Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курылыс отв.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

44. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.

Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару — күрделі процесс. Өзінің мəні жағынан ол кəсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды. Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл — шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құндык көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқарумен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді.

Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтанда шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Əдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сəйкескеледі. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет. Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шығындар былай топталады:

— негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналармен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар т.б.);

— үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқарумен тікелей байланыста пайда болады);

— тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік құнына тікелей кіреді;

— жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффи-циенттер) жанама жолмен қосылады;

— кірістік шығындар — қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте табыс əкелуі ықтимал;

— өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар.

45. Құрылыстағы сыртқы ақау.

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақау деп техникалық талаптарға сəйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Сыртқы ақау тапсырушылардан, жабдықтаушылардан жəне автокөлік кəсіпорындарының кінəсінен болады. Ақау анықталған сəтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының кызметкерлері жəне инженерлік-техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қатысуы тиіс. Себебі, дəлелденіп, кінəлі тұлғалардың қол қоюы мен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анық-талып, өндірілуіне негіз болып табылады. Ақауға кеткен шығын əрбір актіге жеке жасалынады жəне оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:

— қайта қалпына кетіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;

— материалдық шығындар;

— төленген қосымша еңбекақы мөлшері;

—қолданылған құрылыс машиналары мен механизмдерге кеткен шығын сомасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]