
- •1. Құрылыс қызметінің объектілері мен субъектілерінің түсініктерін анықтау.
- •Капиталдық салымдар бойынша басқада шығындар
- •Мелиоративтік жұмыстар есебі
- •Капиталдық салымдар және олардың түрлері.
- •Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.
- •Құрылыстағы үстеме шығындардың түсінігі
- •Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
- •Техникалық қауіпсіздікпен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
- •Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
- •4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;
- •5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
- •Құрылыс өндірісіндегі технологиялар ерекшеліктері.
- •8.Құрылыстағы материалдар шығындарының есебі.
- •10. Құрылыс өнімі және оны бағалау
- •12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
- •13. Өндіріс түрлері
- •14. Бухгалтериядағы тмқ есебін ұйымдастыру.
- •15. Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
- •16. Құрылыс ұйымдарының есеп саясаты.
- •19. Күрделі құрылысқа мердігер келісім шарты.
- •20. Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.
- •23. Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •26. Еңбек ақының мерзімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •27. Құрылыстағы қосымша өндіріс түрлері.
- •31. Құрылыс мердігер келісім-шарты бойынша табыс пен шығынды мойындау.
- •32. Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •39. Құрылыстағы ішкі ақау.
- •41. Ақаудан жоғалтуды бақылау және есепке алу.
- •42. Қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •43. Жалақы бойынша есеп айырысу.
- •44. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.
- •45. Құрылыстағы сыртқы ақау.
- •47. Құрылыс ұйымдар балансындағы қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •49. Құрылыс машина мен механизм жұмыстарымен байланысты шығындар есебі.
- •51. Құрылыстағы калькуляциялау объектілері.
- •53. Құрылыстағы ақаудан жоғалтудың есебі.
- •54.Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар.
- •55. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау.
- •56. Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
10. Құрылыс өнімі және оны бағалау
Құрылыс өнімі – құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;
Құрылыс өнімі - «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» сәйкес қызмет түрі «Құрылысқа» жататын шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет түрінің нәтижесі. Құрылыс өнімі негізінен басты үлгі ретінде заттық нысанды (ғимараттар, имараттарды), сондай-ақ қызмет нысанын (жабдық монтажын, күрделі жөндеуді) қабылдайды.
Құрылыс-жайлар құнын бағалау келесі жағдайларда қажет:
құрылыс-жайлардың, жабдықтардың кейбір бірліктерін сату себептері керегі жоқ, табиғи немесе моральды тозған құралдардан құтылу үшін; төлем қабілетсіздік жағдайында кредиторлармен есеп айырысу; құралдарды экономикалық және экологиялық критерилер бойынша прогрессивтіге айырбастау;
шарттар мен несиелерді қамтамасыз ету үшін қозғалмайтын мүліктердің қандай да бір бөлігіне кепілді рәсімдеу;
қозғалмайтын мүлікті сақтандыру;
12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
Құрылыс-монтаж жұмыстары – жер жұмыстарын және топырақтағы арнайы жұмыстарды; ғимараттар мен имараттарды (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, тоннельдер және метрополитендер, өтпе жолдар, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) көтеретін және (немесе) қоршайтын конструкцияларды салуды;
- желілік құрылғыларды төсеу бойынша арнайы құрылыс және монтаж жұмыстары;
- сыртқы инженерлік желілерді және құрылғыларды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді орнату;
- конструкциялар мен жабдықтарды әрлеу және қорғау бойынша жұмыстар;
- автомобиль және темір жол құрылысы;
- технологиялық жабдықтарды монтаждау (бұзу), іске қосу жұмыстарын қамтитын құрылыс қызметі
13. Өндіріс түрлері
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тəн. Құрылыс кəсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:
♦ негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттармен қондырғыларды капиталды жөндеу;
♦ қосымша өндірістер;
♦ өндіріспен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала.
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі жəне қосымша өндірістің, əлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігінтуғызады. Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс мжоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгіөн-діріс», 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер», 8040 «Үстеме шығыстар» белгіленген.
14. Бухгалтериядағы тмқ есебін ұйымдастыру.
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар;
• Аяқталмаған өндіріс;
• Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішсімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
7 БЕС Сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, АЭСА мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.