Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф КГМУ 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.06 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапия курсымен

ДӘРІС

Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктері»

Пән Визуальді диагностика

Мамандығы 051302 «Стоматология»

Курс екінші

Уақыты (ұзақтығы) 1сағат

Қарағанды 2008

Тақырып: Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктері.

Мақсаты: Визуальді диагностиканың жаңа әдістерімен таныстыру, жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктеріне түсінік беру.

Дәріс жоспары:

  1. Визуальді диагностика пәнінің мазмұны.

  2. Медициналық радиологияның қысқаша тарыхы, оның дамуына ат салысқан отанымыздың ғалымдары.

  3. Визуальді диагностикада қолданылатын электромагнитті, ультрадыбыстық және корпускулярлық сәулелер.

  4. Радиациялық қауіпсіздік.

  5. Медициналық диагностикалық бейне.

  6. Медициналық бейне информатика объекті ретінде.

  7. Бейненің визуальді анализі.

  8. Рентгенологиялық зерттеудің негізгі тәсілдері.

Медициналық радиология – медициналық мақсатта теория мен тәжірибені зерттейтін медицина тарауы.

Медициналық радиология екі негізгі ғылыми пәннен тұрады: 1) диагностикалық радиология (сәулелік диагностика) және 2) терапиялық радиология (сәулелік терапия).

Сәулелік диагностика – адам ағзасының қалыпты құрылысы мен қызметін зерттеу, сонымен қатар патологиялық өзгерістерді анықтау және алдын алу мақсатында сәулелерді қолдану туралы ғылым.

  • Бұл пәннің құрамына рентгендиагностика, радионуклидті диагностика,

Ультрадыбыспен зерттеу, магнитті-резонансты томография кіреді.

Сонымен қатар:

  • термография,

  • ӨЖЖ-термометрия,

  • магнитті-резонансты спектрометрия,

  • интервенциялық радиология (сәулемен зерттеу тәсілдерінің көмегімен емдік шаралар жүргізу)

Сәулелік терапия – иондатқыш сәулелерді дертті емдеуде қолдануды зерттейтін ғылым.

Медициналық радиологияның туған күні – 1895 жылдың 8-ші қарашасы. Вюрцбург қаласындағы жергілікті университеттің профессоры Вильгельм Конрад Рентген өзінің лабораториясынада кешке қарай катод түтікшесімен жұмыс істеп отырып, кездейсоқ платиносинеродты барий кристалы бар шыныдан сәуле тарғанын көріп қалады. Сөйтіп, Рентген бұл феноменге түсінік беріп, жаңалық ашады.

Ал 1901 жылы Рентгенге физика пәні бойынша 1-ші Нобелев премиясы беріледі. Берілген 50 мың швед кронын Рентген Вюрцбург университетіне сыйға тартқан.

Рентген сәулесі – бұл қысқа толқынды электромагнитті тербелістер. Тарау жылдамдығы жарықтың жылдамдығындай секундына 30000 шақырым.

Оларды рентген түтікшесінде, вакуум қондырғысында жоғары кернеудегі электр тогын өткізу арқылы алады. Квант энергиясының өлшем бірлігі – джоуль.