Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.41 Кб
Скачать

40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.

Қазақ халқының азат­тық күресінде Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған көтерілістің маңызы зор.Ішкі Ор­да­да көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жыл­да­ры бо­лып өтті. Қазақ ауыл­да­ры Орал­дың арғы жағына қай­та ора­ла бас­та­ды. Өткір жер да­уы, са­лықтық езгі, әле­уметтік қысым, отар­шылдық қанау 1836 жы­лы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы мен ақын Ма­хам­бет Өтемісұлы басқар­ды.1836 жыл­дың ақпа­нын­да Ішкі Ор­да қазақта­рының Жәңгір ханға қар­сы ашық күресі бас­талды. Оған сыл­тау болған Иса­тай­дың хан ор­да­сына шақыры­луы еді. Ол ба­рудан бас тарт­ты және өзінің ауыл­да­рын қыс­та­удан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен ла­герін жи­нады.Хан мен оның ай­на­ласын­дағылар жа­ла жа­буға көшті. Ба­рым­та кезінде біре­улер бақта­шы шал­ды өлтірген бо­латын. Қара­уылқожа жүргізген тер­геу ісі Иса­тай­дың және оның жақтас­та­рының өлімге қатыс­ты­лығын дәлел­де­уге ты­рыса­ды. 1836–1837 жыл­да­ры Жәңгірге қар­сы арыз-шағым­дар жа­зуды Иса­тай ха­лық ал­дында хан мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың са­яса­тын әшке­релеу үшін пай­да­лан­ды. Иса­тай ха­лық көп жи­налған кез­де Ор­даға арыз тап­сы­рады, бұл арыз­ды хан 12 күннің ішінде қарас­ты­руға уәде бе­реді, бірақ еш­теңе де өзгер­мейді. Хан уәдесінен та­яды. 1837 жыл­дың ба­сын­да көтерілісшілердің қимы­лы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір хан­нан өзінің ай­на­ласын­дағылар­дың Балқы би мен Қара­уылқожа­ны шет­те­туді, билікті ру стар­шында­рының қолы­на бе­руді, сон­дай-ақ көтерілісшілер­ге қар­сы бас­талған бар­лық істерді тоқта­туды не­месе олар­ды би­лер со­тының құзы­рына бе­руді та­лап етті. Жәңгір хан қат­ты сас­ты. И. Тай­манұлы әкімшілікті хан­мен ара­дағы қақтығыс­ты бейбіт жол­мен ше­шуге бо­латын­дығына көздерін жеткізу­ге ты­рыс­ты. Бұл кез­де Орын­бор әкімшілігі мен хан асығыс түрде ка­зак әскерін, хан жа­сақта­рын жа­сақтай бас­та­ды. 15 қара­шада таң ал­дында Тастөбе елді ме­кенінде көтерілісшілер мен жа­зала­ушы­лар­дың ара­сын­да кескілес­кен соғыс бол­ды. Шайқас­та көтерілісшілер жеңіліп, ора­сан көп мал­да­ры қырыл­ды, он­даған адам қаза тап­ты. Бірақ аз­даған қосын­мен Жайықтың сол жағасы­на өтіп Иса­тай мен Ма­хам­бет құты­лып ке­теді.Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасын­да жалғаса­ды. 1838 жылғы 12 шілде­де Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойын­да көтерілісшілердің жа­зала­ушы­лар­мен ке­зекті шайқасы өтіп, осы ұрыс­та Иса­тай мерт бо­лады.Иса­тай мен Ма­хам­бет бас­таған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі ру­лар бол­ды. Қозғалыс­тың сти­хи­ялығы, нақты бағдар­ла­масы­ның бол­ма­уы, ұйым­шылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.Ма­хам­бет Өтемісұлы ха­лық көтерілісінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Ол жа­лын­ды жыр­ла­ры арқылы ха­лықты пат­ша үкіметі мен отар­шы­лық билікті жақтаған хан­дарға қар­сы күрес­ке шақыр­ды.

Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп аталады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны- Жоңғарияға барып қосылды. Ал,екінші бөлігі батысқа қарай ығысып,Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды.Мұның өзі Ішкі Бөкей орданың құрылуына бастапқы негіз болды. Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы Исатайдың руы Ішкі ордаға көшті.Исатай Таймановтың ең жақын сепігі-ақын Махамбет Өтемісұлы.1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғазылды. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі өзінің дамуында басты үш кезеңнен өтті.1-ші кезең- 1833-1836 жылдарға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңіі ретінде сипатталады.2-ші кезең- көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың жеңіліске ұшырауына дейіңгі -1837 жылғы қараша айының орта шеңіне дейінгі кезеңі.3-ші – кезең Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтуінен жаңа ұрысқа күш жинаудан Ақбұлақ –Қиыл өзені маңындағы ұрыста біржола жеңілуге дейінгі уақытты қамтиды.Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады.Оның басты себебі:хан өкіметі мен билеуші сұлтандар жағында патша өкіметінің мықты қаруланған әскери күшінің болуы еді. Сондай-ақ бұл қозғалыстың қазақ елінің басқа жерлеріндегі хан,сұлтандарға қарсы шыққан күштерімен ешқандай байланысы болмады. Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің біртекті еместігі,стихиялылығы,нақты бағдарламасының жоқтығы,ұйымшылдығының жеткіліксіздігі оның жеңіліске ұшырауының негізгі себептері еді.

41. 1822-1824жж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылар. ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша əр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, почта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты жəне т.б. міндеткерліктер 1 у жүктелді. Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы сұлтандардың жəне округтік приказ шенеуніктерінің мəртебесін жəне жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом, тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом. Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде жəне оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мəселесін қарастырды. 1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды реттеу үшін бірнеше «Ереже…» қабылданды жəне отаршыл əкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша əкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, əкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке ұшырауына жəне үкіметке қарсы көңіл- күйдің пайда болуына əкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды. 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы төленді. 1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші жəне төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды. 1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте – 8, Ортада – 20, Шығыста – 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар жəне молдалар салықтан босатылды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.