Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курылыс отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.11 Кб
Скачать

51. Құрылыстағы калькуляциялау объектілері.

Калькуляциялау объектісі – белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілген қызмет, өнім, жартылай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық-түлік өнімдерінің түрлері.

Калькуляциялау объектісінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті мен күрделілігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда бірегейлену деңгейі және шығынның қай топқа жататындығын сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.

Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ-энергетико салалрында бітпеген өндіріс болмаса, шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді. Бұл жекелеген даналармен, шағын сериялармен, жаппай өндірстегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік-экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты.

Барлық сомалар үшін өндірістегі тікелей материалдық және еңбек шығындарына ресурстарды қолдану дәрежесін өндірстік процестерді ұйымдастыру мен оларға қызмет етуге шыққан шығыстары, басқару шығындарын шығын есебі объектілері ретінде көрсету ортақ болып табылады.

Шығын есебі объектілерін таңдау өндіріс технологиясының ерешеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру түріне, кәсіпорынды басқару құрылымына, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін, ішкі өзара қарым-қатынастарды және т.б. байланысты. Сипаттау әр түрлі және сондықтан шығын есебі объектілерінің номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке жасайды.

53. Құрылыстағы ақаудан жоғалтудың есебі.

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақау деп техникалық талаптарға сəйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Ақаудың пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі:

1. Жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда;

2. Сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда;

3. Жобалық құжаттарда кеткен қателерде;

4. Конструкциялық құрылым сəйкес келмеген жағдайда.

Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмысының жүріп жатқан процесінде немесе нысанды бас мерді-гердің өткізу барысында ақауа нықталады. Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кінəлі адамдардан талапетілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комис-сиям үшелерінің шешімімен құжаттандырылуы қажет. Əдетте кінə тапсырушылар, жобалық кəсіпорындар, субмердігерлер, жабдықтаушылар, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілер, учаскенің əкімшілік-техникалық қызметкерлері, орындаушы-жұмысшылардан болады.

Ақауға кеткен шығын əрбір актіге жеке жасалынады жəне оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:

— қайта қалпына кетіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;

— материалдық шығындар;

— төленген қосымша еңбекақы мөлшері;

— қолданылған құрылыс машиналарымен механизмдерге кеткен шығын сомасы. Бүгінгі күні құрылыс жұмысындағы анықталған ақауға кеткен шығындар есебін 8040 «Үстеме шығындар» шотында қарастыра отырып, кəсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген субшоттарға қойылады. Ақауға кеткен шығынды толтырылған актіні негізге ала отырып, бухгалтерлік есептеумен анықталған соң, қалпына келтіруге кеткен қаржы сомасымен кінəлі тұлғалардан өндіріліп алған сомаларға төмендегідей бухгалтерлік жазбалар жасалынады. Ақауды жөндеугекеткенжұмысшыныңжалақысы Дт 8040 субшот Кт 3350