
- •1. Экологияның даму кезеңдері.
- •2. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
- •3. Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары.
- •2. Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер.
- •Экологияның негізгі заңдары
- •2. Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •1. Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?
- •2. Таусылмайтын табиғи қорлар
- •3. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері.(56)
- •2. Таусылатын табиғи қорлар
- •3. Таза су мәселесі
- •1. Аутоэкология (Тұқым экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты қолдану
- •3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
- •1. Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты тиімсіз пайдалану
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама(ноосфераны қарау керек)
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •3. Энергетика мәселесі
- •1. Биосфераның жалпы сипаттамасы
- •2. Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу, ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •1. Биосфераның жалпы құрылымы
- •Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3. Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •Биогеоценоз дегеніміз не? (толықтыру)
- •2. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3. Антропогендік фактор
- •1. Атмосфераға анықтама бер
- •3. Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз (пассивті) жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •1. Белсенді жол дегеніміз не?
- •2. Биоценоздың түрдік құрылымы
- •3. Атмосфераның ластануының салдары
- •1. Биоценоздың кеңістіктік құрылымы.
- •2. Акклиматизация дегеніміз не?
- •3. Қышқыл жаңбырлар
- •1. Биоценоз, биотоп дегеніміз не?
- •2. Ластанулардың нормалау негіздері
- •3. Қалдықтар мәселесі
- •1. Биогеоценоз және оның құрама бөліктері
- •2. Бейімделу (адаптация) дегеніміз не?
- •3. Шаңұстаушы жүйелер
- •1. Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы
- •2. Шелфордтың толеранттылық заңы (1913 ж.) (немесе максимум заңы)
- •3. Құрғақ шаң ұстаушы жүйелер (23)
- •2. Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.)
- •3. Экожүйе дегеніміз не?
- •1. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология (биогеоценология) дегеніміз не?(закончить)
- •2. Тіршіліктің құрылымы
- •3. Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •1. Тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық факторлар
- •3. Экологиялық пирамида
- •Табиғи ресурстардың классификациясы
- •2. Биосфераның пайда болуы
- •3. Тұрақты даму принциптері
- •Синэкология (Бірлестіктер) экологиясы және экология салалары
- •Атмосфералық ауада шығарымдардың таралуы
- •3. Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау
- •Экологиялық факторлар
- •Шығарымдар көздерінің классификациясы және шекті рұқсат етілген шығарындыларды есептеу
- •Бәсекелестік қарым-қатынас заңдары
- •2. Тұрақты дамудың алғы шарттары
- •3. Атмосфералық ауаның қазіргі экологиялық жағдайы
3. Құрғақ шаң ұстаушы жүйелер (23)
Бұл аппараттарда ауа ағынынан шаң бөлшекттері гравитация, инерция, кариолис күштері арқылы бөліп алынады (яғни механикалық жолмен).
Барлық құрғақ шаң ұстаушы қондырғылар конструкциясы бойынша былай бөлінеді:
Циклондар;
Ротациялық шаң ұстағыштар;
Құйынды щаң ұстағыштар;
Радиалды шаң ұстағыштар;
Жалюздік шаң ұстағыштар.
Мысалы, циклон дар газ ағыны ішкі қабырғаға жанама бойымен кіріп, бункерне қарай айналмалы-ілгерімелі қозғалыс жасайды. Центр ден тепкіш күш әсерінен трубаның ішкі қабырғасында шаң қабаты құралады. Радиалды шаң ұстағышта жұмыс істеу принципі дәл циклондағыдай. Ал жалюздік шаң ұстағыштар шаң бөлшектерін бөліп алу торша айналасында газ ағынын бұрған кездегі пайда болатын инерция күштерінің әсерінен болады.
Билет №20
1)Қоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
2. Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.)
Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.) – ағза төзімділігі оның экологиялық талаптарының ішіндегі ең осал тізбегімен анықталады. Яғни ағзаға факторлардың ішінде қажетті минимумы (ең аз мөлшері) жетіспесе (жылу, жарық, су және т.б.), онда экожүйе дамуы тоқтайды немесе өледі. Ағза кейде жетіспейтін бір затты өте көп мөлшердегі екіншісімен алмастыра да алатынын атап өту керек.
3. Экожүйе дегеніміз не?
Экожүйе – бұл бір-бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың жиынтығы мен тіршілік ортасының жағдайы. Терминді 1935 жылы ағылшын экологы Тексли енгізген. Ең үлкен экожүйе – Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга, орман, көл, көлшік, гүл отырғызылған ыдыс және тағы сондайлар.
Кез келген экожүйеде азық табу үшін әртүрлі өзара қарым-қатынастар орын алады. Оның құрамды бөліктері: фитоценоз – продуценттер (өсімдіктер), күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құраушылар; микробоценоз – редуценттер – өлі органиканы қореқ қылып, оны қорыту негізінде өсімдіктер қоректене ала алатындай түрде минералды элементтерге айналдырушы ағзалар.
Экожүйелерде энергия азық арқылы таралады, яғни өсімдіктер жануарларға қореқ, ал жануарлар бір-біріне азық, осы жалғасты азықтық тізбе (трофикалдық) дейді. Егер де азық жүйесінде тізбектер көп болса, соғұрлым экожүйе тұрақты болады.
Экожүйенің қасиеттері :
Гомеотаз – тірі ағзалардың зат алмаса алатындығы және әртүрлі химиялық реакциялар түзе алушылығы.
Өсімшілдігі – бірлік уақыт аралығында экожүйедегі биомассаның артуы. Ең жоғарғы өсімшілдік тропикалық ормандарға тән, өте төмен – шөлдер мен тундрада.
Өздіктазалануы – ластаушы заттардан құрала алуы не оны түрлендіре алу қабілеті.
Төзімділігі – сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін сақтауы.
Тұрақтылығы – экожүйенің тепе-теңдік жағдайынан шыққаннан кейін өзінің бастапқы қалпына келе алу қабілеті.
Эмерджменттілігі – экожүйенің негізгі қасиеті, ол белгілі қасиеттерінің жай қосындысы емес.
Экологиялық сукцессия – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен биогеоценоздардың біртіде қайтымсыз ауысыу.
Билет №21