Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Интернатураға арналған 1080 тест.2013.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3. 1.1, 2.1 Тістерін жұлу;

4. Калий йодидімен электрофорез тағайындау;

5.+ 1.1, 2.1тістерін эндодонттық емдеу, цистэктомия.

766. Бет әлпеті аймағының хирургына ата-ана 3 айлақ баласын әкелді. Туғанынан бастап пайда болған және тез ұлғайған, жоғарғы ерін аймағындағы ісік тәрізді түзілістің болуына шағымданады. Қарап тексергенде: түзіліс қызыл түсті, көлемі 1,0х2,0,х1,5 см, «толу» симптомы оң, пальпацияда ауырмайды. Нақтама: жоғарғы ерін гемангиомасы.

Науқасқа байланысты тактиканың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Криодеструкция;

2. Ісікті кесіп алып тасту;

3. Электрокоагуляция;

4.+Склероздаушы ем;

5. Ферезолмен химиодеструкциялау.

767. Емханаға бет деформациясы және төменгі жақ аймағындағы ауыру сезіміне 10 жасар баланы әкелді. Клиникалық және рентгенологиялық тексеруден кейін төменгі жақ остеобластокластомасы деген нақтам қойды. и.

Осы ауруда төменде аталған емдік шаралар жоспарының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1.+Сау тіндерге дейін экскохлеациялау, диспансерлік бақылау;

2. Ісікті кесіп алып тастау, кейін сәулелі ем жүргізу;

3. Химиотерапия, кейін ісікті кесіп алып тастау;

4. Сәулелі ем, ортодонттық ем;

5. Төменгі жақ резекциясы, остеосинтез.

768. 2 айлық баладан мойынның жоғарғы 1/3 бөлігі мен сол жақ жақ асты үшбұрышының аймағында тіндердің ісінуін анықтады. Түзіліс туғаннан болған және баяу ұлғайып келеді. Объективті: жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауырмайды, шекаралары анық емес, Түзіліс аймағындағы тері бірікпеген, түсі өзгермеген.

Сипатталған клиникалық көрініске қандай болжам нақтама НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

1. Мойынның бүйір кистасы;

2. Мойынның созылмалы лимфадениті;

3. Мойынның бүйір бөлігінің гемангиомасы;

4.+ Мойынның лимфангиомасы;

5. Лимфосаркома.

769. 14 жасар балада туғанынан оң жақ ұртында түзіліс бар, соңғы кездері тез өсе бастады. Қарап тексергенде: оң жақ ұрт аймағында көлемі 1,5-2 см түзіліс, ақшыл қоңыр түсті, тығыз консистенциялы, ауырмайды, бетінде көптеген бүртікті өсінділер бар. Түзілісті қоршаған тері сақина тәрізді қызарған және ісінген.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Сау тіндерге дейін кесу;

2. Динамикалық бақылау;

3.+Онколог кеңесі;

4. Электрокоагуляция;

5. Сәулелі ем.

770. Консультацияға 10 жасар бала бетіндегі туа болған түсіліске шағымданып келді. Анамнез жинап, тексергеннен кейін дермоидты киста нақтамасы қойылды.

Осы клиникалық жағдайда қандай емдеу тактикасы неғұрлым дұрыс?

1.+Цистэктомия, кейін оны цитологиялық зерттеу;

2. Кесіп алып тастау, кейін оны цитологиялық зерттеу;

3. Динамикалық бақылау;

4. Электрокоагуляция;

5. Рентгенотерапия.

771. Көмек алуға 3 ай бұрын пайда болған төменгі еріндегі жаңа түзіліс бойынша 7 жасар қыз келді. Баяу өсі келеді. Объективті: оң жақ төменгі еріннің шырышты қабатында диаметрі 1,0 см, дөңгелек пішінді түзіліс анықталды, шырышты қабаттан көтерілген, беті тегіс, ішіндегі мөлдір-көкшілдеу сұйықтығы көрінеді. Нақтама: төменгі еріннің ретенционды кистасы.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Жаңа түзіліс пункциясы, кейін оны склероздау;

2. Түзілісті склероздау;

3. Ісікті кесіп алу;

4.+Цистэктомия;

5. Цистотомия.

772. 12 жастағы баланың мойнының жоғарғы 1/3 бөлігінде, төс-бұғана-емізікті бұлшықеттің алдында, мягкоэластикалық консистенциялы түзіліс анықталды, диаметрі 3 см, қозғалысы шектелген. Пальпацияда ауырмайды. Флюктуация симптомы оң.

Болжам нақтама: мойынның бүйір кистасы. Қантай тактика НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Жаңа түзіліс пункциясы, кейін оны склероздау;

2. Түзілісті склероздау;

3. Ісікті тігу;

4.+Цистэктомия;

5. Цистотомия.

773. 10 жасар баладан 4ай бұрын самай төменгі жақ аймағынан ісік тәрізді түзіліс анықталды. Объективно: сол жақ самай төменгі жақ аймағында дөңгелек пішінді, беті тегіс, қоршаған тіндермен біріккен түзіліс анықталды, бетіндегі тері өзгермеген. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды, қозғалмалы.

Қандай қосымша тексеру әдісі НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Термография, МРТ

2. УЗИ, сцинтиграфия

3.+Сиалография, пункциялық биопсия;

4. Төменгі жақ рентгенографиясы, инцизионды биопсия;

5. Радиоизотопты зерттеу, компьютерлік томография.

774. Сол жақ төменгі жақсүйегінің деформациясын 12 жасар қыз бала шағымданып келді. Қарап тексергенде: сол жақ төменгі жақсүйегінің қалыңдауынан, бет асимметриясы бар. 3.4,3.5,3.6 тістердің аймағындағы альвеола өсіндісі деформацияланған, шырышты қабат күңгірт қызыл түсті, пальпацияда ауырмайды. Тістер сау, қозғалады.

Қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. УДЗ;

2. Қанның жалпы талдауы;

3. Пункциялық биопсия;

4. Радиоизотопты зерттеу;

5.+ Мультиспиральды компьютерлік томография ( 3 D).

775. 10 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісінің болмауын көрсетеді. Анамнезінен 7 жасында уақытша тісін жұлдыртқаны анықталды. Қарап тексергенде 2.1 тісінің болмауына байланысты тіс қатарының ақауы, шырышты қабатында патологиялық өзгерістер жоқ, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің альвеола өсіндісінде, жоқ 2.1 тісінің аймағында деформация байқалады.

Қандай қосымша тексеру әдісі НЕҒҰРЛЫМ дұрыс??

1. УLP, компьютерлік томография;

2. Компьютерлік томография, термография;

3.+Ауыз ішілік жанаспалы рентгенография;

4. Ортопантомография, рентгенография;

5. Бассүйек рентгенографиясы, ауыз ішілік рентгенография.

Бет аймағының қабыну аурулары

776. Төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті сипатталады:

1. Альвеола өсіндісі аймағындағы ауыратын инфильтрат;

2. «Себепші тістің» қозғалғыштығы;

3. Регионарлы лимфатүйндердің ұлғаюы;

4. Пародонт тіндерінің қабынуы;

5.+Муфтатәрізді ифильтраттың болуы.

777. Жедел одонтогенді остеомиелит жоғары жақта жиі кездеседі. Оны немен түсіндіруге болады?

1. Қандандырудың ерекшеліктерімен;

2. Кортикальды қабатының кұрылысымен;

3. Жоғары жақтың топографиялық ерекшеліктерімен;

4. Анатомиялық құрылысының ерекшеліктерімен;

5.+Анатомиялық құрылысымен қандандырудың ерекшеліктерімен.

778. Төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиттін емдеу шараларының кешеніне келесі шаралар жатады:

1. «Себепші» тісті жұлу, ауыз ішілік тілік, антибактериальды және десенсибилизациялық ем;

2. «Себепші» тісті жұлу, детоксикациялық ем;

3. Остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж;

4. Тісті жұлу, остеоперфорация;

5.+«Себепші» тісті жұлу, остеоперфорация, ауыз ішілік және сыртынан тілу, антибактериальды және гипосенсибилизациялық ем.

779. Жақсүйектің жедел остеомиелитінің НЕҒҰРЛЫМ патогномикалық белгісі болып табылады:

1. Дене қызуы 37-37,5°дейін;

2. Жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

3. Вестибулярлы жағынан периостит белгілерінің болуы;

4. Ауыз іші жағынан сүйек қабы астылық абсцесстердің түзілуі;

5.+Жақсүйек денесінің аймағында муфта тәрізді инфильтраттың болуы, сүйек ішілік гипертензия.

780. Жедел гематогенді остеомиелиттің клиникалық ағымының ауырлығы негізделеді:

1.+Аурудың септикалық фонына;

2. Бала жасына;

3. Үрдістің жоғары жақсүйекте орналасуына;

4. Үрдістің деструктивті сипатына;

5. Үрдістің жоғары және төменгі жақта орналасуына.

781. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау қашанға дейін жалғасады?

1. Клиникалық сауығуға дейін;

2. Бір жыл бойы тұрақты ремиссияға дейін;

3. Уақытша тістем қалыптасқанға дейін;

4. Уақыты анықталмаған;

5. +Тіс-жақ жүйесінің толық дамуына дейін.

782. Бала кезінде ауырған жақсүйектің жедел остеомиелитінің алыс асқынуларына жатады:

1. Сауығу;

2. Жақсүйектің дамымай қалуы;

3. Адентия;

4. Созылмалы түрге ауысуы;

5.+Микрогения, тіс-жақ деформациялары.

783. 7 жасқа дейінгі балаларда жедел одонтогенді қабыну үрдістерінің себептері жиі қай тістердегі тісжегінің асқынған түрлері болып табылады?

1. Бірінші тұрақты азу тіс;

2. Уақытша күрек тістер;

3. Уақытша сүйір тістер;

4.+Уақытша бірінші азу тіс;

5. Уақытша екінші азу тіс.

784. Жұтыну қызметінің бұзылуы неғұрлым жиі флегмонаның келесі аймақта орналасуына байланысты болады:

1. Самай;

2. Бетсүйек;

3. Құлақ маңы;

4. Ұрт;

5.+ Ауыз қуысы түбі.

785. Бет карбункулының жалпы асқынуына жатады:

1. Паротит

2.+Медиастенит

3. Ми синустарының тромбозы

4. Бет нервінің парезі

5. Жоғарғы жақ остеомиелиті

786. Жедел іріңді лимфаденит кезінде, егер уақытында қаралмаса және рационалды емес емделсе, қандай нәтижеге әкеледі?

1. Созылмалы лимфаденитке;

2. Жедел одонтогенді остеомиелитке;

3.+Аденофлегмонаға;

4. Сауығуға;

5. Септикопиемияға.

787. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті НЕҒҰРЛЫМ жиі қандай жастағы балаларда кездеседі?

1.+0-1 жаста;

2. 3-5 жаста;

3. 7-8 жаста;

4. 9-12 жаста:

5. Жасөспірім жасында.

788. Төменгі жақсүйектің жедел одонтогенді диффузды остеомиелиті НЕҒҰРЛЫМ жиі мына аймақтта орналасады:

1.+Денесінде;

2. Бұтағында;

3. Альвеола өсіндісінде;

4. Тәждік өсіндіде;

5. Жақсүйек денесі мен бұтағында.

789. Одонтогенді қабыну кистасы мен гиперостозды остеомиелитті салыстырмалы нақтамалағанда НЕҒҰРЛЫМ көп мәлімет береді: :

1. Зерттелетін аймақта тісжегінің асқынған түрі бар тістің болуы;

2. ЭОД мәліметтері;

3. Үрдістің ұзақтығы;

4. Тісжегі белсенділігінің дәрежесі;

5 +Рентгенологиялық зерттеу мәліметтері.

790. Жақ – тіл науашығының абсцесін емдеуде НЕҒҰРЛЫМ тиімді тілу:

1. Төменгі жақ бұрышын қаптайтын теріні;

2.+ Төменгі жақ денесінің ішкі бетіне жақын, жақ-тіл науашығының шырышты қабатын;

3. Төменгі жақ жиегі бойымен жақасты аймағының терісін;

4. Қанатша-жақ қатпарының бойымен шырышты қабатынан;

5. Орталық сызық бойымен теріден.

791. Жақсүйектің жедел периоститінің клиникалық белгілерімен алғаш қаралғанда жасау қажет:

1.+Іріңді ошақты ашу, қабыну экссудатының шығуын қамтамасыз ету;

2. Иглорефлексотерапияны бастау;

3. Новокаиндік блокада жасау;

4. Физиотерапиялық ем тағайындау;

5. Бұлшықетке тыныс алу аналептиктерін енгізу,

792. Қанатша-жақ қатпары флегмонасына НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық белгі:

1. Диплопия

2. Ұрт аймағының ісінуі мен қызаруы;

3. Ауыру сезімі және ауыз ашылуының шектелуі;

4.+Жақ-тіл науашығының инфильтраты;

5. Иек аймағы жұмсақ тіндерінің инфильтраты.

793. Жақсүйектің жедел одонтогенді периоститі дамуының жиі себебі:

1. Бет жұмсақ тінінің соғылуы;

2. Альвеола өсіндісінің фибромасы;

3. Созылмалы гаймориттің өршуі;

4.+Созылмалы периодонтиттің өршуі;

5. Төменгі жақтың буын өсіндісінің сынуы.

794. Жедел одонтогенді периостит кезінде іріңді үрдіс орналасады:

1. Тері астында;

2. Бұлшықет астында;

3.+Сүйек қабы астында;

4. Жақсүйектің сыртқы кортикальды пластинкасының астында;

5. Альвеола өсіндісінің шырышты қабатының астында.

795. Жедел одонтогенді периоститке тән клиникалық көрініс:

1. Қабақтың ісінуі;

2. Барлық тістердің қозғалғыштығы;

3. Ауыздың шектеліп ашылуы;

4. Тіласты біліктерінің ісінуі;

5.+Өтпелі қатпар шырышты қабатының қызаруы және ісінуі.

796. Жедел одонтогенді периоститті салыстырмалы нақтамалайды:

1. Тризммен;

2. Тіс сынуымен;

3. Жедел сиалодохитпен;

4. Созылмалы гайморитпен;

5.+Созылмалы периодонтиттің өршуімен.

797. Жақ-тіл науашығының абсцесін емдеу кезінде шырышты қабатты тілген кезде зақымдап алу мүмкін:

1. Тілді;

2.+Тіл нервін;

3. Бетсүйегін;

4. Бет артериясын;

5. Құлақ маңы сілекей безін.

798. Жарақаттық остеомиелит кезінде – секвестрэктомия операциясы қай кезде көрсеткіш болады?

1. Физиоемнен кейін;

2. Секвестр қалыптасқанға дейін;

3.+Секвестр қалыптасқаннан кейін;

4. Антибактериальды емнен кейін;

5. Сәулелі емнен кейін.

799. Жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиттің клиникалық нақтамасын қандай мәліметтерге негіздеп қояды?

1. Науқастың шағымдарына;

2. Науқасты сұрау мәліметтеріне;

3. Клиникалық мәліметтерге;

4.+Клинико-рентгенологиялық көрініске;

5. Зертханалық зерттеу мәліметтеріне.

800. Бет фурункулына тән клиникалық белгі – ол ауыратын:

1. Қызарған тері аймағы;

2. Көкшіл түсті тері инфильтраты;

3. Жұмсақ тіндер ішіндегі инфильтрат;

4. Қошқыл түсті жұмсақ тіндердің тығыз инфильтраты;

5.+Іріңді-некроздық стержені бар қошқыл түсті инфильтрат.

801. Бет фурункулының жалпы асқынуына жатады:

1.+Сепсис;

2. Гайморит;

3. Диплопия;

4. Тілмелік қабыну;

5. Гипертониялық криз.

802. Бет фурункулының жергілікті асқынуына жатады:

1. Диплопия

2. Гайморит

3. Тілмелік қабыну;

4. Гипертониялық криз;

5.+Бет венасының тромбофлебиті.

803. Эпидемиялық паротиттің қоздырғышы:

1. Диплококк;

2. Стрептококк;

3. Стафилококк;

4. Фузобактерия;

5.+Фильтрлеуші вирус.

804. Ауыздың шектеліп ашылуы және жұтынғандаға ауыру сезімі қандай флегмонада пайда болады?

1. Самай аймағының;

2. Бетсүйек аймағының;

3. Ұрт аймағының;

4. Құлақ маңы-самай аймағының;

5.+Қанатша-жақ кеңістігінің.

805. Жақ –тіл науашығы шырышты қабатының тегістелуі мен ісінуі НЕҒҰРЛЫМ жиі байқалады:

1. Паратонзиллярлы абсцессте;

2. Ауыз қуысы түбінің флегмонасында;

3.+Жақ –тіл науашығының абсцессінде

4. Иек асты аймағының флегмонасында;

5. Қанатша-жақ кеңістігінің.

806. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті бар балалардың реабилитациясы созылады:

1. Клиникалық сауығуға дейін;

2. Бір жыл бойы тұрақты ремиссияға дейін;

3. Уақытша тістем қалыптасқанға дейін;

4. Уақыты анықталмаған;

5.+Тіс-жақ жүйесінің толық қалыптасуына дейін.

807. Беттің жоғарғы бөлігінде орналасатын жедел іріңді қабыну ауруларының НЕҒҰРЛЫМ ауыр асқынуы:

1. Паротит;

2. Медиастенит;

3.+Ми синустарының тромбозы;

4. Бет нервінің парезі;

5. Жұмсақ тіндердің гематомасы

808. Құлақ маңы шайнау аймағы флегмонасына тән жергілікті клиникалық белгісі:

1. Жоғарғы қабақтың ісінуі;

2. Қанатша-жақ қатпарының ісінуі;

3. Ұрт аймағының қызару мен ісінуі;

4. Төменгі ерін аймағындағы терінің қызаруы;

5.+Инфильтрат және құлақ маңы шайнау аймағы терісінің қызаруы.

809. Балалардағы жедел одонтогенді остеомиелиттің алыс жағымсыз асқынуы:

1. Самай-төменгі жақ буынының созылмалы артриті;

2. Үрдістің созылмалы түрге ауысуы;

3. Альвеола өсіндісінің жетілмеуі;

4. Созылмалы пародонтиттің дамуы;

5.+Микрогения және екіншілік адентия.

810. Төменде аталған бет карбункулдарының қандай асқынуы жасөпірім өміріне өНЕҒҰРЛЫМ қауіпті? 1. Паротит;

2. Бет нервінің парезі;

3. Үшкіл нертің невриті;

4.+Ми синустарының тромбозы;

5. Төменгі жақтың жанаспалы остеомиелиті.

811. Балалардағы жедел іріңді лимфаденитті рационалды емес емдегенде НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын асқыну:

1. Жедел одонтогенді остеомиелит;

2. Созылмалы лимфаденит;

3.+Аденофлегмона;

4. Лимфангоит;

5. Целлюлит.

812. Фурункулдың инфильтративті түрінде ем шараларының әсері болмағанда НЕҒҰРЛЫМ жиі дамиды:

1. Регионарлы лимфа түйіндерінің іріңді еруі;

2.+Фурункулдың абсцестелуі;

3. Тері асты клетчаткасының жайылған іріңді қабынуы;

4. Бет венасының флебиттері;

5. Регионарлы лимфа түйіндерінің серозды лимфадениті.

813. Фурункулдың абсцестелуіне жиі әкелетін себеп:

1. Тісжегінің декомпенсирленген түрі;

2. Лимфа түйіндерінің қабынуы;

3.+Біріншілік элементтерді сыққаннан кейінгі түк фолликуласының қабынуы;

4. Аллергиялық реакция;

5. Жедел одонтогенді қабыну үрдісі.

814. Беттің фурункулы мен карбункулының асқынуы бет венасының тромбофлебиті болуы мүмкін.

Осы асқынуға НЕҒҰРЫМ дұрыс анықтама беріңіз:

1. Қантамыр ішілік ұюмен венаның жедел қабынуы;

2. Қантамыр ішілік ұюмен веналардың және қоршаған тіндердің созылмалы қабынуы;

3. Қантамыр ішілік тромбозбен веналардың және қоршаған тіндердің жүйелі қабынуы;

4. Веналардың және қоршаған тіндердің қайталамалы қабынуы;

5.+Қантамыр ішілік тромбозбен бет венасы мен қоршаған тіндердің жедел қабынуы.

815. Жақсүйектің гематогенді остеомиелиті бар балаларға белсенді инфузиялық ем жүргізеді. Фармакодинамика бағытына байланысты құйылатын сұйықтық не үшін?

1. Шокпен күресу үшін;

2.+Дезинтоксикация үшін;

3. Парентеральды тамақтану үшін;

4. Иммунды жүйені белсендіру үшін;

5. Бұлшықет тонусын ұстап тұру үшін.

816. Жедел гематогенді остеомиелиті бар балалар НЕҒҰРЛЫМ жиі емделіп жататын мекеме:

1. Емхана

2. Аурухана изоляторы;

3. Стационардың жалпы палатасы;

4. Бет әлпеті аймағының бөлімі;

5.+Қарқынды терапия мен реанимация бөлімі.

817. Төменгі жақтың қандай анатомиялық бөлімі одонтогенді диффузды остеомиелитке НЕҒҰРЛЫМ жиі шалдығады?

1. Жақтың альвеола өсіндісі;

2. Жақтың тәждік өсіндісі;

3.+Жақсүйектің денесі мен бұтағы;

4. Жақсүйек бұтағы;

5. Жақсүйек денесі.

818. Төменде аталған клиникалық көріністердің қандай ерекшелігі балалардағы бет әлпеті аймағының одонтогенді қабыну инфильтратына НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. Тіндердің іріңді ыдырауына тенденциясы;

2.+Таралу мен атипизмге тенденция;

3. Сорылу тенденциясы;

4. Шектелу тенденциясы;

5. Некрозға тенденция.

819. Төменде аталған симптомдардың қайсысы балалардағы төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелитіне НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. «Пластмассалы ойыншық»;

2. «Пергаментті сықыр»;

3. Толу

4. Қысым;

5.+Венсан.

820. Созылмалы периодонтит кезінде уақытша тістерді хирургиялық емдеуге НЕҒҰРЛЫМ дұрыс көрсеткішті анықтаңыз:

1. Тістің қозғалғыштығы;

2. Қызылиекте жылғаның болуы;

3. Науқастың емнен бас тартуы;

4.+Патологиялық үрдіске тұрақты тіс фолликуласының қатысуы;

5. Тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысының болуы.

821. Мурсу симптомы НЕҒҰРЛЫМ қай ауруға тән белгі:

1. Сілекей тас ауруына;

2.+Эпидемиялық паротит;

3. Паренхиматозды паротит;

4. Лимфонодулярлы паротит;

5. Интерстициальды паротит.

822. Балалар бет әлпеті аймағының хирургиясы бөлімінің қабылдау бөліміне анасымен бірге 3 жасар бала келді. Қарап тексергенде: мойнының бүйір бетінде тығыз, ауыратын инфильтрат анықталды, бетіндегі терісі ісінген, қызарған. Анасының айтуынша туғанында осы аймақта кішкентай ісік тәрізді түзіліс байқалған.

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.+Мойынның бүйір бөлігінің іріңдеген кистасы;

2. Созылмалы лимфаденит;

3. Жедел лимфаденит;

4. Лимфогранулематоз;

5. Мойын лимфангиомасы.

823. Балалар бет әлпеті аймағының хирургиясы бөлімінің қабылдау бөліміне 2,5 айлық баласы бар ана келді. Анамнезінен, кіндігі ұзақ уақыт жазылмағаны анықталды. Қарап тексергенде жоғарғы жақ аймағы ісінген, мұрын-ерін қатпары тегістелген, ауыз қуысында жоғарғы жақсүйектің альвеола өсіндісінде ірің бөлінетін жылға бар.

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Мұрын фурункулы;

2. Одонтогенді периостит;

3. Көзасты аймағының абсцессі;

4. Жоғарғы жақсүйектің одонтогенді остеомиелиті;

5.+Гематогенді остеомиелиттің жергілікті ошақты түрі.

824. 6 жастағы бала анасымен дәрігер стоматологқа жалпы әлсіздікке, дене қызуының 37,8 0 болуына шағымданып келді. Объективті: сол жақ ұрт аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты айқын бет асиммтериясы бар, Ауыз қуысында 7.4 тіс бұзылған, тісті қоршаған қызылиек қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген..

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Жедел жалпы пульпит;

2.+Жедел іріңді периостит;

3. Жедел іріңді периодонтит;

4. Жедел гангренозды пульпит;

5. Жедел диффузды остеомиелит.

825. Балалар стоматологиялық емханасына 14 жастағы бала төменгі жақсүйек аймағындағы ауыру сезіміне, жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, лоқсу, қалтырау, иек және төменгі ерін аймағындағы жансыздану сезіміне шағымданып келді. Пальпацияда жақ асты және мойын лимфа түйіндері ұлғайған, төменгі жақ жиегінің бойымен периостальды реакция, муфта тәрізді инфильтрат байқалады. Ауыз ашылуы шектелген, 4.7 тіс сауыты бұзылған, қозғалады, тіс-қызылиек қалтасынан ірің ағады.

Балада төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 4.7 тістен болған төменгі жақтың созылмалы остеомиелитінің өршуі;

2.+4.6 тістен болған төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті;

3. 4.6 тістен болған төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті;

4. 4.6 тістен болған созылмалы периодонтиттің өршуі;

5. 4.6 тістен болған жедел іріңді периодонтит.

826. Ата-анасымен бірге балалар стоматологиялық емханасына оң жақ жоғарғы жақсүйегіндегі ісіну мен ауыру сезіміне 5 жасар бала шағымданып келді. Қарап тексергенде анықталды: 5.4 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын тістегі қуысы, перкуссия аздап ауырады, шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпарында ауыратын инфильтрат сезіледі. Нақтама қойылды: жоғарғы жақсүйектің жедел іріңді периоститі.

Науқасты емдеу тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.+Периостотомия, эндодонттық ем;

2. Антибактериальды ем тағайындау;

3. Девитальды ампутация жүргізу;

4. Тісті жұлу;

5. Тісті пломбылау.

827. Емханаға беті мен басының бір жартысындағы жайылған қабыну үрдісімен ауыр жағдайдағы 9 жасар баланы әкелді. Бір апта ішінде 3.6 тісіндегі созылмалы периодонтиттің өршуіне байланысты емдеп бастағаннан кейін дамыған.

Клиникалық ағымына қарай НЕҒҰРЛЫМ қандай инфекция осы аурудың қоздырғышы болып табылады?

1. Аэробты инфекция;

2. Ішек инфекциясы;

3.+Анаэробты инфекция;

4. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар;

5. Стафилококкты инфекция.

828. Балалардағы жақсүйектің жедел одонтогенді периоститін амбулаторлық емдеу тиімділігін қандай критерий НЕҒҰРЛЫМ дұрыс көрсетеді?

1.+1 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

2. 2 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

3. 3 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

4. 4 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы;

5. 5 тәулік ішіндегі ауру ағымының оң динамикасы.

829. Клиникаға госпитализациялау кезінде 7 жасар балаға нақтама қойылды: 8.4 тістен болған төменгі жақсүйек аймағының одонтогенді аденофлегмонасы. Наркозбен тіс жұлынды және іріңді ошақ дренаждалды, антибактериальды ем тағайындалды. Бірақ дене қызуы көтере берді, жалпы жағдайы нашарлай берді, 3 күні қайта операция жасалды.

Науқас жағдайының нашарлау себебін түсіндіріңіз:

1. Бірінші операцияда периостотомия жүргізілмеген;

2. Бірінші операцияда тері асты фасция кесілмеген;

3.+Бірінші операцияда лимфа түйінінің капсуласы ашылмаған;

4. Бірінші операцияда жақ-тіл асты мұлшықеті ажыратылмаған;

5. Бірінші операцияда лимфа түйініне антибиотиктер енгізілмеген.

830. Төменде аталған клиникалық көріністердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ созылмалы гранульденген периодонтитке тән?

1. Химиялық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезімі;

2.+Тісжегі қуысы мен қызылиекте жылғаның болуы;

3. Тісжегі қуысының, тамақтанғанда ауыру сезімінің болуы;

4. Тісжегі қуысының және өтпелі қатпарда инфильтраттың болуы;

5. Тісжегі қуысының, өздігінен туындайтын ұстама тәрізді ауыру сезімінің болуы

831. Одонтогенді лимфаденитке байланысты жүргізілген емнен кейін жасөспірімде жақасты лимфа түйініндегі қабыну үрдісі толығымен жойылмаған. НЕҒҰРЛЫМ дұрыс себебін анықтаңыз:

1. Гипосенсибилизациялық ем тағайындамаған;

2.+«Себепші» тісті емдемеген;

3. Антибиотикотерапия тағайындамаған;

4. Иммунотерапия тағайындамаған;

5. УВЧ-терапия тағайындамаған;

832. Балалардағы одонтогенді флегмоналар дамуын алдын алуыдың НЕҒҰРЛЫМ тиімді жолы:

1. Шектелген іріңді-қабыну үрдістерінің антибиотикотерапиясы;

2. Арнайы иммунотерапияны уақытында тағайындау;

3. Медикаментозды емді уақытында тағайындау;

4.+Шектелген іріңді ошақты ерте дренаждау;

5. Адекватты иммуномодулирлеуші ем.

833. Жасөспірімді 4.6 тісіндегі тұрақты сыздаған ауыру сезімі мазалайды. Рентгенограммада осы тістің медиальді түбірінің 3/4 бөлігі ғана пломбыланған, апикальды бөлігі өтілмейді, жақын тұрған сүйекте шекарасы анық емес деструкция ошағы. Дистальды түбір өзегі түбір ұшы тесігіне дейін пломбыланған, маңындағы сүйекте склероз көрінісі.

Осы тісті НЕҒҰРЛЫМ рационалды емдеу әдісін анықтаңыз:

1. Тісті жұлу;

2. Тісті реплантациялау;

3.+Тісті гемисекциялау;

4. Медиальды түбір ұшын резекциялау;

5. Тісті қайтадан эндодонттыө емдеу.

834. Үш апта бұрын қабыну үрдісіне байланысты 4 жасар баланың 6.5 тісі жұлынып, периостотомия жасалды. Бірақ баланың жағдайы жақсармады, ұрт және төменгі сол жақ қабағы аймағында тығыз, ауыратын инфильтрат сақталды, бетіндегі терісінің түсі өзгермеген, қантамыр суреті айқын. Жұмсақ тіндеге жүргізілген қосымша тіліктер нәтиже бермеді.

Неғұрлым мүмкін болатын болжам нақтаманы атаңыз:

1. Одонтогенді сепсис;

2.+Жоғарғы жақ остеосаркомасы;

3. Жоғарғы жақ остеобластокластомасы;

4. Жоғарғы жақтың деструктивті остеомиелиті;

5. Жоғарғы жақтың гиперпластикалық остеомиелиті

835. Балаға жақасты флегмонасын дренаждауға байланысты операция жүргізді. Келесі күні ауыратын жағында езуінің төмен түскені, жымиғанда төменгі еріннің төмен түсуі байқалды.

Балада НЕҒҰРЛЫМ қай асқыну дамыды?

1. Флегмона көрші аймақтарға таралды;

2.+Бет нервінің маргинальды тармағы жарақаттанды;

3. Жұмсақ тіндердің гематомасы түзілді;

4. Үшкіл нерв тармағы жарақаттанды;

5. Шайнау бұлшықеттері жарақаттанды.

836. Стоматологиялық қаралуға анасы, 8.4 тістің сауыты жартылай бұзылған 5-жасар баласын әкелді. летнего Қызылиегінің вестибулярлы бетінде жылға анықталды.

Неғұрлым дұрыс нақтама қойыңыз және емдеу жоспарын құрыңыз:

1. Жедел іріңді пульпит, тісін емдеу;

2. Жедел іріңді периостит, тісті жұлу;

3. Созылмалы жәй пульпит, тісін емдеу;

4. Созылмалы фиброзды периодонтит, тісін емдеу

5.+Созылмалы гранулденген периодонтит, тісін емдеу.

837. 4 жастағы бала үш апта бойы стационарда төменгі жақсүйектің жедел остеомиелиті бойынша емделді. Бірақ, шығарғаннан кейін қайтадан жедел қабыну белгілері пайда болды.

Науқастың осындай жағдайына НЕҒҰРЛЫМ дұрыс түсінік беріңіз:

1. Остеомиелиттік үрдіс созылмалы кезеңге өтті;

2. Остеомиелиттік үрдіс жіті (подострая) сатыға өтті;

3.+Нақасу стационарлық емнен ерте шығарылған;

4. Стационардағы ем адекватты болмаған;

5. Остеомиелиттің жедел сатысы жалғасып жатыр.

838. Ұзақ уақыт жоғарғы жақсүйектегі жедел остеомиелитке байланысты стационарда емделген 14 жасар баланы қарап тексергенде оң жақ көзасты аймағының ісінгені анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37°С. Ауыз қуысында 1.5, 1.3 тістер аймағындағы вестибулярлы және оральды беттердегі шырышты қабат ісінген, көкшілденген. 1.4 тісі жоқ, ұяшығы грануляцияларға толған. Жоғарғы оң жақ тістерін қағып тексергенде аздап ауырады.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтаманы анықтаңыз:

1. 1.4 тістен болған жоғарғы ортаңғы ұяшық нервінің невриті

2. Жоғарғы жақ альвеола өсіндісіндегі жаңа түзіліс;

3. 1.4 тістен болған жоғарғы жақсүйектің жедел одонтогенді остеомиелиті;

4. 1.4 тістен болған жоғарғы жақсүйектің жіті одонтогенді остеомиелиті;

5. +1.4 тістен болған жоғарғы жақсүйектің созылмалы шектелген остеомиелиті.

839. Балалар бет әлпеті аймағының абсцесстері мен флегмоналарын рационалды емдеу әдістерін атаңыз:

1. «Себепші» тісті жұлу; инфильтра пункциясы, гипосенсибилизациялық ем, сұйықтықтарды қайта құю;

2. Консервативті ем, «себепші» тісті емдеу, периостотомия,

антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, УФО, УВЧ;

3. +«Себепші» тісті жұлу немесе дренаждау, ауыз ішілік немесе сыртқы тілу, медикаментозды ем, физиоем;

4. Антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, қан құю, гормональді препараттар, ГНЛ сәулесімен әсер ету;

5. Қозғалатын барлық тістерді жұлу, физиотерапия, антибактериальды ем, новокаиндік блокада.

840. Созылмалы периодонтиті бар уақытша тістерді келесі клиникалық көріністерде консервативті емдейді:

1. Егер олардың физиологиялық ауысуына 1,5-2 жыл қалса, түбірлердің 1/4–1/3 бөлігінің патологиялық резорбциясы болса;

2. Анамнезінде екі не одан көп асқынулар немесе емдеу кезінде асқыну болса;

3. Егер тіс қуысының түбінің резорбциясы немесе перфорация;

4. Егер тұрақты тіс фолликуласының компактты пластинкасыныңбұзылуы және түбір ұшы маңының қабыну кистасы;

5.+Бала емханаға бірінші рет келгенде, физиологиялық ауысуға 3-4 жыл қалса, түбірлердің патологиялық сорылуы байқалмайды,

841. Жедел периодонтит пен жедел одонтогенді остеомиелитте сүйектегі паталогоанатомиялық өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ ұқсас:

1. Қантамыр тромбозы;

2. Сүйек каналдарының нейтрофильдермен инфильтрациялануы және қантамыр тромбозы;

3. Сүйек тінінің деструкциясы және майда секвестрлердің түзілуі;

4.+Сүйек кемігі кеңістігінің нейтрофильдермен инфильтрациялануы және сүйек балкаларының лакунарлы сорылуы;

5. Сүйекішілік қантамырлардың стазы, сүйек каналдарының нейтрофильдермен инфильтрациялануы, сүйек кемігінің некрозы.

842. Қабылдау бөліміне дене қызуының 38.5° дейінгі шағымымен 8 айлық баланы жеткізді. Бала мазасыз, мойнының бүйір бетінде ауыратын жайылған инфильтрат білінеді, бетіндегі терісі қызарған. Нақтама қойылды: мойынның бүйір бетінің аденофлегмонасы.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Физиоем және қыздыратын компрестер тағайындау;

2. Құрғақ жылу, антисептикалық ерітінділермен ауыз қуысының және мұрын-жұтқыншақтың ирригациясын тағайындау;

3. Тұрғылықты жері бойынша бақылау және педиатрда емдеу тағайындау;

4.+Баланы госпитализациялау, наркозбен іріңді ошақты дренаждау, медикаментозды ем жүргізу;

5. Антибактериальды және гипосенсибилизациялық ем тағайындау.

843. 7 жастағы баланы қарап тексергеннен соң нақтама қойылды: 7.5 тістегі созылмалы периодонтиттің өршуі, оң жақ жақасты аймағының жедел іріңді лимфадениті.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 7.5 тісті жұлу, жақасты аймағына қыздыратын компрестер;

2. +7.5 тісті жұлу, іріңді ошақты дренаждау, медикаментозды ем;

3. Лимфа түйінінің пункциясы, антибиотиктерді интранодулярлы енгізу,

4. 7.5 тісті эндодонттық емдеу;

5. Физиотерапиялық ем.

844. Төменде аталған кешенді емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ төменгі жақсүйектің жедел одонтогенді остеомиелитіне тән?

1. «Себепші» тісті жұлу, ауыз ішінен тілу, антибактериальды және десенсибилизациялық ем.

2. «Себепші» тісті жұлу, антибактериальды және десенсибилизациялық ем, детоксикациялық ем.

3.+«Себепші» тісті жұлу немесе емдеу, остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж, ауыз ішінен және ауыз сыртынан тілу, антибактериальды және гипосенсибилизациялық ем;

4. Остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж, антибактериальды және десенсибилизациялық ем;

5. Тісті жұлу, остеоперфорация, антибактериальды және десенсибилизациялық ем.

845. 7 жасар балатөменгі жағының оң жағында ұртының жұмсақ тіндерінің ісінгенінешағымданып келді. қарап тексергенде 8.4 тісінің сауыт бөлігінің толық бұзылған, сол тіс айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген,пальпацияда өтпелі қатпарда ауратын инфилтрат бар, флюктуация симптомы анықталды.

Балаға қандай тұжырым диагноз қоясыз және қандай ем неғұрлым сайкес?

1. 8.4 тістен дамыған ұрттың абцессі , іріңді ошақты дренаждау , антибактериальды терапия

2. 8.4 тістің жедел гангренозды пульпиті , Острый гангренозный пульпит 8.4:ұлпаның ампутациясы мен экстирпациясы, тісті пломбылау

3. 8.4 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі; тіс қуысын кеңейту, эндодонтиялық ем, түбір каналдары мен тіс қуысын пломбылау.

4.+Төменгі жақтың жедел іріңді периоститі: 8.4 тісті жұлу , периостомия , антибактериалды ем.

5. Төменгі жақтың жедел ошақты остеомиелиті , антибактериальды терапия.

846. Қабылдау бөліміне 9 жасар бала поликлиникада жедел іріңді периоститі деп 8.4 тісі жұлынғанын, периостомия жасалғанын айтып келді. бір күннен кейін баланың жалпы жағдайы нашарлайды: дене қызуы 38,50 анықталды, бет ісінуінің ұлғайған, бет терісі тырысып және қызарған. Науқасқа байланысты қандай тактика неғұрлым дұрыс?

1. Ауру сезімін басатын дәрілер және физио ем тағайындау. 2. Жалпы жағдайын жақсартатын терапия және ауыз қуысын түймедақ шөптермен шаюды тағайындау.

3.+Баланы стационарға госпитальизациялау, жергілікті жансыздандыру мен жараның жиектерін ашу, антибактериальды ем тағайындау.

4. Тіс ұяшығынң ревизиясын жүргізу, антибиотиктерді тағайындау.

5. Жұлынған тістің ұяшығын антисептикалық ерітіндімен шаю , оны йодоформмен тампон қалдыру.

847. 10 жастағы балада төменгі жақ сүйектің оң жақ аймағындағы тіндердің ісінуінен төменгі жақ сүйектің деформациясы байқалады. қарап тексергенде 8.5 тісінің пломбыланғаны анықталды , тіс сауыты алқызыл түсті, жақсүйектің вестибулярлы жағынан сүйектің ісінуі байқалады, пергаментті сықыр симптомы оң. Рентген суретте 8.5 тістің аймағында шекарасы анық , дөңгелек пішінді сүйек тінінің шектелген ыдырауы ошағы бар, үрдіске 4.5 тістің ұрығы қосылған.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтаманы анықтап емдеу жоспарын құрыңыз?

1. Төменгі жақтың одонтогенді қабыну кистасы , цистотомия ,8.5 тісті жұлу;

2. 8.5 тістен болған төменгі жақтың радикулярлы кистасы , цистоэктомия;

3. 8.5 тістен болған төменгі жақтың радикулярлы кистасы, цистотомия, 8.5 тісті және 4.5 тіс ұрығын жұлу;

4. Төменгі жақ остеобластокластомасы, сәулелі ем;

5. Төменгі жақтың фолликулярлы кистасы , цистоэктомия, 4.5 тістің ұрығын жұлу;

848. Клиникаға 5 күн бұрын госпитализацияланған және жақасты аймағының флегмонасы бойынша операция жасалған 5 жасар қыз баланы клиникадан шығару алдында гранульденген жарасы болды

Хирургтың қандай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ гипертрофиялық тыртық дамуының алдын алады?

1. Грануляциялық тінді толық алу және жараға жақпалы таңба қою;

2. Жараға күнделікті кератопластикалық жақпа таңбасын қою;

3.+Жараны хирургиялық өңдеу және екіншілік тігіс салу;

4. Грануляциялық жараға еркін тері пластикасын жүргізу;

5. Жараға күнделікті УФО-терапиясын жүргізу.

849. Емханаға 8 жасар бала келді. Қарап тексергенде екі жағынан да құлақ маңы және жақасты аймақтары жұмсақ тіндерінің ісінуі анықталды, бетіндегі терісі қызарған, тырысқан. Ауырғанына 3 күн болған, баланың жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызуы 380 С, тәбеті төмендеген, ауыз қуысы құрғаған.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтаманы және емдеу принципін анықтаңыз:

1. Калькулёзды сиалоаденит, оперативті ем;

2. Жедел іріңді лимфаденит, іріңді ошақты дренаждау, антибактериальды ем;

3. Паренхиматозды сиалоаденит, сөл бөлінуін күшейтетін заттар, массаж, қабынуға қарсы және гипосенсибилизациялық ем;

4. Жедел іріңді периостит, периостотомия, антибактериальды ем;

5.+Эпидемиялық паротит, науқасты оқшаулау, детоксикациялық ем, сөл бөлінуін күшейтетін емдәм.

850. Толық бұзылған, 3.6 тістен дамыған төменгі жақсүйегінің жедел одонтогенді остеомиелиті бар баланы емдеу тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тісті жұлу, периостотомия;

2. Остеоперфорация, түбір өзектерін санациялау;

3. Тісті жұлу және антибактериальды ем;

4. Периостотомия, медикаментозды ем, қабыну үрдісі басылғаннан соң «себепші» тісті емдеу;

5.+Баланы госпитализациялау, жалпы жансыздандырумен остеоперфорация және сүйек ішілік лаваж жүргізу, 3.6 тістің түбірлерін жұлу, медикаментозды ем.

851. Аймақтық ауруханадан клиникаға 12 жастағы бала ауыз қуысы түбінің жайылған қабыну үрдісімен ауыр жағдайда жеткізілді. Бір апта ішінде 3.6 тісіндегі созылмалы периодонтиттің өршуіне байланысты емдеп бастағаннан кейін дамыған.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс емдеу жоспарын құрыңыз:

1. Ауыз ішілік әдіспен іріңді ошақты дренаждау, тісті емдеу;

2. Ауыз ішілік әдіспен іріңді ошақты дренаждау, тісті жұлу;

3. Іріңді ошақты ауыз сырты әдісімен дренаждау, антибактериальды ем, тісті жұлу;

4.+Іріңді ошақты ауыз сырты әдісімен дренаждау, белсенді антибактериальды, детоксикациялық, десенсибилизациялық ем, 3.6 тісті сақтау мәселесі R-граммадан соң шешіледі;

5. Іріңді ошақты ауыз ішілік әдісімен дренаждау, антибактериальды ем, тісті емдеу.

852. Клиникаға 13 жастағы бала жұтынғанда күшейетін тамағындағы ауыру сезімі, ауыз ашылуының шектелуі шағымдарымен жеткізілді. 4 күн бұрын 4.6 тісі қатты ауырып бастады. Үйінде емделген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,30 С, лейкоцит -10,2 х10 9/л, ЭТЖ-26мм/сағ. 4.6 тістен болған қанатша-жақ кеңістігінің флегмонасы деген нақтама қойылды.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс емдеу жоспарын құрыңыз:

1. 4.6 тісті жұлу, антибактериальды ем;

2. 4.6 тісті жұлу, физиотерапия, ауыз қуысының ирригациясы;

3. Қабыну үрдісі басылғаннан кейін 4.6 тісті емдеу;

4. Ауыз сырты әдісімен іріңді ошақты дренаждау;

5.+4.6 тістің түбір өзектерін дренаждау, периостотомия, ауыз сырты әдісімен іріңді ошақты дренаждау.

853. Дәрігерге бала жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен кеше 6.4 тістің кесірінен болған жедел іріңді периостит бойынша «себепші» тіс жұлынып, аузын тұз-сода ерітіндісімен шайқау тағайындалған

Дәрігердің жасаған қателігін анықтаңыз және ем жоспарына толықтыру енгізіңіз:

1. Тісті сақтап, іріңнің шығуын түбір өзектері арқылы қамтамасыз ету қажет еді;

2. Тісті жұлғаннан соң жақсы ұяшық ревизиясын жүргізіп, ұяшықты тазалап, йодоформ ұнтағымен тампон қалдыру қажет еді;

3. Қосымша гипосенсибилизациялық ем тағайындалмаған;

4.+Ауыз ішілік тілу жүргізілмеген, қосымша периостотомия қажет;

5. Периостотомия жүргізіп, физиоем тағайындап, тісті сақтау қажет еді.

854. Бір күн бұрын баланың 8.4 тісі жедел іріңді периоститке байланысты жұлынып, периостотомия жүргізілді. Қайта тексеру кезінде дене қызуы 38,5°С, бет ісінуі ұлғайған, төменгі жақ аймағындағы тері тырысқан және ісінген.

Осы балаға байланысты дәрігердің тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қандай?

1. Ұяшық ревизисын жүргізу, антибиотикотерапия тағайындау;

2. Ауыру сезімін басатын препараттар тағайындау, физиолечение;

3. Жалпы әлдендіруші ем, шөп қайнатпалары мен антисептикалық ерітінділермен аузын шайқауды тағайындау;

4. Ұяшықты антисептик ерітінділерімен өңдеу, ұяшықты йодоформ турундасымен тампондау, антибиотикотерапия тағайындау;

5.+Баланы стационарға госпитализациялау, жергілікті жансыздандырумен жара жиегін ашу, медикаментозды ем тағайындау.

855. Бес күн бұрын госпитализацияланған және жақасты аймағыныың флегмонасына байланысты операция жасалған 7 жасар науқаста клиникадан шығар алдында грануляцияланған жара бар. Хирург жараны екіншілік хирургиялық өңдеуге шешім қабылдады.

Косметикалық эффект алу үшін дәрігер НЕҒҰРЛЫМ қандай әрекет жасауы керек?

1. Жақпасы бар таңба қою;

2. УФО-терапия тағайындау;

3. Грануляциялық тіндерді қырып алу және жақпасы бар таңба қою;

4. Грануляциялық тіндерді қырып алу және теріні еркін ауыстыру (пересадка);

5. +Грануляциялық тінді жаңарту және жараға косметикалық тігістер салу.

856. Емханаға нәресте кезінде оң жағындағы буын өсіндісінің буын басының жедел гематогенді остеомиелтімен ауырған 3асар баланы әкелді. Біртіндеп науқастың аузы жабылды, сұйық тамақтарды ғана жейді.

НЕҒҰРЛЫМ дұрым нақтама қойыңыз және емдеу жоспарын құрыңыз.

1.+СТЖБ анкилозы және микрогения: төменгі жақ бұтағының сүйектік пластикасымен бір мезеттік остеотомия;

2. Буын өсіндісінің деструктивті остеомиелиті, секвестрэктомия,

қабыну үрдісі басылғаннан кейін сүйек пластикасы;

3. Төменгі оң жақтың микрогениясы, остеотомия және сүйек пластикасы;

4. СТЖБ деформациялаушы остеоартрозы, жасөспірімдік жасқа дейін механотерапия;

5. Буын өсіндісінің созылмалы гематогенді остеомиелиті, секвестрэктомия және кейін сүйек пластикасы.

857. Емханаға операциядан кейін пайда болған жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезінен, бір күн бұрын күндіз 6.4 тістен болған жедел іріңді периостит бойынша тісі жұлынған, аузын сода-тұзды ерітіндімен шайқау тағайындалған.

Емхана дәрігерінің қателігін анықтаңыз:

1. Периостотомия жүргізіп, физиоем тағайындау қажет еді;

2. Ұяшықты жақсылап ревизиялап, ұяшықты тазартып, йодоформ ұнтағымен тампон алдыру қажет еді;

3. Науқасқа гипосенсибилизациялық ем тағайындалмаған;

4. Тісті сақтап, түбір өзектері арқылы іріңді шығарып, антибиотик тағайындау қажет еді;

5.+Ауыз ішінен тілу жүргізілмеген (периостотомия) және антибактериальды ем тағайындалмаған.

858. 13 жастағы науқас тағам тістегенде туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: жоғарғы ерні ұлғайған, жұмсақ, ауырмайды, 2.1 тісінде терең тісжегі қуысы, шұқып тексергенде ауырмайды, перкуссияда ауырады. 2.1, 2.2 тістер аймағында альвеола өсіндісін сипап тексергенде ауырады. Вестибулярлы жағының шырышты қабаты қызарған, ісінген. Ауыз ішілік рентгенограммада түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйектің ыдырауы анықталады. Дәрігер қызылиекті сүйекке дейін тіліп, қою, ірің араласқан, холестерин кристаллдары бар күңгірт сұйықтық алды.

Операция қандай патологиялық үрдіс бойыша жүргізілді?

1. 2.1 тістің жалпы іріңді пульпиті;

2. 2.1 тістің жақсүйектің іріңді периоститі

3. +2.1 тістің іріңдеген одонтогенді қабыну кистасы;

4. 2.1 тістегі созылмалы периодонтиттің өршуі;

5. Пародонтиттің қабыну-дистрофиялық түрі.

859. 8.4 тістен болған жедел іріңді периоститі бар баланың осы тісі бір күн бұрын жұлынып, периостотомия жасалған. Баланың жалпы жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,50 дейін көтерілген, бет ісінуі ұлғайған, жақасты аймағының терісі тырысқан жіне қызарған. Нақтама қойылды: жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы.

Баланы әрі қарай емдеудің тиімді жоспарын анықтаңыз:

1. Үй жағдайында ауыру сезімін басатын перпараттар, антибиотиктер және жылыту компресстерін тағайындау;

2.+Баланы госпитализациялау, наркозбен іріңді ошақты сыртынан тілу арқылы дренаждау, медикаментозды ем;

3. Жұлынған тіс ұяшығын антисептик ерітінділерімен шаю, кейін йодоформ турундасымен тампондау;

4. Жұлынған ұяшықтың ревизиясын жүргізу, оны шаю, антибиотикотерапия тағайындау;

5. Жалпы әлдендіретін ем, үй жағдайында ауыз қуысын түймедақ қайнатпаларымен аузын шайқауды тағайындау.

860. 15 жастағы жасөспірімді бұрын емделген 2.1 тісі мазалата бастады. Ауыз ішілік рентгенограммада тіс түбірі 3/4 бөлікке ғана пломбыланған, түбір ұшы аймағының сүйек тінінде шекарасы анық емес деструкция ошағы.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтама қойыңыз және рационалды емді анықтаңыз:

1.+Созылмалы гранулденген периодонтит, эндодонттық емнен кейін түбір ұшының резекциясы;

2. Созылмалы гранулденген периодонтит, грануляцияларды қырып алғаннан кейін түбір ұшының резекциясы;

3. Созылмалы фиброзды периодонтит, түбір ұшының резекциясы;

4. Созылмалы гранулематозды периодонтит, тісті жұлу;

5. Созылмалы фиброзды периодонтит, тіс реплантациясы.

Балалардағы тіс жұлу операциясы

861. Емханға 9 жасар бала келді. Қарап тексеру барысында 5.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда аурады, қызылиегі ісінген. Рентген суретте кортикальды пластинкасының деструкциясы анықталды, тістің бифуркация аймағында сүйек тінінің ыдырауы, түбірлерінің ½ биіктікке сорылғаны анықталды.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Витальды ампутация жүргізу;

2. Дренаждау;

3. Секвестрэктомия жүргізу;

4. Периостотомия жүргізу;

5.+Тісті жұлу қажет.

862. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баланың ауыз қуысынан анықталды: ІІІ дәрежедегі қозғалатын 7.2 тіс сау, 7.4 тістің апроксимальді бетінде тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы бар, қызылиекте вестибулярлы жағынан, қызылиегіне жақын жылға бар, 8.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы, шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады, перкуссияда ауырмайды.

Науқасқа байланысты қандай емдеу тактикасы дұрыс?

1. 7.2, 8.5 тістерді жұлу, 6.4 тісті емдеу;

2.+6.4 ,7.2 тістерді жұлу, 8.5 тісті емдеу;

3. Тістерді жұлуға болмайды, барлығы консервативті емге жарамды;

4. Көрсетілген барлық тістерді жұлу, жартылай алмалы тіс протезімен протездеу;

5. 6.4, 8.5 тістерін жұлу және 7.2 тісті лигатуралық сыммен бекіту.

863. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баланың ауыз қуысынан анықталды: ІІІ дәрежедегі қозғалатын 7.2 тіс сау, 7.4 тістің апроксимальді бетінде тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы бар, қызылиекте вестибулярлы жағынан, қызылиегіне жақын жылға бар, 8.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы, шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады, перкуссияда ауырмайды. Қандай диагноз НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 7.2 тістің шығуы, 7.4 тістің жедел периодонтиті, 8.5 тістің жедел іріңді пульпиті;

2. 7.2 тістің дсы,7.4 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, 8.5 тістің жедел іріңді периодонтиті;

3. 7.2 тістің физиологиялық ауысуы, 7.4 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, 8.5 тістегі терең тісжегі;

4. 7.2 тістің жартылай шығуы, 7.4 тістің созылмалы гранулематозды периодонтиті, 8.5 тістің созылмалы пульпитінің өршуі;

5.+7.2 тістің физиологиялық ауысуы, 7.4 тістегі созылмалы гранулденген периодонтиті, 8.5 тістің созылмалы жәй пульпиті.

864. Емханаға 8 жасар бала 8.4 тістің аймағындағы төменгі жақ аймағының ісінуіне шағымданып келді. Цистотомия операциясы жоспарланды.

Себепші тіске байланысты қандай емдік шара жүргізу қажет?

1. Тіс түбірінің резекциясын жүргізу;

2.+«Себепші» тісті жұлу;

3. Консервативті ем;

4. Тіс түбірінің гемисекциясы;

5. Тісті реплантациялау.

865. Созылмалы периодонтиттің өршуіне байланысты 5 жасар баланың 8.4 тісі жұлынды.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Тіс-жақ жүйесінің дамуын диспансерлік бақылау; 2. Консольды тіс протезін дайындау;

3.+Алмалы тіс протезін дайындау;

4. Қалған тістерді шендеу; 5. Тісті реплантациялау.

866. 8 жасар баланың ауыз қуысынан 8.4 тістің шайнау бетінен пломба анықталды, сауыт бөлігі алқызыл түсті. Қызылиегінде вестибулярлы жағынан ірің бөлінетін жылға анықталды, тіс қозғалғыштығы ІІ дәрежелі.

Қандай емдік шара қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Қабыну үрдісін басу үшін антисептиктермен шайқау;

2. Тісті сақтау мақсатында эндодонттық емдеу;

3. Физиотерапиялық шаралар;

4. Детоксикациялық ем;

5.+ 8.4 тісті жұлу.

867. 6 жасар баланың 8.1 тісі аймағында тіл жағынан 4.1 тісі жарып шығуда.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Диспансерлік бақылау;

2. Ортодонт кеңесі;

3. Алмалы протезбен протездеу;

4.+8.1 тісті жұлу;

5. 4.1 тісті жұлу.

868. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баладан анықталды: 2.4 тіс вестибулярлы жарып шығуда, 6.4 тісте пломба бар, тұрақты.

Осы жағдайда қандай ем НЕҒҰРЛЫМ қажет?

1. Диспансерлік бақылау;

2. Ортодонт кеңесі;

3. Ортопед кеңесі;

4. Логопед кеңесі;

5. +6.4 тісті жұлу.

869. 4 жастағы баланы емханаға ата-анасы ауыз қуысының санациясы мақсатында әкелді, қарап тексергенде 7.4 тісте тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы анықталды. Перкуссияда ауырмайды, қызылиекте вестибулярлы жағында жылға бар. Диагноз қойылды: 7.4 тістің созылмлы гранульденген периодонтиті.

Алдымен қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Реография;

2. Термометрия;

3. Электроодонтометрия;

4. Гистологиялық зерттеу;

5.+Рентгенологиялық зерттеу

870. 10 жастағы бала емханаға ата-анасымен ауыз қуысының санациясы мақсатында келді. Қарап тексергенде: 5.5 тістің сауыты толық бұзылған. Тісті жұлуға шешім қабылданды.

Уақытша тісті жұлу операциясының ерекшелігі қандай?

1. Егеу (методом выпиливания) әдісімен күрделі жұлу;

2.+Тегістегішпен немесе экскаватормен атипиялық жұлу;

3. Балғамен ұру (методом выдалбливания) әдісімен күрделі жұлу;

4. Егеу (методом выпиливания) әдісімен атипиялық жұлу;

5. Қызылиекті кеңінен ажырату арқылы тісті қарапайым әдіспен жұлу.

872. Балалар дәрігер-стоматологында уақытша тістерді жұлуға, ересектерден ерекшелігі болатын арнайы аспаптары болады.

Балалар стоматологиялық қысқыштардың НЕҒҰРЛЫМ қандай ерекшелігі бар?

1. Жоғарғы тістерді жұлатын арнайы қысқыштары болады;

2. Уақытша тістер түбірін жұлатын арнайы қысқыштары болады;

3.+Тұрақты тістерге арналған қысқыштармен салыстырғанда көлемі кіші;

4. Пішіні басқаша;

5. Басқа материалдан жасалған.

872. 9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 8.4 тістің шайнау-апроксимальды бетінде тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда күрт ауырады. Рентгенограммада тіс түбірінің бифуркация аймағында сүйектің ыдырауы, кортикальды пластинканың деструкциясы, тіс түбірі резорбциясының белгілері байқалады.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.+Созылмалы периодонтиттің өршуі;

2. Жедел диффузды остеомиелит;

3. Жедел іріңді лимфаденит;

4. Жедел іріңді периостит;

5. Жедел жалпы пульпит.

873. 9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 8.4 тістің шайнау-апроксимальды бетінен тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда күрт ауырады. Рентгенограммада тістің түбірі аймағында сүйектің ыдырауы, 4.4 тіс фолликуласы кортикальды пластинкасының деструкциясы, 8.4 тіс түбірінің сорылу белгілері байқалады.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Девитальды экстирпация жүргізу;

2. Іріңді ошақты ашу;

3. Секвестрэктоми жүргізу;

4. Периостотомия жүргізу;

5.+Тісті жұлу қажет.

874. Профилактикалық тексеру кезінде дәрігер-стоматолог 13 жасар баланың ауыз қуысынан төменгі жақсүйегінде тіс қатарының ақауын анықтады: 7.5, 8.5 тістері жоқ, 3.4, 4.4 кіші азу тістері жарып шыққан.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің НЕҒҰРЛЫМ қайсысын жүргізу қажет?

1. Электроодонтометриялық;

2. Антропометриялық;

3.+Рентгенологиялық;

4. Қанды зерттеу;

5. Реографиялық.

875. Стационарда 4 жасар баланың 7.4 тісін жақсүйектің жедел іріңді остеомиелиті бойынша жұлынған.

Науқасқа байланысты қандай тактика қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тіс-жақ жүйесінің дамуын диспансерлік бақылау; 2. Көпіртәрізді тіс протезін дайындау;

3.+Алмалы тіс протезін дайындау;

4. Имплантациялау, кейін тіс протезін дайындау; 5. Тісті реплантациялау.

876. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баланың ауыз қуысынан анықталды: 6.2 тісте физиологиялық ауысу, 5.4 тісте созылмалы гранулденген периодонтит, 7.5 тісте созылмалы жәй пульпит.

Қандай емдеу шараларын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 7.5, 6.2 тістерін жұлу, 5.4 емдеу қажет;

2.+ 5.4 ,6.2 тістерін жұлу, 7.5 тісті емдеу;

3. Көрсетілген барлық тістерді жұлу, протездеу;

4. Тістерді жұлуға болмайды, барлық тістер консервативті емге жарамды;

5. 5.4, тісті жұлу және 6.2 тісті лигатуралық сыммен бекіту.

877. 11 жасар баланың ауру анамнезінен 8.4 тістің қиын жарақатпен жұлынғаны анықталды. Қарап тексергенде: 4.4 тіс жоқ. Рентгенограммада: 4.4 тістің ұрығы бар.

Тұрақты тістің жарып шықпау себебін анықтаңыз:

1.+Жарақаттануына байланысты 4.4 тістің жарып шығуының кідіруі;

2. Қызылиек аймағында шырышты қабаттың жыртылуы;

3. Альвеолит;

4. 4.4 тістің дистопиясы;

5. 4.4 тістің шығуы.

878. 11 жасар баланың ауру анамнезінен 8.4 тістің қиын жарақатпен жұлынғаны анықталды. Қарап тексергенде: 4.4 тіс жоқ.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тіс имплантациясын тағайындау;

2. Тіс қатарын протездеу қажет;

3. Қабынуға қарсы ем жүргізу;

4.+Рентгенология жүргізу;

5. Остеопластикалық заттар қолдану қажет.

879. Тамақтанғандағы ыңғайсыздық сезімдеріне шағымданып 11 жастағы бала стоматологиялық көмекке келді. Объективті: 8.5 тіс сау, тісті қоршаған шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті, тіс 2-дәрежеде қозғалады.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Жедел іріңді периодонтит;

2.+Физиологиялық ауысу;

3. Жартылай дистопия;

4. Жартылай шығу;

5. Толық шығу.

880. Тамақтанғандағы ыңғайсыздық сезімдеріне шағымданып 11 жастағы бала стоматологиялық көмекке келді. Объективті: 8.5 тіс сау, тісті қоршаған шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті, тіс 2-дәрежеде қозғалады.

Науқасқа байланысты қандай тактиканы жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Витальды ампутация әдісімен емдеу;

2. Консервативті ем;

3. Тісті шендеу;

4. Тісті реплантациялау;

5.+Тісті жұлу.

881. Бала емханаға төменгі сол жағындағы бұзылған тісіне шағымданып келді. Дәрігер тісін жұлып, ұяшық жиектерін қысып, тығыз тампондап тастады. Қан тоқтамағаннан соң, оны тоқтату мақсатында ұяшыққа кетгутпен тігіс салып, йодоформмен тампон қалдырды.

Дәрігердің қандай әрекеті қате болған?

1.+Ұяшық жиектерін қысу және тығыз тампонадау; 2. Қан тоқтату заттарын қолдану; 3. Қабынуға қарсы ем тағайындау;

4. Қызылиекті жақындату тігісін салу;

5. Ұяшыққа жеңіл тампонада жасау.

882. 9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 5.5 тістің шайнау бетінен тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда ауырады, қызылиегі ісінген. Рентгенограммада 1.5 тіс фолликуласының кортикальды пластинкасының деструкциясы, бифуркация аймағында сүйектің ыдырауы, түбірлерінің ½ бөлігінің резорбциясы байқалады.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.+Созылмалы периодонтиттің өршуі;

2. Жедел ошақты остеомиелит;

3. Жедел іріңді лимфаденит;

4. Жедел іріңді периостит;

5. Жедел жалпы пульпит.

883. 9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 5.5 тістің шайнау бетінен тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда ауырады, қызылиегі ісінген. Рентгенограммада 1.5 тіс фолликуласының кортикальды пластинкасының деструкциясы, бифуркация аймағында сүйектің ыдырауы, түбірлерінің ½ бөлігінің резорбциясы байқалады.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Витальды ампутация;

2. Секвестрэктомия;

3. Периостотомия;

4. Тісті пломбылау;

5.+Тісті жұлу.

884. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баладан анықталды: 2.4 тіс вестибулярлы жарып шығуда, 6.4 тісте пломба бар, тұрақты.

Осы жағдайда қандай ем НЕҒҰРЛЫМ қажет?

1. Диспансерлік бақылау;

2. Ортодонт кеңесі;

3. Ортопед кеңесі;

4. Логопед кеңесі;

5. +6.4 тісті жұлу.

885. 4 жастағы баланы емханаға ата-анасы ауыз қуысының санациясы мақсатында әкелді, қарап тексергенде 7.4 тісте тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы анықталды. Перкуссияда ауырмайды, қызылиекте вестибулярлы жағында жылға бар.

Алдымен қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Реография;

2. Термометрия;

3. Электроодонтометрия;

4. Гистологиялық зерттеу;

5.+Рентгенологиялық зерттеу.

886. 10 жастағы бала емханаға ата-анасымен ауыз қуысының санациясы мақсатында келді. Қарап тексергенде: 5.5 тістің сауыты толық бұзылған. Тісті жұлуға шешім қабылданды.

Уақытша тісті жұлу операциясының ерекшелігі қандай?

1. Егеу (методом выпиливания) әдісімен күрделі жұлу;

2.+Тегістегішпен немесе экскаватормен атипиялық жұлу;

3. Балғамен ұру (методом выдалбливания) әдісімен күрделі жұлу;

4. Егеу (методом выпиливания) әдісімен атипиялық жұлу;

5. Қызылиекті кеңінен ажырату арқылы тісті қарапайым әдіспен жұлу.

887. Балалар дәрігер-стоматологында уақытша тістерді жұлуға, ересектерден ерекшелігі болатын арнайы аспаптары болады.

Балалар стоматологиялық қысқыштардың НЕҒҰРЛЫМ қандай ерекшелігі бар?

1. Жоғарғы тістерді жұлатын арнайы қысқыштары болады;

2. Уақытша тістер түбірін жұлатын арнайы қысқыштары болады;

3.+Тұрақты тістерге арналған қысқыштармен салыстырғанда көлемі кіші;

4. Пішіні басқаша;

5. Басқа материалдан жасалған.

888. 11 жасар баланың ауру анамнезінен 8.4 тістің қиын жарақатпен жұлынғаны анықталды. Қарап тексергенде: 4.4 тіс жоқ. Рентгенограммада: 4.4 тістің ұрығы бар.

Тұрақты тістің жарып шықпау себебін анықтаңыз:

1.+Жарақаттануына байланысты 4.4 тістің жарып шығуының кідіруі;

2. Қызылиек аймағында шырышты қабаттың жыртылуы;

3. 4.4 тіс ұрығының өлуі;

4. 4.4 тістің дистопиясы;

5. 4.4 тістің шығуы.

889. 11 жасар баланың ауру анамнезінен 8.4 тістің қиын жарақатпен жұлынғаны анықталды. Қарап тексергенде: 4.4 тіс жоқ.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тіс имплантациясын тағайындау;

2. Тіс қатарын протездеу қажет;

3. Қабынуға қарсы ем жүргізу;

4.+Рентгенологиялық зерттеу тағайындау;

5. Көпір тәрізді протез дайындау.

890. Тамақтанғандағы ыңғайсыздық сезімдеріне шағымданып 11 жастағы бала стоматологиялық көмекке келді. Объективті: 8.5 тіс сау, тісті қоршаған шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті, тіс 2-дәрежеде қозғалады.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Жедел іріңді периодонтит;

2.+Физиологиялық ауысу;

3. Жартылай шығу;

4. Терең тісжегі;

5. Толық шығу.

891. Тамақтанғандағы ыңғайсыздық сезімдеріне шағымданып 11 жастағы бала стоматологиялық көмекке келді. Объективті: 8.5 тіс сау, тісті қоршаған шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті, тіс 2-дәрежеде қозғалады.

Науқасқа байланысты қандай тактиканы жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Витальды ампутация әдісімен емдеу;

2. Консервативті ем;

3. Тісті шендеу;

4. Тісті реплантациялау;

5.+Тісті жұлу.

892. Уақытша тісті жұлу операциясының ерекшеліктері қандай?

1. Компактостеотомиямен тісті жұлу;

2. Қызылиекті кеңінен ажырату, қысқыш ұрттарын терең енгізу;

3.+Қысқыштарды тіс-қызылиек сайына дейін ғана енгізу, қысқыштарды байсалды бекіту;

4. Қысқышты тіс мойнына салу, тісті жұлу қозғалыстары тез; 5. Қызылиекті кеңінен ажырату, қысқыштарды тіс экваторына қою.

893. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баланың ауыз қуысынан анықталды: 7.2 тіс ІІІ дәрежеде қозғалады, 6.4 тісте созылмалы гранулденген периодонтит, 8.5 тісте созылмалы жәй пульпит.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. 7.2, 8.5 тістерін жұлу, 6.4 тісті емдеу;

2.+ 6.4 ,7.2 тістерін жұлу, 8.5 тісті емдеу;

3. Көрсетілген барлық тістерді жұлу, уақытша протездеу;

4. Тістерді жұлуға болмайды, барлық тістер консервативті емге жарамды;

5. 6.4, 8.5 тістерін жұлу және 7.2 тісті лигатуралық сыммен бекіту.

894. Емханаға төменгі жақта 8.4 тісінің аймағындағы ісінуге шағымданып 8 жасар бала келді. Пальпацияда крепитация симптомы анықталды, шырышты қабаты көкшіл түсті. Цистотомия операция жоспарланды.

Себепші тіске байланысты қандай емдеу шарасын жүргізген дұрыс?

1. Тіс түбірінің резекциясын;

2.+ «Себепші» тісті жұлу;

3. Консервативті ем;

4. Тіс түбірінің гемисекциясы;

5. Тіс реплантациясын.

895. Оң жақ төменгі жақтағы қабыну үрдісіне байланысты 5 жасар баланың 8.4 тісі жұлынған.

Науқасқа байланысты қандай тактика қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тіс-жақ жүйесінің дамуын диспансерлік бақылау; 2. Консолды тіс протезін дайындау;

3.+Алмалы тіс протезін дайындау;

4. Қалған тістерді шендеу; 5. Тісті реплантациялау.

896. 8 жасар баланың ауыз қуысында 8.4 тістің шайнау бетінде пломба бар, сауыт бөлігі алқызыл түсті. Қызылиегінде вестибулярлы жағынан ірің бөлініп тұрған жылғасы (свищ) бар, тіс ІІ дәрежеде қозғалады.

Қандай емдеу шарасын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Қабыну үрдісін басу үшін антисептиктермен шайқау;

2. Тісті сақтау мақсатында эндодонттық емдеу;

3. Физиотерапиялық шаралар;

4. Детоксикациялық ем;

5.+ 8.4 тісті жұлу.

897. 6 жасар балада 8.1 тістің аймағында тіл жағынан 4.1 тіс жарып шығуда.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Диспансерлік бақылау;

2. Ортодонттың кеңесі;

3. Алмалы протезбен протездеу;

4. 4.1 тісті жұлу;

5.+ 8.1 тісті жұлу.

898. 9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 8.4 тістің шайнау-апроксимальды бетінен тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда күрт ауырады, Рентгенограммада тістің түбірі аймағында сүйектің ыдырауы, 4.4 тіс фолликуласы кортикальды пластинкасының деструкциясы, 8.4 тіс түбірінің сорылу белгілері байқалады.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс

1.+Созылмалы периодонтиттің өршуі;

2. Жедел диффузды остеомиелит;

3. Жедел іріңді лимфаденит;

4. Жедел іріңді периостит;

5. Жедел жалпы пульпит.

899. 9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 8.4 тістің шайнау-апроксимальды бетінен тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда күрт ауырады, Рентгенограммада тістің түбірі аймағында сүйектің ыдырауы, 4.4 тіс фолликуласы кортикальды пластинкасының деструкциясы, 8.4 тіс түбірінің сорылу белгілері байқалады.

Науқасқа байланысты қандай тактика НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Девитальды экстирпация жүргізу;

2. Іріңді ошақты ашу;

3. Секвестрэктоми жүргізу;

4. Периостотомия жүргізу;

5.+Тісті жұлу қажет.

900. Профилактикалық тексеру кезінде дәрігер-стоматолог 10 жасар баланың ауыз қуысынан төменгі жақсүйегінде тіс қатарының ақауын анықтады: 7.5, 8.5 тістері жоқ, 3.4, 4.4 кіші азу тісстері жарып шыққан.

Төменде аталған зерттеу әдістерінің НЕҒҰРЛЫМ қайсысын жүргізу қажет?

1. Электроодонтометриялық;

2. Антропометриялық;

3.+Рентгенологиялық;

4. Қанды зерттеу;

5. Реографиялық.

901. Стационарда 4 жасар баланың 7.4 тісі жақтың жедел қабыну үрдісіне байланысты жұлынды.

Осы науқасқа байланысты тактиканың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Консольды протез дайындау;

2. Науқасты диспансерлік бақылау;

3.+Алмалы тіс протезін дайындау;

4. Көпір тәрізді протез дайындау;

5. Имплантациялау, кейін тіс протезін дайындау.

902. 8 жасар баланы профилактикалық тексеру кезінде анықталды: 6.2 тістің физиологиялық ауысуы, 5.4 тістегі созылмалы периодонтит, 7.5 тістің созылмалы жәй пульпиті 7.5.

Қандай емдік шаралар жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. 5.4 тісті жұлу, 6.2 тісті лигатуралық сыммен бекіту;

2.+ 5.4, 6.2 тістерін жұлу, 7.5 тісті емдек қажет;

3. 7.5, 6.2 тістерін жұлу, 5.4 тісті емдеу;

4. 7.5, 6.2 тістерін жұлу, 5.4 тісті емдеу;

5. Көрсетілген тістерді жұлу, протездеу.

903 Уақытша тістерді жұлу кезінде қандай асқыну НЕҒҰРЛЫМ ауыр болады?

1. Қанталау;

2. Жақсүйектің сынуы;

3. Қантамыр-нерв шоғырының жарақаттануы;

4.+Тұрақты тістің фолликуласын жарақаттау;

5. Жақсүйек маңы тіндерінде қабыну үрдісінің дамуы.

904. Рентгенологиялық зерттеу жүргізгенде ауыз ішілік рентген суретінде 8.4 тіс аймағында шекарасы тегіс емес деструкция ошағы бар, кортикальды пластинка бұзылған, түбір резорбциясының белгілері бар. Осы өзгерістер тістің қандай ауруына НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. Жедел жалпы пульпитке;

2. Созылмалы деструктивті остеомиелитке;

3. Созылмалы оссифицирлеуші периоститке;

4.+ Созылмалы гранулденген периодонтитке; 5. Созылмалы гранулематозды периодонтитке.

905. 13 жасар баланың 1.6 тісін өткізгіштік жансыздандырумен жұлғаннан кейін, келесі күні дене қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлады. Ауыз қуысын қарап тексергенде жоғарғы жақсүйектің өтпелі қатпары қызарған, жоғарғы жақсүйек төмпешігінің артында ауыру сезімі бар. Жансыздандыру нәтижесінде туындайтын асқынуды атаңыз:

1. Жоғарғы жақсүйек төмпешігінің ажырауы;

2. Альвеола өсіндісінің сынуы;

3. Гаймор қойнауы түбінің перфорациясы;

4. Жоғарғы ұяшық өрімінің парезі;

5.+Қанат-таңдай аймағындағы қабыну инфильтраты.

906. Созылмалы периодонтиті бар уақытша тісті жұлуға жиі көрсеткіш:

1.+Қабыну үрдісінің тұрақты тіс ұрығына таралу қаупі болғанда;

2. Тұрақты тістің жарып шығу уақыты;

3. Түбір аймағында жылғаның (свищ) болуы;

4. Грануляциялық тіннің болуы;

5. Баланың жасы.

907. Уақытша тісті жұлу операциясының ерекшеліктері қандай?

1. Компактостеотомиямен тісті жұлу;

2. Қызылиекті кеңінен ажырату, қысқыш ұрттарын терең енгізу;

3.+Қысқыштарды тіс-қызылиек сайына дейін гана енгізу, қатты бекітпеу, тісті жұлу қозғалыстары байсалды;

4. Қысқышты тіс мойнына салу, тісті жұлу қозғалыстары тез; 5. Қызылиекті кеңінен ажырату, қысқыштарды тіс сауытына қою.

908. 7 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 7.4 тістен тісжегі қуысы анықталды, I дәрежеде қозғалады, қызылиекте вестибулярлы жағынан, қызылиек жиегіне жақын жерде жылға (свищ) бар.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Терең тісжегі;

2. Созылмалы жәй пульпит;

3. Созылмалы фиброзды периодонтит;

4. Созылмалы оссифицирлеуші периостит;

5.+Созылмалы гранулденген периодонтит.

909. 7 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 7.4 тістен тісжегі қуысы анықталды, I дәрежеде қозғалады, қызылиекте вестибулярлы жағынан, қызылиек жиегіне жақын жерде жылға (свищ) бар.

Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1.+Тісті жұлу;

2. Периостотомия;

3. Тісті пломбылау;

4. Витальді ампутация;

5. Девитальді экстирпация.

910. Емханаға 10 жасар бала келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 5.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар, перкуссияда ауырады, қызылиек ісінген. Рентгенограммада тіс түбірі бифуркациясында сүйек ыдыраған, кортикальды пластинканың деструкциясы байқалады.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.+Созылмалы периодонтиттің өршуі;

2. Жедел ошақты остеомиелит;

3. Жедел іріңді лимфаденит;

4. Жедел іріңді периостит;

5. Жедел жалпы пульпит.

911. Емханаға 10 жасар бала келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 5.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар, перкуссияда ауырады, қызылиек ісінген. Рентгенограммада тіс түбірі бифуркациясында сүйек ыдыраған, кортикальды пластинканың деструкциясы байқалады.

Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Дренаждау;

2.+Тісті жұлу;

3. Периостотомия жүргізу;

4. Витальды пульпотомия;

5. Девитальды пульпотомия.

912. Профилактикалық тексеру кезінде 8 жасар баланың ауыз қуысынан анықталды: 7.2 тіс III дәрежеде қозғалады, 6.4 тістің сауыты толық бұзылған, 8.5 тісте тіс қуысымен байланыспаған орташа көлемді тісжегі қуысы бар.

Қандай тістерді жұлу қажет?

1. Көрсетілген барлық тістерді жұлу;

2.+6.4,7.2 тістерін жұлу;