
- •1 Жалпы бөлім
- •1.1Шеберхананың технологиялық үрдісі
- •1.2 Электржетекке қойылатын талаптар
- •1.3 Қоректену кернеуінің шамасы мен тоқтың түрін таңдау
- •1.4 Орындаушы механизмнің қысқаша сипаттамасы
- •1.5 Кинематическая схема механизма
- •2 Арнайы бөлім
- •2.1 Қуатты есептеу және электрқозғалтқышты таңдау
- •2.2 Қозғалтқышты тексеру және механикалық сипаттамаларын жазу мен есептеу
- •2.1 Сурет. Статикалық сипаттамасы
- •2.3 Динамикалық сипаттамалары мен жүктемелік диаграммасын құрастыру
- •2.2 Сурет Графоаналитикалық график
- •2.4 Выбор средств коммутации и защитной аппаратуры
- •3 Организация производства
- •3.1 Организация эксплуатации и ремонта электрооборудования
- •3.2 Особенности монтажа силового оборудования и аппаратов управления
- •3.3 Основные неисправности и способы их устранения в схеме управления
- •3.4 Наладка электрооборудования
КУРСТЫҚ ЖОБА СД01КП.0911013.0004.ПЗ
ЭМ-2012-1 тобының студенті Тойшыбеков Н.
2014 |
Қазақстан
Респупликасының білім және ғылым
министрлігі
Темиртау политехникалық колледжі
ЖАЗЫҚТЕГІСТЕУІШ БІЛДЕКТІҢ ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Түсіндірме жазба
СД01КП.0911013.0024.ПЗ
Оқытушы
Зейнешев М.К.
ЭМ-2012-1
тобының студенті
Тойшыбеков Н.
2014ж
МАЗМҰНЫ
Жобалауға тапсырма
Кіріспе 3
1 жалпы бөлім 4
1.1 Шеберхананың технологиялық үрдісі 4
1.2 Электржетекке қойылатын талаптар 6
1.3 Қоректендіретін кернеудің тоғы мен шамаларын таңдау 7
1.4 Орындаушы механизмнің қысқаша сипаттамасы 7
1.5 Механизмнің кинематикалық сұлбасы 9
2 Арнайы бөлім 12
2.1 Электрқозғалтқышты таңдау және қуатты есептеу 12
2.2Қозғалтқышты тексеру және оның механикалық сипаттамаларын есептеп құрастыру 13
2.3 Динамикалық сипаттамаларын есептеу және жүктемелік диаграммасын құрастыру 16
2.4 Коммутация мен құрылғының қорғаныш амалдарын таңдау 20
3 Өндірісті ұйымдастыру 26
3.1 Электрқұрылғыны жөндеу және тасымалдауды ұйымдастыру 26
3.2 Басқару құрылғысының күштік құралдарын құрастыру ерекшеліктері 29
3.3 Басқару сұлбасындағы негізгі ақаулар және оларды шешу
амалдары 31
3.4 Электрқұрылғыны реттеу 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
К
ІРІСПЕ
Электрлік жетек дегеніміз – өзінің құрамында тасымалдаушы құрылғы, электрқозғалтқышты құрылғы, турлендіргіш құрылғысы мен басқару құралдары бар және де технологиялық үрдістерді басқара отырып, машинаның жұмыс істейтін бөлшектерін қозғалысқа келтіретін электромеханикалық аспап болып табылады.
Өндірістік жетектердің заманауи даму сатысы, айнымалы тоқпен қоректенетін және басқарылатын электржетектерінің қолдану аясының айтарлықтай кеңейгенімен ерекшеленеді. Бұл даму сатысы өндірістің алғашында өте жақсы басқармалы қасиеттері бар тұрақты тоқта жұмыс істейтін электржетектері қолданылатын (мысалы, металл өңдеуіш кәсіпорындары, қағаз жасайтын кәсіпорындар сияқты), тағы бұлардан басқа, технологиялық шамалары түзетілмейтін электржетектері қолданылатын (мысалы, ауа сорғыш бекеттерде) салаларына қатысты.
Қазіргі кезде ең көп таралған түрі айнымалы тоқпен қоректенетін электржетектердің түрі өзінің құрамына тұрақты тоқты пілтелі және жазық импульсті модуляциясы бар жиілікті түрлендіргіші бар электржетектер болып табылады. Түрлендіргіштің құрамына, қолданушы өндірісітің көптеген салаларында қолдана алу үшін және түрлендіргіштің барлық мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін микропроцессорлы басқарылатын сыртқы интерфейсі бар, жетекті басқару жүйесі орнатылған.
Тұрақты тоқты буыны бар түрлендіргіштердің шығысындағы айнымалы тоқ кернеуі, тұрақты тоқтың кернеуінен дербес инвертор көмегімен түрленеді. Әдетте, қоректену көзі орнына айнымалы тоқ көзі қолданылғандықтан, жиілікті түрлендішгіштің құрамына басқарылатын немесе басқарылмайтын тоқ түзеткіштері пайдаланылады. Мұндай түрлендіргіштердің шығысында әдетте жиіліктің максималды шамаларының шегі болмайды. Тұрақты тоқты буыны бар жиілікті түрлендіргіштер негізінде, тоқтың автономды инверторлары бар және кернеудің автономды инверторлары бар болып екі бөлікке бқлінеді. Қазіргі күні кернеудің автономды инверторлары бар түрлендіргіштер кеңінен қолданылуда.
Жекеленген автоматтандырылған электржетектер қазіргі уақытта қоғамның өмір сүру аясында өндірістік кәсіпорындардан бастап кунделікті шаруашылыққа дейін кеңінен қолданылуда. Электржетектерді өндірістің барлық салаларында қолдана отырып, оның барлық техникалық көрсеткіштерін дамыта беру бугінде техникалық прогрестің негізі болып отыр.
1 Жалпы бөлім
1.1Шеберхананың технологиялық үрдісі
Электрлік құрылғыларды жөндеу шеберханасы 2 негізгі аймақтан тұрады: электрқұрылғыларды капиталды жөндеуден өткізетін аймақ пен металлургиялық электрқұрылғыларды капиталды жөндеуден өткізетін аймақ.
Электрқұрылғыларды капиталды жөндеуден өткізетін аймақтың өзі тағы 4 аймақтан тұрады:
-орағыш аймақ;
-басқару-сынағыш аймақ;
-жөндеу және баптау аймағы;
-бөлшектеу(жинау) аймағы.
Металлургиялық электрлік құрылғыларды капиталды жөндеуден өткізетін аймақ 3 аймаққа бөлінеді:
-электрлік машиналарды жәндеу аймағы;
-жүк көтергіш электрлік құрылғыларды жөндеу аймағы;
-электрлік-құрастырғыш аймақ.
Бөлшектеу (жинау) аймағы
Бөлшектеу аймағына электрқозғалтқыштар жөндеу қоймасына түскеннен кейін, бірінші болып жеткізіледі, және де бұл жерде электрлік қозғалтқышты бөлшектеу, ауытқуларды түзету, ақауларды анықтап жөндеу жұмысының көлемі анықталады. Қорытындылай келе соңынан ақаулардың анықтама қағазы толтырылады.
Технологиялық үрдіске қарай бұл аймақта құрылғыны сынақтан өткізетін бекеттер мен қондырғылар орнатылған.
Жуғыш бөлімшеде жөндеуге әкелінген электрлік қозғалтқыш пен қондырғылардың ажыратылған бөлшектерін шаңнан, кірден және мазуттан тазарту жұмыстары жүргізіледі. Шаңды кетіру үшін жоғары қысымдағы ауамен арнайы бөлшектеуіш аймақта орнатылған жәшікте іске асырылады. Заттарды мазуттан тазарту үшін, бөлшектеу аймағында орнатылған арнайы камерада нефроспен жуу үрдісі жүргізіледі. Ал жиналып қалған кірден тазалау үшін бөлшектеу аймағында арнайы камера орнатылған.
Құрастыру аймағындағы қоймада электрқозғалтқыштар мен қондырғыларды жөндеу үшін арналған кішкентай бөлшектер бар. Олар электрқозғалтқыштарды жөндеу барысында қолданылады. Жөндеуге керек бөлшектер, жөндеу барысында осы қоймадан алдырылады.
Жинауыш аймақта жөндеуге акелінген электрқозғалтқыштар мен қондырғылардың бөлшектерінің ақауларының дәрежелері анықталып, жөндеуге кететін уақыттың көлемі хабарланады. Бұл шеберхананың өндірістік үнемдеулерін арттыру үшін жүргізіледі.
Б
өлшектеу
аймағынан шыққан электрқозғалтқыштардың
құрамында бір бөлшектер жетіспесе, бұл
құрылғы жарамсыз болып табылады.
бөлшектеу аймағында роторларға арналған арнайы сөрелермен пирамидалар орнатылған.
Трансформаторларды жөндеу аймағында қуаттылығы 3200 кВт аспайтын трансформаторларды ғана жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Катушкаларды орау жұмыстары іске асырылады. Балқыту үрдісі, балқыту аймағында жүргізіледі.
Аймақта катушкаларды орау қондырғысы, вертикалды тескіш қондырғысы орнатылған және олар гидравликалық жүйеде жұмыс істейді.
Қондырғылар аймағында механикалық жіне слесарлы жөндеулер іске асырылады және ескірген бөлшектерді алмастыру мен жаңа бөлшектерді әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.
Қондырғылар аймағында штамповкалық жұмыстарға арналған кривошипты нығыздауыштар, түсті металдарды кесуге арналған маятникты аралар, столдар, верстактар мен сөрелер орнатылған.
Нығыздауыш аймақта нығыздалған ұнтақтардан бөлшектер мен қосалқы заттарды жасау жұмыстары жүргізіледі.
Нығыздау гидравликалық нығыздауышпен орындалады.
Нығыздауыш аймақта: үстелдік-токарлі және үстелдік-бұрандауыш құрылғы, қысымы 60 т болатын нығыздауыш, қысымы 10 т болатын кривошипты нығыздауыш, нығыздауыш ұнтаққа арналған жәшік, шкаф және үстелдер орнатылған.
Шеберханалық аймақ түсті металдардан контактылерді дайындауға арналған. Түсті металдарды балқыту үшін арнайы құрылғылар қарастырылған. Балқыңған металды құйып алу үшін арнайы қалақтар қолданылады.
Сіңдіру аймағында, құрылғылардың катушкаларын, электрлік машиналардың саймандарын кептіру жұмыстары жүргізіледі. Сіңдіру үрдісі атмосфералық қысымда арнайы сұйықтық толтырылған қауызда орындалады. Кептіру арнайы кептіргіш шкафтарда жүргізіледі.
Бұл аймақта, вакуумды сіңіргіш пеші бар компаундирленген қондырғы орнатылған.
Құрастыру аймағында капиталды жөндеуден өткен электрқозғалтқыштардың бөлшектерін жинау жұмыстары жүргізіледі.
Аймақта келесі қондырғылар орнатылған: тегістеуіш қондырғы, роторлар мен якорларды статикалық құлыптайтын қондырғы, машиналарды жинағыш үстелдер, верстактар, сынауыш тоқ көзі мен нығыздауыш орнатылған.
Орағыш аймақ
Катушкаларды орағыш аймақта аппараттардың катушкаларын орау және электрқозғалтқыштарды іске қосқыш катушкаларды орау жұмыстары орындалады.
Аймақта келесі қондырғылар орнатылған: катушкаларды орағыш құрылғылар мен жартылай автоматтандырылған үстелдер.
О
рағыш
аймақта, жинағыш және дәнекерлеу
бөлімшелерінде дайындалған статорлы,
зәкірлі, зәкірлі және роторлы орамдарды
тегістеп жинау жұмыстары жүргізіледі.
Аймақта: түзеткіш қондырғы, түзетуге мүмкіншілігі бар роторлар мен зәкірлер орналасқан үстелдер, орау жұмыстары жүргізілетін үстелдер, сынағыш айнымалы және тұрақты тоқ көздері бар.
Ажыратқыш аймағында өзекті жиектердің ажырату үрдісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Аймақта орағыш қондырғы мен үстелдер орнатылған.
Бақылағыш-сынағыш бекетінің аймағы
Шеберханаға жөндеуге түскен электрқұрылғылары міндетті түрде ауытқулар бойынша ақаулар мен тексергіш сынақтарынан өткізіледі.
Бақылағыш-сынағыш бекетінде үлкен машыналарды, орташа машиналарды және кіші машиналарды сынақтан өткізу үшін басқару пульттері және басқа қондырғыларды сынақтан өткізуге арналған стендтер орнатылған.
Слесарлы-жөндеуіш аймақ
Слесарлы-жөндеуіш аймақта электрқозғалтқыштарға қатысты бұйымдарды механикалық өңдеу жұмыстары, қосалқы бөлшектерді әзірлеу және шеберхананың сантехникалық жөндеулеріне арналған бөлшектерді дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Слесарлы-жөндеуіш аймағының атқаратын жұмысының көлемінің көптігіне қарай бұл аймақта: токарлы-винттеу арқылы тіс салғыш, тік-тескіш қондырғылар, әмбебап-фрезерлі қондырғы, жанама-баптауыш қондырғы, пышақты қондырғы, белгілегіш плита және жазық-тегіштеуіш қондырғы орналған слесарлы верстактар орнатылған.