- •1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;
- •1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;
- •1. Фурнье тістері
- •1. Ақауды герметизациялау;
- •1. Флюороз;
- •1. Кіреуке некрозы;
- •1. Ақауды герметизациялау;
- •4. Металлокерамикалық сауытпен қаптау;
- •5. Ламинациялау
- •1. Ремтерапия, реставрация;
- •2. Жетілмеген амелогенез;
- •4. Жергілікті гипоплазия;
- •5. Кіреуке гиперплазиясы.
- •2. Жергілікті гипоплазия;
- •3. Жүйелі гипоплазия;
- •5. Жетілмеген амелогенез.
- •1. Беткей тісжегі;
- •2. Жүйелі гипоплазия;
- •2. Беткей тісжегі;
- •2. Бастапқы тісжегі;
- •5. Гипоплазия.
- •2. Тегістеу, фторлак жағу;
- •3. Сына тәрізді ақау;
- •2. Жергілікті гипоплазия;
- •5. Флюороз.
- •3. Жетілмеген амелогенез
- •4. Жетілмеген дентиногенез
- •4. Олбрайт синдромы;
- •5. Ослер синдромы.
- •4. Олбрайт синдромы;
- •5. Ослер синдромы.
- •2. Эрозия;
- •2. Эрозия;
- •3. Эрозия;
- •4. Эрозия;
- •1. Эрозия;
- •3. Эрозия;
- •3. 1.1, 2.1 Тістерін жұлу;
- •3. 6.4, 8.5 Тістерін жұлу;
- •4. 7.2, 8.5 Тістерін жұлу;
- •2. Ортодонттық ем;
- •3. Ортодонттық ем;
2. Тегістеу, фторлак жағу;
3. Гигиенаға үйрету, ремтерапия;
4. Ремтерапия, тегістеу;
5.+Ремтерапия, пломбылау.
122. 13 жастағы бала температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. КПУ = 1. 4.6 тістің шайнау бетінде тығыз пигменттелген дентині бар кішкентай көлемді тісжегі қуысы бар, суыққа қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болады. Шұқып тексергенде ауырмайды. Шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.
Осы жағдайда төменде аталған аралық төсемдердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Силикатты цемент;
2. Цинк-фосфатты цемент;
3.+Шыныиономерлік цемент;
4. Поликарбоксилатты цемент;
5. Цинкоксиэвгенолды материал.
123. 9 жастағы бала суықтан және механикалық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: 2.6 тісте ақшыл жұмсарған дентині бар үлкен емес терең тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде табанында ауыру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі. Перкуссияда ауырады. Шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
2. Периодонттың созылмалы қабынуы;
3. Сына тәрізді ақау;
4.+Терең тісжегі;
5. Орта тісжегі.
124. 4 жасар баланы қарап тексергенде 7.5 тістің шайнау бетінен, оңай алынатын, ақшыл ылғалды терең тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауыру сезімі бар, индекс кп – 6.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Орта тісжегі;
2. Терең тісжегі;
3. Периодонттың созылмалы қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы.
125. 7 жасар баланы қарап тексергенде анықталды: кп-7, шайнау тістерінің ұлпалары алынған, 6.4 тісте пломба түсіп қалған, 8.5 тісте екіншілік тісжегі дамыған.
Төменде аталған көріністер тісжегі үрдісінің қандай белсенділік дәрежесіне НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Баяу дамитын түрі;
2. Субкомпенсирленген түрі;
3.+Декомпенсирленген түрі;
4. Компенсирленген түрі;
5. Созылмалы түрі.
126. 11 жастағы балада 4.6 тістің шайнау бетінде тісжегі тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде аздап ауырады. Сайлары пигменттелген.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Беткей тісжегі;
2. Жергілікті гипоплазия;
3. Орта тісжегі;
4. Кіреуке эрозиясы;
5. Флюороз.
127. Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы балалардың тісжегіге шалдығуын сипаттайды?
1. Ағым сипаты;
2. Ауыру сезімі;
3.+Үрдіс қарқындылығы;
4. Анамнез мәліметтері;
5. Ауырудың ұзақтығы.
128. Бала 11 жаста. Температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Бала жиі суықтап ауырады. КПУ+кп=8. 4.6 тістің иедиальды-шайнау бетінде – қабатпен алынатын, ылғалды жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде табанында ауырады.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. I дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі орта тісжегі;
2. II дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі орта тісжегі;
3. I дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі терең тісжегі;
4. II дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі терең тісжегі;
5.+III дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі терең тісжегі.
129. Бала 6 жаста. Санация мақсатында қаралды. Қарап тексергенде: 5.4, 6.4, 7.4 тістерінде бұрын ұлпалары алынған, 7.5, 8.5 тістері пломбыланған. 5.5, 6.5 тістерінен орта тісжегіні анықтады.
Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Егеу, химиялық композициялық материалмен пломбылау;
2.+ІІ қабылдауда емдік төсем төсеу арқылы пломбылау;
3. Егеу, стеклоиномерлік цементпен пломбылау;
4. Емдік төсем, тұрақты пломба силидонт;
5. Кейінге қалдырып емдеу.
130. Тісжегінің декомпенсирленген түрінің орта тісжегісін төменде аталған белгілерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жақсы сипаттайды?
1. Жұмсарған пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы, шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады;
2.+Жиектері тегіс емес, жұмсарған ақшыл дентині бар тісжегі қуысы;
3. Дентині тығыз тісжегі қуысы, бүкіл табанында ауырады;
4. Дентині тығыз, жиектері тегіс тісжегі қуысы;
5. Тіс қуысымен байланыстаын тісжегі қуысы.
131. 5 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісіндегі ыңғайсыз сезімдеріне шағымданады. Қарап тексергенде: 6.4 тісте қоңыр-сұр түстес массаға толған терең тіс жегі қуысы, жағымсыз иіс шығып тұр, шұқып тексергенде түбір өзектерінің сағалары ауырады.
Төмендегі аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Консервативті емдеу
2. Витальды пульпотомия
3.+Витальды пульпэктомия
4. Девитальды пульпотомия
5. Девитальды пульпэктоми
132. 5 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісіндегі ыңғайсыз сезімдеріне шағымданады. Қарап тексергенде: 6.4 тісте қоңыр-сұр түстес массаға толған терең тіс жегі қуысы, жағымсыз иіс шығып тұр, шұқып тексергенде түбір өзектерінің сағалары ауырады.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?
1. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы
2. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы
3. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
4.+ Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
133. 12 жасар жасөспірім бала түнде күшейетін ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Қарап тексергенде: 4.6 тісінде орташа тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды, пигменттелген дентин оңай алынады, шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесінің тұсында күрт ауырады. КПУ индексі – 3.
Төмендегі тексеру әдістерінің ЕҢ қолайлысы қайсысы?
1. +Электроодонтометрия
2. Флюоресцентті
3. Рентгенография
4. Визиография
5. Реография
134. 12 жасар жасөспірім бала түнде күшейетін ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Қарап тексергенде: 4.6 тісінде орташа тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды, пигменттелген дентин оңай алынады, шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесінің тұсында күрт ауырады. КПУ индексі – 3.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың жедел қабынуы
2. +Ұлпаның жедел жалпы қабынуы
3. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
4. Ұлпаның жеде жартылай қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
135. 7 жасар баланың сауыз қуысын санациялау барысында 5.5 тістегі ұлпасы ашық тісжегі қуысы анықталды, шұқып тексергенде ауырады. КПУ+кп индексі -3.Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Терең тісжегі
2. Периодонттың созылмалы қабынуы
3.+ Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы
136. 12 жастағы бала 2-3 күн бойы мазалайтын, төменгі тістегі өздігінен туындайтын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Тісі бұрын ауырған, бірақ емделмеген.. Объективті: 4.6 тістің медиальді-шайнау бетіндегі, жұмсарған пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырады. Қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың жедел қабынуы
2. Ұлпаның жедел серозды жалпы қабынуы
3. Ұлпаның жедел серозды жартылай қабынуы
4.+Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
137. Тамақ жегенде туындайтын, тісіндегі ауыру сезіміне шағымданып, анасы 6 жасар баласын әкелді. Қарап тексергенде: 8.4 тістің дистальді-шайнау бетінде жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырады. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында сүйек тінінің ыдырауы байқалады.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+ Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
2. Ұлпаның жедел іріңді жалпы қабынуы
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
138. Анасы 4 жасар баласымен жоғарғы оң жағындағы қатты ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 5.4 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы, шұқып тексергенде күрт ауырады, тістің түсі өзгермеген, кп индексі -2.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың жедел қабынуы
2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы
3.+Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
5. Периодонтың созылмалы қабынуының өршуі
139. 11 жастағы бала 1.1 тісі сауытының түсі өзгеруіне шағымданып келді. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 1.1 тісі сау, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, қызылиек шырышты қабаты өзгермеген.
Төменде аталған қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Витальді бояу
2. Денситометрлік
3.+Одонтометрлік
4. Термометрлік
5. Люминесценттік
140. Анасы 5 жасар баласын қаратуға келді. Бала төменгі оң жағындағы тісіндегі ыңғайсыз сезімдерге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 8.4 тісінің түсі өзгерген, тісжегі қуысында тағам қалдықтары бар, ашылған тіс қуысын шұқып тексергенде жағымсыз иісті сұр масса анықталды, түбір өзектерінің сағасында ауыру сезімі бар. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында сүйек тінінің деструкция ошағы анықталды.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы
3. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
4.+Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы
141. Анасы 3 жасар баласын әкелді. Баласының жоғарғы оң жақ тісі қатты ауырады, ыстықтан күшейеді. Анасының айтуынша, тісі алғаш 2 күн бұрын ауырып бастаған. Бала сау, кп-2. 5.4 тістің шайнау бетінде жұмсарған пигменттелген дентинге толған тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырады, қағып тексергенде аздап ауырады, тісті қоршаған шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
2. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
3. Ұлпаның жедел серозды қабыны
4. +Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
5. Периодонттың жедел қабынуы
142. Төменде аталған морфологиялық элементтердің қайсысы ұлпада қорғаныс қызметін атқарады?
1. Коллаген талшықтары
2. Эластикалық талшықтар
3. Кезбе жасушалары
4. Фибробласттар
5.+Гистиоциттер
143. Анасы 4.5 жастағы баласымен қатты тамақ жегенде және температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданып келді. Объективті: 7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады, кп индексі- 8.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
2. Ұлпаның жедел серозды қабыны
3.+ Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
144. Анасы 3 жасар баласымен стоматологқа қаралды. Баласында 2 күн бұрын дене қызуы 39.8º дейін көтерілді, жоғарғы алдыңғы тісінде ауыру сезімі пайда болды. Объективті: 5.1 тістің медиальды бетінде жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысын ашып, шұқып тексергенде күрт ауырады. Қағып тексергенде ауырады, қызылиек шырышты қабаты ісінген, қызарған, кп индексі-2.
Осы жағдайда төменде аталған шұғыл көмектердің қайсысын НЕҒҰРЛЫМ жүргізген дұрыс?
1. Тісті жұлу
2. УЖЖ - ем
3. Жансыздандыру
4. Тіс қуысын ашу
5.+Түбір өзегі арқылы шығуын қамтамасыз ету
145. Төменде аталған симптомдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы жәй қабынуына тән?
1.+Тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырады
2. Дентин жұмсарған, шұқып тексергенде ауырмайды
3. Табаны тығыз, шұқып тексергенде ауырмайды
4. Тіс қуысы ашылған, іріңді экссудат
5. Қағып тексергенде ауырады, шырышты қабаты ісінген
146. Төменде аталған симптомдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы шіри қабынуына тән?
1. Тісжегі қуысындағы пигменттелген дентин
2. Тіс қуысындағы тығыз дентин
3. Түбір өзегіндегі қанап тұрған ұлпа
4. Тісжегі қуысындағы ылғалды дентин
5.+Тіс қуысындағы лас-сұр түсті ұлпа
147. 6 жастағы балаға 8.4 тістегі ұлпаның созылмалы жәй қабынуы бойынша витальды пульпотомия жүргізілген.
8.4 тістің түбір ұлпасына әсер ететін қандай емдік затты қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Қабынуға қарсы
2.+Мумифицирлеуші
3. Антисептикалық
4. Жансыздандырушы
5. Стимулдеуші
148. Түбірлері қалыптасқан тұрақты тістердің ұлпа жағдайын анықтауға қандай әдісті қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Электроодонтометрия
2. Термовизиография
3. Капилляроскопия
4. Денситометрия
5. Электрометрия
149. 5 жастағы бала тісінің қатты ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде кп индексі = 7. 7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде, тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Температуралық тітіркендіргіштерге күрт ауырады. Шұқып және қағып тексергенде ауырады. Тісті қоршаған шырышты қабат қызарған, ісінген.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тісті жұлу
2. Биологиялық әдіс
3.+Витальды пульпэктомия
4. Витальды пульпотомия
5. Девитальды пульпотомия
150. Уақытша тістердің түбір өзектерін пломбылауға қолданылатын материалға қойылатын НЕҒҰРЛЫМ маңызды талап қандай?
1. Пластикалық болуы керек
5. Оңай араластырылуы керек
3. Жағымсыз иістің болмауы
2. Тіс түсіне әсер етпеуі керек
4.+Оңай сорылу қабілетінің болуы
151. Қальций құрамдас пасталар қандай НЕҒҰРЛЫМ маңызды қасиеттке ие болуы керек?
1.+Одонтотропты
2. Фуницидті
3. Мумифицирлеуші
4. Оссифицирлеуші
5. Антимикробты
152. Тұрақты тістердің түбір өзектерін уақытша пломбылауға төменде аталған материалдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Кальций құрамдас паста
2. Цинк-эвгенолды паста
3. Эндометазонды паста
4. Гуттаперчалық штифттер
5. Эндофил пастасын
153. Уақытша тістердің ұлпа қабынуын пульпотомия әдісімен емдеу дегеніміз не?
1. Түбір өзектерін кеңейту;
2. Ұлпаның сағалық бөлігін кеңейту;
3.+Сауыттық және сағалық ұлпаны алу;
4. Сауыттық және түбірлік ұлпаны алу;
5. Ұлпаның барлық бөлігін сақтау.
154. Уақытша тістердің ұлпа қабынуын пульпоэктомия әдісімен емдеу дегеніміз не?
1. Түбір өзектерін кеңейту;
2. Ұлпаның сағалық бөлігін кеңейту;
3. Сауыттық және сағалық ұлпаны алу;
4. +Сауыттық және түбірлік ұлпаны алу;
5. Ұлпаның барлық бөлігін сақтау.
155. Тісжегінің декомпенсирленген түрінде уақытша тістерде ұлпа қабынуының қай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?
1. Ұлпаның созылмалы пролиферативті қабынуы;
2. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы;
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
5.+Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы.
156. Бала 12 жаста. Ауызындғы жағымсыз иіске шағымданады. Анамнезінен 3.6 тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 3.6 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын терең тісжегі қуысы бар. Тіс қуысында лас-сұр түсті, жағымсыз иісі бар масса анықталды. Шұқып тексергенде өзек сағасында ауыру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге ұзақ уақытқа созылатын ауыру сезімі.
Төменде аталғандардың ішінде қай нақтама НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел серозды жартылай қабынуы;
2.+Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
3. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы
5. Ұлпаның жедел қабынуы
157. Бала 8 жаста. Кеше мектебінде партаға соғылған. Қарап тексергенде: 2.1 тіс сауытының 1/3 бөлігі сынған, ұлпасы ашылған. Шұқып тексергенде күрт ауырады. Қағып тексергнеде аздап ауырады, шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті. Рентгенограммада өзгерістер жоқ.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Девитальды пульпэктомия;
2. Девитальды пульпотомия;
5. Апексификация;
4.+Апексогенез;
3. Тісті жұлу.
158. Жоспарлы санация кезінде 11 жастағы баладан тісжегінің декомпенсирленген түрі анықталды. 2.6 тістен ұлпаның созылмалы жәй қабынуы нақтамаланды.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Хирургиялық әдіс;
2. Биологиялық әдіс;
3. Витальды пульпотомия
4.+Витальды пульпэктомия
5. Девитальды пульпотомия
159. Бала 7 жаста. Санация мақсатымен келді. 8.5 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесі ашылған. Шұқып тексергнеде ауырады.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Витальды пульпэктомия;
2.+Витальды пульпотомия;
3. Апексификация әдісі;
4. Биологиялық әдіс;
5. Апексогенез әдісі.
160. 12 жастағы бала 2 күн бұрын мектебінде партаға ұрылды, алдыңғы топ тістерінің аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 1.1 тіс сауытының бұрышы сынған, тіс қозғалмалы, қағып тексергенде ауырады, қызылиек ісінген, қызарған. КПУ индексі -6.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Периодонттың жедел жарақаттық қабынуы
2. Периодоттың жедел іріңді қабынуы
3. Периодонттың жедел серозды қабынуы
4. Периодонттың жедел токсикалық қабынуы
5. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
161. Анасы 6 жасар баласын санация мақсатында әкелді. кп индексі – 6. 8.4 тістің дистальды-шайнау бетінде жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырмайды. Тістің түсі сұр, жылтырлығы жоғалған. Рентгенограммада 8.4 тістің түбірлер ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің деструкция ошақтары анықталады.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
3. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
4.+ Периодонттың созылмалы гранульденіп қабынуы
5. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы
162. 5 жастағы бала тістегенде пайда болатын қатты ауыру сезіміне және жыланкөзның болуына шағымданады. Бұрын 7.5 тісі тісжегі бойынша бір қабылдауда емделген. Қарап тексергенде: 7.5 тістің шайнау бетінде пломба бар, тістің түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырады, қызылиегі көкшілденген, тіс түбірінің проекциясында грануляциялары бар жыланкөз орналасқан.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың токсикалық қабынуы
2. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
4.+ Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
5. Периодонттың созылмалы жарақаттық қабынуы
163. 5 жасар бала төменгі сол жақ тісінің аймағындағы жалғаға шағымданады. 7.5 тісі бұрын тісжегі бойынша бір қабылдауда емделген. Қарап тексергенде: на жевательной поверхности 7.5 тістің шайнау бетінде пломба бар, тістің түсі өзгерген, қызылиегі көкшілденген, тіс түбірінің проекциясында грануляциялары бар жыланкөз орналасқан, қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың токсикалық қабынуы
2. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
4. Периодонттың созылмалы жарақаттық қабынуы
5.+ Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы
164. Бала 12 жаста. Тістегенде күшейетін төменгі тісіндегі қатты ауыру сезіміне шағымданадыҚарап тексергенде: 3.6 тістің медиальды шайнау бетінде жұмсарған дентині бар терең тісжегі қуысы анықталды, шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде ауырады, қызылиек шырышты қабаты қызарған, ісінген. КПУ индексі -5.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+ Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;
2. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
3. Периодонттың жедел серозды қабынуы;
4. Ұлпаның жедел серозды қабынуы;
5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы.
165. Бала 12 жаста. Тістегенде күшейетін төменгі тісіндегі қатты ауыру сезіміне шағымданадыҚарап тексергенде: 3.6 тістің медиальды шайнау бетінде жұмсарған дентині бар терең тісжегі қуысы анықталды, шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде ауырады, қызылиек шырышты қабаты қызарған, ісінген. КПУ индексі -5.
Қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Реографиялық;
2.+Рентгенологиялық;
3. Одонтометриялық;
4. Денситометриялық;
5. Стоматоскопиялық.
166. Рентгенограммада периапикальды тіндерде өзгерістер анықталады:
1. Терең тісжегіде;
2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуында;
3.+ Периодонттың созылмалы қабынуында;
4. Периодонттың жедел іріңді қабынуында;
5. Периодонттың жедел серозды қабынуында.
167. 11 жастағы бала тістегенде пайда болатын жоғарғы тісіндегі ауыру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде: 1.6 тіске 2 апта бұрын девитализдеуші паста қойылған. Қарап тексергенде: 1.6 тісте уақытша пломбасы бар тісжегі қуысы, қағып тексергенде ауырады, қызылиегі қызарған.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;
2.+ Периодонттың жедел медикаментозды қабынуы;
3. Периодонттың жедел жарақаттық қабынуы;
4. Периодонттың жедел инфекциялық қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі.
168. 9 жастағы бала жоғарғы алдыңғы тісінің түсінің күңгірттенуіне шағымданады. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 1.1 тіс сау, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, қызылиегі өзгермеген.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+ Периодонттың созылмалы жарақаттық қабынуы;
2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
3. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
4. Периодонттың созылмалы қабынуы;
5. Периодонттың токсикалық қабынуы.
169. 5 жастағы балада 4 күн бойы жоғарғы сол жақ тісі ауырып келеді. Бала мазасыз, гипертензионды синдром бойынша диспансерлік тіркеуде тұр. Қарап тексергенде: кп=7, 6.4 тісте тісжегі қуысы, тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде ауырады. Қызылиегі қызарған, ісінген.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Үрдіске периодонт қосылған ұлпаның жедел қабынуы;
2.+ Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;
3. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
4. Периодонттың жедел іріңді қабынуы;
5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы.
170. 5 жасар балаға жоспарлы санация жүргізгенде анықталды: 8.4 тістің шайнау бетінде пломба бар, тіс түсі өзгерген, қызылиегінде жыланкөз, қағып тексергенде ауырмайды. Рентгенограммада: периапикальды аймақта шекарасы анық емес ыдырау ошағы.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы;
2.+Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;
3. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы;
4. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы.
171. Анасы 3 жасар баласымен стоматологқа қаралды. Бір күн бұрын дене қызуы 37,8º дейін көтерілді, тигенде алдыңғы тістерінің ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: 5.1 тісте жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды. Тіс аздап қозғалады, қағып тексергенде ауырады. Қызылиегі қызарған. кп индексі -2.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы;
3. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
4.+Периодонттың жедел серозды қабынуы;
5. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.
172. 5 жастағы баланы анасы стоматологқа әкелді. Жоғарғы алдыңғы тістерінің ауыруына шағымданады. Бір күн бұрын кешке бала құлап, әткеншекке соғылған. Қарап тексергенде: жоғарғы ерні ісінген, 5.1, 6.1 тісті қоршаған қызылиек қызарған, ісінген, тістер қозғалмалы, тиіп қалғанда ауырады.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы;
3. Периодонттың жедел іріңді қабынуы;
4.+ Периодонттың жедел жарақаттық қабынуы
5. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
173. Жоспарлы санация жүргізгенде 6 жастағы баладан 7.4 тісінің өзгергені және қызылиегінен жыланкөз анықталды. Объективті: 7.4 тістің шайнау бетінде цементтік пломба, қағып тексергенде ауырмайды, қызыилек өзгермеген. Рентгенограммада: түбір ұшында от жалыны тәрізді ыдырау ошағы.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+ Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;
2. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы;
3. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы.
174. 10 жастағы бала 1.4 тісі аймағындағы қызылиегінде «іріңдік» пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен, жарты жыл бұрын пломба қойылған, ол 2 апта бұрын түсіп қалған. Объективті: 1.4 тістің апроксимальды бетінде пломба қалдықтары бар тісжегі қуысы бар. Қызылиегінде жыланкөз. Қағып тексергенде ауыру сезімі бар. Шырышты қабаты бозғылт алқызыл түсті.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+ Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы
2. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
4. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы.
175. 10 жастағы бала 1.4 тісі аймағындағы қызылиегінде «іріңдік» пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен, жарты жыл бұрын пломба қойылған, ол 2 апта бұрын түсіп қалған. Объективті: 1.4 тістің апроксимальды бетінде пломба қалдықтары бар тісжегі қуысы бар. Қызылиегінде жыланкөз. Қағып тексергенде ауыру сезімі бар. Шырышты қабаты бозғылт алқызыл түсті.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. + Бір қабылдауда пломбылау;
2. Жыланкөзны кюретаждау;
3. Апексификация әдісі;
4. Апексогенез;
5. Тісті жұлу.
176. 9 жастағы бала жоғарғы оң жақ тісінің қатты ауырауына шағымданады. Анамнезінен, 6.5 тісі бұрын емделгені анықталды. Объективті: кп+КПУ = 6. 65 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын терең тісжегі қуысы бар, тіс түсі өзгерген. Шұқып тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде ауырады, тіс қозғалмалы, шырышты қабаты қызарған, ісінген.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
2. Периодонттың жедел іріңді қабынуы;
3. Периодонттың жедел серозды қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
5.+ Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
177. 11 жастағы бала жоғарғы тісінің қатты ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 1.2 тістің дистальды бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар, оларды алғанда тіс қуысы ашылды, ірің шықты. Бала бірден жеңілденіп қалды, ауыру сезімі басылды. КПУ индексі -2.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел серозды қабынуы;
2. Периосттың жедел іріңді қабынуы;
3.+ Периодонттың жедел іріңді қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
5. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.
178. Өзектері нашар өтілетін тұрақты тістегі периодонттың созылмалы қабынуында физиоемнің қандай әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. УЖЖ-терапия
2. Магнитотерапия
3. Диатермокоагуляция
4. Гелий-неонды лазер
5.+Купралмен депофорез
179. Тісті вертикалды қағып тексеру әдісімен зерттеуден анықталады:
1. Түбір өзектері сағаларының орналасуы;
2. Түбір қалыптасуының дәрежесі;
3.+Түбір ұшы периодонтының жағдайы;
4. Альвеола аралық қалқан жағдайы;
5. Тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы.
180. Түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістердің түбір өзектерін уақытша пломбылауға төменде аталған материалдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Цинк-эвгенолды пастаны;
2. Эндометазонды пастаны;
3. Гуттаперча штифттерін;
4.+ Кальцикур пастасын;
5. Эндофил-пастасын.
181. Рентгенологиялық әдіспен анықталған қандай өзгерістер периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуына НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Шекарасы анық сүйек тінінің ыдырауы;
2. Периодонт саңылауының бірқалыпты кеңеюі;
3. Түбір ұышнда периодонт саңылауының кеңеюі;
4. Сүйек тінінің ыдырау ошағы өсу аймағынан кіші;
5.+ Шекарасы анық емес түбір ұшы аймағы тіндерінің ыдырауы.
тіннің сорылуы.
182. 8 жастағы баланың 7.4 тісінің айналасындағы қандай үрдіс патологиялық болып есептеледі?
1. Барлық түбірлердің біркелкі сорылуы;
2. Түбірлердің біреуінің көбірек сорылуы;
3. Бифуркация аймағының көбірек сорылуы;
4.+3.4 тіс фолликуласының кортикальды пластинкасының сорылуы;
5. Түбірлері қалыптаспаған тістер аймағында кортикальды пластинканың болмауы.
183. Төменде аталған рентген көріністерінің қайсысы периодонттың созылмалы фиброзды қабынуына НЕҒҰРЛЫМ тән?
1. Бифуркация аймағындағы остеопороз;
2. альвеоланың кортикальды пластинкасының деструкциясы;
3.+Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауының кеңеюі;
4. Түбір ұшындағы шекарасы анық сүйек тінінің деструкция ошағы;
5. Түбір ұшындағы шекарасы анық емес сүйек тінінің деструкция ошағы
184. Балалардағы периодонт қабынуының даму себебі НЕҒҰРЛЫМ қандай?
1.+Инфекция;
2. Гиповитаминоз;
3. Дәрілер қабылдау;
4. Ауыз қуысының нашар гигиенасы;
5. Тіс пастасын дұрыс таңдамау.
185. 9 жастағы бала жоғарғы алдыңғы тісінің түсінің күңгірттенуіне шағымданады. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 1.1 тіс сау, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, қызылиегі өзгермеген.
Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Витальды бояу
2. Денситометриялық
3.+Одонтометриялық
4. Термометриялық
5. Люминесценттік
186. Бала 9 жаста, 1.1 тісінің сауытының қарайуына шағымданады. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа көмекке жүгінбеген. Қарап тексергенде: 1.1 тісі интактілі, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, шырышты қабаты өзгеріссіз.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЫЛЫМ сәйкес келеді.
1.+Созылмалы жарақаттан болған периодонт қабыну
2. Созылмалы ұлпаның шіри қабынуы
3. Созылмалы жай ұлпа қабынуы
4. Созылмалы периодонт қабынуы
5. Токсикалық периодонт қабынуы
187. 7 жастағы бала профилактикалық қаралу мақсатымен келді. Объективті: КПУ+кп=7. 7.4 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Шұқып, қағып тексергенде ауырмайды, тіс сұр түсті, жылтырлығы жоғалған.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы;
2. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
5.+Периодонттың созылмалы қабынуы.
188. 9 жастағы бала жоғарғы оң жақ тісінің жедел ауыруына шағымданады. Анамнезінен, 6.5 тісі емделгені анықталды. Объективті: кп+КПУ=6. 65 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын терең тісжегі қуысы бар, тіс сауытының түсі өзгерген. Перкуссия ауырады, тіс қозғалмалы, шырышты қабаты қызарған, ісінген.
Төменде аталған тактиканың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Түбір өзектері арқылы қысымды шығару;
2. Эндодонттық ем;
3.+Тісті жұлу;
4. Физиоем;
5. Депофорез.
189. 7 жастағы бала профилактикалық қаралу мақсатымен келді. Объективті: 8.5 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды. Рентгенограммада түбірінің ½ бөлігінің резорбциясы, айналасындағы сүйек тіні өзгеріске ұшыраған.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тіс қуысын кеңейту, ампутация, пломбылау;
2. Эндодонттық емдеу;
3. Тіс қуысын кеңейту, содамен ауыз шайқау;
4. Егеу, мед.өңдеу, пломбылау;
5. +Тісті жұлу.
190. 7 жастағы бала профилактикалық қаралу мақсатымен келді. Объективті: 8.5 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды. Рентгенограммада түбірінің ½ бөлігінің резорбциясы, айналасындағы сүйек тіні өзгеріске ұшыраған.
Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;
2. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы;
3. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы.
191. 5 жастағы бала анасымен ауыз қуысының санациясы мақсатымен келді. Объективті: 7.4 тістің түсі аздап өзгерген. Тісті қоршаған қызылиек аздап көгерген, грануляциялары бар жыланкөз және ірің көрінеді.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы;
2.+Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы
3. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
192. Анасы 4 жасар баласын стоматологқа әкелді. Бірнеше күн бойы төменгі оң жағындағы тісінің ауыруына шағымданады. Тіс бұрын емделген. 8.4 тістің медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде ауырады, тістің түсі өзгерген, шырышта қабаты қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Үрдіске периодонт қосылған ұлпаның жедел қабынуы;
2.+ Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;
3. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі;
4. Периодонттың жедел іріңді қабынуы;
5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы.
193. 14 жасар баланы профилактикалық тексеру кезінде анықталды: 4.6 тісте цементтік пломба, тістің түсі өзгерген, қызылиегінде жыланкөз, перкуссияда ауырады. Рентгенограммада дистальды түбір аймағында от жалыны тәрізді ыдырау ошағы көрінеді.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Тісті жұлу;
2. УФС – терапия;
3. Консервативті ем;
4.+Эндодонттық ем;
5. Түбір өзектерін штифтпен пломбылау.
194. 15 жастағы бала тістегенде күшейетін төменгі тісіндегі ауыру сезіміне шағымданады. 10 күн бұрын 4.6 тісіне девитализдеуші паста қойылған. Объективті: 4.6 тістің дистальды-шайнау бетінде уақытша пломбасы бар тісжегі қуысы бар, қағып тексергенде күрт ауырады. Тісті қоршаған шырышты қабат қызарған, ісінген. .
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы;
3. Периодонттың жедел іріңді қабынуы;
4. Периодонттың созылмалы қабынуның өршуі;
5.+Периодонттың жедел медикаментозды қабынуы.
195. Анасы 5 жастағы баласымен дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде: 8.4 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды, тістің түсі өзгерген.
Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Орта тісжегі;
2. Терең тісжегі;
3.+Периодонттың созылмалы қабынуы;
4. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы.
196. Анасы 5 жастағы баласымен дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде: 8.4 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды, тістің түсі өзгерген.
Төменде аталған қосымша тексеру әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1.+Рентгенологиялық;
2. Денситометриялық;
3. Одонтометриялық;
4. Флюоресцентті;
5. Реографиялық.
197. Бала 10 жаста. 3.6 тістегі тістегенде күшейетін қатты ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы, шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде ауырады, қызылиегі қызарған, ісінген. КПУ индексі -5.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. І қабылдауда пломбылау;
2. Эндодонттық емдеу;
3. УФС - терапия
4. Тісті жұлу.
5. +Тіс қуысын ашу, экссудатты шығару.
198. «Периодонттың созылмалы гарнулематозды қабынуы» нақтамасын қоюға қандай қосымша тексеру әдісі НЕҒҰРЛЫМ қажет?
1. Микробиологиялық;
2. Денситометриялық;
3.+Рентгенологиялық;
4. Цитологиялық;
5. Реографиялық.
199. Түбірлері толық қалыптаспаған тұрақты тістің өзегін уақытша пломбылауға НЕҒҰРЛЫМ қолданған тиімді:
1. Фосфат-цемент;
2. Интрадонт;
3.+Каласепт;
4. Эндофил;
5. Штифт.
200. 8 жастағы балаға 3.6 тісіндегі ұлпаның созылмалы жәй қабынуына байланысты ем тағайындалды. 3.6 тістің түбір өзегін уақытша пломбылауға НЕҒҰРЛЫМ қандай материал көрсеткіш болады?
1. Гуттаперча штифті;
2. Эндометазон пастасы;
3. Цинк-эвгенол пастасы;
4.+Кальций құрамды паста;
5. Резорцин-формалин пастасы.
201. Мышьяк қышқылының антидоты болып табылады:
1. А витамині
2.+Йод препараты
3. Бром препараты
4. Метронидазол (трихопол)
5. Шырғанақ майы (облепиховое масло)
202. Түбірлері толық қалыптасқан тұрақты тістегі жедел ұлпа қабынуын жедел периодонт қабынуынан ажырататын салыстырмалы симптом болып НЕҒҰРЛЫМ табылады:
1.+Температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезімі
2. Тілімен, инструментпен тигендегі ауыру сезімі
3. Рентгенологиялық мәліметтер
4. Ашық тіс қуысының болуы
5. Тіс қуысының жабық болуы
203. Тұрақты тістің ұлпа қабынуын емдеу әдісін таңдауда НЕҒҰРЛЫМ ескеру қажет:
1. Электроодонтодиагностика көрсеткіштерін;
2. Объективті тексеру мәліметтерін;
3.+Түбірдің қалыптасу дәрежесін;
4. Тісжегі қуысының орналасуын;
5. Ауру анамнезін.
204. Классикалық мышьяк пастасы 3.7 тіске қанша уақытқа қойылады?
1. 5-6 тәулікке;
2.+48 сағатқа;
3. 24 сағатқа;
4. 3 тәулікке;
5. 7 тәулікке.
205. Ұлпаның сауыттық бөлігін алуға (ампутацияға) келесі аспапты қолданады:
1. Зонд;
2. Риммер;
3. Штопфер;
4. +Экскаватор;
5. Дөңгелек тәрізді бор.
206. Түбір өзектері жақсы өтілетін ұлпаның түбірлік бөлігін алуға (экстирпацияға) қолданылатын НЕҒҰЛЫМ сәйкес аспап:
1.+Ұлпа суырғыш;
2. Гуттаконденсор;
3. Миллер инесі;
4. Спредер;
5. К-файл.
207. Түбір өзегінің қабырғасынан инфицирленген предентинді алуға НЕҒҰРЛЫМ қандай аспап қолданылады:
1.+Ұлпа суырғыш;
2. Өзек толтырғыш;
3. Экскаватор;
4. Түбір инесі;
5. К-файл .
208. Түбір өзегін пломбылауға қолданылатын аспап:
1. Штифт;
2. H-файл;
3. +Спредер;
4. Ұңғы (развертка);
5. Ұлпа суырғыш.
209. Түбір өзегін медикаментозды өңдеуге НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданады:
1.+3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін;
2. 12% карбамид асқын тотығын;
3. Хлорамин ерітіндісін;
4. Фенол-формалин;
5. Камфара-фенол.
210. Түбір өзегін медикаментозды өңдеуге қолданады:
1.+Натрий гипохлоритін;
2. Аскорбин қышқылын;
3. Кальций су тотығын ;
4. Спирт;
5. Эфир.
211. Импрегнациялық әдіске НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданылатын ерітінді:
1. Камфора-фенол;
2. Фенол-формалин;
3. Кальций су тотығын;
4. +Резорцин-формалин;
5. Натрий гипохлоритін.
212. Ұлпа девитализациясы үшін НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданады:
1. Резорцин-формалин қоспасын;
2. Натрий гипохлоритін;
3.+Мышьяк пастасын;
4. Камфора-фенол;
5. Унитиол.
213. Түбір өзегін химиялық кеңейтуге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келетін дәрілік препарат:
1. Марганец-қышқылды калий
2. Кальций глюконаты
3. Формалин
4. Йодинол
5.+ЭДТА
214. Ұлпаның девитальды экстирпациясын жүргізгенде бірінші қабылдауда жүргізеді:
1. Тіс қуысын ашады;
2. Түбір өзегін шаяды;
3.+Мышьяк пастасын қояды;
4. Түбір өзектерін пломбылайды;
5. Түбір өзектерін инструменталды өңдейді.
215. Бір түбірлі тістің түбір өзегін пломбылауға қолданады:
1. Резорцин-формалин пастасын;
2.+Гуттаперча штифттерін;
3. Силикатты цемент;
4. Сұйық композит;
5. Форфенан.
216. Әртүрлі бағытта орналасқан периодонт талшықтары қандай қызмет атқарады?
1.+Тірек-ұстап тұрушы;
2. Қысымды тарату;
3. Пластикалық;
4. Трофикалық;
5. Қорғаныс.
217. Тіс қуысының ашылуы нені білдіреді?
1. Кіреукенің салбыраңқы қырларының алынуын;
2. Тіс қуысы табанының перфорациясын;
3.+Тіс қуысымен байланыс құрылуын;
4. Тіс қуысы күмбезінің алынуын;
5. Ұлпа алынуын.
218. Периодонтта 60% тіндік сұйықтықтың болуы келесі қызметтің орындалуына септігін тигізеді:
1. Тірек-ұстап тұрушы;
2. +Қысымды тарату;
3. Пластикалық;
4. Сенсорлы;
5. Қорғаныс.
219. Ұзындығы бойынша түбір өзегін өтуге қолданылады:
1. Н-файл;
2. К-файл;
3.+К-ример;
4. Өзек толтырғыш;
5. Ұлпа суырғыш.
220. Диаметрі бойынша түбір өзегін кеңейтуге қолданылады:
1. Пульпоэкстрактор;
2. Өзек толтырғыш;
3.+К-файл, Н-файл;
4. Түбір инесін;
5. К-ример.
221. Түбір өзектерін гуттаперчамен латеральды конденсация әдісімен пломбылағанда қолданылатын аспап:
1. Ұлпа суырғыш;
2.+Спредеры;
3. Н-файлы;
4. К-файлы;
5. Плагеры.
222. Гуттаперчаның латеральды конденсациясында силер ретінде қолданылады:
1. Резорцин-формалин пастасы;
2. Шыныталшықты штифттер;
3.+Шайыр негізіндегі паста;
4. Анкер штифттері;
5. Күміс штифттер.
223. Себепші тісте ауыру сезімінің болмауы, бет конфигурациясының өзгеруі НЕҒҰРЛЫМ қай нақтамаға сәйкес?
1. Интоксикация сатысындағы периодонттың жедел қабынуына;
2. Экссудация сатысындағы периодонттың жедел қабынуына;
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуіне;
4. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуына;
5.+Периостит, шырышасты абсцесске.
224. Тістерін түйістіргенде күшейетін солқылдаған ауыру сезімі НЕҒҰРЛЫМ қай ауруға тән?
1.+Интоксикация сатысындағы периодонттың жедел қабынуына;
2. Экссудация сатысындағы периодонттың жедел қабынуына;
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуіне;
4. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуына;
5. Периостит, шырышасты абсцесске.
225. Тұрақты қатты ауыру сезімі, «тіс өсіп кеткен» сезімі НЕҒҰРЛЫМ қай ауруға тән?
1. Интоксикация сатысындағы периодонттың жедел қабынуына;
2.+Экссудация сатысындағы периодонттың жедел қабынуына;
3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуіне;
4. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуына;
5. Периостит, шырышасты абсцесске.
226. Периодонт қабынуын консервативті емдеу НЕҒҰРЛЫМ қандай жағдайда сәтті болады?
1.+Түбір өзегі толық пломбыланғанда;
2. Түбір өзегі толық пломбыланбағанда;
3. Тіске көп функционалды жүктеме түсетін болғанда;
4. Периапикальды ошақ пародонт қалтасымен байланысқанда;
5. Түбір өзегін пломбылық материалды түбір ұшынан шығарып пломбылағанда.
227. Тістің жұмыс ұзындығын анықтау қандай әдіспен жүзеге асырылады?
1. Ультрадыбыспен;
2.+Рентгенографиямен;
3. Термодиагностикамен;
4. Субъективті сезімдермен;
5. Электроодонтодиагностикамен.
228. Пломбылық материалды түбір ұшы тесігінен тым көп шығарып пломбылаудың себебі:
1. Түбір өзегінде стержендік инструменттің сынуы;
2. Медикаментозды өңдеудің жеткіліксіздігі;
3. Түбір өзегі қабырғасының перфорациясы;
4.+Апикальды тесікті қатты кеңейту;
5. Түбір өзегі нашар кептірілген.
229. Сау орталық күрек тістерінің тіс қуысын ауыз-жақ бетінен қандай деңгейде ашады?
1. Тіс мойнынан;
2. Кесу қырынан;
3. Сауыттың төменгі 1/3 бөлігінен;
4. Сауыттың жоғары 1/3 бөлігінен;
5.+Сауыттың ортаңғы 1/3 бөлігінен.
230. Түбір өзегін шприцпен шайғанда эндодонттық ине өтеді:
1.+Түбір өзегі ұзындығының ортаңғы 1/3 бөлігіне
2. Түбір өзегі ұзындығының 1/3 бөлігіне
3. Апикальді тесіктен шығады
4. Апикальді тесікке
5. Сағасына
231. Түбір өзегінен ұлпаны толық алудың көрсеткіші:
1. ЭОД жүргізу;
2. Түбір өзегінің қанауы;
3.+Пульпоэкстракторда тартпаның болуы;
4. Қағып тексергенде ауыру сезімінің болмауы;
5. Шұқып тексергенде ауыру сезімінің болмауы.
232. Тісжегі қуысының табанын шұқып тексергендегі бір нүктедегі ауыру сезімі НЕҒҰРЛЫМ тән:
1.+Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуына;
2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуына;
3. Созылмалы периодонт қабынуына;
4. Терең тісжегіге;
5. Орта тісжегіге.
233. Ұлпасы ашылып, тіс сауытының бөлігінің сынуында науқастар қандай ауыру сезіміне шағымданады?
1. Жайылған;
2. Өздігінен туындайтын;
3.+Тітіркендіргіштерден туындайтын;
4. Тістерін түйістіргеннен туындайтын;
5. Үшкіл нерв бұтағы бойымен таралған.
234. Балалардың ауыз қуысын жоспарлы санациялау кезінде уақытша тістерде анықталатын ұлпа қабынуының түрі:
1. Жедел диффузды
2.+Созылмалы фиброзды
3. Созылмалы шіри
4. Созылмалы гипертрофиялық
5. Жедел ошақты
235. Ұлпаны беткей шұқып тексеру қандай ұлпа қабынуында ауыру сезімінсіз:
1. Жедел ошақты;
2.+Созылмалы шіри;
3. Созылмалы фиброзды;
4. Созылмалы гипертрофиялық;
5. Созылмалы, өршу сатысында.
236. Ұлпа қабынуының қандай түрінде қабыну үрдісіне тісті қоршаған тіндер (периодонт, сүйек, сүйек қабы), регионарлы лимфа түйіндері және беттің жұмсақ тіндері қатысады?
1. Жедел ошақты;
2.+Жедел диффузды;
3. Созылмалы фиброзды;
4. Өршімеген созылмалы шіри;
5. Созылмалы гипертрофиялық.
237. Резорцин-формалина пастасының құрамы:
1. Қаныққанша 20% формалин, резорцин және сулы дентин
2. Қаныққанша 20% формалин, резорцин және мырыш тотығы
3. Қаныққанша 40% формалин, резорцин және сулы дентин
4.+Қаныққанша 40% формалин, резорцин және мырыш тотығы
5. Қаныққанша 40% формалин, резорцин
238. Уақытша азу тістерді девитальды ампутация әдісімен емдеуде екінші қабылдауда жүргізеді:
1.+Тіс қуысын ашады, сауыттық ұлпаны алады, резорцин-формалин қоспасы бар тампонды бірнеше күнге уақытша пломбаның астында қалдырады;
2. Ұлпа ампутациясынан соң кальций гидроксиді негізіндегі пастаны қалдырып, аралық төсем мен пломба қояды;
3. Ұлпа ампутациясынан соң резорцин-формалин пастасын, аралық төсем және пломба қояды;
4. Ұлпа ампутациясынан соң цинк-эвгенол пастасын қалдырып, уақытша пломбамен жабады;
5. Сауыт және түбір ұлпаларын алып, түбір өзектерін цементпен пломбылайды.
239. Жедел мышьяктан болған периодонтиттің емі міндетті түрде талап етеді:
1.+Антидоттарды;
2. Ферменттерді;
3. Антибиотиктерді;
4. Құрамында хлор бар препараттарды;
5. Құрамында оттегі бар препараттарды.
240. Түбір ұлпасының қалған бөлігін жоғарғы ампутация әдісімен емдегенде емдік заттармен әсер етудің мақсаты қандай?
1.+Қабыну үрдісін тоқтату және түбірдің қалыптасуын жалғастыру
2. Түбірдің қалыптасуын жылдамдату
3. Түбірдің қалыптасуын жалғастыру
4. Түбірдің қалыптасуын тоқтату
5. Қабыну үрдісін тоқтату
241. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуында науқас қандай ауыру сезіміне шағымданады?
1. Өздігінен туындайтын
2. Тұрақты
3.+Қанаумен біріккен, тағам қалдықтары түскеннен туындайтын
4. Таралған
5. Температуралық тітіркендіргіштен туындайтын
242. Жедел диффузды ұлпа қабынуына тән симптомдар:
1.+Өздігінен туындайтын ауыру сезіміне, түнде мазалайды, ұстама тәрізді,ұзақ уақыт ауырады, ауырмайтын уақыты аз, таралған ауыру сезімі;
2. Ауыру сезімі тітіркендіргіштерден туындайды, ұстама тәрізді, ауыратын уақыты аз, ауырмайтын уақыты көп, ошақты;
3. Тісжегі қуысына тағам қалдықтары түскеннен ауырады және қанайды;
4. Ауыру сезімі тұрақты, тістерін түйістіргенде күшейеді;
5. Өтпелі қатпар еркін, сипап тексергенде ауырмайды.
243. Түбірлері толық қалыптаспаған тістердегі ұлпа қабынуын ампутациялық әдіспен емдеу тиімділігін рентгенологиялық бақылайды:
1.+3-6 айдан соң, кейін түбірлері қалыптасып біткенше жылына 1 реттен кем емес;
2. 3 аптадан соң, кейін түбірлері қалыптасып біткенше жылына 1 реттен кем емес;
3. Ем аяқталған соң 1 рет 1 жылдан соң;
4. 3 аптадан соң, кейін жылына 1 рет;
5. Ем аяқталған соң 1 рет.
244. Уақытша азу тістердің ұлпа қабынуын қандай әдіспен емдейді?
1. Девитальды экстирпация
2.+Девитальды ампутация
3. Витальды ампутация
4. Витальды экстирпация
5. Жоғарғы ампутация
245. Уақытша тістерді девитальды ампутация әдісімен емдегенде бірінші қабылдауда мышьяк пастасын қандай қабынуда қоймаған дұрыс?
1. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуында, түбір сорылуының басында, ұлпа аздап қана ауырғанда
2. +Түбірлері сорылып жатқан ұлпаның созылмалы шіри қабынуында
3. Жедел диффузды ұлпа қабынуында
4. Жедел ошақты ұлпа қабынуында
5. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының өршуінде
246. Ұлпаның қандай созылмалы қабынуында, шұқып тексергенде тіс қуысы түбінде немесе өзек сағаларында ауырады?
1. Фиброзды
2.+Шіри
3. Гипертрофиялық
4. Өршу сатысындағы созылмалы фиброзды
5. Өршу сатысындағы созылмалы гипертрофиялық
247. Ұлпа қабынуының қандай түрінде қағып тексеру ауырады, лимфа түйіндері ұлғаяды және ауырады, өтпелі қатпар қызарып, ісінеді:
1. Жедел ошақты;
2. Созылмалы шіри;
3. Созылмалы фиброзды;
4. Созылмалы гипертрофиялық;
5.+Созылмалы, өршу сатысындағы.
248. Түбірлері қалыптасқан, бір түбірлі уақытша тістердегі ұлпа қабынуында түбір өзектерін пломбылаған дұрыс:
1.+Май негізіндегі мырыш тотығы пастасымен;
2. Резорцин-формалин пастасымен;
3. Гуттаперча штифттерімен;
4. Күміс штифттерімен;
5. Фосфат-цементпен.
249. Уақытша тістердегі ұлпа қабынуыынң НЕҒҰРЛЫМ жиі себебі:
1. Ұлпаның механикалық жарақаты
2. Ұлпаның термиялық жарақаты
3. Ұлпаның химиялық жарақаты
4.+Емделмеген тісжегі
5. Ұлпаның ретроградты инфицирленуі
250. Рентгенологиялық тексергенде, ұлпаның созылмалы шіри қабынуында уақытша азу тістердің түбір аралық кеңістіктігенде жиі анықталады:
1. Периодонт саңылауының кеңеюі;
2. Өзгерістер болмайды;
3. Гиперцементоз;
4. Остеосклероз;
5.+Остеопороз.
251.Кез келген жастағы балаларда периодонт қабынуының қай түрі жиі кездеседі?
1. Өршу сатысындағы периодонттың созылмалы қабынуы;
2. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы;
3.+Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;
4. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы;
5. Периодонттың жедел қабынуы.
252. Периодонттың жедел қабынуының клиникалық көріністері:
1.+Тістерін түйістіргендегі ауыру сезімі және беттің жұмсақ тіндерінің ісінуі
2. Температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезімі
3. Ірің бөлінетін, қызылиектегі жыланкөз
4. Қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі, ауырмайтын аралығы көп
5. Ұзаққа созылатын ауыру сезімі, ауырмайтын аралығы аз
253. Түбірлері қалыптаспаған тұрақты күрек тістегі өршімеген, периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуының емі:
1.+Ұлпа ыдырандылары мен грануляцияларын алып, сол қабылдауда пломбылау;
2. Түбір өзегінен ұлпа ыдырандыларын алып, тісті ашық қалдыру;
3. Түбір өзегінен шіріген ұлпаны ғана алып, гранулялияға тимеу, грануляциядан бос бөлікке паста салып, пломба қою;
4. Түбір өзегінен ұлпа ыдырандыларын алып, антисептик турундасын қалдырып, уақытша жабу;
5. Түбір өзегінен ұлпа ыдырандыларын, протеолитическими ферментті турунда қалдыру.
254. Уақытша тістегі периодонттың созылмалы қабынуының тұрақты тістегі нәтижесі:
1. Жүйелі кіреуке гипоплазиясы
2.+Жергілікті кіреуке гипоплазиясы
