Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ikg_ekz_-_guzya_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

11. Алып тастау және копиясын жасау командалары.

COPY (КӨШІРУ) команданың шертпесі белгіленген объектілерді бастапқы мен соңғы нүктелерімен берілген векторға параллель көшіреді.К өшіру операциясына объектер таңдап алынғаннан кейін команданың бірінші сұрауы: Негізгі нүкте немесе орын ауыстыру, немесе [Бірнеше]: (Specify base point or displacement, or [Multiple]:). Бірінші нүктені көрсетіңіз. Келесі сұрау: Орын ауыстырудың екінші нүктесі <бірінші нүктені орын ауыстыру деп есептейміз >:(Specify second point of displacement or <use first point as displacement:).

Екінші нүктені көрсетіңіз. Нәтижесінде, белгіленген объекті-лердің копиясы пайда болады, ол оригиналға қатысты берілген векторға ығыстырылған (13 сурет).

Блок2

12. Айналық шағылысу және ұқсастық командалары. MIRROR (АЙНА) командасының шертпесі таңдап алынған объектерді екі нүктемен анықталатын өске қатысты айналық шағылысу (симметриялау) жасауына мүмкіншілік береді.

О бъектерді таңдап алғаннан кейін AutoCAD жүйесі сұрайды: Шағылысу өстің бірінші нүктесі: (Specify first point of mirror line:).

Одан кейін, екінші нүкте сұ-ралынады, екі нүктеден өтетін тура шағылысу өсі болады: Шағылысу өстің екінші нүктесі:(Specify second point of mirror line:). Екінші нүктені көрсетіңіз. Одан кейін, сұраққа жауап беру керек, берілген объектермен не істеу керек (өшіру немесе жоқ): Берілген объектерді өшіріп тастау? [Иә/Жоқ] <Ж>:(Delete source objects?[Yes/No] <N>:) (14 сурет).

Сурет салу (Draw) панеліндегі ҰҚСАСТЫҚ (OFFSET) команданың шертпесі .Бұл команда сызықты объектілерге ұқсас (параллельді) сызықтарды сызады. Параллель сызықтарды сызу үшін екі варианты бар: оригиналдан ара қашықтықты қолданып (ығысу) және берілген нүкте арқылы. Команданың бірінші сұрауы: Ығысу шамасы немесе [Нүкте] <1.0000>:(Specify offset distance or [Through] < 1.0000>:).

Б ірінші ығысу берілген вариантты қарастырайық: Ұқсастарды құрасатын объекті таңдап алыңыз немесе <шығу>:(Select object to offset or <exit>:).

Оған параллель сызықты салатын, тек қана бір объекті көрсетіңіз. Одан кейін AutoCAD сұрайды, объектің қай жағына параллель сызықты салу керек: Ығысу жағын анықтайтын нүктені көрсетіңіз:(Specify point on side to offset:).

Объектің параллель сызығы салынатын жағында кез келген нүктені көрсетіңіз (15 сурет).Тағы да, алынған ығысу мен ұқсастықтарды салатын объектілерді таңдап алу сұрағы циклде қайталанады.

Егер ҰҚСАСТЫҚ (OFFSET) командамен жұмыс істегенде (Т) опциясын қолдансаңыз, онда AutoCAD бірінші сұрайды: Ұқсастарды құрасатын объекті таңдап алыңыз немесе <выход >:(Select object to offset or <exit>:).

Объекті көрсеткеннен кейін нүктені сұрайды: Нүкте арқылы:(Specify through point:).

Нүктені көрсеткеннен кейін, жүйе таңдап алған объектке параллель сызықты сызады. Ығысудың шамасы автоматты түрде есептелінеді. Құрастыру біткеннен кейін <Enter> батырманы басыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]