
- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •5.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы
- •15. Қарахан мемлекеті : этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •50.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •51.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
- •62.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.
- •63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары
- •68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •73.1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •77. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
- •4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
1.Ғылым ретіндегі Қ.тарихының мақсат,міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.Тарих(араб сөзі – «зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме»)адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарих дегеніміз - халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және оның бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз. тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі – адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтікдаму жолы (адам- табиғат – қоғам ) . Тарихты оқи отырып адамзат тарихыныі ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс.Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Қоғамның обьективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттігін, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар түрғысынан ашып көрсету - бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы). Тарих ғылымы - қасиетті ғылым. Ол бұра тартуды да, әсіресе бояуды да, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» соғуды да көтермейді. Оның өлшемі - шындық, ақиқатқа жүгіну.
2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
Қаз.аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д. 800-140 мың ж.)кезеңіне жатады.Алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай білуі,аң аулау,терімшілікпен айнаоысуы,тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәт.бөлектенуі.Климаттың жылы ж/е құрғақ болуы. Тасты жару үшін жұмыр тас қолданды.Алғашқы еңбек құралдары чоппер,чопплинг болды.Солт.Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келді.Ескерт:Оңт.Қ. Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасу, Орт.Қаз. Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы. Шығ.Қаз.Қозыбай. Бат.Қаз. Шабақтысай,Сарытас. Орта пал. (140-40 мың ж.) оңт.Қаратау жотасынан сол.Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін,бат. Сарысу өз.орта ағысынан шығ. Ертіс өз.жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады. От алуды үйрену, діни сенімінің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандерталь адамның пайда болуы.Еңбек құралдардарын жасау тәсілі-неуклеустік.Мустерліктер адамның аяғын бүгіп бір қырымен жатқызып жерлеген. 1938 ж.Өзбекстанның оңт.Тесіктас үңгірінен 8-9 жасарнеандертальдық бала табылған(антрополог-Герасимов).Ескерт:Оңт.Қ.Тоқалы,Қызылрыспек,Үшбұлақ.Орт.Қ.Обалысай,Мұзбел,Өгізтау.Бат.Қ.Өніжек,Аққыр,Құмақаж.Шығ.Қ.Бөдене,Қызылсу. Кейінгі пал. (40 мың-12мың ж. аралығы). Қазіргі адамға ұқсас кроманьондықтың қалыптасуы, жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы,аналық рулық қауымның орнауы. Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік.Ескерт: Оңт.Қ.Ащысай,Үсіктас.Орт.Қ.Батпақ,Қарабас,Бат.Қ.Аққыр,шақпақата.
Шығ.Қ.Свинчатка,Шульбинка,Пещеры,Қанай.Мезолит (12-5 мың ж.) климат жылынып,мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстарпайда болды,жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары,қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Ескерт: Солт.Қ.Мичурин,Тельман,Екібастұз.т.б. Орт.Қ.Әкімбек, Қарағанды. Неолит (4-3 мың ж.) жерді өңдеу,мал шаруашылығымен айналасу,қыш ыдыс жасау,тігін тігу, кен өндіру.Ескерт: Оңт.Қ.Қараүңгір,Үшбұлақ, Қарақұдық.Шығ.Қ.Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солт.Қ.Қаратомар, Дамсы, Ботай. Бат.Қ. Құлсары, Сарықамыс т.б. Орт.Қ.Қосқұдық, Ырғыз,Қараторғай, Батпақ. Солт.-батыс Қ. Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді, Мақанжар,т.б.
3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды. Қазақстанның таулы ж/е далалы аудандарына қола ғасырында б.з.д. III мыңжылдық аяғында келеді.Егіншілік пен бірге малшаруашылығы пайда болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер қалдырған. Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 ж. Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 ж. археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәд.-нің ескерткіштері-шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі- орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола-б.з.д. XVIII-XVIғғ.,орта қола-б.з.д.XV-XIIғғ., кейінгі қола- XV-XIIғғ. Басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді.
Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер-петроглифтер,30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай мәд.-нің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,ол,бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды,екінші жағынан,онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі.Бұл мәд.-тің кезіне Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы-II қабыры жатады.Мұндағы ең үлкен обаның биіктігі 2 м.,диаметрі-30 м. Төбешік астында дөңгелектеніп орналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Орталық Қаз. Таулы аудандарына тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Жертөлелер қабырғалары ағаш тақталарымен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жұйесі тіреп тұрған. Мәдениетті дамытуға металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.Орталық Қазақстанның полеометалдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізді.
Дін көп жағдайда көркем өнердің де даму жолын анықтап отырған. Мәселен, құдайлардың тас бейнелері үлкен көркемдік талғаммен, мейлінше шынайы жасалып отырған. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл- адамның рухани мәдениеті ж/е оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан- жартастағы суреттер-петроглифтердің саны ж/е әралуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Ежелгі кісілер үшін өмір-тіршілік табиғаттың қайталанып отыратын мезгілдері- көктемдегі күн мен түннің теңелуі, жер жырту, шалғынды жаз, күзде егінді жинап-теру, мал төлдеу, қыс, сосын тағы көктемгі жер айдау, күннің жадырап жылынуы. Табиғат жарасымы мен үйлесімін бұзбауы үшін, олар осы оқиғалардың әрқайсына құдай жолы деп құрбандық атап, дұға қайырып, жөн-жоралғыларын жасап отырған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйыну және о дүниеге сену кең тарады.
4.Сақтар:жазба деректері,материалдық ж/е рухани мәдениеті,қоғамдық құрылысы. Сақтар — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.Бұл халық өзін өзі .Оларды көне юнандар скифтер деп атаған. Ол туралы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға; тиграхауда;парадарая. Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен:парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер. Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі. "Аң стилі"Алтын АдамСақ заманында "аң стилі" деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады. Еуразияның далалық тұрғындарының ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. "Аң стилі" — мазмұны жағынан мифологиялық, өнер, яғни діни-наным сипатында болды. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. "Аң стилі" сәндік сипатта да қолданылды.Өнер туындыларының келесі бір тобында — жолбарыс, арыстан, барыс, т. б. аңдардың тұтас бейнелері, жабайы жануарлардан — бұғы, таутеке, бұлан, қабан, үй жануарларынан — ат пен түйе бейнеленген."Аң стилін" 3 кезеңге бөлуге болады:1.Біздің заманызға дейін VIII—VII ғасырларда — архаикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескінделуі;2.Біздің заманызға дейін VI—IV ғасырларда — классикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыста, реалистік түрде бейнеленуі;3.Біздің заманызға дейін III—I ғасырларда — біртіндеп құлдырау кезеңі: жануарлардың сұлбасын бейнелеу, жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы (құстың тұмсығы, мүйізі және т.бСкиф-сақ әлеміндегі қоғамдық ұйымдарҚорғандарды, обаларды, темір дәуірінің қоныстарын, сондай-ақ жазбаша деректерден алынған мағұлматтарды зерттеу осы кезең қоғамының әлеуметтік құрылымы жайында көптеген мағлұматтар береді. Сонымен қатар әртектес жерлеу құрылыстары мен жерлеудің әдет-ғұрыптарын зерттеу ерте темір ғасырындағы көшпенді қоғамның күрделі ұйымдары туралы, мұндағы әр түрлі әлеуметтік жіктер туралы айғақтайды.Ерте темір дәуірінде ежелгі обалардың құрылымында көрініс тапқан патриархалдық-отбасылық жекелену — көлемді рулық бейіттер жоқтың қасы. Олар отбасылық қауымның жерлеу кешені болып табылатын қорғандардың шағын тобына орын береді. Жерлеу аспаптарының әр түрлі құрамы мен қорғандардың көлемі қоғамда болып жатқан әлеуметтік және мүліктік жіктелу туралы мәліметтер береді. Тұрғызылған бейіт құрылыстарының биіктігі жерлеу әдет- ғұрпына қатысушылардың санына байланысты болды. Үлкен қорғандар тайпа көсемдерін, сондай-ақ тайпалық бірлестік көсемдерін есте мәңгі сақтау үшін қызмет атқарды. Орташа қорғандарға тайпаның атақты адамдары, ал ұсақтарына сақ қоғамының қатардағы мүшелері жерленді.Сақтар қоғамында белгілі бір сословиелік билік көрініс тапқан деп ұйғарым жасауға болады. Иерархиялық басқыштың ең жоғары тұғырында патша, шонжарлар мен салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, құлдар, жаяу жауынгерлер орналасты. Патша дәріптеліп, биікте тұрған Күн бейнелі Құдайға теңестірілді, жарқыраған алтын киімі күнді еске түсірд.