- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •5.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы
- •15. Қарахан мемлекеті : этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •50.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •51.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
- •62.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.
- •63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары
- •68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •73.1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •77. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
- •4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
Ақпан рев.ң жеңісінен кейін Қаз.да қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдіңсаяси партиялары әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ сьеддері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп,сьездге қатысқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері АЛАШ партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша ,1905 жылдың өзінде ак құруға әрекет жасалған АЛАШ партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып,ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.
Тарихта «Алаш» парт.ң саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 ж. 21-28 шілде аралығында өткен I Бүкіл қазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде Қазақ даласының алты облысынан : Ақмола, Семей,Торғай Орал,Жетісу,Ферғана,Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съеэде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ обл.ң автономиялылығы туралы,жер мәселесі,халық милициясын ұйымдастыру,земства туралы,халық ағарту ісі сот ісі,дін мәселесі,әйелдер мәселесі,қазақтар обд.да құрылтай жиналысына делегаттар сайлау,бүкілресейлікмұсылман съезі туралы,қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б .Осылардың ішінде саяси мазмұны жағынан ұлттық автономия,жер мәс.мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінше кезекте,өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды.Мысалы ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сойлесе,Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын ижақтады. Бирақ ол мемлекет демократиялық федеративті парламеттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Съезд Қаз.ң барлық аймақтары мен бұхара,Ферғана,Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиынына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады.Олардың арасында «Қазақ»газетінің жетекшілері,қазақ ұлттық либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов,Ж.Х. Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып,шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды.,.Сонымен съездің қарарында «Қазақ обл. аумақтық ұлттық автономия құқығын алуы тиіс»деп жазды.Қорыта айтқанда ,Кеңестіқ дәуірдегі Коммунистік партияның иде ологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді.
53. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. 1917 ж көктемінде болып өткен облыстық Қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комиттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 ж. өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917ж мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 ж желтоқсанында жүзеге асқан еді. Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. 1917 ж 21 қараша «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды: «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау, дінді мем-тен бөлектеу, сот ісін қазақ тілінде жүргізу, әскери қызметті өз жерінде атқару, жұмысшыларды заңмен қорғау, «Алаш» партиясы жұмысшылар туралы социол-демократтардың меньшевиктік тобының бағдарламасын жақтады, Оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы, жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі, жерді алдымен жергілікті халыққа беру. 1917 ж қараша 1918 ж қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында -57,5%, Семей уезінде -85,6%, Торғай, Орал губерниясында -75%. Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған
54. 1917 ж. Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны, Қаз-да Кеңес өкіметінің орнатылуы.Уақытша үкіметтің халықтың мәселесін шеше алмауы яғни жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 ж: шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған «барлық билік Кеңестерге берілсін» деген ұранды қайта көтерді. Бұл ұран уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917ж 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917ж 25 қазанда әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Сондай-ақ Қаз.мен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес үкіметінің орнауы Қаз-да да биліктің кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда, Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату төрт айға созылды.1917 ж. соңынан- 1918 ж наурыз. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Сонда да болса, ауыл селоларда әлі Кеңестер өкіметінің жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық түлік тапшылғынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Бұлқарсылықтарды басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңестер өкіметі нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съезддері көп рөл атқарды. Кеңес өкіметінің негізгі принциптері маңызды екі құжатта – 1917 ж . 2 қарашада қабылданған «Ресей халықтары құқ.ң Декларациясы» және 1917 ж 20 қарашада жарияланған «Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде көрініс тапты.
55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі. РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстар басталды. Большевиктік ұйымдар, Қаз және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілказак, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестің социалистік республикасы құрылды. Оның президенті болып – Мұстафа Шоқай (сталинизм мен кеңес жүйесін сынап еңбектер жазған ірі қоғам қайраткері,1886 -1941жж). Оның құрылуы 1918ж. Сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V сезъінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан автономиясының құрамына кірді. Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар бола¬тын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға ша¬қырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жер¬гілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏішкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏішкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш авто¬номиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды
56. 1917 ж. екініші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі. 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі топтарының өкілдерің біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы «Алаш» партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырады. «Алаш» облыстарын бүлікшіліктен,анархиядан қорғау мақсатыменуақытша халық кеңесі құрылды. Алашорданың құрамы 25 адам болды,10 орын қырғыз қайсақтар арасындағы орыстар мен басқа халықтарға қалдырылды. 1918 жылғы жаздағы Ә.Бөкейхан қол қойған жарлықтар автономияның нақтылы іске кіріскенін көрсетеді. Әсіресе, «Алашорда үкіметі Алаш автономиясы территориясындағы билікті өз қолына алады» деген мазмұндағы құжаттар автономияның де-факто құрыла бастағанын білдіреді. Осы құжаттармен бірге Алаш әскері, сот, білім-ғылым, Совет өкіметіне көзқарас туралы бірнеше жарлық шыққан болатын. Біздің тарихшылардың осындай маңызды тарихи деректерге аса зер салмай отырғандығы бізді әлі де таңдандырады. Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Жас автономия өте күрделі жағдайда қызмет атқарды, Соған қарамастан Далалық өлкенің біраз жерлерінде Алашорда өкіметінің органдары пайда бола бастады. Әсіресе, орталығы Алаш қаласы болып өзгертілген Жаңа Семей қаласындағы Жампиды ауылы болған және Батыстан Торғай бөлімшелері белсенділік танытты. Алашорданың жергілікті органдары өздерін уалаят деп атады. 1919 ж жазы мен күзінде Алашорда ұйымы қызметі құлдырауға ұшырады. Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарды.
57.Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын,Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді.»Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.»Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары,Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Міне ,осы шаралардың барлығы Қазақстанның азамат соғысы майдандарында интервенттер мен ақ гвардияшылдарға шешуші соққы беруге жағдай жасады. 1918 Жылы кузде 1 жане 4 Қызыл армия бөлімдері шабуылға шығып,Бугурслан,Бұзылық ,Қазан,Александров Гайды босатып,Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп,Ақтөбе майданының қарулы куштері 1919 жылдын 22қаңтарында Орынборды,26 ка нтарда Орал каласын азат етіп,Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. Қазақстанда Кеңес үкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. Қызыл Армия бөлімдері жұмысщылардың деревня мен ауыл село кедейлерінің белсене қолдауымен қысқа ммерзімде контрреволюциялық бүліктердің бәрін жойды. Қазақстанда жаңа үкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті.Қазақстандағы азат соғысы алғашқы ошақтағы 1917 қараша Торғай облыс әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты.Қазақтары әскердің атаманы Дутов Совет өкметін құлатып,бүкіл Ресейлік сьезінің делегаты С.Цвилинг бас.рев.ком.тұтқұнға алынды.Кеңес үкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда болды.1918 ж ІІ маусымда Семейдегі Кеңес өкіметі құлатылды.1918 Жазда Кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облысының көпшілік бөлігінде,Торғай облысының Қайыр ауданында сақталып қалды.Азамат соғысы жағдайында қызыл армияны құру жүзеге асырылды.Қызыл армия қатарына орыстар мен бірге қазақ еңбекшілері де бара бастайды.Бүкіл Рейсейлік Атқару комитетінің 1818 ж мамырдағы жарлығы мен әскерге еркімен бару,әскери борышты орындау алмастырылады.1918 ж мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару,әскери борышты орындаумен алмастырылады.1918 ж. Жазда Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды.Қызыл Армияның Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария,Жетісу обл,Бөкей Ордамен, Торғай облысы (Торғай мен Ырғыз)негіз болды.1919 ж.Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардиялардан босатылды.1920 ж.Азат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы солт.Жетісу майданы жойылды.1920 ж. 26 тамыз РК.ФСР Халық комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
58.Қазақ АКСР-ның құрылуы. Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. ҚазАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау,Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша). 1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды. Республикадағы қоғамдық саяси өмір. Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 жылы 4 – 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мәселелер: 1) Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде Кеңестерді ығайту жолдары белгіленді. 1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті. Бірақ партия жұмысының барлық буындарына әміршіл - әкімшіл әдіс енгізілді. Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы – Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Ғани Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай – ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және т. б. жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды. 1921 жылғы қаңтардың 1–інде КОБОС – тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық 1–конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1) жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді. Осы жылдары әйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп – жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова т. б. Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті.Ауылдық және қалалық Кеңес депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер, имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері) сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арсында саяси жұмыс, насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау барысында рулық сарқыншақтарға рулық және таптық бой көрсетулеріне, патриархаттық – феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күрес жүріп жатты. Қалыңмал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен насихатталды. 1922 жылы 9 мамыр – 12 маусым аралығында Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» экспедициясы Орынбор – Орск – Торғай – Атбасар – Ақмола – Петропавл – Павлодар – Қарқаралы – Семейге дейін жүріп, 126 митинг өткізіп, 25 пұт әдебиет таратты, Кеңестік декреттерді насихаттап, партияның ұлт саясатын түсіндірді. Кеңестердің іс – қағаздарын қазақ тілінде жүргізуін жолға қойды.
59.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілу барысы,ерекшеліктері мен нәтижелері. Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады. Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды. Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).
60.1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу.Ұлттық мемлекетке межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде жалғасты. Мәселен, Бұхар халықтың кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйектегі бесінші құрылтайында: Бұхар халықтарының ерік жігерін білдіре отырып , Түркістан мен Хорезм өзбектері мен бірге өзбек кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім береміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бір ауыздан қолдайды» деген қаулы қабылдады. 10 күнннен кейін Бүкілхорезм кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. Қазақ АКСР нің астанасын Қызылорда қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. РКФСР ның үкіметі ҚАКСР нің басшылық органдарын орналастыруға арналған ғимараттар құрылысына 4 млн сом бөлінді. 1925 жылдың 6 сәуірде БОАК төралқасы Орынбор губерниясын ҚазАКСР құрамына шығару туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп аумақтық – экономикалық мәселелерді нақтылауды БОАК тің арнаулы комиссиясына тапсырды. Қазақ АКСР і құрамынан бөліп шығарған Орынбор губерниясына оның басым бөлігін орыс халқы құрайтын аудандар мен орал губерниясы Елек уезінің бір бөлігі қарады. Қазақ АКСР нің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың бас кезінде аяқталды. Қазақ АКСР ені Адай уезін, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу,Сырдария губернияларын және Қарақалпақ автономиялық облысын біріктірді. Қазақ жерінің қайта бірігуі қоғамды бөлудің таптық принципіне құрылған және күн өткен сайын коммунистік идеология үстем бола түскен кеңестік қазақ мемлекеттігі аясында жүргізілгенімен, ол өңірдің тұрғылықты халықтарының, оның ішінде қазақтардың ұлттық ұлысуының жаңа кезеңіне, олардың мемлекеттігінің кеңестік негізде қалыптасуы мен нығаюына жол ашты.Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.
Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды
61.Ірі-бай шаруашылықтарынтәркілеу;саясижәне экономикалық салдыры.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. 1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды. Көптеген партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шақты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейін төмен екенін сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, айқатты шаруа қожалықтарына салық мөлерін көбейту шаралары арқөылы реттецуді ұсынды.Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық принциптертерінен ауытқымай, сол мақсатқы жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу қазақстандағы күшпен ұжымдастыру сясатының бастамасы болд.байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілей арқылы қайыршаланған уаылдар халқының өсуіне әкелді.қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтьарын тіркілеу мал шаруашылығының дамуын тежеді.Республика көлемінде барлығы 696 бай-феодалдар тәркіленді.Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағаны осы 1928ж тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді.Алдын ала жасалған жоспар бойышша, үкімен жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттегсе, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл – белгілеген жоспардың 64%-і ғана.
