
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
Рентгеноскопия - негізгі тәсіл. Жүректің және ірі тамырлардың морфологиясын және қызметін анықтайды. Өңеш жүрек пен ірі тамырларға жақын орналасқандықтан САҚ қолданылады. Су 80 л + 100 л барий сульфаты.
R-графия – 3 бағытта түсіреді.
Синус, диафрагма күмбездері, толық алынады. 1, 2 қосымша бағытта иығы айнаға 450 қарап тұру керек. Фокус + пленка ара қашықтығы – 1 м.
Эхокардиография – ультрадыбыстық тәсілдің В, М-режимін қолдану арқылы жүрек-тамыр жүйесін зерттеу. Бұл тәсіл жүрек-тамыр жүйесін зерттеуде бүгінгі күнде зерттеу алгаритмінің 1-ші орнын алып отыр.
Жүрек пен оның тамырлары негізгі 4 стандартты позицияда тексеріледі:
парастернальді
апикальді
субкостальді
супрастернальді
Допплер-эхокардиографияның 2 түрі бар:
үздіксіз-толқынды допплер-эхокардиография
импульсті – толқынды допплер-эхокардиография
Сонымен қатар, түрлі түсті допплерлік сканирлеу қолданылады: қызыл және көк түстің көмегімен қозғалыс бағытын, орташа жылдамдықты, ағыстың турбуленттілігін анықтауға болады. Бұл тәсілдің артықшылығы – қан ағысының кеңістіктік орентациясын анықтайды.
Ал сцинтиграфия 99Тс – РФП-ының көмегімен эндокардит пен миокардит кезінде қабыну процесінің таралуын және динамикасын анықтайтын бағалы тәсіл.
Динамикалық сцинтиграфия миакардтың қанайналысын, қарыншаның кейбір сегменттерініњң жиырылуын бағалауға жол ашты.
ПЭТ және БФЭТ көмегімен миакардтың метаболиттік процестерін зерттейді. Бұл тәсілдер операция алдында миакардтың өміршеңдігін, гибернирленген («ұйқыдағы») миокардты немесе миокардтың станингін («талуы») анықтауға мүмкіндік береді, ол аортокоронарлық шунт салу немесе мүшені ауыстыру сұрақтарын шешуге көмектеседі.
Слайд-сурет 2. СОЛ ЖАҚ ЖҮРЕКШЕ /СЖЖ/:
міндетті түрде өңешті контрастылайды
ретрокардиальді кеңістік бос тік бұрышты /патологияда тарылады/
СЖЖ ұлғайғанда қарама-қарсы проекцияда – сол жақтан 3-ші доға үлкейеді
Бүйірден өңешті ығыстырады
Жүрекшелердің (оњ, сол) қалыңдығы – 2-3 мм.
СОЛ ЖАҚ ҚАРЫНША
қарама-қарсы проекцияда 4-ші доғаны құрайды (бұғана орталық сызығынан 1,0-1,5 см ішке)
І қосымша:ұлғайғанда жүрек солға қарай көлденеңінен өседі
ІІ қосымша: жүректің артқы шетінде 3-ші көлеңкесі үлкейеді
сол жақ қарыншаның қалыңдығы – 10-15 мм.
ОҢ ЖАҚ ЖҮРЕКШЕ
ұлғайғанда қарама-қарсы проекцияда 2-ші доға жүректің оң жақ шетіне шығады
сол жақ бүйірден түсіргенде жүректің алдыңғы шеті жоғары көтеріңкі және ұлғайған
ОҢ ЖАҚ ҚАРЫНША
қарама-қарсы проекцияда оң жақ қарынша көлеңке түзбейді
ұлғайғанда сол жақ жүрекшені артқа ығыстырып, сол жақ шетке шығады, төске жақын орналасады
оң жақ қарыншаның қалыңдығы – 5-8 мм.
қарынша-аралық перден қалыңдығы – 10 мм.
ҚОЛҚА
диаметрі сол жақ қарыншаның екпінді көлемін көрсетеді
төс-бұғана буынынан 1-2 см төмен
ЖОҒАРЫ ҚУЫС КҮРЕ ТАМЫР
диаметрі үлкен қан айналымның қысымына байланысты
ЖҮРЕК ҚАҚПАҚШАЛАРЫ
Қарама-қарсы бағытта:
МИТРАЛЬДІ- IV төс-қабырға буыны деңгейінде
.
Слайд-сурет 4. ҚАРАМА-ҚАРСЫ БАҒЫТТАҒЫ РЕНТГЕНОГРАММАДА:
жүрек асимметриялы: 1/3 оң жақ, 2/3 сол жақ.
оң жақ шеті омыртқадан оңға 2-3 см /бұғананың ортаңғы сызығына жетпейді/
жүрек қисайған овал, гиперстеникте-көлденең, астеникте-тігінен жатады.
Слайд-сурет 5. Қарама - қарсы проекция:
сол жақ шеті: 4 доғадан тұрады – 1) 3-жастан бастап қолқа доғасы; 2) өкпенің күре тамыры; 3) сол жақ жүрекшенің құлақшасы (кейде нормада сол жақтағы төменгі доғаны оң жақ қарынша түзеді); 4) сол жақ қарынша.
оң жақ шеті: 2 доғадан тұрады: 1) жас баларарда жоғарғы қуыс көк тамыр, ересетерде қолқаның бастамасы; 2) оң жақ жүрекше (оң парастернальді сызықтан 2,5 см дейін)
Слайд-сурет 6. 1-қосымша бағыт:
Алдыңғы доғалар: 3 доға - қолқаның бастамасы, өкпенің күре тамыры, сол жақ қарынша.
Артқы доғалар:1) сол жақ жүрекше; 2) оң жақ жүрекше
Ретрокадиальді кењістік – жүректің артқы шеті мен омыртқа жотасының ара қашықтығы – 3 см болу керек.
Слайд-сурет 7. 2-қосымша бағыт
Алдыңғы доғалар: оң жүрекшенің құлақшасы, оң жақ қарынша, қолқа доғасы
Артқы доғалар:сол жақ қарынша, сол жақ жүрекше
Ретрокадиальді кеңістік – жүректің артқы шеті мен омыртқа жотасының ара қашықтығы – 1-1,5 см болу керек.
Жүрек-тамыр жүйесінің жасаралық ренгенанатомиясы
Жас баланың жүрегінің рентген суреті даму кезеңіне байланысты өзгеріп тұрады. Жаңадан туған нәрестенің жүрегі 20-30г. 1 жасқа толғанда 2 есе өседі, 4 жаста 3есе, 14 жаста 8 есеге өседі. Жаңадан туған нәрестенің жүрегінің оң жағы сол жағына қарағанда үлкен. Жүректің рентгенологиялық формасы тыныс алу фазасына байланысты. Жылаған кезде жоғарғы қуыс көк тамырдың үлкеюінен жүректің тамыр жағы ірі боп көрінеді. Бір жасқа дейінгі баланың қабырғалары көлденең орналасқандықтан және диафрагма жоғары орналасқандықтан бала жүрегі көлденең орын алады. Баланың жүрегінің орналасуы қайталанып жасалынатын рентген суретіне әр түрлі болады.
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНЫҢ СӘУЛЕЛІК СИМПТОМДАРЫ МЕН СИНДРОМДАРЫ