Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курылыс отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

15. Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.

Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдағ ананықтамасы, бұл — шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқарумен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді. Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шы-ғындар былай топталады:

— негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындарт.б.);

—үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқару мен тікелей байланыста пайда болады);

— тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік құнына тікелей кіреді;

— жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құ-нына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффи-циенттер) жанама жолмен қосылады;

— кірістік шығындар — қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте табыс əкелуі ықтимал;

— өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар. Тəжірибеде шығында ркелесідей топтастырылады:

— құрамы бойынша;

— түрлері бойынша;

— өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша;

— өнімнің өзіндік құнына жатқызу тəсілі бойынша;

— өндіріс көлемі бойынша;

— шығындардың тиімділігі бойынша.

16. Құрылыс ұйымдарының есеп саясаты.

Есеп саясаты, бұл — бухгалтерлік есеп, талдау, аудит аумағындағы ұзақ мерзімді саясат, оны əрбір кəсіпорын өз бетінше жасайды, бухгалтерлік есепті жəне қаржылық есепті оның негіздері мен қағидаларына сəйкес жүргізу үшін субъектілердің басшыларының қабылдаған тəсілдерінің жиынтығы. Есеп саясатын қалыптастыру төмендегі кезеңдерден тұрады:

— бухгалтерлік есеп жүргізілетін кəсіпорындағы есеп саясатының қатынасын анықтау;

— бухгалтерлік есепті жүргізу тəсілдерін таңдауға əсер ететін жағдайларды анықтау, сараптау, бағалау жəне реттеу;

— есеп саясатын құрастырудың бастапқы жағдайларын таңдау жəненегіздеу;

— есептің əрбір тəсілінің жолын жəне əрбір есеп объектісі бойынша кəсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізудің жарамды тəсілін бірегейлендіру;

— кəсіпорында қолдануға жарамды бухгалтерлік есептің жүргізілу тəсілінтаңдау;

— таңдалған есеп саясатын рəсімдеу.

Құрылыс кəсіпорындарының есеп саясатының бөлімшеле-рінің тізімі төмендегідей болуы шарт:

1. Жалпы бөлім.

2. Басқару жəне ұйымдастыру құрамы.

3. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың жүйесі.

4. Бухгалтерлік құжаттар жəне оларды сақтау мерзімі.

5. Түгендеу.

6. Негізгі құралдардың есебі.

7. Материалды емес активтердің есебі.

8. Материалдық құндылықтардың есебі.

9. Ақшалай қаражаттардың есебі.

10. Еңбек жəне еңбекақы.

11. Дебиторлық қарыздар жəне басқада активтер.

12. Инвестицияны есептеу.

13. Меншіктік капитал.

14. Өндіріс шығындарының есебі жəне құрылыс өнімінің(қызметінің) өзіндік құнын калькуляциялау.

15. Мерзім шығындары.

16. Сату, табыс жəнебаға.

17. Есепберу.

18. Түсініктеме. Кəсіпорынның есеп саясатын оның бас бухгалтері немесе арнайы есепб өліміқ ұрастырады. Есеп саясаты кəсіпорын құрыл-ған сəттен бастап дайындалады. Дайындалған есеп саясатын кəсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен бекітеді. Осы кəсіпорынның қабылдап, бекіткен есеп саясаты сол кəсіпорынның есеп қызметін атқаруы барысында негізгі құжат ретінде қолданылады.