
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
ДӘРІС
Тақырып: «Бас қаңқасының, жақ сүйектері мен тістердің жасаралық анатомиясының визуальді диагностикасы »
Пән Визуальді диагностика
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс екінші
Уақыты (ұзақтығы) 1сағат
Қарағанды 2008
Тақырып: Бас қаңқасының, жақ сүйектері мен тістердің жасаралық анатомиясының визуальді диагностикасы
Мақсаты: Бас қаңқасының, жақ сүйектері мен тістердің жасаралық анатомиясының і диагностикасының ерекшеліктеріне түсінік беру.
Дәріс жоспары
Тіс-жақ жүйесі мен бет қаңқасының ренгенологиялық анатомиясы
Тістің ренгенологиялық бейнесі
Үстіңгі жақтың ренгенологиялық бейнесі
Төменгі жақтың ренгенологиялық бейнесі
Самай-төменгі жақ буынының ренгенологиялық бейнесі
Тіс-жақ жүйесі мен бет қаңқасының ренгенологиялық анатомиясы
Тістің ренгенологиялық бейнесі
Тістің басым көпшілігін дентин құрайды. Коронка бөлігінде дентин эмальмен, ал түбір - цементпен көмкерілген. Рентгенограммада эмаль корнока дентинін көмкерген қарқынды сызықты көлекеден тұрады; ол тістің жанама беттіктерінде жақсы көрінеді. Дентин мен цементтің рентгенограммада айырмашылығы жоқ.
Тіс түбірі мен жақ альвеоласының кортикальді пластинасының арасындағы саңылау тәрізді кеңістік - периодонтальді саңылау (ені 0,15 – 0,25 мм), периодонттан тұрады (тіс байламы). Ол цемент пен тіс қуысын бекітіп тұрған тығыз дәнекер тінінен тұрады. Периодонт тісті бекітіп, оны қанмен қамтамасыз етеді.
Рентгенограммада сүт тістердің тұрақты тістерден айырмашылығы бар: сүт тістің коронкасы мен түбірінің көлемі кіші, түбір каналы мен тіс қуысы кең. Молярлардың түбірлері бір бірінен үлкен бұрышпен алшақтайды.
Рентгенограммада тіс қуысы тіс коронкасының фонында контуры тегіс ашық көлеңке ретінде, ал түбір каналы контуры тұйықталған шеті тегіс ашық көлеңке ретінде көрінеді
Альвеолярляқ өсіндіде тістер бір бірінен тісаралық пердемен шектелген, қызыл иекпен көмкерілген. Балаларда тісаралық перденің ұшы эмаль-цемент шекарасында орналасқан, ал ересектерде 1,5 – 2 мм алшақ орналасқан. Тісаралық перденің ұшы алдыңғы тістерде ұшталған және премолярлар мен молярларда кесілген пирамидаға ұқсайды. Тіс жұлынғаннан кейін тісаралық перде атрофияға ұшырап, альвеолярлық жиек жұқарады.
Ренген бейнесінде жоғарғы жақ
Ж о ғ а р ғ ы ж а қ жұп сүйек, денесінен және төрт өсіндісінен тұрады: маңдай, бет, таңдай және альвеолярлы. Жоғарғы жақтың денесінде 4 беткейді ажыратады: алдыңғы, мұрындық, көздік, самай астылық. Сондай-ақ ауа өткізгіш жоғарғы жақтық (гайморов) пирамида пішінді қойнуы бар.
Гайморов қойнауы құрсақ ішілік дамудың 5 айында пайда болады, 7 айында рентгенограммада қойнаудың сүйекті қабырғасы көрінеді.
Балаларда 2,5 - 3 жаста қойнаулар тістердің бастамасымен толған және жоғарғы және сыртқы бөлімдерде үшбұрышты ағарулар түрінде көрінеді, 8-9 жаста мұрын қуысының түбі деңгейінде орналасқан. Қойнаудың көлемі тістер шыққан сайын ұлғая береді де тұрақты тістер қалыптасқаннан кейін тоқтайды (13-15 жас), 50-60 жаста кері семеді. Сол және оң жак қойнаулар әртүрлі болуы мүмкін.
Рентгенограммада қойнаудың төменгі шекарасы еш жерде үзілмейтін сызық түрінде көрінеді. Төменгі шекарасынан жоғары жұқа сызықты көлеңке ретінде мұрын қуысының шағылысуы көрінеді.
Бет өсіндісінің негізінің қыртысты қабаты ауыз ішілік рентгенограммаларда бірінші азу тіс үстіңде V түрінде көрінеді.
Жоғарғы жақтың төмпешіктері жоғарғы азу тістердің ауыз ішлік рентгенограммаларында көрінеді.
Альвеолярлы өсіндінің сүйек тінінің құрылымы ұсақ ұялы,
Ауыз ішлік рентгенограммаларда орталық күрек тістер арасынан тіс аралық перде арқылы ағару жолағы өтеді - жақ аралық тігіс.
Қатты таңдайдың ортаңғы сызығы бойынша премолярлар тұсында кейде тегіс немесе кедір бұдыр, өлшемдері әртүрлі сүйекті түзіліс – torus palatinus көрінеді.
Төменгі жақ
Төменгіжақ - тақ сүйек, таға пішінді, жалпақ, губка тәрізді құрылымды -денесі және екі өсіндісінен тұрады, олар 1020 және 150° бұрыш жасай ажырайды. Жақтың денесінде негізі мен альвеолярлы бөлігі бар, әрбір жағынан 8 тіс альвеоласы бар.
Жақ сүйектерінің құрылысының варианттары тікелей панорамды рентгеногрммалар мен ортопантомограммаларда жақсы көрінеді.
Төменгі жақтың сүйекті құрылысы ілмекті суретпен берілген. Сүйек ұяшықтарының көлемі әртүрлі: ұсақтауы алдыңғы бөлікте, ірілері премолярлар мен молярлар аймағында.
Жаңа туған балаларда төменгі жақ ортасынан дәнекер ұлпамен бекітілген екі сүйектен тұрады, кейіннен алғашқы айдарда бітісіп бір сүйекке айналады.
Төменгі жақтық канал ұзына бойы панорамды рентгенограммаларда көрінеді, қуысы 0,4-0,6 см. Канал төменгі жақтық тесіктен басталады.
Ауыз ішілік рентгенограммалар тіс түбірлері мен канал арасындағы қатынасты көрсетпейді. Ортопанограммаларда каналдың жоғарғы шеті мен тістердің ұшының арасында губкалы сүйектің қабаты анықталады, қалыңдығы 0,4-0,6 см.
Иек асты сүйегі төменгі жақтың тістеу рентгенограммасының фронтальді суретінде жақтың тілдік бетінде шығыл тұрған сүйекті құрылым ретінде көрінеді. Тістердің инвалютивті өзгерістері дегеніміз эмаль мен дентиннің жоғалуы мен пульпаның петрификаттары. Илвалютивті өзгерістер әсіресе тістерін толық жоғалтқан кісілерде байқалады.
Сыртқы есту жолы контуры анық, пішіні дұрыс емес ағару түрінде көрінеді, диаметрі 0,8-2 см.
Томограммаларды талдау мен буынның бөліктерін өлшеу үшін оларды калькаға қайта сызады.
Самай- төменгі жақ буыны
Самай- төменгі жақ буыны - негізгі сүйектің ілмегі мен самай сүйектің төменгі жақ ойығының буындық бетігінен тұратын байлам, ол 15-17 жасқа таман қалыптасады. Байланыстырып тұрған беттіктер төменгі және жоғарғы бөлікке бөліп тұрған шеміршекті буын дискасынан тұрады. Буын басының шетінде сүйек затының трабеклярлы жұмсақ затынан тұратын кортикальді тұйық пластинка орналасқан. Оның алдыңғы және артқы бөлігінің қалыңдығы 0,75 – 1,5 мм, жоғарғы беттігі 0,5 – 1 мм.
Төменгі жақ ойығын көмкерген компакты зат әр жерде әр түрлі. Артқы жағында компакты заттың енді бөлігі самай сүйегінің пирамидасымен жақын жатыр. Буын ойығының ортаңғы бөлігінде компакты қабат жіңішке келген.
Бет қаңкасының күрделі анатомиялық құрылысы тек орпантомографияны емес, қиғаш томография мен зонографияны кеңінен қолдануға мәжбүр етсді. Олардың қолдану көрсеткіштері - мұрын қуысының маңындағы ұсақ сүйек бөліктерінің және көз ұяларындағы, бас қаңқасы негізіндегі, торлы лабиринт клеткаларындағы патологиялық өзгерістер. Олардың қажеттілігі бет қаңқасының ортаңгы бөлімдсрінің күрделі сынықтарына, жарақаттан кейінгі деформаңияларына, жаңа өсінділеріне, жүйелік зақымдарына байланысты туады.
Жақ-бет аймағы патологияларын зерттеуде контрасты рентгенографияның алуан түрі қолданылады, олар самай-теменгі жақ сүйек буынының артрографиясы, ангиографиясы, сиалографиясы, дакриоцистографиясы.
Әдебиет
Негізгі:
Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.
Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.
Қосымша:
Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.
Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.
Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.
В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.
С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.
Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.