
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
Адам ағзасы 200-ден астам сүйектен тұрады.
Сүйектің адам ағзасындағы басқа тіндерге қарағанда ерекшелігі – минералды тұздарға бай.
Ересек адам 70 кг болса, қаңқа 7 кг, жілік майымен 10 кг. /30 кг – бұлшық ет/
Сүйек = 25% - су, 30% - органикалық заттар, 45% - минералдар. Адам өскен сайын сүйек құрамындағы су азая түседі. Минералдық құрамы: 85% - фосфорқышқылының тұздары, 10,5% - кальций көмірқышқылы, 1,5% - магнезий фосфорқышқылы, қалған - 3% - натрий, калий, хлор.
Сүйек – үздіксіз, өмір бойы өзгеріп, жаңарып отыратын жүйе. Сүйек дамудың күрделі жолынан өтеді. Ол дәнекер қаңқасының дамуынан басталады. Жатыр ішінде 2 айдан бастап, шеміршек қаңқасына айналады. Бас сүйегі, бұғана шеміршек фазасын өтпейді. Ал шеміршек кезеңі сүйек қаңқасына өту орташа 25 жаста тоқталады.
Сүйек – зақымданғаннан кейін, сынғаннан кейін, бұзылғаннан кейін, некроздан кейін толық қалпына келетін жалғыз тін.
Сүйектің түзілі-бұзылу процестерінің таң қаларлық қасиеттерін айта өтсек: жаңадан туған баланың ортан жілігі ересек адамның жілік майы каналына сияды, сонда адам өскен сайын сүйек толық бұзылып, жаңадан түзілу керек.
И.П.Павлов сүйек минералды тұздардың депосы деп айтқан. Кальцидің 99% сүйекте, 1% - қанда, бұлшық етте, жұмсақ тінде. Кальций ересек адамның жалпы салмағының 2% құрайды.
Сүйекті басқа жүйелерден бөлек қарауға болмайды, ағзада бәрі біріне бірі байланысты.
Сүйек шеміршегінің қалыптасуына /хондрогенез/ қандай гормон негізгі әсерін тигізеді? - гипофиз
Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
Қаңқаның органикалық негізінің сапасын реттеуші гормон- бүйрекүсті безі
Қаңқада кальцийдің алмасуын реттеуші негізі гормон – қалқанша маңы безі /паращитовидная железа/.
Сүйектің өсуі мен дамуының тоқталуы – «синостоз», жыныс бездері мен қызметіне байланысты.
D витамині – аш ішекте кальцидің сіңірілуіне және сүйек тінінде кальцидің жиналуына септігін тигізеді.
Сүйек - механика жағынан мықты, пластика жағынан реативті, әр-түрлі функциональді сұранысқа жеңіл жауап беретін биімділігі жоғары.
Сүйек түтікше, кемікті, жалпақ, ауа өткізгіш боп бөлінеді. Түтікше сүйек – диафиз, эпифиз, метафиз, апофизден тұрады.
Сүйек клеткалары : бұзушы – остеокласттар; түзуші – остеобласттар.
Сүйек құрылысы:
сүйек қабы
тығыз қабаты
сүйек кемігі
буын қапшығы
байланыс жүйелері
Сүйектердің бір-бірімен өзара байланысты:
сүйек аралық дәнекер – синдесмоз
сүйек аралық шепміршек – синхондроз
сүйектің көбі буынмен байланысқан. Буын – карсуламен қапталған, байлам, бұлшық ет, синовиальді сұйықтығы бар байланыс түрі.
Сүйектің буын жағы субхондральді пластинка деп аталады. Субхондральді пластинка буын ойысында буын басына қарағанда көбірек, ал буын шеміршегі керісінше. Бұл биомеханиканың заңына сай. Сүйектің буын беттіктері кейде бір-біріне сәйкес келмейді. Сондықтан қосымша түзілістермен толықтырылған. Олар диск, мениск, шеміршек. Осылардың арқасында буын беттіктерінің дұрыс қатынасы – «конгруэнттілік» деп аталады.
Рентген сәулесін ұстайтын бөлшектері:
тығыз қабаты /сүйек трабекулалары тығыз орналасқан/
Рентген сәулесін ұстамайтын бөлшектері:
кемік /әр түрлі көлемдегі ұялар/
сүйек қабы
жілік майы
қан тамырлары
жүйке жүйесі
буын қапшығы
шеміршектер – гиалин шеміршектері рентгенограммада көлеңке бермейді, сондықтан сүйектер бір-бірімен алшақ. Нормада ара қашықтығы 0,5-0,8 см құрайды.
Бала сүйегінің айырмашылықтары:
сүйектендіру бөлшектерінің болуы
сүйек кестелерінің көрінбеуі /2 жастан пайда болады/
рентген суретінде буын қуыстары кең боп көрінеді /эпифиз әлі шеміршек/
Ұзын жіліншек сүйектер бірнеше бөліктерден тұрады. Ортаңғы бөлігі –диафиз /тығыз/, сүйек ұшындағы шеміршек – метафиз, буын құрамына қатынасатын бөлігі – эпифиз, бұлшық ет бекітілетін – апофиз.
Сүйектің ұзына бойы өсуі эпифиз бен метафиздің гиалин шеміршегіне байланысты.