Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курылыс отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать
  1. Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.

  1. Құрылыстағы үстеме шығындардың түсінігі

Құрылыс-монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға жұмысшыларға көрсетілген қызмет шығындары, құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады. Жалпы алып қарайтын болсақ, орындалып жатқан жұмыс барысында өндіріске тəн ерекшелігі бар қосымша шығындарды кездестіреміз. Бірақ, біз оны шығындар түріне дұрыс жатқыза білуіміз керек. Осыған байланысты үстеме шығындар төмендегідей түрге бөлінеді:

  1. Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:

— учаске басшыларының, ағашеберлердің, қосалқы жəне көмекші өндіріс басшыларының,механиктердің негізгі жəне қосымша еңбекақысы жəне одан аударылған əлеуметтіксалық;

— құрылыс-монтаждау жұмысындағы жұмысшылардың қосымша еңбекақысы жəне одан аударылған əлеуметтік салық;

  1. Техникалық қауіпсіздікпен еңбекті қорғау бойынша шығындар:

— тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу жəне жууға кеткен шығындар;

— заң бойынша қарастырылған денсаулыққа зиян цех жұмысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар;

— техникалық қауіпсіздікке арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кеткен шығындар;

— техникалық қауіпсіздікке арнайы жасалған бөлмелерге кеткен шығындар;

  1. Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:

— амортизациялық шығындар, бірнеше мердігерге қызмет көрсетіп тұрған негізгі құралдарды пайдалануға немесе жөндеуге кеткен шығындар;

— жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын;

— өндіріске қажетті өлшеуіш құралдар сатып алуға кеткен шығын;

— қауіпті аймақтарды қоршауға кеткен шығындар;

— уақытша қондырғылар орнату шығындары;

— өлшеуіш қораптар, бункерлер, бетон мен ерітінділерге арналған ыдыстар сатып алуға кеткен шығындар;

— нысан маңындағы əкімшілік орындар;

— жұмысшыларға арналған арнайы жуыну орындарына кеткен шығын;

— уақытша жарықтандыруға арналған желілерге кеткен шығындар;

— нысандарды күзетуге кеткен шығындар;

4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;

5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.

  1. Құрылыс өндірісіндегі технологиялар ерекшеліктері.

Құрылыс жүргізуші кәсіпорындардың қызметін дамыту мәселесін анықтауды зерттеу барысында сыртқы орта тарапынан болтын бәсекелестіктің қатаң талаптары маңызды орын алды. Өйткені, даму стратегиясын таңдаған әрбір кәсіпорынның болашақта қызмет ету тиімділігін және даму динамикасын айқындайтын жеткілікті дәрежеде бәсекелестік потенциалы болуы керек. Оның ішінде, құрылыс саласының бәсекелестігі неғұрлым қатаң және ол бәсекелестер санымен, саланың табысымен, салаға кірігу бөгетінің шамасымен, салалық бәсекелестердің нарықтық үлестерінің қатынасымен анықталды.

Сонымен, құрылыс жүргізу өндірісінің дамуына әсер ететін факторларға: құрылыс өнімі мен қызметінің сапасы, инновациялық потенциал, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инвестициялық тартымды ахуал, материалдық, қаржылық, еңбек және басқа да өндірістік ресурстар, өнімді жабдықтау және өткізуді рационалды ұйымдастыру, құрылыс кәсіпорындарындағы еңбеккерерді әлеуметтік қолдау жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]