Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.06 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен

ДӘРІС

Тақырып: «Жүрек-тамыр жүйесі аруларының визуальді диагностикасы»

Пән Визуальді диагностика

Мамандығы 051302 «Стоматология»

Курс екінші

Уақыты (ұзақтығы) 1сағат

Қарағанды 2008

Тақырып: Жүрек-тамыр жүйесі аруларының визуальді диагностикасы

Цель: Жүрек-тамыр жүйесі аруларының визуальді диагностикасы ерекшеліктеріне түсінік беру

Дәріс жоспары:

  1. Жүрек пен ірі тамырларды сәулемен зерттеудің жаңа тісілдері

  2. Жүрек пен ірі тамырлардың қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы

  3. Жүрек-тамыр жүйесінің жасаралық ренгенанатомиясы

  4. Көкірек аралық мүшелердің ауруларының негізгі рентгенологиялық симптомдары

Жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын зерттеуде қолданылатын сәулелік тәсілдер мынандай боп бөлінеді:

  1. инвазивті емес

  1. инвазивті;

  2. Жүрек-тамыр жүйесінің морфологиясын сипаттайтын

  3. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметін сипаттайтын

Инвазивнті емес зерттеу тәсілдеріне жатады:

  • рентгенография;

  • рентгеноскопия;

  • ультрадыбыспен зерттеу;

  • компьютерлік томография;

  • магниторезонансты томография;

  • рентгенокимография.

Инвазивті зерттеу тәсілдеріне жатады:

  • көк тамыр арқылы жүрек қуысын жасанды контрастылау – ангиокардиография;

  • артерия арқылы сол жақ жүренкшені жасанды контрастылау – сол жақ вентрикулография;

  • коронарлы тамырларды жасанды контрастылау – коронарография;

  • аортаны контрастылау – аортография.

Инвазивті емес зерттеу тәсілдері

Рентгенологиялық тәсілдер жүректің орнын, формасын, көлемін, контурын, тамырларды, диафрагманы, өкпе алаңын анықтай алады.

Сызықты томография мен компьютерлік томография жүрек-тамыр жүйесінің кесінділерін алып, қосымша морфологиялық ақпарат бере алады.

Рентгенография Жүрек - сопақ, бойы қиғаш артқа бағытталған, жоғарыдан – оңға, алға, төмен және солға. Сол жақ қарыншадан қолқа, оң жақтан өкпе күре тамыры шығады. Төрт өкпе тамыры сол жақ жүрекшеге құйылады. Оң жақ жүрекшеге жоғарыдан жоғарғы қуыс вена, төменнен төменгі қуыс венасы құйылады.

Жүректің әр тесігі қақпақшалардан тұрады. Сол жақтағы атриовентрикулярлы тесік – қос жарналы қақпақшадан, оң жақ атривентрикулярлы тесік – үш жарналы қақпақшадан, аорта тесігі – үш айшық қақпақшалардан, өқпе оқпаны - үш айшық қақпақшалардан, төмегі қуыс вена – евстахиев қақпақшасынан, тәжді синус тесігі – тебезиев қақпақшасынан тұрады. Қақпақшалар веналар мен лимфа тамырларынан тұрады. Қақпақшалардың негізгі міндеті – қан мен лимфаның кері ағуына тосқауыл болу.

Көкірек қуысында орналасуы: вертикальді, қиғаш, көлденең. Вертикальді – 49-590 – астениктерде кездеседі. Көлденең – 35-420 – гиперстнениктерде кездеседі.

Рентгенмен зерттеу 3 бағытта жүреді: 1) қарама-қарсы бағыт; 2) 1-қосымша; 3) 2-қосымша

  • жүрек асимметриялы: 1/3 оң жақ, 2/3 сол жақ.

  • оң жақ шеті омыртқадан оңға 2-3 см /бұғананың ортаңғы сызығына жетпейді/

  • жүрек қисайған овал, гиперстеникте-көлденең, астеникте-тігінен жатады.

Компьютерлік рентгенография кесіндіге митральді қақпақша менжүрек ұшы түсу керек. Сол кезде томограммада 2 жүрекше, 2 қарынша, жүрекшеаралық және қарыншааралық перде жақсы көрінеді. КТ контрастылық затты қолдану арқылы аорта, церебральді, коронарлы тамырларды, өкпе, бауыр, бүйрек, мезентеральді және перифериялық артерияларды зерттейді.

Магниторезонансты томография

МРТ- қолма-қол жүректің жиырылуын және қызметінің параметрлерін алады. МРТ миокардтың структуралық өзгерістеріне, инфаркт, тыртық, ісіну ошақтарына баға береді.

Аяқ артерияларының окклюзиясын анықтауда МР-ангиографияның сезімталдығы 90%.

Слайд-сурет1. Ультрадыбыспен зерттеу тәсілі - жүрек структурасын зерттейді: қарынша, жүрекше, қақпақшалар, папиллярлық бұлшық еттер, хордалар. Сонымен қатар жүрек ішіндегі патологиялық түзілістерді анықтайды.

Ультрадыбыспен зерттеу тәсілінің арқасында инфекциялық эндокардит кезінде қақпақшаның вегетациясын, қақпақша маңындағы абсцесті анықтау мүмкіндігі туды. Ультрадыбыс тәсілдері ашылсымен жүрек бейнесін қолма-қол алуға, қақпақшаларды зерттеп, жүректің қуыстарына көз тастауға мүмкіндік туды.

УДЗ тамырдың тарылуын, кеңеюін, тамыр қабырғасының қалыңдығын, қан ағысын, тамыр қабырғасындағы түзілістерді көруге болады.

8. Эхокардиография – ультрадыбыстық тәсілдің В, М-режимін қолдану арқылы жүрек-тамыр жүйесін зерттеу. Бұл тәсіл жүрек-тамыр жүйесін зерттеуде бүгінгі күнде зерттеу алгаритмінің 1-ші орнын алып отыр.

Инвазивті зерттеу тәсілдері

Ангиокардиография

Ангиокардиография - жүрек қуысы мен тамырларды САҚ арқылы зерттеу, туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары кезінде анатомиялық және гемадинамикалық өзгерістерді анықтайды. САҚ-ты автомат-шприцпен катетер арқылы 20-40 мл егеді. Секундына 6 кадрдан жасалады. Зерттеуді алдынан және бүйірінен жүргізеді. Бұл тәсіл арқылы жүрек камералары арасындағы шунтты (патологиялық байланыстар), тамыр аномалияларын, жүре және туа пайда болған қанағысына кедергілерді анықтауға болады.

Селективті ангиография - жүрек қуысы мен тамырлардың ішкі структурасын, көлемін, орнын анықтайды.

Коронарография –жүректің тәждік артерияларының патологиялық өзгерістерін, олардың орнын, зақымдалу дәрежесін, қуысын, коллатералды қанайналым жағдайын анықтайды. Көрсетілім: жүректің ишемиялық ауруы.