Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.06 Кб
Скачать

Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі

  • рентгендік буын қуысының тарылуы /дистрофиялық өзгерістер, артриттер/

  • рентгендік буын қуысының кеңеюі

  • фиброздық анкилоз /сүйек пластинкасының жойылуы/

  • сүйектік анкилоз /бір эпифизден екінші сүйектің эпифизіне торшалардың өтіп, буын қуысының мүлдем жойылуы/; (туа біткен анкилоз – «конкресценция» деп аталады)

  • Буын қатынасының бұзылуы – «инконкуэнттілік».

  • Буынның толық шығуы – буын беттіктерінің толық сәйкессіздігі;

  • Буынның жартылай шығуы – буын беттіктерінің жартылай сәйкессіздігі;

  • Инконгруэттіліктің себептері: туа біткен аномалия (аплазия, гипоплазия), зақым, артроз, артрит, артропатия.

R- тәсілі сынықтың бар екендігін, сынықтың түрін, сынық бөлшектерінің жағдайын, орналасқан орнын анықтайды.

Сынық: жарақат салдарынан; дерт зардабынан /патологиялық/ болады.

Сынық сызығы: көлденең, қиғаш, тік, бұранда тәрізді болуы мүмкін.

Сынықтың ауытқуы: ұзындығы бойынша, бірінен бірі алшақ, бір біріне кіру, бөлшектердің айқасып келуі, бұрыштанып ауытқуы, кіндігінен айналып ығысуы, бөлшектердің бір жақ шетіне ығысуы.

Жіліншек сүйегінің сынығы:

* дифиздік * эпифиздік * метафиздік

Ересек адамдарға қарағанда бала сүйегінің сынығында жастарына тән ерекшеліктері бар.

Бала сүйегінің әлсіз жері - өсу зонасы. Көбіне осы жердің сынуы 80% 10-16 жаста болады.

Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері

  • қол сүйектерінің сынығы жиі кездеседі /шынтақ буыны, қар сүектері/

  • сынық сызығы метафиз аймағынан сүйекпен немесе сүйексіз жұлынады – остеоэпифизиолиз, эпифизиолиз, остеоапифизиолиз, остеоапифизиолиз

  • сүйек қабының жартылай үзіліп сынуы /сүйек қабы сыдырылып аман қалады, сүйектің өзі ғана аман қалады «жас шыбық» тәрізді сынық.

  • сүйектің бітуі ересек адамға қарағанда 3-7 күнге ертерек болады

Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері

  • остеопороз салдарынан шамалы жарақаттан сынады

  • көбіне ортан жілік мойны, тоқпан жілік, омыртқа, қар жіліктерінің сынығы кездеседі

  • сүйектің бітуі ұзақ жүреді

Оқ тиіп жарақаттанғанда сүйектің сынығының ерекшеліктері

  • көптеген, жарқыншақты /көбелек, жұлдыз, жыртық тәрізді/

  • сүйек пен маңайындағы жұмсақ тінге инфекция түседі /остеомиелит, газдық гангрена/

  • жарақатта бөгде заттың болуы /оқ, бытыра/

  • сүйектің бітуі ұзақ жүреді

СЫНЫҚТЫҢ БІТУІ

  • 7-10 күн – дәнекер еттің пайда болуы

  • 14-20 күн – сүйек сүйелінің пайда болуы /остеоидты/

  • 21-30 күннен бастап сүйек сүйелі біртінеп мүйізденеді

  • жарты жылда ұршық тәрізді боп сүйек сүйелі толық мүйізденеді

  • 1; 1,5; 2 жылда сүйек сүйелі толық жойылып, сүйектің өз қалпына келуі /толық консолидация/

Сынықтың бітуінің асқынулары

  • сүйек сүйелінің кеш түзілуі

  • қанайналымы бұзылып, сүйек сынықтарының остеолизі болуы мүмкін

  • сынық бөлшектерінің шамалы фиксациясының салдарынан жалған буын пайда болады / рентгенограммада жіліншек каналының бітелуі, екі шеттен пластинканың түзілуі

  • остеомиелит, остеоартрит

  • сүйек сүйелі артық болуы

  • жарақаттан кейінгі сүйек синостозы

  • оссифициялық миозит

ОСТИЕОМИЕЛИТ – сүйек майының қабынуы. Қабыну сүйек майынан басталып, сүйек тіні мен қабына көшеді. Гематогенді және жарақаттық боп екіге бөлінеді.

Сүйек қабынуын анықтау

3 фазадан тұрады: 1) басталуы; 2) қызуы; 3) басылуы.

Бірінші және екінші фазада сүйектің некрозы, бұзылуы, сядырылуы байқалады, R-мада остеопороз, периостит /сызықты, шашақты/, құрамында секвестр бар деструкция ошақтары көрінеді. Егер дерт метаэпифизде болса, буынға шабуы мүмкін.

Дерт басылғанда /3-ші фаза/ репаративті сүйектің түзілуі байқалады, ол R-мада бұрынғы деструкция ошақтарының остеосклерозы ретінде, перифокальды остеосклероз ретінде, периоститтің ассимиляциясы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, маңайындағы буынның артрозы пайда болады.

Туберкулезді артрит - бұл туберкулездің алғашқы ошағы өкпеден сүйек майына тарауы. 3 фазадан тұрады: преартритті, артритті, постартритті.

Фазалары:

  1. преартиттік – туберкулез ошағы кемікте орналасады. Рентген саңылауынынң кеңеюі, остеопороз, тығыз қабатының жұқаруы.

  2. артриттік – буын шетінің бұзылуы, деструкция ошақтары мен эпифиздің толық сорылуын көруге болады. Буын шеміршегі бұзылғандықтан, синовиальді қуыс өзгереді, процесс басқа сүйекке өтеді. Соның салдарынан эпифиз Бен шеміршек бұзылып, буын қуысвы тарылады, пішіні тегіс емес болады.

  3. Постартриттік – процестің өтуі асқынбаса, буын беттіктері деформацияға ұшырайды, бірақ буынның функциясы бұзылмайды. Егер асқынған жағдайда артрозға, буынның деструктивті шығуына, анкилозға ұшырайды.

Әдебиет

Негізгі:

  1. Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.

  2. Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.

Қосымша:

  1. Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.

  2. Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.

  3. Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.

  4. В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.

  5. С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.