- •Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
- •Арналған әдістемелік нұсқау
- •Арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет
- •Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Ситуациялық есептер
- •Әдебиет
Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
№ 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА
Арналған әдістемелік нұсқаулар
Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”
Пәні: Патологиялық физиология
Кафедра: Физиологиялық пәндер кафедрасы
Курсы: 3, V семестр
Модуль: 4 “Жүрек-қантамырлар жүйесі”
Тақырыбы: Жүректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің
патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
Құрастырушы: доцент, м.ғ.к. Н.М.Уразалина
Семей – 2009
№ 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА
Арналған әдістемелік нұсқаулар
Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”
Модуль: 4 “Жүрек-қантамырлар жүйесі”
Тақырыбы: Жүректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
Мақсаты:
- жүректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің және әртүрлі жастағы балалардың ерекшеліктерінің патогенетикалық механизмдерін түсіндіру;
Оқыту мақсаты:
Студент білуі қажет:
қанайналым бұзылыстарының этиологиясы мен патогненезін;
жүрек қанайналым жеткіліксіздігінің негізгі тенгерілу механизмдерін.
Студент үйренуі қажет:
- ситуациялық есептерді шешу кезінде сатыларға байланысты, жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің көрністерін анықтау;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қанайналым жетіспеушілігі түсінігі, түрлері.
2. Жүрек жетіспеушілігінің әртүрлі критерилері бойынша жіктелуі.
3. Жүрек жеткіліксіздігі - түрлері, себептері, жүрек жеткіліксіздігінің миокардиальді
және жүктемелік түрлерінің даму жолдары.
4. Жүректің жиырылу қызметін шұғыл және ұзақ мерзімді икемделістік-бейімделістік
жолдары.
5. Жүректің жедел (жүрек демікпесі, өкпе ісінуі, кардиогенді шок) және созылмалы
(ісінулер, цианоз, ентігу, тахикардия) жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерінің
патогенезі және негізгі гемодинамикалық өзгерістері.
6. Қан айналым жеткіліксіздігі мен жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі гемодинамикалық
көрсетіштері.
7. Балалардағы қан айналым жеткіліксіздігі ерекшеліктері
Білім берудің және оқытудың әдістері:
Пікірталас, презентация, ситуациялық есептерді шешу.
Ситуациялық есептер
1. Ауруханаға, 55 жастағы науқас мынадай шағымдармен түсті: төс асты мен қарын үстінде қарқынды батып ауру, физикалық жүктемеден кейін пайда болады Шылым шегеді. Анамнезінде: көп жылдары артериялық гипертензиямен ауруды. Науқасты қарау кезінде: өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек үнінің көмескілігі. Іш ерекшелексіз.
ЭКГ-зертеу кезінде Q тісшесі терең және кен II, III, AVL – тіркелімі бойынша ST көтерілуімен.
Сіздің диагнозыңыз?
2. Миокардитпен бір ай бұрын ауырған науқаста, физикалық жүктемеден кейін ауыр ұстамалы ентікпе пайда болды. Науқасты қарау кезінде: тер жабындары бозарған, ортопноэ жағдайы. Жүрек үнінің, көмескілігі. ЖЖС-106 1/. ҚҚ=110/70 мм с.б. Тындау кезінде: өкпенің төмен бөлігінде дымқыл сырылдар естіледі. ТАК = 25 1/ . Бауыр қабырғалық иіні шетінде. ЭКГ – бойынша – тісшелердің биіктігінің төмендеуі, Т тісшесінің инверсиясы.
Сіздің диагнозыңыз?
3. 64 жастағы науқаста ҚҚ=240/120 мм с.б., тұңшығу, қызғылт, көбікші қақырық. Науқасты қарау кезінде: орташа жағдайы, жүрек үнінің көмескілігі. ЖЖС -117 1/ , өкпеді –барлық бөліктерінде - әр түрлі дымқыл сырылдар.
Сіздің диагнозыңыз?
4. Көшеде 53 азаматта жүрек айну, қарын үстінде ауыру сезілді. Екі рет желінген асты құсып тастады. Қабылдау бөлмесіне науқасты әкеліп асқазанды шайды. Содан кейін ауру сезімі төс артына және сол жаққа ауысты. ЭКГ бойынша – көтерілген ST II, III, AVL – тіркелімінде.
Сіздің диагнозыңыз?
5. 47 жастағы құрылысшы, жарты жылдың арасында ентікпе және аяқтарында ісінулерді байқады. Науқасты қарау кезінде: домбыққан беті. Жүрек үнінің көмескілігі. Тамыр соғу әдеттен тыс ҚҚ=220/75 мм с.б., ЖЖС – 80 1/
Сіздің диагнозыңыз?
6. 53 жастағы қызыметкер мынадай шағымдармен дәрігерге келді: төс асты батып ауру, көбінесе көшеде немесе жұмысқа бара жатқанда пайда болады. Бір жылдай ауруды. Басында науқас тоқтағанда ауру сезімі бірден кетіп қалатын. Соңғы екі айда нитроглицерин қабылдағаннан кейін ауру сезімі 5-6 минутта тоқталады. Шылым шекпейді.
Сіздің диагнозыңыз?
