Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.06 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен

ДӘРІС

Тақырып: «Тыныс алу мүшелері ауруларының визуальді диагностикасы»

Пән Визуальді диагностика

Мамандығы 051302 «Стоматология»

Курс екінші

Уақыты (ұзақтығы) 1сағат

Қарағанды 2008

Тақырып: Тыныс алу мүшелері ауруларының визуальді диагностикасы

Мақсат: Тыныс алу мүшелері ауруларының визуальді диагностикасының ерекшеліктеріне түсінік беру

Дәріс жоспары

  1. Көкірек қуысындағы мүшлерді сәулемен зерттеудің жаңа тәсілдері

  2. Өкпе мен көкірек аралық мүшелердің қалыпты жағдайдағы сәулелік анатомиясы мен физиологиясы

  3. Көкірек қуысындағы мүшлердідің жасаралық рентгеноанатомиясы

  4. Тыныс алу мүшелері ауруларының негізгі рентгенологиялық симптомдары

Өкпе – сәулелік тәсілдермен зерттелетін объектілердің бірі боп табылады.

Тыныс алу мүшелерінің морфологиясын зерттеуде рентгенологтың орны бөлек, өйткені көптеген патологиялық процесстерді анықтау, мысалы, пневмония, туберкулез, саркоидоз, пневмокониоздар, өкпенің қатерлі ісіктері сияқты дерттерді дер кезінде анықтау ренгенологиялық мәліметтерге жүгінген. Көптеген жасырын өтетін аурулар флюорографиялық тексерулер кезінде қалың қауымның ішінен табылып жатады

Әдетте өкпені сәулемен зерттеу тәсілдеріні ңішінде жиі қолданылатыны – көкірек қуысының рентгенографиясы, ол өкпенің дерттерін анықтауда және басқада мүшелердің дерті кезінде өткізіледі. Басқа да арнайы тәсілдер, бронхография, томография және ангиографияға қарағанда, өкпенің ренгенографиясы бүгінгі күні жиі қолданылатын тәсіл боп қала бермек. Соңғы кезде рентгенологиялық тәсілдердің бір түрі компьютерлік томография өкпе, оның түбірі және көкірек аралық мүшелердегі патологиялық өзгерістерге сапалы да және сандық баға бере алады.

Тәсілдер

Көкірек қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

Слайд-сурет 1. Рентгенография 2 негізгі бағыттарда жасаған дұрыс, төс сүйегімен кассетаға тиіп тұрады:

- сәулесі арт жағынан алдына қарай бағытталған.

- науқас кассетаға бүйірімен тиіп тұрады, рентген сәулесі 2-ші жақ бүйіріне бағытталады

- суреті аумақты болу керек /өкпе ұшы, көк ет көрінуі керек/.

- жауырын өкпе алаңымен қабаттаспау керек

- көкірек-бұғана қосындысы симметриялы /*тікелец проекцияда/

- суретке түсіру көлемі зерттелетін аймақтан аспау керек, өйткені неғұрлым үлкен болса, соғұрлым доза көбейеді және шашыраған сәулелердің салдарынан бейне сапасыз болады

- жоғарғы 2-3 кеуде омыртқалар көріну керек

- сурет 1,5 – 2 м қашықтықта жасалу керек, рентген сәулесінің қуаты 100 кВ кем болмау керек.

Рентгенографияның артықшылығы бейненің ұсақ детальдарын алу мүмкіндігі, объективті документацияның арқасында дерттің кезеңін динамикада қадағалау.

Қарапайым рентгенограммада көріністердің көлеңкелері бірімен – бірі қабаттасқан, (суммация) қосымша көлеңкенің ішіндегі өзгерістер көрінеді.

Бұл тәсілдің көмегімен бір беттікте жатқан структура өзгертістерін көруге болады. Зерттелетін қатпардың тереңдігі алдын ала анықталады. Түтік пен кассета бір мезгілде қарама-қарсы бағытта қозғалады. Түтік, қондырғы айналатын кіндік, кассета өзара қондырғы білік арқылы байланысқандықтан зерттейтін қатпарлар суретке қозғалмай түседі, ал басқа тереңдіктегі мүшенің бөлшектері қозғалыста болады да, сондықтан шайылып қалады.