Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ikg_ekz_-_guzya_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

2 Сурет.

Блок 2

Сұрақ2 AutoCAD жүйеде қолданатын режимдер

Режимдер

Команда жолынан төмен тікбұрышты шертпелері бар режимдер жолы бар (1 сурет.): SNAP, GRID, ORTHO, POLAR, OSNAP, OTRACK, LWT, MODEL. Егер оның сәйкес келетін шертпесі басылса (қосылса), режим қосылған болып саналады. Егер тышқанның көрсеткішін режимнің шертпесінің үстіне әкелсе, онда бір сәтте оған сәйкес келетін еске түсіру шығады.

SNAP (ҚАДАМ - ШАГ) шертпесі тордың нүктелеріне немесе бұрыштық таңу режимдерін қосады немесе өшіреді (<F9>). GRID (ТОР - СЕТКА) шертпесі лимиттер аймағында нүктелерден жасалынған торды қосады немесе өшіреді (<F7>). ORTHO (OPTO), шертпесі ортогоналды режимді қосады немесе өшіреді. POLAR (ПОЛЯРЛЫҚ) режимі кейбір қадаммен алынған бүрыштарға ORTHO (OPTO) режимінің үлғайтуы болады және полярлық бақылауды қосады немесе өшіреді (<F10>). OSNAP (ТАҢУ - ПРИВЯЗКА) берілген объектік таңу функцияларының тұрақты әсерін қосады немесе өшіреді (<F3>). OTRACK (БАҚЫЛАУ) режимінің шертпесін қоссақ, объектік таңудың қай функциясын көрсетіліп жатқан примитивтің маңында қолдануға болады деп AutoCAD еске түсіреді (<F11>). LWT (САЛМАҚ - ВЕС) шертпесі сызба элементтерінің салмағын көрсетуін қосады немесе өшіреді. Сызықтың салмағы — қай енімен сызық сыртқы құрылысқа шығарылады. MODEL(МОДЕЛЬ) - модель мен бет кеңістіктерінің арасындағы ауыстырып қосуға мүмкіндік жасайды.

Суретпен жұмыс істегенде, қарау терезенің өзгертуі керекті болады, ол үшін Standard (Стандартты) панеліндегі Pan Realtime (Панорамалау) және Zoom Realtime (Зуммалау) шертпелерімен қолдануға болады.

PAN (ПАН) шертпесін басқаннан кейін графикалық экрандағы тышқанның көрсеткішінің пішіні өзгеріп алақан түрінде болады. Тышқанның сол шертпесін жібермей басып, көрсеткішті жаңа орынға ауыстыру керек. Зуммалау шертпесі нақты уақытта, көріністің центрін сақтап, сурет көрсетуінің масштабын өзгертеді.

Зуммалау шертпенің оң жанында ZOOM (КӨРСЕТУ) команданың топтық шертпесі тұр.

Бұл шертпенің құрамында: Zoom Window (Терезе Көрсету); Zoom Dynamic (Динамика Көрсету); Zoom Scale (Масштаб Көрсету); Zoom Center (Центр Көрсету); Zoom In (Үлкейту); Zoom Out (Кішірейту); Zoom All (Барлығын Көрсету); Zoom Extents (Шекараны Көрсету).

Zoom In (Үлкейту) және Zoom Out (Кішірейту) шертпелері оларға сай келетін командалардың үқсас әрекетін жасайды: Көрсету - опциялары Масштаб және 2Х (Zoom, Scale, 2X), тағы да Көрсету - опциялары Масштаб және 0.5Х (Zoom, Scale, 0.5X), яғни бейнені қазіргі бейнеге қарағанда екі есе үлкейтеді немесе кішірейтеді. КӨРСЕТУ (ZOOM) команданы Көрініс (View) түсетін менюден шақыруға болады.

Блок 2

Сұрақ3 Примитивтердің түрлері. Полисызық, тік төрбұрыш, көпбұрыш, мультисызық, жазбалар.

Примитивтер

Әрбір суретті қарапайым бөліктеріне бөлуге болады. AutoCAD жүйесінде олар примитивтер деп аталады.

Примитивтің түрлері

Примитивтер жай және күрделі болады. Қарапайым примитивтерге келесі объектілер жатады: нүкте, кесінді, шеңбер, доға, түзу, сәуле, эллипс, сплайн, біржолды мәтін.

Күрделі примитивтерге жатады: полисызық, мультисызық, мультитекст, өлшем, шығару сызығы, дәлдік шегі, штрихтау, блоктың немесе сыртқы сілтеменің кіруі, атрибут және растрлік бейнелеу. Тағы кеңістік примитивтер мен көрініс экраны бар. Және сирек кездесетін примитивтер бар.

Примитивтердің көбісінің құру операциялары Draw (сурет салу) аспаптар панеліндегі шертпелер көмегімен орындалады (3 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]