Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ikg_ekz_-_guzya_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

3 Сурет

Полисызықтар

Полисызықтар — күрделі примитив болады. Оның құрамында бір немесе бірнеше бір-бірімен байланысқан түзу және доғалы сегменттер бар. Полисызықтар біртұтас объект болып өңделеді.

PLINE командасы пернетақтадан, Draw (Сурет салу) саймандар тақтадан Polyline (Полисызық) шертпесінен немесе горизонталь меню Draw (Сурет салу) Polyline (Полисызық) пунктен шақырылады.

Команда орындалғанда жүйенің бірінші сұрағы:

Specify start point: (бастапқы нүкте:)

Полисызықтың бастапқы нүктесін көрсету керек. Келесі сұрақ одан күрделі болады:

Current line - width is 0.0000 Specify next point or [ Arc | Halfividth | Length | Undo | Width ]: (Полисызықтың ағымды ені 0.0000 тең. Келесі нүкте немесе [Доға | Жарты ені | Ұзындық | Өзгерту | Ені]:)

Егер осы уақытта нүктені көрсетсек, онда осы нүкте сызықтың екінші нүктесін болады. AutoCAD жүйесі алдындағы сұрақты қайтадан қайталайды, бірақ оған Close (Тұйықтау) опциясы қосылады.

Полисызықты, оның құрамына кіретін кесінділер мен доғалар тобына ауыстыруға болады. Оны EXPLODE (БӨЛІП ТАСТАУ) командасы жасайды. Ол Modify (Редакциялау) тақтада бар немесе Modify (Редакциялау) горизонталь менюда (Explode (Бөліп тастау) пункті).

Бөліп тастағанда ені туралы хабарлама жоғалады. Жүйеде бұрын салынған бір-бірімен байланысты кесінділер мен доғаларды полисызыққа біріктіруге мүмкіншілік бар. Ол үшін PEDIT командасы қолданылады. Оны Modify II (Редакциялау-2) саймандар тақтасында және Modify (Редакциялау) горизонталь менюде — Polyline (Полисызық) пункте табуға болады.

Полисызықтың арнаулы түрлері

Тікбұрыштарды RECTANG командасы сызады. Оны пернетақтадан немесе Draw (Сурет салу) тақтадан немесе Draw (Сурет салу) горизонталь менюден Rectangle (Тікбұрыш) пунктінен енгізуге болады.

POLYGON командасы дұрыс көпбұрышты не бір жағындағы соңғы нүтелерімен, не центрдің нүктесімен және енгізілген немесе суреттелген шеңбердің радиусымен салады. Команданы Draw (Сурет салу) тақтадан Polygon шертпесімен немесе Draw (Сурет салу) горизонталь менюден Polygon пунктінен шақыруға болады.

Сақина DONUT (САҚИНА) командасымен салынады және ені ішкі мен сыртқы диаметрмен сәйкес полисызықпен көрсетіледі. Команда пернетақтадан, ал Draw (Сурет салу) горизонталь менюден Donut (Сақина) пунктінен енгізіледі.

Команда рисует замкнутую полилинию в форме облака. Этой команде соответствуют кнопка панели инструментов Draw (Рисование) и пункт Revision Cloud (Облако правки) падающего меню Draw (Рисование).

2-блок

4. AutoCad жүйеде өлшемдерді қою

Өлшемдерді, дәлдікшектерді және шығару сызықтарды қондыру операциялары горизонталь менюдегіDimension (Өлшемдер) командаларымен немесе саймандартақтадағыDimension (Өлшемдер) шертпелер арқылы жасалынады.

DIMLІNEAR командасы сызықты өлшемдерді қондырады.Оған Dimension(Өлшемдер)панеліндегіLinearDimension(Сызықты өлшем) шертпесі сай келеді.

DIMALIGNEDкомандасынаAligned Dimension(Па­раллельді өлшем) шертпесі сай келеді. Бұл команда сызықты өлшемді таңдап алынған кесіндіге парал­лель немесе екі көрсетілген нүктелерге салады.

DIMORDINATE командасы көрсетілген нүктенің шығару сызықты, абсцисса немесе ордината мәндерімен бірге салуға мүмкіншілік береді. Осы командаға Ordinate Dimension(Ордината өлшемі) шертпесі сай келеді.

DIMDIAMETER командасы диаметрді салуға арналған. Оған Diameter Dimension(Диаметр) шертпесі сай келеді.

DIMRADIUS командаға Radius Dimension(Радиус) шертпесі сай келеді.

DIMANGULAR командасы кесінділердің арасындағы бұрыштық өлшем немесе доғаның бұрыштық өлшемін (немесе шеңбердің бөлігі) салу үшін арналған. Оған Angular Dimension(Бұрыштық өлшем) шертпесі сай келеді.

QDIM командасы біртиптік топтарды тез салу үшін немесе негізгі өлшемдер мен өлшемдер тізбектерді тез салу үшін арналған.QDIM командасына Quick Dimension(Тез өлшем) шертпесі сай келеді.

DIMBASELINE командасы бір негізгі нүктеден бірнеше сызықты өлшемдерді салуға мүмкіншілік береді, пернетақтадан енгізілгеннен басқа, Baseline dimension(Негізгі өлшем) шертпесі сай келеді.

DIMCONTINUEкомандасы бір-бірін жалғастыратын сызықты өлшемдердің топтарын салады, пернетақтадан енгізілгеннен басқа, Continue Dimension(Өлшем тізбегі) шертпесіарқылы шақырылады.

QLEADER командасы шығару сызығы примитивті салады.Ол қиғаш немесе тегіс шығаратын сызықтан тұрады немесе оның құрамында бағыттауыштан басталатын және бір немесе бірнеше мәтін немесе мультимәтін жолдармен бітетін бірнеше сегменттер бар. Бұл команда Quick Leader(Тез шығару сызығы) шертпесінен шақырылады.

2-блок

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]