді диагностикасы
Мақсат: Жақ-бет аймағының жарақаттарының визуальді диагностикасының ерекшеліктеріне түсінік беру
Дәріс жоспары
Тіс пен жақтың ренгнограммаларын оқуға арналған әдістемелік нұсқау
Тіс пен жақтың жарақаттарының рентгеносимптоматикасы
Самай – төменгі жақ буыны
Тіс пен жақтың ренгнограммаларын оқуға арналған әдістемелік нұсқау
Тіс пен жақтың ренгнограммаларын зерттеу үшін суретті жалпы түгел қарап шығу керек. Сол кезде зерттеу аймағы мен рентгеногамма сапасына баға беріледі.
Зерттеу аймағы ренгенограммадағы маркировкаға, жақтың көлеңкесіне, сауыттың пішініне, тістің көлемі мен санына байланысты анықталады. Жоғарғы жақ тістерінің ренгенограммасында ұсақ ілмекті сурет көрінеді. Әдетте мұрын және гайморов қойнаулары көрінеді. Төменгі жақ тістерінің ренгенограммасында ірі ілмекті көлденең орналасқан сүйек затының суреті көрінеді. Көбіне төменгі жақ каналы көрінеді. Жақтың оң немесе сол жағы тек ренгенограмманың маркерымен ғана анықталады.
Ересектерде:

оң 87654321 12345678 сол
жақ
87654321 12345678 жақ
Балаларда:
оң V IV III II I I II III IV V сол
жақ V IV III II I I II III IV V жақ
Рентгенограмма тек зеттелетін барлық анатомиялық аймақты қамтыған кезде ғана сапалы боп есептеледі
Детальді анализ жасаған кезде тістің сан мен сапасын (сүт тіс, тұрақты тіс) және жасаралық ерекшелігін анықтау керек. Сауыт, мойын, түбір, тіс қуысы, альвеолярлы өсінді мен оның қыры анықталу керек.
Соңғы 50 жыл бойы тіс дерттерінің рентгендік диагностикасы үшін биссектриса не изометриялық проекция тертібі бойынша жүргізілетін едіс қолданылады. Осы әдіс бойынша жүргізілетін зерттеудің негізгі мақсаты тіс түбірлерінің маңыңдағы сүйек тінінің нақты бейнесін алу, сондықтан сәуленің түсетін орны жоғарғы және төменгі жақ сүйектердегі тіс түбірлерінің ұшына сәйкес бет терісіне бағытталады.
Жоғарғы жақ сүйекте олар мұрын бұрышы мен құлақ сырғалығының төменгі қырын қосатын сызықтың, ал төменгісінде — оның төменгі қырынан 1 см жоғары жүргізілетін сызықтың бойында жатады. Әдіс жақын фокустық жанама рентгенографияның бір тәсілі болып табылады және түрлі денталдық аппараттардың көмегімен жүргізіледі.
Аппарат міндетті түрде жермен қосылуы керек. Қоректенуді жеткізу және жермен қосу жермен қосылатын сыммен жалғасқан екі полюсті шанышқы арқылы жүзеге асады. Аппарат тағанын еденнен 150 см биіктікте орналастырады. Басты қоятын тетікті қабырғаға еденнен 107 см жоғары, ең ыңғайлы жерге бекітеді. Аппарат жиынты-ғына сырқаттарды рентгендік сәуледен қорғайтын алжапқыш кіреді. Аппарат салмағы 25 кг аспайды.
Тіс бейнелеріи ауыз қуысы арқылы алу тәсілдерінен басқа әдістердің ұзақ уақыт бойы болмауынан суретке түсірудің осы әдісі түрлі мақсат үшін жиі қолданылады. Оның бірі - тістің шын мөлшеріне сай бейнесін алу. Жақ сүйектердің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты ауыз қуысында рентген пленкасын тістің сауыты мен түбіріне параллель орналастыру өте қиын. Осы әдіс бойынша сәулені пленкамен түсіретін тістердің арасында пайда болатын бұрыштың биссектрисасына перпендикуляр бағыттайды және ол тері бетіндегі тіс түбірлерінің проекциясына түсіріледі.
Рснтгенлаборанттардың күнделікті жүмысын жеңілдету үшін тістердің әр бір тобына түтіктің еңкею бұрышының шамалары дайындалды: жоғарғы күрек тістері үшін +55°, сүйір тістерге +45°, кіші азу тістерге +35°, үлкен азу тістерге +25°, төменгі күрек тістерге —20°, сүйір тістерге —15°, кіші азу тіс- терге -10°, үлкен азу тістерге —5°.
Төменгі жақ сүйектің тістерін түсіру үшін науқастың басын сол артқа, отырғыштың бас қоятын тіреуішіне қарай шалқайтады, ол мұрын бұрышы мен құлақ сырғалығын қосатын сызық көлденең күйіне келуі үшін қажет.
Ауыз іші арқылы түсірілетін рентгенография, молшері 3x4 және 2x3 см пленкада жүргізіледі. Пленканың сапасы суреттің мағлұматтарына елеулі әсерін тигізеді.
Ауыз іші арқылы изометриялық проекцияда түсірілетін әдіс - түбір және түбір ұшы маңында орналасқан объектілердің кеңістіктегі арақатынасын анықгау үшін қолайлы. Мұндай жағдайда негізгі суреттен басқа, медиалды не дисталды жағына қарай бағытталған қиғаш сәулемен қосымша рентгсн суретін түсіреді.
Ұрт жағында орналасқан объскт сәулс бағытымен, ал тіл жағындағысы - қарсы жағына ығысады.
Изометриялық әдіс түбір маңындағы тіндердің бейнелерін алу үшін пайдаланылады.
Альвеолды өсіндінің шеткей бөлімдерінің бейнесі интерпроксималды рснтгенограммасынан анық және дұрыс көрінеді.
Рснтгенограммаларда бір уақытта жоғарғы және төменгі жақ сүйектердегі тістердің сауыттары мен алъвеолды өсінділердің шет бөлімдері белгіленеді.
Тістесуді тұтас алу үшін 3-4 суретті түсіру керек.
Апроксималды және мойын бөлімдеріндегі тісжегін анықтауда осы әдіс ең ыңғайлы болып саналады.
О к к л ю з и я л ы қ р е н т г с н о г р а ф и я - ауыз іші арқылы түсірілетін рентгенографияның ең кең таралган түрі - тістесу кезінде түсірілетін сурет. Оның көмегімен альвеолдық өсіндінің едәуір бөліміндегі, 4 жәнс одан да көп тістерінің бойындағы бейнелерді алуға болады. Рентгенографияның осы түрі патологиялық ощақтың, ретенцияға ұшыраған тістің, үлкен кистозды қуыстың және т.б. кеңістіктегі ерекшеліктерін дәл анықтауға мүмкіндік беретін қосымша тесіл ретінде қолданылады. Тістесу кезіндегі рентгенограмма әдісі балалар мен жасөспірімдерде, аузының ашылуы шектелген науқастарда, сонымен бірге пленканың жанасуы құсу рефлексін шақыратын, шырышты қабығы сезімтал адамдарда қолданылады. Рентгенографияның осы түрі төменгі жақ және тіл асты сілекей бездерінің конкременттеріне күдіктенген жағдайда, ауыз қуысы түбінің және жақ сүйектердің аксиалды проекциясының бейнесін алу үшін де қолданылады.
Жанама рентгенографиясымен салыстырғандағы рентген пленкасының мөлшері келемді болуы керек (7x6 см ересек адамдар және 4x5 см балалар үшін). Жоғаргы жақ сүйектің окклюзиялық суретін алу үшін пленканы ауыз қуысына барынша тереңірек енгізеді және оны бас қаңқасының сагитталды жазықтығына перпендикуляр ор-наластырады. Сәулені жоғарыдан төменге, пленканың ортасына, бастың шаш бөлігінің жиегіне немесе оған +80° бұрышпен түсіреді. Осы әдіспен түсірілген суреттен жоғарғы жақ сүйектің альвеолды өсіңдісі мен мүрын қуысы түбінің біраз болігін алуға болады.
Егер жақ сүйектің тек алдыңғы бөлімін алу керек болса, сәулені мұрын ұшына бағыттап, пленка жазықтығына +70° бұрышпен түсіреді.
Жоғарғы жақ сүйектің бүйір бетінің суретін алу үшін пленканы түсіретін жаққа барынша ығыстырады, сәулені төменгі көз қырының ортасынан Ісм төмен орналасқан нүкте арқылы +65° бұрышпен бағыттайды.
Жоғарғы жақ қуысы түбін зерттеу жене оның тіс түбірлерімен ара қатынасын анықтау үшін жоғарыдағыдай әдісті қолданады. Қолданылатын бүрыштың мелшері +65-80°.
Ауыз қуысы түбінің бейнесін алу үшін пленканы барынша тереңірек енгізеді. Науқастың басын артқа қарай шалқайтады, рентген түтігінің конусын пленканың ортасына —80° бұрышпен бағыттайды және теріге барынша жанастырады.
Төменгі жақ сүйек денесінің алдыңғы бөлімінің бейнесін алу үшін түтікті симфиз тұсына бағыттап, сәулені пленкаға —55° бұрышпен түсіреді. Рентген түтігінің конусын иек терісіне жақын орналастырады.
Тістесу күйінде түсірілген суреттегі сүйек тінінің қүрылысы жанама суретке қарағанда нашар керінетінін ескеру керек.
Ересек адамдардың тістесуін тұтас зерттеудің көрсеткіштері - науқастың дәрігерге бірінші рет келуі, көптеген тіс жегінің, пародонт дерттерінің болуы.
Ауыз іші аркылы рентген көмегімен балалар мен жүкті әйелдердің тістесуін бір уақытта тұтас зерттеуге болмайды.
П а н о р а м а л ы қ р е н т г е н о г р а ф и я мен т о м о г р а ф и я .
Бұл аппараттардың ерекшелігі — микрофокусы 0,2 мм арнайы рентген түтігінің, сонымен бірге сурстке түсірген кезде сырқаттың аузына енгізетін аппликаторының болуы. Катодтан шығатын электрон тасқыны қуысты анодқа түседі және электромагнит өрісімен кішкене фокустық дақта жиналады, одан бериллисв терезесінен өтетін рентгендік сәулелер шығады.
Аппараттың түтігі оңай қозғалады. Түтік жүмыс бабында көбінесе сырқат отыратын үстелдің ортасына бағытталады, бірақ көлденең қалпында жатқан сырқатты да зерттеуге болады. Жақ сүйектерді түсіру үшін аппарат тура және бүйірлік таспалар жиынтығымен жабдықталады. Жақ сүйектердің түрлі бөлік-тері 1,5-2,5 есеге үлғаяды.
Тік панорамалық рентгенограммаларды түсіру әдісі - науқасты, оның бас қаңқасының орта сагитталды жазықтығы міндетті түрде еденге перпендикуляр, ал окклюзиялық жазықтыққа колденең орналасатындай орнықтырады. Рентген түтігінің аппликаторы ересек адамдардың ауыз қуысына 6 см, ал балалардың - 4,5 см тереңдікте енгізіледі. Жоғарғы жақтағы тіс қатарын түсіру үшін түтікті 12°-қа краниалды, ал төменгісі үшін 3-5°-қа каудалды еңкейтеді. Егер ересек адамның ауыз қуысына аппликатор 6 см-ден аз терендікте енгізілсе, альвеолды өсіндінің ортаңғы бөлімі мен алдыңғы тістері анық көрінбейді, ал екінші және үшінші азу тістері күрт өзгереді, не көрінбеуі де мүмкін.
Жоғарғы тіс қатарын рентгенге түсіру кезінде таспаны жоғарғы жақ сүйек доғасын қоршай орналастырады; оның төменгі қыры рентген аппаратының түтігінде жатады. Төменгі тіс қатарын түсірген кезде, таспаны төменгі жақ сүйекті қоршай орналастырады. Екі жағдайда да науқас таспаны алақанымен беттің жүмсақ тіндеріне тығыз тақайды. Егер таспаны тығыз жанастырмаса жақ сүйектің бейнесі анық болмайды.
Панорамалық аппаратпен ауыз қуысының түбін түсіру үшін науқастың иегін көтереді, басын артқа қарай 5-10° шалқайтады. Түтікті 5° теменге қарай еңкейтеді, аппликаторды ауыз қуысына 7 см тереңдікке енгізеді. Төменгі жақ астын қоршай орналастырған таспаның қыры иек деңгейінде жатады.
Панорамалық рентгенографияға арналған аппаратпен бет сүйектерін де түсіруге болады.
Бет доғасының бейнесін алу үшін пленканың ені түсіретін жақтағы бет қаңқасының емізік осіндісінен мү-рынның жотасына дейінгі ара қашықтықты қамтуы керек.
Панорамалық суреттерден тісжегі мен оның асқынуларын, түрлі кисталарды, ісіктерді, жақ сүйек пен тістердің жарақаттарын, қабыну және жүйелік дерттерін анықтауға болады. Балалардың тіс ұрықтарының орналасу қалпы мен күйі өте жақсы көрінеді. Суреттің кең колемі және сүйек тіні күйінің айқын бейнеленуі, сүйектегі өзгерістерді оңай ажыратып, ерте байқауға мүмкіндік берсді. Сүйектегі алғашқы өзгерістер екі жақ сүйектің барлық бөлімдерінде де көрінеді, тек үлкен азу тістердің тұсындағы альвеолярлық өсінділердің нашар бейнеленуі немесе тіпті байқалмауы мүмкін. Панорамалық рснтгенографияда сүйек тінінің зақымдану дәрежесін нақты анықтау қиындайды.
Панорамалық томография стоматологияда 20 жыл бойы кеңінен қолданылуда, оны көбінесе ортопантомография деп атайды.
Панорамалық томография көлемді иілген бөлімдердің жазық бейнелерін алуға мүмкіндік туғызады, ол үшін науқас пен таспаның немесе рентген түтігі мен таспаның айнала қозғалуын қолданады. Суретке түсіру ке-зінде түтік псн пленка науқастың басының айналасында толық емес шеңбер сыза қозғалады. Осы уақытта таспаны ұстап тұратын құрал ішіндегі пленкада тік осі бойынша центрлес қозғалысқа келеді. Бас қаңқасының дисталды жартысының түрлі бөлімдерінен өтетін рентген сәулелері, пленканың түрлі бөліктеріне келіп түседі. Суретке түсіру кезінде пленканың жылдамдығына сәйкес жылдамдықпен қозғалатын қабат айқын бөлінеді. Осы қабаттың қозғалысымен сәйкеспейтін жылдамдықта қозғалатын объектілердің барлығы "жағылады". Қозғалыс траекториясына перпендикуляр келетін объектілер "жағылады".
Панорамалық томография әдісінің ерекшелігі - ондағы бейнелердің мағыналарын түсінудің күрделілігі.
О р т о п а н т о-мограмма бейнелерді өзгеше кәрсететін сурет, онда жақ сүйектердің, тіс қатарының, мұрын қуысының, жоғарғы жақ қуысының бейнесінен басқа, осы анатомиялық құрылымдардың бейнелері мен мөлшерінің күрт өзгерген көлеңкелері байқалады.
Қосымша келеңкелердің болмауы үшін сырқат ерінін жымқырады, тілінің ұшын тандайға орналастырады, әйтпесе жоғарғы тістердің түбірлерінің үстінде әдеттегіден тыс ауа жолы пайда болып, олардың күйі туралы мәліметтердің алынуын қиындатады.
Сырқат денесінің салмағы қаншалықты жоғары болса, түтіктегі кернеуді де соншалықты жоғарылатады. Мойны қысқа пациенттер басын алға қарай барынша созуы және иегін кетеруі керек.
Ортопантомографияның артықшылығы - жақ сүйектің бір-бірімен түйісу мүмкіндігін көрсетуі, жақ сүйек аралыққа түсетін күш әсерінің нәтижесін, тіс ұясының түйықтау қабатының күйі және периодонталдық жолдардың ені бойынша бағалайды.
Тісжегі мен оның асқынуларын анықтау үшін интерпроксималды ауыз іші не панорамалық рентгенограммаларын, ал пародонт патологиясын анықтау үшін бүйірлік панорамалық рентгенограммаларын түсіру қажет.
Төменгі жақ сүйектің бұрышы тұсындағы, не буын өсіндісінің сынығын, не олардың бөліктерінің арасындагы ығысу енін анықтау үшін қосымша тік бағыттағы бас қаңқасының көлемді суретін түсіру керек.
Самай—төменгі жақ сүйек буындарының патологиялары анықталған жағдайда, ортопантомограммаларға қосымша, буындардың басқа проекциядағы, сонымен қатар төменгі жақ сүйекті жылжытқан қалпындағы томо — не зонограммаларымен толықтыру керек.
Бас қаңқасы сүйектерінің ісіктерінде, жүйелі дерттерінде, қабынуында жөне жарақаттарында кейде қосымша суреттерді алуға, сонымен қатар панорамалық суреттерді түсіруге тура келеді.
Ортопантомограммалар жоғарғы тіс қатарының гаймор қуысының түбімен қатынасын және қуыстың төменгі бөліміндегі патологиялық одонтогенді өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ шырышты қабығының және жоғарғы жақ қуысының басқа да қабырғаларының күйін толық зерттеу, мұрынның басқа қосалқы қуыстарындағы өзгерістерді анықтау үшін қосымша қиғаш зонограммаларды түсіру керек.
Ортопантомографияның балалар стамотологиясында қолданылуының маңызы ерекше, ол түсетін сәуле күшінің төмендігінде және алынатын мәліметтер көлемінің кеңдігінде.
Балаларға жүргізілетін рентгенография тәжірибесінде, ор-топантомография көмегімен сынықты, ісіктерді, остеомиелитті, тісжегін, периодонтиттерді, кисталарды, тістердің жарып шығу ерекшеліктері мен тіс ұрықтарының орналасуын анықтауға болады.
Жақ сүйектердің экстра оралдық рентгенографиясы денталдық аппараттарда жүргізіледі. Жақ сүйек денесінің бүйір тістерінің тұсын түсіру үшін науқасты креслоға, оның басының ортаңғы сагитталды жазықтығы еденнің жазықтығына перпендикуляр, ал құлақ бүртігі мен еріннің бұрышын қосатын сызыққа көлденең орналасқандай отырғызады. Басын сурет түсіретін жаққа қарай 20°-қа бұрады, таспаны түсіретін аймаққа тақайды. Рентген аппаратының түтігін қарсы жағындағы төменгі жақ сүйек бұрышына қарай бұрады, 2 см төмен жылжытады және сәулені таспаның ортасына бағыттайды. Таспаның төменгі қыры төменгі жақ сүйек қырынан 2-2,5 см төмен және оған параллель болатындай етіп, орналастырылуы қажет.
Ми сауытының тік, бүйірлік, жартылай аксиалды жоне аксиалды проекциядағы көлемді суреттерін түсіруді рентгенологияда қабылданған ережелеріне сәйкес орындайды.
Ми сауытының көлемді тік бағыттағы рентгенограммасын алу үшін 24x30 см таспаны қолданады. Түтік центрін суретке түсіретін тіреуіш центріне не үстелдегі таңбаларға дәлдейді. Сырқаттың мұрын ұшы таспаның ортасына қарай бағытталған болуы керек. Көздің бұрышы мен құлақ бүртігін қосатын бас қаңқасының негізгі сызығы көлденең, ортаңғы сагитталды жазықтық, ортаңғы тік бағыттағы таңбамен тура және пленка жазықтығына перпендикуляр келуі ксрек.
Кейде жақ-бет аймағы патологияларында эксцентрлік тік проекцияны қолданады, ол орбита, мандай сүйегі және маңдай қуысы аймағын өте анық көрсетеді. Осы проекцияда ми сауытының көлемді рентгенографиясын, сонымен қатар көз ұяларының шектелген суретін алуға болады
Көлемді рентгенограмманы алу үшін сәулені мұрын жазықтығына, орбита суреті үшін орбиталық тұсқа бағыттайды, осы суретті көбінесе сырқаттың жатқан күйінде орындайды және қолданылатын таспаның мөлшері кішкене болуы керек.
Ми қаңқасының бүйірлік көлемді суретін түсіру үшін тек бет қаңқасын емес, ми сауытын да, ал телерентгенограммалық зерттеулерде беттің жұмсақ тіндерін де қамту керек. Науқасты тіреуішке бүйір жағымен, таңбалардың қиылысы есту жолына дәл келетіндей етіп орналастырады. Ми сауытының негізгі сызығы көлденең, ал ортаңғы сагиталды жазықтығы тік болуы қажет. Сөулені таңбаның ортасына, қарсы жағындағы сыртқы есту жолы арқылы түсіреді. Сырқатты дұрыс отырғызған жағдайда ғана жоғарғы мойын омыртқа бүйірлік проекцияда бейнеленеді.
Бет қаңқасы сүйектерін зерттеу үшін алдыңғы жартылай аксиалды рентгенограмманы жүргізген ыңғайлы, оны тіреуіште не үстелде орындауға болады
Аксиалды проекция ішіндегі ең орындысы, алдыңғысы - науқас етбетімен үстелдің шетінде жатады, мойнын барынша алға созады. Тіреуіштің бетін суретке түсіретін үстелдің жалғасы болатындай етіп бұрады және деңгейін сырқатқа ыңғайлы болатындай етіп сел темендетеді. Бас қаңқасының негізгі сызығы үстел жазықтығына параллель, ал ортаңғы сагитталды жазықтыққа перпендикуляр болуы керек. Сәулені төбе арқылы үстел бетіндегі таңбаның ортасына бағыттайды. Мойны қысқа семіз адамдарға алдыңғы аксиалды рентгенограмманы жүргізу оңайға тимейді.
Бас қаңқасының артқы аксиалды рентгенограммасын тік тіреуіштің көмегімен науқастың отырғызылған күйінде жүргізген ыңғайлы. Оны орындау үшін науқастың бас қаңқасының негізгі сызығы таспаның жазықтығына параллель келетіндей етіп, басын барынша артқа қарай шалқайту керек. Басты қатал симметриялы орналастырады. Сәулені таспаның ортасына төменгі жақ асты аймағы арқылы түсіреді.
Егер жартылай аксиалды рентгенограмма бойынша бет қаңқасының ортаңғы бөлігін, мұрын қуысы мен олардың қосалқы қуыстарын кең шолуға мүмкіндік туса, онда екі аксиалдық проекциядан бас қаңқасы негізінің, негізгі қуыстың, буын бастарының аксиалды жазықтықтағы еңкіштігін, бет сүйегі доғаларын зерттеуге мүмкіндік туады.
Жақ-тістің жарақаттарының рентгеносимптоматикасы