- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •5.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы
- •15. Қарахан мемлекеті : этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •50.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •51.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
- •62.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.
- •63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары
- •68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •73.1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •77. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
- •4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті
Қыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".
Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады
28.XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551ж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде жазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. «Тарихи Рашиди» парсы тілінде жазылған шығарма. Ол екі бөліктен (дафтар) тұрады және 1541/42 жылы екінші бөлік, ал 1546 ж. бірінші бөлік жазылған. Бірінші дәптер хронологиялық жағынан алғанда Моғолстан мен Қашқариядағы Тоғылық Темір ханнан (1347/48 – 1362/63 жж. билік құрған) Рашид ханға (1533 билікке келген) дейінгі кезеңді қамтиды. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды.«Шыңғыснаманы» жазған Өтеміс қажы (XVI ғ.), Мұхаммед Қайдар Дулат (1499–1551), Қадырғали Жалайыри шежірелері мен Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Түркі шежіресі»; ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы: М.Ж. Көпейұлы (1858–1931), Қ. Халид (1846–1913), Ш. Құдайбердіұлы (1858–1931), Н. Наушабай (1858–1919) мұралары. Даладағы ауызекі тарихи әңгімелерден хатталған әйгілі шежіре еңбектері қатарында Өтеміс қажының «Шыңғыс-намасы», Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Әбілғазы Баһадүр ханның «Шаджара-йи түрки» шығармалары белгілі. Бұл ортағасыр шежіре туындыларының көптеген көшірмелері мен жеке нұсқалары болғаны өз алдына, сондай-ақ ол еңбектер басқа да шығармалардың жазылуына түрткі болғанАқсақ Темір әулетінен шыққан Ұлықбектің (1409–1449) «Шаджарат әл-атрак» (немесе «Та’рих-и арба’ улус»), авторы беймәлім «Му‘изз әл-ансаб» және «Салатин моғол», «Сұлтандар шежіресі» (XV ғ.) Мұхаммед Әли Шабангара’идың «Маджма’ әл-ансаб», молла Мырза Рахым Ташкендидің «Ансаб ас-салатин», Әбілғазы баһадүр ханның «Шаджара-йи түркі», «Шаджара-йи таракима» еңбектері. Қазақ хандығының тұсында көп қолданған шежірелердің бір тобы «Насаб-нама-йи Шыңғыс», «Насаб-нама-йи қазақ», «Махмұд Сабуктегин шежіресі», «Тахаши салатин» (оғыз-салжұқ шежіресі), Байбарыс пен Ибн Халдун жазған «Қыпшақ шежіресі», «Жаһан-нама» (Оғыз Қарахан шежіресі) т.б.Қадырғали Жалайри (1560-1605) еңбек 1600-1602 ж жазылған1588 жылы қазақ ханзадасы ораз мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлерә тұтқынға алып ,Мәскеуге алып кетті.Тұтқында Жалайри «Шежірелер жинағын» жазып Борис Годуновқа сыйға тартады.Еңбекте қазақ халқының мәдениеті, хандақтың өмір шежіресі, ішкі сыртқы жағдайы жазылған. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен.Қадыр Әлі би еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" Өтеміс қажы 16 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген тарихшы, “Шыңғыснаманың” авторы. Өзі Елбарыс ханның (1512 – 1525) сарайында, қызмет еткен. Сол кезден-ақ қыпшақ даласында билік еткен Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихы туралы көптеген мәліметтерді жинап, аңыз-әңгімелерді көп білетіндігімен танылады. Олардың көпшілігі “Шыңғыснамаға” енген.Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Алғысөзіне қа-рағанда, автор “Шыңғыснаманы” өзі өмір сүрген кезеңге дейін жеткізбек ниетте болған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек.Шах махмұт шорас – «Тарих» мазмұны: қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандары жайлы, қазақ-моңғол қарым-қатынасы жайлы баяндалады. Масуд ибн Усман Кухистани «Тарих-и-абдулхъаирхани» көшпелі өзбек ханы Әбілқайыр туралы жазылған.
29.Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. 1) сақ ж/е сармат;2) үйсін, қаңлы,ғұн;3)түрік дәуірі;4) қыпшақ ж/е қарлұқ дәуірі5) моңғол дәуірі;6) Алтын орда тарағаннан кейінгі мемлекеттер дәуіріҚазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен темір дәуірі кезеңдерінен немесе бұл кезде өмір сүрген ру тайпалардың өркендеуінен басталды. Олар негізінен Қазақстанның ұлан ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Қазақ халқының бастауы болып сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты: үнді еуропалық және түрік кезеңіне бөлуге болады. Бірінші кезеңде, лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үнді еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Екінші кезеңінде, Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың , соның ішінде ғұндардың, батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы үйсін мен қаңлы ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з. VI ғ бастап Қазақстан жерінде шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпалары басым болды. Олар негізінен: Байырқу, бұлақ, қарлұқ, кимек, едіз, қыпшақ атты тайпалары. VI ғ Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет Түрік қағанаты құрамына кірді. 702 ж Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш , Қарлұқ, Оғыз, Кимек, Қарахан мемлекеті өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына екі мемлекеттің тарихи ролі ерекше болған. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы Ертіс пен Еділ арасындағы кең байтақ жерді иеленді. Қыпшақ хандығы құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Осы бір даму кезеңінде қыпшақтар мекендеген этникалық территория қалыптасып, ол қазақ халқының қазіргі территориясының көпшілік бөлігін қамтыған. Екінші тмемлекет Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекет кезінде халық болып қалыптасу пісіп жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, жалпы мәдени экономикалық даму өскен. Шығыстан қидандардың шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлап кеткен. Он үшінші ғасырдың басында Қарахан мемлекеті қайта дамып келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқтатылды. 14-15ғ. Феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасында толыссыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары қз мекендерінің тарихи геограиялық экономикалық ж/е саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан бәртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш этникалық топқа: ұлы, орта, кіші жүз болып бөлінді. Ұлы жүздің орталығы – Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүз орталағы – Орталық Қазақстан, Кіші жүз орталығы – Батыс Қазақстанда болды. XIV- XV ғ көптеген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.
