
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентген сәулесінің қасиеттері
- •Медициналық диагностикалық бейне
- •Медициналық бейне информатика объектісі ретінде
- •Бейненің визуальді анализі
- •Сәулелік диагностиканың әдістері мен тәсілдері
- •Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тістің ренгенологиялық бейнесі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Рентгенологиялық зерттеудің мақсаты
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Амелобластомалық фиброма.
- •Одонтогенді емес ісіктер
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Тәсілдер
- •Рентгеноскопия
- •Флюорография.
- •Ангиопульмонография
- •Бронхография
- •Ангиография
- •Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
- •Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
- •Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Жүректі сәулемен зерттеу тәсілдері
- •Сәулелік симптомдар і. Жүрек орнының өзгеруі: туа біткен аномалия – декстропозиция. Жүрек орнынан қозғалуына плеврит, диафрагма жарығы, өкпе тінінің кішіреюі септігін тигізеді.
- •Жүректің қос перделі қақпақшаларының (митральді) ақауы
- •Өкпе сабауы қақпақшаларының ақаулары
- •Аортальді қақпақшаның ақаулары
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Ас қорыту мүшелерін сәулемен зерттеудің тәсілдері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен
- •Визуализация тәсілдері
- •Қаңқаның қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы
- •Остеогенездің негізгі реттеуші гормоны - қалқанша безі
- •Қаңқа ауруларының негізгі ренгенологиялық симптомдары
- •І. Сүйектің орнының, формасының, көлемінің өзгеруі
- •1) Сүйектің орнының өзгеруі: сүйектің сынуы, буынның шығуы
- •Іі. Сүйектің беттігінің өзгеруі
- •Іv. Рентгендік буын қуысының өзгеруі
- •Жіліншек сүйегінің сынығы:
- •Бала сүйегінің сынық ерекшеліктері
- •Кәрі адам сүйегінің сынық ерекшеліктері
Тыныс алу мүшелері ауруларының сәулелік семиоиткасы
Өкпеде көлеңкенің қоюлануы
Синдром: Өкпе алаңының аумақты (тотальді) қоюлануы
Морфологиялық субстраты:
- ауаның жоқтығы
- тінінің тығыздануы (ателектаз, қабыну инфильтрациясы, цирроз)
- плевраның тығыздануы
- плевра қуысындағы сұйықтық, диафрагмалық жарық
- көкірек ісігі
- өкпе тінінің болмауы (туа біткен, пневмонэктомия)
/бас бронхтың бітелуі, ателектаз/
Ателектаз, цирроз, өкпенің жоқтығы кезінде – аралық мүшелер қоюланған жаққа ығысады.
сұйықтық плеврада, диафрагмалық жарық, көкірек ісігі кезінде - аралық мүшелер қарама-қарсы жаққа ығысады.
Слайд-сурет 2. Өкпенің шектелген қоюлануы бейне субстраты – инфильтрация (альвеоладағы экссудат), өкпе тінінің ателектазы н/е склерозы, ісік, диафрагмалық жарық, инфильтративті туберкулез, өкпе инфарктісі.
Плевра қуысында шектеліп жиналған кезде – Эллиса-Дамуазо сызығы деп аталады.
Пневмония инфильтрациясының қоюлығы бөліктің көлеміндей, пішіні анық болады.
Ателектаз – бөлік кішірейеді, аралық қоюланған жаққа ығысқан
Слайд-сурет 3. Өкпе алаңындағы дөңгелек көлеңке – 1 см-ден үлкен дөңгелек, жартылай дөңгелек, сопақ пішінді. /субстрат – эозинофильді инфильтрат, туберкулезді инфильтрат, туберкулема, пневмония инфильтрациясының дөңгелек бөлігі, өкпе инфарктысы, жабық киста, аневризма, қатерлі және қатерсіз ісік/
Слайд-сурет 4. Өкпе алаңындағы сақина тәрізді көлеңке – ішінде газ немесе сұйықтық көрсететін бейне.
Жалғыз киста – сақина тәріді көлеңке, маңайындағы тін өзгермеген
Көптеген кисталар – бір-бірімен қосылып, «сабын көпіршігіне» ұқсайды.
Абсцесс - газ + сұйықтық. Көлденең сұйықтық деңгейін көруге болады.
Туб. каверна – сақина тәріді көлеңке, іші тегіс емес, көлеңкенің маңайында туб. ошақтары шашыраған.
Перифериялық ісік – шеттері фестон тәрізді.
Өкпенің кистозды гипоплазиясы – көбіне жоғарғы бөлікте кездесетін 1-5 см құрғақ қуыстар.
Эмфизоматозды буллалар құрғақ болады. Әр түрлі көлемде болады.
Өкпе алаңындағы ошақты көлеңке – дөңгелек, пішінсіз, 0,5-1 см дейін. Милиарлы ошақ – 2 мм дейін, ұсақ –2-4 мм, орташа – 4-8 мм, ірі – 8-12 мм. 1 см-ден үлкен – дөңгелек көлеңке деп аталады.
Бұл синдромның морфологиялық субстраты – ошақты туберкулез, перифериялық ісік, метастаз, бөлікшелің ателектаз. Жасы 50-ден асқан шылым шеккіш ер адамдардың өкпе алаңындағы дара ошақты кіші перифериялық ісік деп қарау керек. Кейде тығыз емшек тіні, тері папилломасы, тамырдың көлденең кесіндісі ошақ сияқты боп көрінуі мүмкін.
Ошақты көлеңкенің локализациясын ескеру керек:
- бұғана асты аймағында – ошақты туберкулез
- өкпенің ортаңғы, төменгі бөлігінде – ошақты пневмония
Өкпедегі ашық көлеңке
Синдром: Өкпе алаңының ашықтығының күшеюі:
жарғақта ауаның көбеюі /пневмоторакс/
эмфизема /қос өкпенің диффузды ашықтығының күшеюі/
өкпедегі қанның аздығы /өкпе суреті жоғалған кезде/
Өкпе суреті мен түбірінің өзгеруі.
Сау адамда өкпе суреті өкпе алаңында жақсы көрінеді. Олар сызықша, доға, сопақ, дөңгелек тәрізді боп келеді. Өкпе түбірінде ірі тамырлар болғандықтан, сурет ірі және анық, алаңның шетіне қарай тамыр калибрі кішірейе береді.
өкпе суретінің күшеюі /қанның іркілуі (жүрек ақауында)/
өкпе суретінің деформациясы –орны мен формасының өзгеруі
Өкпе түбірінің өзгеруі – түбірдің кеңеюі мен деформациясы. Ол лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тамырлардың кеңеюі және ісіктің пайда болуының салдарынан болады.
Өкпе түбірінің тығыздығы және тастанғаны туберкулез, силикотуберкулез кезінде кездеседі. Бір топ лимфа түйіндерінің ұлғайып, полициклдік контурлы болуы – ортаңғы ісікке тән. Контуры айқынсыз болса, ол семуі, ал пішінсіз болса, фиброзды трансформация.
Лимфоаденопатия: туберкулездік лимфоаденит – бір жақтық; саркоидозға– екі жақтық лимфоаденит тән.
Созылмалы дерттердің салдарынан, жүре пайда болған нозологиялық форма. Бронхоэктаздар формасы бойынша цилиндр, ұршық, дорба тәрізді боп бөлінеді. Жақын жатқан өкпе тіні өзгеріске ұшырамауы да мүмкін. Рентгенологиялық белгілері: ателектаз немесе пневмосклерозы бар жерде бронх саңылауының кеңеюі. Егер өкпе тінінің ауалығы сақталған жағдайда ұялар тәрізді деформацияланған өкпе суретін көруге болады. Бұл дертті анықтау үшін бронхография және КТ қолданылады. Бронхограммада бронхоэктазияны анықтауға, сонымен қатар бронхтың шырышты қабатына баға беруге болады, ал КТ-ның көмегімен ұсақ бронхиолдардың кеңеюін анықтауға болады.
Әдебиет
Негізгі:
Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.
Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.
Қосымша:
Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.
Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.
Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.
В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.
С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.
Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.