Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.06 Кб
Скачать

Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары

Өкпе сабауының стенозы (ӨСС) – қақпақша арқылы қанның систолдық ағысының қыйыңдауы. Ол кейде туа біткен ақау болуы мүмкін немесе саркома, миксома сияқты өсінділер ӨСС туғызуы мүмкін.

Өкпе гипертензиясы өкпе регургитациясын (ӨР) туғызады. ӨР эндокардит, ревматизм, туберкулез салдарынан пайда болады.

Клиникалық көрініс: ентікпе, шаршау, талу.

Физикальді көрініс: төстің сол жақ жоғарғы бұрышында 2-ші өкпелік тон пайда болады. ӨР кезіндегі шу – жоғары тональды, диастолдық, үрлегіш төстің солжағында естіледі.

ЭКГ: оң жақ қарыншаның ұлғаюының салдарынан, QRS комплексінің көтерілуін, Р сермесінің өзгреуі, осьтің оңға ауытқуын көруге болады.

Көкірек қуысының рентгенограммасында:

Оң жақ қарыншаның ұлғайғаны, өкпе сабауының томпаюы көрінеді.

Эхокардиография:

Допплер-эхокардтографияның көмегімен өкпе қақапақшасының стенозы мен регургитацияның дәрежесін анықтауға болады.

Аортальді қақпақшаның ақаулары

Аортальді стеноз (АС):

Сол жақ қарыншадан аортаға қанның өтуіне тосқауыл болатын жағдай.

Себептері – туа біткен, ревматоидты, калцинозды (дегенеративті).

Туа біткен АС – қақпақшалардың қозғалысының әлсізденуі қальцидің жиналуына байланысты.

Ревматоидты АС – комиссуралардың адгезиясының салдарынан, қақпақшаның васкуляризациясы қақпақшаның икемдігін жоғалтады.

Сол жақ қарынша концентециялық гипертраофияланады. Дәнекер тіні көбееді. Аорта қақпақшасы өзінің размерінен ¼ көлеміне кішірею керек. Нормада қақпақша тесігінің көлемі 3,0-4,0 см2 .

АС дәрежелрі:

  1. жеңіл – қақпақша тесігінің ауданы < 1,5 см2;

  2. орташа - қақпақша тесігінің ауданы < 1,1 – 1,5 см2;

  3. ауыр - қақпақша тесігінің ауданы < 1,0 см2;

Клиникалық көрініс: АС симптомдар триадасы тән: стенокардия, талу, жүрек жетіспеушілігі.

Физикальді көрініс: ұйқы артериясында дірілдеу, орташа систолдық шу. Сол жақ қарыншаның жүрек соққысы 4-ші тон береді. Әсіресе оң жақ 2-ші қабырғаарлықта қатты шу естіледі.

ЭКГ: синусты ырғақ, , QRS комплексінің көтеріңкі вольтажы, Т сермесінің инверсиясы.

Көкірек қуысының рентгенограммасында:

Аортальді пішін, жүрек размерлері қалыпты болуы мүмкін, аорта бастамасының проксимальді бөлігі кеңейген.

Эхокардиография:

Аорта қақпақшаларының тесігінің размері нормада 1,6-2,6 см. Қақпақшаның қалыңдағанын, кальцинозын байқауға болады. Аорта қақпақшаларының тесігі тарылады, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы қарынша аралық перденің қалыңдауына әкеп соғады. Сол жақ қарыншаның қуысы өзгермейді.

Едебиет

Негізге:

  1. Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.

  2. Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.

Қосымша:

  1. Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.

  2. Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.

  3. Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.

  4. В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.

  5. С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.