Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.41 Кб
Скачать

12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы

Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Өытай деректерінде кездеседі.Мекендеген жерлері Алтайдың солтүстігінде,Ертіс бойында.Қытай дерегінде яньмо деген атпен белгілі.Астанасы Қимақ,екінші астанасы Карантин(Алакөл маңы).Билеушісі қаған.Қимақтар құрамы тайпадан тұрады.Ең атақтылары:эймур,байандур,татар,ланиказ,ажлар,имек,қыпш Қағаннан екі саты төмен атақ ябғу.Билік мұрагерлікпен берілген.Жеке тайпа көсемдеін шад түтік деп атады.Саяси жағдайы: әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Сыр бойындағы оғыздармен бірге бейбіт,бірде соғыс жағдайында болған.10ғасырдан бастап қарахандықтардың шабуылы басталды.Қимақ қағанатының құлау себептері:ішкі тартыстың күшеюі,қыпшақ хандығының жиі шабуылы,көрші тайпалардың шабуылы.10ғасырдағы қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған.Қимақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Қимақтардың кейбір топтары қыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді.Оларда жылқы,қой,ешкі өсіру маңызы болған және олардың өнімдерін пайдаланған.Сонымен қатар,олар аң аулау,балықаулаумен де айналысқан.Қимақтардың кейбір топтарында отырықшы және жартылай отырықшы топтарда кездесті.Және олардың тағы бір шаруашылығы,егіншілік.Деректерге қарасақ олар,тары,бидай,арпа,және жүзім мен күріш өсіруде кездеседі.(9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі

13.Оғыздар мемлекеті:этно саяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.Оғыз тайпаларының өзегі Жетісуда қалыптасқан.9ғасырдың соңы мен 10ғасырдың басы Оғыз мемлекеті құрылды.Аумағы Сырдарияның орта және төменгі.Астанасы Янгикент,билеушісі жабғу.Орынбасары Күл еркін.Әскербасы сюбашы.Басқарушының ұрпақтары иналдар.Оларды атабектер тәрбиелеген.М.Қашғаридың дерегі тбойынша ,оғыз одағында 24тайпа болған.Ал Әл Марвизидің жазуы бойынша оғыз одағы 12тайпадан тұрған.Оғыздардың сыртқы саясаттағы мақсаттары:Қара теңіз,Дон өзені бойындағы жайылымдардың иемдену,Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолына шығуы.Сонымен қатар,оғыздар 965жылы Кикв Русьінің князі Святославпен одақтасып,Хазарларды талқандады.Ал 985жылы княз Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандады.10ғасырдың 2ші жартысында салықтың ауыртпалығынан халық көтерілістері жиіледі,мұны селжұқтар пайдаланды.1043жылы Шахмәлік осы Селжұқтардың қолынан қаза тапты,ол соңғы билеуші болған. Мемлекеттің әлсіреу себептері:селжұқтармен соғысы,ішкі талас тартыстар,қыпшақ тайпаларының шабуылдары.11ғасыр басында оғыз одағы ыдырап,қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді.Шаруашылығы мал шаруашылығымен айналысты.Жартылай көшпелі және жартылый отырықшы.Олардың тұрақты қысқы және жазғы жайылымдары болды. Жазғы жайылымы Каспий теңізінің далалы аймағы.Қысқы жайылымдары Арал теңізі жағалауы,Сырдың төменгі және жоғарығы ағысы.Ибн Хаукал дерегі бойынша Түркістан аумағында елтері беретін қойлар көп өсірілген. Қыпшақ мемлекеті (ХІ ғ. басы – 1219 ж.)Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).Оғыз мемлекеті.8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті

14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (ІХ-ХІ ғғ.). Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.

ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.

Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмұт Қашқаридің жағрафиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қалады.

Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.

Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.

Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.

Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соғыстарға әкеліп жеткізген ХІ ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды.

ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]