Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курылыс отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

54.Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар.

Құрылыс машиналарын қолдануды жақсарту мақсатында олар механизация басқармасына (трест) біріктірілуі мүмкін. Мердігер кəсіпорындар механизация басқармасының қызметінің құнын 8010 шоттың дебетінде «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабында, 3310 шоттың кредитіндек өрсетеді.

Егер мердігер кəсіпорын машиналарды жалға алса, онда жалдың есебі 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында жəне басқа шығындарына қосылып, осы машинаның қызметінің құнына апарылады. Егер механизация жұмыстарын субмердігер орындаса, онда олар машиналарды пайдаланумен байланысты барлық шығындарды өз шотында есепке алады.

Құрылыс кəсіпорындары механизмдерді басқару шотының негізінде, оның қызметінің құнын 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде, 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімдік редиторлық берешегі» шотының кредитінде, «Субмердігерлерден қабылдан-ған жұмыстың құны» бабында есепке алады.

Жеке меншік құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарын басқа жақтың механизмдерінің қызметінің құнын объектілердің өзіндік құнына тікелей апаруға болады. Бірақ, кей кездері құрылыс машиналары менмеханизмдері бір мезгілде бірнеше объектіде немесе бір объектіде бірнеше жұмыстарды атқаруы мүмкін. Мысалы, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, материалдарды тасу, грунт, қарларды шығару жəне тағы басқа. Бұл жағдайда құрылыс машиналары мен механизмдерін объектілер жəне шоттар бойынша жанама жолмен бөлу қажет. Оның бөлу негізі нақты орындалған жұмыс көлемі немесе сметақұны, кейде жұмыстардың нормативті құны не машиналардың жұмыстарының сағат саны алынады. Материалдарды тасу шығыны дайындау-қойма шығындары ретінде оның құнының деңгейін көтереді.

55. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау.

Кəсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» жəне «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады:

1) өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліне қарай алғашқы шығындардың бейнеленуі;

2) өндірістік шығындар туралы мəліметті қызмет түріне, өндіріске, құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, жұмысшыларға қарай оқшаулау;

3) өндірістік шығындарды пайда болу уақытына жəне өзіндік құнға қосылуына қарай, сонымен қатар басқада уақыт кезеңдері, өткен шығындар, есепті кезең жəне болашақ кезең шығындарына қарай оқшаулау;

4) кəсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу: жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын өнімнің өзіндік құнына қосу жолымен өтеу;

56. Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.

Құрылыс- монтаж жұмысыныың құнында үстеме шығындар үлкен орын алады. Сондықтан үстеме шығындар есебінің міндеттерінің оларды өз мезгілінде дұрыс есепке алу; үстеме шығындардың әрбір бабы бойынша шығын деңгейін бақылау, сметалық сомадан ауытқуларды анықтау; өндірістер мен объектілер арасында үстеме шығындарды дұрыс ажырату; сметада қарастырылған қаражаттардың тиімді жұмсалуын ықпал ету.

Аталған міндеттерді орындаудағы негізгі шарт-әрбір жеке бөлімшелер бойынша жасалған үстеме шығындардың сметасының болуы.

Құрылыс ұйымдарды жоспарланған құрылыс және монтаж жұмыстарының көлемінің бірлігіне белгілнген тәртіпке анықталған үстеме шығындардың шекті сомасын ескере отырып, есепті жылға үстеме шығындардың сметасын жасады.

Соңғы жылдары құрылыс жұмыстарын тапсырыс берушімен келсілген бағаға орындауға көшумен бірге, мердігерлік ұйымдар үстеме шығындар мен жоспарлы жинақтама мөлшерін өздері анықтайды.

Құрылыс ұйымдарының негізгі өндірісінің үстеме шығындарының құрамына мыналар енеді:

Құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсету шығындары;

Құрылыс алаңдарында жұмыстарды ұйымдастыру бойынша шығындар;

Басқадай үстеме шығындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]