- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •5.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы
- •15. Қарахан мемлекеті : этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •50.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •51.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
- •62.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.
- •63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары
- •68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •73.1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •77. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
- •4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды
