Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.41 Кб
Скачать

30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы

Керей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- ­экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Қасым ханның тұсында Казак хандығының дамығандығын сол кездегi орта ғасырлык тарихшылардың өздерi де атап өткен. Маселен, атақты Бабыр ханның айтуына қарағанда қазақ султандары мен хандарының бiр де бiреуi бул халықты дал Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Онын қарамағындағы аскер саны 300 мыңга жуық едi- дейді. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан.СоныменҚасым хан XVI ғасырдын басында ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлiгiн өзінің қол астына қаратты. Алгашкы кезде ханның саяси-акiмшiлiк және сауда-экономикалық орталығы Сырдарияның бойындаrы Сығанак каласында болған. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған. Қасым хан тұсында Моroл хандығының Жетiсуғе жүргiзген билiгi барган сайын әлсiрей бердi. Бүл кезде Моғoл хандығы мен өзбек хандығы арасында кескiлескен соғыстар болып жатты. Моғол ханы Саид хан 1514 ж Шығыс Түркістанға көшіп кетуі, Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайта түсті.

XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe осындай кең-байтақ қазақ жерiн қамтып жаткан Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Мұндай деректер жазба деректерде де хабарланrан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.

31. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. XYIIғ. Екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін әбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін , оңтүстік шығысында Ұлытау мен Балхаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XYIғ. Бірінші ширегінде хандықтың жоғары дәрежеге көтерілуі ішкі әлеуметтік-экономикалық және этникалық процестерінің нәтижесі болды, бұған тұтастай аймақтағы саяси жағдайлар да әсер еткені сөзсіз. Тахирдің хандық құрған кезеңіндегі(1523-1531)қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Хақназар хан (1538-1580)билік еткенде ол Қасым хан,әкесінің , саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алды да,Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты. 1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған.

Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.“Қазақ-ойрат” қарулы күресінің тууына мынадай жағдайлар себеп болған еді.Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін көшіп-қонатын жерді кеңейту керек болды;

Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді.Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.

1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады.

Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады.

32.XVII-XVIIIғ. Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары..XVII ғ. басы – Батыс Монғолия жерінде ойрат тайпалары шиеленіскен күрес жағдайында бірігу кезеңінде болды. 1627 жылы ойрат одағы ыдырады. 1635 жылы Батыс Монголияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батыр қонтайшы. 1635 жылы ол Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып «Салқам жәңгір» атаған. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. 50 мың әскермен келген Батыр қонтаәшыға 600 әскермен Жәңгір хан қарсы тұрды. Сарбаздар құрамныда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Найман Көксерек батырлар болды. Соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Тәуке хан (Жәңгір үлы) 1680-1718 жылдары билік етті. Билігінің ерекшелігі: Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.Мемлекеттік құрылыстың негізі ұстанымдарын анық-тайтын «Жеті жарғы»заңын жасады. Көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.Тәуке ханның негізгі мақсаты – билердің көмегімен хан билігін нығайту. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би. «Жеті жарғы» заңдар жнағы шығарылды:Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргіздіАлауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым — салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. Тәуке ханның сыртқы саясаты.Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.

Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады.Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.

Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.

33. XVII-XVIIIғ. 1-ширегінде Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы. 1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.

34. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғ Әуелгі орта ғасыр- VI-X. Орта ғасыр-X-XIII. Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты. XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті. XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті «Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы: Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам. М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ. Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

35.XVI-XVIIIғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы мен тұрмысы.XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер билер байлар батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негіделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арөылы өзінің наразылығын білдірді.

XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер билер байлар батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негіделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арқылы өзінің наразылығын білдірді. Көшпелі қоғамда билеуші топқа төре тұқымы - "ақ сүйектер" жатты. Төрелер - Шыңғыс хан ұрпақтарынан тарады және олар қазақ жүздерінің генеологиялық құрылымына кірмеді. Қазақ төрелері (сұлтандар) Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан (Жошы әулеті) тарайды. Олардың атақ-даңқы қазақ жерінен тыс, көрші Еуразияның көшпелі және отырықшы елдерінде танымал болды. Бұл елдердің хандық билігіне Жошы әулеті ұрпақтары шақырылып отырды. Төрелердің қоғамдық өмірдегі жағдайының ерекшелігі тек құқықтық дәстүр саласында ғана емес, далалық этикет тұрғысында да ерекшеленетін. Қарапайым қазақтар сұлтандармен сөйлескенде, оларға "тақсыр" сөзін қолданды. Олар сәлемдескенде, қоштасқанда, алғыс айтқанда екі қолын кеудесіне қойып немесе оң қолын оң тізесіне басып, "Алдияр" деп айтуға тиіс болды. Көшпенділердің келесі бір элитарлық тобына - мұсылмандық діни қызметкерлер - "қожалар" жатты. Қожалар - діни дәстүрді сақтаушылар, өздерін "Мұқаммед пайғамбардың ұрпағымыз" - деп санады. Қожалар да ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ерекше жағдайларды пайдаланды. Олар қазақ қоғамының рухани өмірінде ерекше орын алып, молдалармен бірге көшпенділер арасында исламның қағдаларының орындалуын қадағалап отырды. Қожалардың көшпенді қоғамда саяси ықпалы, отырықшы егіншілікпен айналысатын мемлекеттермен салыстырғанда аз болды. Өйткені, көшпенділік тұрмыс-ислам қағидаларының терең орнауына кедергі болды. Көшпелі қоғамның әр түрлі билеуші бөлігі мен еркін қауым мүшелерінен бөлек, қазақстанда бас-еркі жоқ, тәуелді тұрғындарды құрайтын құлдар мен төленгіттер тобы да болатын. Сұлтандарға қызмет жасаушылар "төленгіттер" - деп аталынды. Оларға соғыс тұтқындары және қауымнан бөлінген жеке тұлғалар жатты. Төленгіттер соғыс кезінде әскер қызметін атқарса, бейбіт күндері салық жинаушы және т.б. қызметтер атқарды. Тәуелді тұрғындар қатарына орыс, қалмақ, иран және т.б. халықтардың уәкілдерінен құралған тұтқындар - құлдар жатты. Құл еңбегі билік етуші топтардың жеке шаруашылығы мен үй тұрмысында қолданылды. Құлдық қазақ қоғамында әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қалыптаспай, патриархалды үй тұрмысы шеңберінен аса алмады .

Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды , оарды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды. 15-17 ғ.ғ қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Мұндай мал халықтың тұрмыс тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыста малдың жаппай қырылуы жұт жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған. Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа қалалардан әртүрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай –ақ үйге қажетті әртүрлі заттар алатын. Көшпелілерлің астық өнімдеріне – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке сұранысы өте қатты болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік пен қолөнері де маңызды рөл атқарды. Қазақстанныі Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер 15-17 ғ.ғ Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды.Шабындық қыстаулардың жерінен іріктеп алынды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа, жүгері. Негізінен мал шикізатын өңдеуге икемделген кәсіпшілік кең тарады. Оңтүстік Қазақстанның қалаларында қолөнері теріден, жүннен бүйымдар жасау, киім тігу, ағаш өңдеу, зергерлік, ұста өндіріс, құрылыс ісі, т.б едеуір дамыды.

36.XV-XVIII ғ. Қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері.

Кез келген халықтың мәдениеті ғасырлар тереңінен басталады. Сондықтан да xv-xviii ғ. Қазақ халқының мәдениеті жерімізде өмір сүріп, қазақ ұлтын құрған рулар мен тайпалар мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де жетіліп отырды. Материалдық мәдениет дегеніміз халықтың күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтейтін,өмір сүруді қамтамасыз ететін бұйымдар мен өмірге қажетті нәрселер және оны өндіруге керекті құрал жабдықтар.Атап айтқанда: киім кешек,ішіп жем, тамақ, басқа пана болатын үй жай, төсек орын, ыдыс аяқ, қару жарақ, құрал сайман, әшекей сәндік бұйымдар т.б. 15-17 ғ.ғ халықтың кәсібінде : ұсталық, зергерлік, кен өндіру, тері илеу, етікшілік, үй салу т.б қолөнері басым дамыды. Халық өнері әсіресе, киіз-үйдің жасау-жабдықтарын, жиһаздарын жасауда, кілем, текемет, алаша, әшекей, сандық, төсек, ыдыс-аяқтар т.б ерекше дамыды.

Тұрғын үй түрлері: 1) киіз үй; 2) шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй;

Жазғы үй түрлері: 1) киіз үй; 2) арба үстінде орнатылған жылжымалы үй-күйме; Қазақтардың көшу кезінде алып жүруге ынғайлы тұрғын үйлерінің негізгі түрі – киіз үй. Киіз үйді Еуразия көшпелілері 1 мыңжылдықтың ортасында ойлап тапқан. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Шаңырақ – төбесі. Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын сүйегі. Кереге – қабырғалары. Сықырлауық – есігі. Түндік – шаңырақты жабатын киіз. Үзік – уықтарды жабатын киіз. Туырлық – керегелерге жабылатын киіз. Кілем түрлері: 1) түксіз тақыр кілем; 2) түкті кілем; 3) өрнектермен әшекейленген қабырғалық киіз кілем – түскиіз. Сынатын ыдысты тасымалдауға арналып, жас шыбықтан тоқылатын дорба – шынықап. Тонның түрлері: 1) құнды аң терісінен астарлап тігілген тон – ішік; 2) аң терісінен жібекпен тысталып тігілген тон – бас тон. 3) көк мауытымен тысталғаны – көк тон. 4) қамқамен тысталғаны – қамқа тон. 5) құлын терісінен жаға салынған ұзын тон – жарғақ шекпен. Қысқы киімдері: 1) қойдыі н/е түйенің жабағысын қалың матамен тыстап тігілген күпі, шидем, ішік, тон. 2) қой терісінен тігілген –шалбар. 3) киік терісінен тігілген – жарғақ шалбар. 4) елтіріден, түлкі терісінен тігілген тымақ. Түйе жүнінен тоқылған ұзын сулық киім – шекпен кең тарады. Көктем мен күзде ерлер аң терісімен жиектелген бас киім – бөрік, қыста үш құлақшынды бас киім – тымақ, екі құлақшынды – елтірі малақай киді. Жазда ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған – айыр қалпақтар киді. Қару түрлері. Жауынгерлік туоар екі міндет атқарған: 1) қасиетті символ; 2) шайқаста әскерді басқарудың тиімді құралы. Жебе – қайың ағашынан жасалатын қару. Садақтың адырнасын қойдың ішегінен жасаған. Қылыш түрлері: 1) екі жүзді түзу қылыш – семсер; 2) мықты батырлар ғана ұстайтын ауыр қылыш – алдаспан. Найза болаттан н/е темірден жасалуына байланысты ақ найза, көк найза болып бөлінеді. Шоқпардың басы мен сабы тұтас ағаштан жасалады. Бастары металдан құйылған ауыр шоқпар – күрзі. 17 ғ. аяғында Орта Азия қалаларынан сатылып алынған мылтықтар пайдаланыла бастады. Мылтық түрлері: білтелі мылтық, қара мылтық, самқал. Қазақтардың материалдық мәдениеті көшпелі тұрмыс салтына бейімделіп, ежелгі дәстүрді сақтағанымен ерекшеленеді.

. Мәдениеттің бұл түрі жерімізде өмір сүрген ру тайпалардан бері қарай жалғасын тапқан. Мәселен, үйсіндердің қалалардың отқа немесе көк тәңірге табынуы қазақ халқында да болған. Сонымен рухани мәдениетке адамдардың жан дүниесінің наным сенімі,ділі,діні,тілі, ойлау жүйесі, дүниеге деген көз қарасы жатады. Халқымыздың рухани мәдениеті оның күнделікті өмірінде,шаруашылығында атқарылатын әдет ғұрпымен салт санасында кездесіп отырады. Мәселен қазақтар қыстаудан көшкенде қыстаумен малын отпен тазарту салты міндеті түрде жүргізілген . Бұл от иесіне тағзым ету,бәле жаладан арылу.Ол үшін екі- үш жерден от жағылып,мал сол жағылған оттың арасынан өткезіліп,көктеуге қарай айдалған.Отқа табынудың және бір айқын көрінісі жаңа түскен келін келген үйінің отына май тамызады. Бұл оттай маздап,жаңа отаудың оты жанып,шаңырағы биік,босағасы берік болсын деген ырым. Ал тіл көз тимеу үшін де әртүрлі ырымдар жасалған. Мысалы көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара тағылған. Мұны қарқаралы көш деп атаған.Бұл тілкөз қарқараға ауады деген сенім.Мал шаруашылығына байланысты халқымыздың түсінігі бойынша күннің алғашқы күркіреуі сауын малы сүтінің көбеюінің,өсімдіктердің жетілуінің хабаршысы болған. Қымыз ашытуға байланысты қазық майлау немесе бие мұрындық деп аталатын шағын той томалақ жасаған. 14-15 ғасырда батырлық эарлыр эпостық жырларға айнала бастады(Қобыланды батыр,Орақ мамай) 14-15ғ. Жазба әдебиет те дами бастаған,олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған(кодекс куманикус,оғыз-нама) музыка өнері тіршілікке байланысты бағытта туған:күнделікті еңбек ету барысын-да, адам өміріндегі қуаныш күйініш қасірет кезінде дүниеге келген. 14-15 ғасырда ислам діні мен шаманизмнің кейбір діни наным сенімдерә қатар өмір сүрді.16-17 ғ қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған халық арасынан шаққан талантты дамдар – ақындар мен сал серідер болғаны белгілі.15 ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар дербес тілге айналды.16-17 ғ өмір сүрген жарыулардың өлеңдерінен халықтаң салт-санасын, ой-өрісін, мақсатын анық аң,арамыз.15-17 ғ қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын ауа райын зерттейтін тәжірибелі білгір кіслер шыққан. 16-17ғ қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды.бұрынғы дәстүрден қалған діни сенім – отқа табыну ел арасында қалғагн.жерлеу дәстүрі: өлген адамды арулап жауып, жаназа шығарып, бетін Меккеге қарату жерлеуі болды, ері өлген әйел жыл бойына «қара жамылып» жүрді. Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы «жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары» дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп, «шежірешілер» деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: «Көшен-Қарауыл шежіресі» (XVIII ғ.), «Жәңгір хан шежіресі» (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүздің шежіресі» т.б.

37. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындаса түсуіне түрткі болды. Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ хандығының ішкі жағдайы қиындай түсті. Тәукенің орнына Қайып сұлтан аға хан болды. Кіші жүздегі иеліктердің бірін билейтін Әбілқайыр хан өзінің Қайыпқа бағынышты, оған тәуелді екенін мойындайды. Бірақ көп ұзамай-ақ 1723 жылы аға ханның атағын Әбілқайыр алады.

Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген билері де Әбілхайырды хан деп танымады, осының салдарынан қазақ жері жеке-жеке хандық, сұлтандық иеліктерге бөлініп кетті. Қазақтың ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы мен феодалдық бытыраңқылығын пайдаланған жоңғар феодалдары қазақ жеріне басып кірді. 1723 жылы басталған бұл жойқын, әрі тұтқиылдан шабуыл Қазақ хандығының берекесін кетірді.

Сонымен, Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдарының бас кезіндегі ішкі және сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қиын жағдайда болды. Әбілқайыр ханға Тәуке кезінде басталған Ресей мемлекетімен қатынас жасау саясатын жалғастырып, Қазақ хандығының күресу тәжірибесі өз күшімен сыртқы жаулардан түпкі сақтанып қалу мүмкіндігінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Сондықтан да, Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтардан қорғану үшін және хан билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-батыстағы көршісі – Ресей мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды. Әбілқайырдың Түркістаннан Ырғыз жағына кетіп қалуы, Кіші жүз жеріне Ресейдің қол астындағы қалмақ пен башқұрт феодалдарының қазақ жеріне тынымсыз шабуылдарын күшейтті.

Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні хат жазып, елшісі Сейітқұл мен Құлымбетті орыс мемлекетінің астанасы Петербургке жіберді.

Әбілқайырдың бұл тілегін Анна Ионовнаның үкіметі қабылдап, қазақтарды Ресейдің қарамағына алуға ұйғарды. Содан соң 1731 жылы 19 ақпанда императрица Аннаның Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей бодандығына қабылданғаны туралы грамотасын тапсыру үшін және Кіші жүз қазақтарынан ант алуға Сыртқы істер коллегиясының тілмашы әрі дипломат А.И.Тевкелев басқарған елшілері келді. Елшілер Қазақстанның Ресей қол астына алынғандығы туралы Ресей патшасы Анна Ионовнаның Әбілқайыр атына жазылған грамотасы мен қазақ сұлтандары үшін көптеген сый-тартулар алып келеді.

1731 жылы қазан айының 7-10 күндері Кіші жүздің ханы Әбілхайыр бас болып 27 сұлтан Ресейдің қол астына бодан болғандығын сендіріп ант берді. Мұның өзі қазақтардың Ресейге қосылуының алғашқы кезеңі еді. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге кіруіне Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары мен билері қарсы болды.

ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстандағы саяси жағдай, түптеп келгенде, Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасында жаңа кезең болғандығын естен шығармауымыз керек.

1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қол астына қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан Орта жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді.

Кіші жүз бен Орта жүз бодан болғаннан кейін де қазақ даласында саяси жағдай түзеле қойған жоқ. Ресей патшасы өз алдына нақты міндеттер қойды. Біріншіден, Ресей империясының шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екіншіден, қазақтармен айырбас сауданы кеңейту және қазақ жерін Шығыс елдермен сауда жасаудағы дәнекерлік мақсатта пайдалану болды. Патша үкіметінің бұл міндетттері А.И.Тевкелевке берген сыртқы істер коллегиясының нұсқауынан анық байқауға болады.

Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның айналасындағы адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті.

38.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мəжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мəртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мəртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мəжбүр болғаныменшынмəнінде ешкімге де бой ұсынбаған тəуелсіз басшы болды». Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының жəне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мəртебелі сый–сыяпат көрсеткен жəне де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл əлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен–тегін айтпаған болар. Осы мəселеге байланысты орыс деректерінде былай жазылған: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и прочее». Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан – Церен «менің ұлымды өлтірген сен бе?» - дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана». Бұл оқиға туралы Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты жырында былай дейді: «Өлтірем деп Қалдан хан Орайына Шарыштың, Сөзіне қарсы сөз айтып, Жауаптастың, қарыстың. Қапияда тұтылдың, Қалмаққа бітеу жұтылдың, Шешендік жолын тұтындың, Үш ауыз сөзбен құтылдың …» ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нəтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды. XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мəселелерді қарайтын жəне де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мəселелері қарастырылып отырды. Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді..

39. Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. 18 ғасырдың 30-шы жылдарында , Кіші жүз Ресей ге қосылғаннан кейін , патша өкіметі қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда жолдарын ашу , бұл жолдардың қазақ жерлерін басып өтетін аймағында балығы , шабындығы , егіске қолайлы жерлері мол өзендер бойынан бекіністер салу сияқты шаралар жүзеге асыра бастады. 1744 жылы Орынбор қаласы салынды. Ол орыс пратшасының отарлау саясатын жүргізу үшін қазақ жерінде құрылған әкімшілік орындары орналасқан орталыққа айналды. Одан көп қашық емес Ор өзенінің бойынан Орск бекінісі бой көтерді. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендерінің жағалауларында көптеген ірі әскерибекіністері салынды. Оларда патша өкіметінің отар елдердегі қол шоқпарлары – казак-оырстар орналастырылды. Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп , адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Патша өкіметі қазақтарды "ішкі жаққа» Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды, қазақ ақсүйектері бір бөлігінің құқықтарына қысым жасалды. Кіші жұүздің ханы Нұралының да халыққа тізесі батты.Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-салықпен зар илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатысты. Көтерілістің басты мақсаты – ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру , Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шектеу қою еді. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады. 1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан əскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал əскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл əрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға əкімшіліктен қосымша əскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Əбілқайыр əулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады. 1784 жылы көтеріліске Байбақты, Табын, Шекті, Шеркес руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан əрі қанат жайып - Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы Жантөренің иеліктерін, Жоғарғы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі аралықты қамтыды. 1784 жылдың күзінде көтерілісшілердің саны 1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағында - 2700, Барақ батырда - 2000, Тіленші батырда - 15000 адамға жеткен. 1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпостына, Сахарная қалашығына, Орал бекіністеріне шабуылдар жасап, оларға көп шығын келтіреді. 1785 жылдың наурызында көтерілісті басуға Орынбор қаласынан Елек өзенінің жоғарғы ағысын бойлай генерал-майор Смирновтың отряды, Сарайшық бекінісінен Пономарев пен Колпаков басқарған Жайық казактары аттанады. Бұл отрядтар көтеріліске қатысушы ауылдарға ойран салып, тонап, Қаракөл маңындағы ауылдардан 112 адамды тұтқындап алып кетеді. Майор Назаровтың отрядына Сырымға көмекке келе жатқан Айшуақтың баласы Аппақ бастаған сарбаздар қарсылық көрсетіп, осы шайқаста Аппақтың өзі де ерлікпен қаза табады. Назаровтың отряды Табын руының ауылдарына шабуыл жасаған кезде Айшуақтың екінші баласы Жантөрені соққыға жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін Айшуақ сұлтанды тұтқындап, 2124 жылқысын қоса айдап кетеді. Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін түрмеде отырады. Айшуақ сұлтанның тұтқындалып, балаларының біреуі өліп, біреуінің соққыға жығылуы, старшындардың патша əкімшілігіне бағынбауы, Кіші жүз руларының көпшілігі Нұралы ханды мойындамай көтерілісшілер жағына шығуы, хан билігінің дəрменсіздігін, дағдарысқа ұшырағандығын байқатты. Бұл жағдай Ресей өкіметін де қатты ойландырды. Енді олар Кіші жүз старшындарымен тікелей байланыс жасау жағын ойластырады да, генерал-губернатор О.А.Игельстром Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет істейтін ахун (ахун - мұсылмандық діни лауазым) М.Құсайыновты елшілікке жібереді. Елшіліктің алдына: көтеріліс жасаушы рулардың старшындарымен тікелей байланыс орнату, көтерілістің себептерін анықтау, көтерілісшілердің қоятын талаптарын білу, көтеріліс тоқтатылса берілетін жеңілдіктерді түсіндіру сияқты т.б. міндеттер жүктеледі. Кіші жүздегі жағдаймен танысқан Құсайынов, 1785 жылдың жазында көтерілісшілер мен старшындардың қатысуымен өткен жиналыста патша əкімшілігінің қоятын талаптарынан хабардар етеді. Ал көтерілісшілер өз тарапынан патша əкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс əскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы _______ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді. Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен танысқан патша ІІ Екатеринадан “кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сұлтандар арқылы басқарылсын” деген нұсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жобасы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторға бағындырылады. Тарихта “Игельстром реформасы” деген атпен қалған бұл реформа, жалпы империядағы саяси жағдайға байланысты жəне жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай іске аспайды.