Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ikg_ekz_-_guzya_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

3 Блок. 28 сұрақ

Тілік – бір немесе бірнеше жазықтықпен заттың бір бөлігінің ойша тілінген көрінісі. Тілік проекция жазықтығы мен тілік жазықтығының арасында жатқан бөлшектің бөлігі болады. Тіліктің көрінісінде бөлшектің тілінген бөлігі және де оның айналасында көрініп тұрған көріністер түседі. Кесілген бөлігі штрихталады.

Тілу жазықтықтарының санына байланысты тіліктер күрделі және жай болып бөлінеді. Сәйкесінше жай тілікте бір ғана тілу жазықтығы болады, ал күрделісінде бірнеше. Күрделі тіліктердің өзі сатылы және сынған болып бөлінеді.Қима - немесе бірнеше жазықтықпен заттың бір бөлігінің ойша қиылған көрінісі. Қимада тек қию жазықтығына түскен көрініс қана алынады. Қиылған бөлігі штрихталады. Орналасу аймағына байланысты қималар жергілікті және алшақтатылған болып бөлінеді. Жергілікті қима деп негізгі көрініспен бірге жасалған қиманы айтамыз. Ал алшақтатылған қима негізгі көріністен тыс орналасады. Алшақтатылған қиманың контуры негізгі үзіксіз линиямен орындалады, ал жергілікті жұқа үзіксіз линиямен.SOLVIEW және SOLDRAW командаларымен тіліктер мен қималар жасау.SOLVIEW(Т-көрініс) – келісілген көрініс экрандарын құрады. Қима немесе тілік жасау үшін SOLVIEW командасын шертеміз.

Сұраныс: • Опцияны таңдаңыз(ПСК/Орто/Қосымша/Қию). Қиюды таңдаймыз.

• Қию жазықтығының орнын көрсетіңіз. Қию жазықтығының 2 нүктемен көрсетеміз.

• Жаңа көріністің масштабын енгізіңіз.

• Көрініс центрін көрсетіңіз.

• Атын енгізіңіз.

Осылайша біз тілік немесе қиманы жасаймыз.

SOLDRAW(Т-салу)көрінетін және көрінбейтін линияларды басқарады. Қабаттардың ішінде біз құрған көріністің линияларының қабаттарын өзгертеміз. SOLDRAW командасын шертеміз.Сұраныс: • Көрініс экрандарын таңдаңыз.

Көрініс экрандарын таңдағаннан кейін олар өңделеді. Өңделгеннен кейін сәйкес қабаттары бойынша өзгерістер енгізіледі. Олар: қиылған аумақтар штрихталады, көрінбейтін сызықтар үзік сызыққа өзгереді.

3 Блок. 29 сұрақ

AutoCAD жүйесінде парақтардың түптемелерiн жасау үшін бізге мыналарды орындау қажет:

• Пернетақтада Ctrl+4 басамыз. Түптемелер диспетчері ашылады.

• Жаңа түпетеме батырмасын шертеміз.

• «Бар чертеждар» таңдаймыз.

• Ашылған бетте түптеме атын енгізіп, орналасатын орнын көрсетеміз.

• Келесі бетте чертеждардын орналасқан орындарын көрсетеміз. Терезені жабамыз. Түптеме панелінде парақтар пайда болады.

• Кез-келген чертежға екі рет шертсек сол парақ ашылады.

Құрылған түптемеге тағы да парақтар енгізу үшін түптеме атына оң батырмамен шертіп, «Жаңа парақтар енгізу» таңдаймыз.

Түптеме ішінде қораптар құру үшін түптеме атына оң батырмамен шертіп, «Жаңа қорап» таңдаймыз.

3 Блок. 30 сұрақ

AutoCAD жүйесінде үш өлшемді модельдердің үш түрі бар: каркастік, беттік, қатты денелі.

Қатты денелердің көмегімен модельдеу ең жеңілі. Қатты денелерге: параллелепипед, конус, цилиндр, шар, клин және тор жатады. Осы формаларды біріктіру, алу, қиылыстыру арқылы күрделі объектілер құралады. Сонымен қатар, денелерді берілген вектор арқылы жазық объектіні жылжытып немесе осі бойынша айналдырып құрастыруға болады.

Үш өлшемді модельдеуге «3D модельдеу» жұмыс ортасын таңдау керек.

Денелер:

Қорап(Box) – қатты денелі параллепипед. Қорап әрқашанда XY жазықтығына параллельді құралады.

Клин(Wedge). Клиннің табаны әрқашанда XY жазықтығына параллельді құралады. Көлбеу шегі бірінші көрсетілген бұрышқа қарама-қарсы орналасады.

Конус(Cone). Конус табаны әрқашанда XY жазықтығында жатады. Конустың табанын шеңбер немесе эллипс ретінде де құруға болады. Және де қиылған конус жасауға мүмкіндік бар.

Цилиндр(Cylinder). Табаны әрқашанда XY жазықтығында жатады. Центрін, радиусын, биіктігін беру арқылы құралады.

Шар(Sphere). Центрін, радиус немесе диаметрін беру арқылы құралады.

Тор(Torus). Торды құру үшін оның шеңберінің радиусын және осы шеңбердің центрінен орталық центрге арақашықтығын беру керек.

Денелермен жасалатын командалар:

UNION (Қосу) екі немесе одан да көп аймақтарды қосу үшін қолданылатын операция.

SUBTRACT(Алу) – бір немесе бірнеше аймақтан бір немесе бірнеше аймақтарды алып тастау үшін қолданылатын операция.

INTERSECT(Қиылыстыру) – бірнеше аймақтардың тек қиылысқан аймағын қалдыру үшін қолданылатын операция.

Сығу арқылы дене құру(Extrude). Екі өлшемді примитивтерді сығу(биіктігін көтеру) арқылы жасалады.

Бұру арқылы дене құру(Revolve). Екі өлшемді объектілерді берілген бұрыш бойынша X немесе Y жазықтығымен бұру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]