Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.41 Кб
Скачать

69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.

Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды. Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.

70.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық саяси өмірі 1946-1964 Соғыстан кейін Әкіммшіл-әміршіл басқарудың әдістеріне қоғам санасына дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті:•Адам бостандығын аяққа таптау.•Еңбекшілерді еңбек құрралдарынан ажырату.•Еңбекшілерді саясаттан және биліктен ажырату.•Жеке басқа табыну үстемдігі.Мына жүйені таратып айтсақ халық санасын байлау еді.Комунитсік партияның жетекшілік рөлі артып, қоғамның түрлі салаларына араласты. 40-50 жылдары Сталинизм идеологиясы күшейді.1939 жылы партияның XVIII съезінде Сиалиндік қағиданы жоспарлау комитетінін басшысы Н.А Вознесенский патия стратегиясының басшылығына алатын болып жариялады.20 жыл ішнде халыққа комунизмнің басы басталатынын тұжырымдады.Комунизм түсінігі Еуропа ғалымдары түсіндіруі боцынша Комунизм утопистік идея еді.Комунизмге өтудің нағыз ғылыми ойы болмады.Керісінше көз байлаушылыққа айналды.Себептері:•Ғылымға жат , тұрпайы пікірлермен алмастырылды.•Ел өндірісі статистика тек сандық көрсеткіштерге ұмтылды.50 жылдарда нақты комунизм өмірі көрінбегендіктен Сталин екінші ойды тұжырымдады: «Социялизм дамыған сайын – тап күресі күшейе түседі»«Халық жауларына» , «социялизм жауларына» қарсы әрекеттер үздіксіз жүргізіліп отырды. Соғыста тұтқынға түскендер қашқын болып есептеліп, өндірстегі апаттар кәсіби төмен мамандарды «халық жауларының» әрекеттері саналып, жазықсыз құрбандарға айналып отырды. Әсіресе осы жағыдай Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырданды ұзақ күн » шығармасында орын алды.50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ажғымды әрекеттер болды:•1953 КОКП-ның съезінде Қуғын-сүргіннің ұйымдастырушысы, авантурист Л.П. Берия қамуға алынды.Комунстік партия қатарынан шығарылды.•1956 жылы Н.С. Хрушщев КОКП-нің XX съезінгде «жеке басқа табыну және оның зардаптары » баяндамасы жарияланды.Баяндама Хрущевтың өзінің әрекеттерін жасырып, Молотов, Каганович,Ворошиловиы қорғады.Баяндама халыққа жарияланбады.Тек 35 жылдан кейін «Известия » газетінде баяндаманы ң толық мәтіні жарияланды.Хрущевтың бастауымен 1953-1955 жылдары ГУЛАГ жойылып, ондағылар азат етілді.Қорғамды басқару формасы «жоғарыдан төменге » принципіне сүйенді.Ендігі жерде «халық жауы » орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазқстанның қарапаиым мұғалімі М. Елікбаев Хрущевқа Қазақстанның қазіргі хал ахуалы туралы хат жазады. 1957 жылы Елікбаев партия қатарынан шығарылып,жындыханаға жатқызылады. КСРО бойынша «өзгеше ойлайтындар » саны 90000 ға жетті.50 жылдарда прогресшіл бастамалардың іске аспау себептері:Саясатты жүзеге асырудың ғылыми негізі болмауы.Хрущевтан бастап Кеңес басшылығының білімі мен саяси мәдениетінің төмен болуы.Хлықтың санасының жоғарлатуына ұмтылмауы.Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі , жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап , аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм ” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі , еңбекшілерді өндіріс құралдарынан , еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу . Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп , олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды . 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды . 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды . 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру , тың және тыңайған жерлерді игеру туралы ” қаулы қабылдады.Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы.Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады.Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді Мал түқымы асылдандырылды . МТС тер жойылды. 1957-58 жылдары колхоз совхоздағы мал санын көбейту үшін тұрғындар меншігіндегі малды ала бастады . Бірақ бұл реформа да халықты азық түлікпен толық қамтамасыз етуді шеше алмады. Экологиялық-географиялық болжам жасауы қазіргі деңгейі бойынша табиғи ортаға ауқымды антропогендік аймақтық және глобалды тұрғыда әсер етудің нәтижесін алдын-ала болжау қиын,алайда кудік туғызбайтын бір нәрсе мұндай әсер жер биосферасы жекелеген компоненттерінің деградациясын туғызады.Тарихи қалыптасқан тұрақты алмасу мен жалпы сапалық қайта тулеудің тепе-келер теңдігін бұзады.Ал экономикалық пайдалылығына келер болсақ,статистика ондай есеп жургізбегендіктен мәселенің ол жағын айқын елестету қиын.Аңызға айналған Қазақстан милиард пұт астығының экономикалық көрсеткішінің шынайы құны қандай екенін ешкім біле алмайтын шығар.

71. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. 1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі 1949-1953 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті. Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Бұрын соңды болып көрмеген көлемде жерді жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды. 1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция сиақты елдің бүкіл ауыл шаруашылық көлеміне тең еді. 50-ші жылдардың басында Тың және тыңайған жерлерді игеруде басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірілген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашты, және жерілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Тың игеру әлеуметтік жағынан бірсыпыра теріс құбылыстарды туғызды. Ол Солт.Қаз.да кең көлемдегі әлеуметтік және өндірістік құрылым жасауда, бұл өңірде жаңа қалалардың пайда болып, ескі қалалардың қаулап өсуінде, аса зор әлеуметтік-мәдени және этностар араласқан аймақтар жасауда, осының нәтижесі ретінде қоғамдық өмірдің интернационалдануына үлкен рөл атқарды. Осымен бірге тың игерген аудандар халқы республикалар аралық көшіп-қону есебінен 61%-ке өсті.Көшіп келушілердің аса көптігінің теріс салдары да болды. Мәселен халқы көшіп кетіп жатқан аудандар еңбекқолы артық ауданнан еңбек қолы тапшы ауданға айналды. Және бүгінге дейін оларда жұмысшы күші тапшы. Осымен бірге тәріптеліп отырылмаған көші-қоныс республикада түпкілікті этнос үлес санының 30 %-ке дейін төмендеуіне алып келді.Осының салдарынан қазақ этносының тіліне, әлеуметтік-мәдени институттарына, оның өмірін қамтамасыз ететін басқа факторларға обьективті қауіп төнді.

72.1965-1985 жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайы.1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаланды.Ресми статистикаға қарағанда,соңғы көрсеткіш ұдайы орындалды және артығымен орындалды,әйтсе де кәсіпорындардың 61% машина жасау кешенікәсіпорны,металлургия кәсіпорнының 42% келісімшарттық міндеттемелерді орындамайтын еді. Экономиканың аграрлық секторында күрделі жағдай орнады.1981-1985 жылдарда Қазақстанның ауыл шаруашылығына салынған күрделі қаржы 1966-1970 ж-ғы бесжылдықпен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Дегенмен,аграрлық сектордың жалпы өнімінің өсу қарқындары, жұмсартып айтқанда,жылдан-жылға өсе түскен шығындарға сәйкес келмеді.Шығынды өндіріс одан әрі өрістей берді.Мал шаруашылығындағы өндіріске жұмсалған жалпы өнімнің 100 сом шығыны 1981-85 жылдарда 120 сомды құрады.Ал әскери-кешеніне байланысты емес өндірістердің техногендік әсеріне келетін болсақ,олардың экологиялық булдіргіш әсерлері де ауқымды.Жерге,жер қойнауына,орман мен суға жалпыхалықтық меншік ұраны,сайып келгенде,құр насихаттық даурықпа ғана болып шықты.Өнеркәсіп орындарының зиянды газ тәріздес,сұйық және кристалл қалдықтары қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізді.Республикада өнеркәсіп құрылысы кең ауқымда қанат жайған 50 ж.соңында бұл айқын көрінді.Тек 60ж.бірінші жартысында ғана,ауыр индустрияның аса ірі кәсіпорындарын пайдалануға енгізудің салдарынан,атмосфералық ауаны ластайтындардың саны Қазақстанда 2,5 есе көбейді.Ауыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.