Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.06 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен

ДӘРІС

Тақырып: «Сүйек пен буын ауруларының визуальді диагностикасы»

Пән Визуальді диагностика

Мамандығы 051302 «Стоматология»

Курс екінші

Уақыты (ұзақтығы) 1сағат

Қарағанды 2008

Тақырып: Сүйек пен буын ауруларының визуальді диагностикасы

Мақсат: Сүйек пен буын ауруларының визуальді диагностикасының ерекшеліктеріне түсінік беру

Дәріс жоспары

  1. Қаңқаны зерттеудің жаңа сәулелік тәсілдері

  2. Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы

  3. Сүйек-буын жүйесінің жасаралық рентгеноанатомиясы

  4. Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары

Сәулелік диагностиканың ең бұрынғы саласы бұлшық ет – сүйек қаңқасы радиологиясы. Ол алғашқы саусақтардың рентгенограммасын алғаннан бері 110 жыл өмір сүріп келе жатыр. Бір ғасырдың ішінде сүйек-буын аппаратының рентгенанатомиясы, рентгенфизиологиясы, рентгенпатологиясы жөнінде аса көп мәліметтер жиналды.

Соңғы жылдары ең беделді жетістіктер адам ағзасына қауіпсіздігімен ерекшеленеді - олар ультрадыбыспен зерттеу, МРТ, әсіресе пренатальді кезеңде зерттеу.

Сүйек дертін рентгенмен анықтау бір ғасырдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні барлық радиологиялық зерттеулердің 40% сүйек-буын жүйесін рентгенмен зерттеу құрайды. Осыдан 20 жыл бұрын сүйек-буын жүйесін сәулемен зерттеу тек рентгенография тәсілінен тұратын. Қазір визуализация саласында жаңа диагностикалық тәсілдердің /УДЗ, сцинтиграфия, КТ, МРТ/ дамуына байланысты сүйек-буын жүйесін сәулемен зерттеу революциялық өзгерістерге ұшырады.

Визуализация тәсілдері

  1. Бірінші реттік

    • рентгенография

    • остеосцинтография

  2. Қосымша

    1. Екінші реттік тәсілдер

  3. КТ

  4. МРТ

2) Арнайы көрсетілім бойынша

/инвазивтілігі аз немесе инвазивті емес/

  • УДЗ

  • Денситометрия

  • Фистулография

  • Жоғары детальді рентгенография

Сүйекті зерттеуде бірінші реттік тәсілдер

Слайд-рисунок 1. Медицина сүйекті зерттеуде байырғы тәсіл бұл - рентгенография

Рентген - тәсілі сүйектер қатынасын, формасын, беттігін, структурасын, макроморфологиясын, патоморфологиясын анықтай алады. R- тәсілінің тағы бір қолайлы жағы КТ қарағанда өте ұсақ өзгерістерді (50-100 мкм) көруге болады.

Артрография – САҚ (ауа, йод) көмегімен буын, буын ішіндегі түзілістерді (сіңір, буын капсуласы) рентген арқылы зерттеу.

Остеосцинтиграфия – жетілмеген сүйек матрицасында остеотропты РФП (99mТс – фосанат) жиналуының арқасында сүйек түзілу процестерін анықтайды. Клиникалық кезеңге дейінгі процестерді анықтауға арналған. Сонымен бүкіл қаңқаның көрінісін көруге болады.

Көрсетілім:

  • қаңқаның көптеген немесе жүйелік зақымдануы

  • 10-15 күнге дейін остеомиелит

  • қаңқаға қонған ісік ұрықтарының қонуы

  • субклиникалық сынық, стрестік сынық, сүйектің асептикалық некрозы

КТадамның тінінің көлденең кесінділерін алуға болатын тәсіл. Сүйектің, тіннің анық бейнесін ажырата алатын тәсіл. Сүйек пен жұмсақ тіннің (бұлшық ет, тамыр, нерв) структурасына детальді баға бере алады. Сонымен қатар буын шеміршектерінің, омыртқа аралық кеңістіктердегі элементтердің бейнесінен көрсете алады.

МСКТ 3-бағытты бейненің реконструкциясын жасаудың арқасында жамбас буынының, 6-шы, 7-ші мойын омырқаларының сынығы кезінде сүйек фрагменттерінің орналасуына баға береді.

КТ бұлшық ет, сіңір, жұмсақ тін, іріңді, ісікті анықтай алады.

МРТ көмегімен барлық жазықтықтағы бейнені алуға болады: бұлшық ет, шеміршек, сүйек кемігі, сонымен қатар эпифизді /өйткені структурасы әлі шеміршек болғандықтан/ көруге болады. МРТ – сау адамға зияндылығы жоқ. Бұл тәсілмен жілік майын зерттеуге болады. Ісік, некроз, жілік майының инфакрктін, енді пайда боп келе жатқан қатерлі ісіктерді анықтауға болады. МРТ көмегімен сүйек тінінің минимальді жарақатын, әсіресе рентгенограммада көрінбейтін импресиндық және авульсиондық сынықтарды анықтауға болады.

МРТ мен УДЗ тәсілдері байлам аппаратының, менисктің, буынның синовиальді майлы элемнттерінің жарақаты мен қабынуын, соныменқ қатар бурситті, тендинитті, миозитті анықтайды.

УДЗ – буын, сіңірдің жыртылғанын, буындағы сарысуды, синовиалдыкиста, абсцесс, гематома, жұмсақ тіндегі өзгерістерді көруге мүмкіндік береді.

Ультрадыбыстық остеометрия – ұрықтың жасын, сүйек жүйесінің аномалиясын анықтау үшін қолданылады. Жаңа туған баланың жамбас-ортан жілік буынының дисплазиясын анықтауға болады. Сүйекті зерттеуге қолданылмайды, өйткені ультрадыбыс 90-95% - ке сүйектен шағылысып, сүйек структурасының анық бейнесін бере алмайды.

УДЗ қолайлы жағы: радиациялық зиянсыздығы, ауыр емес, ақпараттылығы жоғары (эталонмен сәйкестігі), 3-бағыттағы бейненің реконструкциясын жасауға болады.

Ревмоидты артрит кезінде сүйектің эрозиясын анықтау үшін УДЗ қолайлы. Бұлшық ет ішінде қанның ұйылуын, жұмсақ тінге кіріп кеткен бөгде затарды анықтауда да ультрадыбыстық диагностиканың мүмкіндігі бар.

Радионуклидті диагностика99mTc-технофорды ағзаға енгізе отырып, жедел остеомиелитті, созылмалы қабыну процестерінің асқынуын, сүйек ішіндегі іріңді инфекция ошақтарын анықтайды. Радионуклидтті остео-сцинтиграфия және ПЭТ сүйекте қатерлі ісіктің метастаздарының қонуын және ісікті емдеуде сәулелі терапия мен химиотерапияның оңтайлығын динамикада қадағалауға мүмкіндік береді.

Денситометрия – сүйектің минералдық тығыздығын өлшейтін тәсіл.

Көрсетілім:

  • сынық

  • остеопороз

  • метаболиттік остеопатия

  • остеопорозды емедеу барысында қадағалау

Фистулография - САҚ көмегімен ірің жолын рентген арқылы зерттеу. Мысалы, остеомиелит, туберкулез кезінде.

Жоғары детальді рентгенография – бейнені ұлғайтып түсіру. Кассетаны объектіден алшақтатып түсіреді. Бұл тәсіл тұйықтау пластинкасы мен эпифиздің субхондральді қабатын зерттейді.