Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Интернатураға арналған 1080 тест.2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.14 Mб
Скачать

4. Эрозия;

5. Тоға.

477. Жедел жарақаттаушы факторларға жатады:

1. Тістердің өткір қырларымен ұзақ уақыт тітіркендіру;

2. Балансталған алмалы протез;

3. Пломбының салбыраңқы қырлары;

4.+Абайсызда тісеп алу;

5. Микротоктардың әсері.

478. Созылмалы жарақаттаушы факторларға жатқызады:

1. Абайсызда тісеп алу;

2.+Тістердің өткір қырларымен ұзақ уақыт тітіркендіру;

3. Өткір затпен жарақаттау;

4. Қышқылдың әсері;

5. Негіздің әсері.

479. Жарақаттың ойық жара кезіндегі қосымша етксеру әдісі:

1. Кулаженко сынамасы;

2. Аллергологиялық;

3.+Цитологиялық;

4. Ясиновский сынамасы;

5. Candida саңырауқұлағын анықтауға жағынды жасау.

480. Декубитальды жара келесі фактормен тудырылады:

1. Физикалық;

2. Химиялық;

3.+Механикалық;

4. Трофикалық;

5. Радиологиялық.

481. Жарақаттық ойық жараның цитологиялық көрінісі ... болуымен сипатталады:

1. Эпителийдің атипиялық жасушаларының;

2.+Қабыну элементтерінің;

3. Акантолитикалық жасушалардың;

4. Лангханс жасушаларының;

5. Көпядролы алып жасушалардың.

482. Жарақаттық ойық жараның қатерлі үрдіске ауысу белгілері:

1. Жара мөлшерінің өзгеруі;

2. Жараның табақша тәрізді пішіні;

3. Эозинофилия;

4.+Жараның жиектері мен табанының тығыздалуы;

5. Қоршаған тіндері түсінің өзгеруі.

483. Жарақаттық ойық жараны салыстырады:

1. Жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы түрімен;

2. Глоссалгиямен;

3. Көптүрлі жалқықты қызармамен;

4. Аллергиялық стоматитпен;

5.+Обыр жарасымен.

484. Жарақаттық ойық жараның еміне кіреді:

1. Зақымдану аймағын хирургиялық кесу;

2. Бриллиант көгі ерітіндісімен күйдіру;

3. Эпителизациялық заттармен антисептикалық өңдеу және аппликациялау;

4. Жарақаттаушы факторларды жою;

5.+Жарақаттаушы факторларды жою, антисептикалық өңдеу, эпителизациялық заттармен аппликациялау.

485. Ойық жараның обырға ауысуға бейімділігі болады:

1. Трофикалық;

2. Мерездік;

3. Туберкулездік;

4.+Жарақаттық;

5. Сеттон афтасы.

486. Жарақаттық факторды жойғаннан соң жараның жазылуға айқын бейімділігі болады:

1.+Жарақаттық;

2. Сәулелі;

3. Обыр;

4. Мерездік;

5. Туберкулездік.

487. Созылмалы механикалық жарақаттың алдын алу:

1. Диетаны сақтау;

2.+Алмалы протездердің уақытында коррекциялау;

3. Поливитаминдерді қабылдау;

4. Металл сауыттарды металлокерамикалық сауыттарға ауыстыру;

5. Темекі шегу мен ішімдікті жою.

488. АҚШҚ-на мышьяк қойыртпағын қойғаннан кейін болуы мүмкін асқыну:

1. Декубитальды жара;

2. Трофикалық жара;

3. Сілтілік некроз;

4.+Қышқылды некроз;

5. Тіс тіндерінің деминерализациясы.

489. 3% натрий гипохлоридін қолдану кезіндегі ауыз қуысының шырышты қабатының күюін алдын алу шаралары:

1. Коффердамды қолдану;

2. Сілекей сорғышты қолдану;

3. Натрий бикарбонаты ерітіндісімен ауыз қуысын шаю;

4. Сорғышты қолдану;

5.+Коффердам, сорғыш, сілекей сорғышты қолдану.

490. Мышьякты некрозды жатқызады:

1. Бактериальды инфекцияға;

2. Спецификалық инфекцияға;

3. Протозойлы ауруларға;

4. Саңырауқұлақты ауруларға;

5.+Жарақаттық зақымдануларға.

491. Мышьяк антидотына жатады:

1. Натрий бикарбонат ерітіндісі;

2. Марганец-қышқылды калий ерітіндісіне;

3. 3% натрий гипохлориті ерітіндісі;

4.+Унитиол

5. 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі.

492. АҚШҚ-на гальваникалық тоқпенм әсер ету мына жарақатқа жатады:

1. Химиялық;

2. Жедел механикалық;

3. Созылмалы механикалық;

4. Жедел физикалық;

5.+Созылмалы физикалық.

493. ЖГС қандай ауру болып табылады:

1.+Вирусты

2. Бактериалды

3. Саңырауқұлақты;

4. Аутоиммунды;

5. Аллергиялық.

494. ЖГС-ты салыстырады:

1. Атопиялық хейлитпен;

2. Гиперпластикалық кандидозбен;

3. Атрофиялық кандидозбен;

4. Десквамативті глосситпен;

5.+Аллергиялық (медикаментозды) стоматитпен.

495. Созылмалы қайталамалы герпестік стоматиттің қоздырғышы:

1. Актиномицеттер;

2. Леффлер таяқшалары;

3. Ашытқы саңырауқұлағы;

4.+Қарапайым герпес вирусы;

5. Венсана фузоспирохетасы.

496. Герпестік инфекция қандай жағдайда қайталанады?

1. Аллергияда;

2. Дисбактериозда;

3.+Латентті инфекцияның белсендірілуінде;

4. Шартты-патогенді микрофлораның белсендірілуінде;

5. Стоматологиялық араласуларда.

497. Созылмалы қайталамалы герпес кезінде біріншілік зақымдау элементі:

1. Афта;

2. Қабық;

3. Папула;

4. Дақ;

5.+Везикула.

498. Герпес кезінде цитологиялық препараттан анықталатын жасушалар:

1. Тцанк

2. Лангханс

3.+Көпядролы алып;

4. Акантолитикалық;

5. Атипиялық.

499. Герпес кезінде эпителийде жүретін патологиялық үрдіс:

1. Акантоз;

2. Гиперкератоз;

3. Паракератоз;

4. Папилломатоз;

5.+Баллонды дегенерация.

500. Тікенекті қабат арасында сұйықтық жиналуының нәтижесінде жүретін патологиялық үрдіс аталады:

1. Акантоз;

2.+Спонгиоз;

3. Паракератоз;

4. Папилломатоз;

5. Гиперкератоз.

501. Герпесті емдеудің алғашқы күндері жүргізілетін шаралар бағытталады:

1.+Трофикалық жүйке талшықтарында вирусты блокалауға;

2. Анаэробты микрофлораға әсер етуге;

3. Созылмалы инфекция ошақтарын анықтау және оларды жоюға;

4. Ауыз қуысының санациясына;

5. Эпителизацияға

502. Вирусқа қарсы әсері бар препарат:

1. Нистатин

2. Дибазол

3. Трихопол

4.+Ацикловир

5. Цифран

503. Герпестік стоматитті жергілікті емдеу басталады:

1. Вирусқа қарсы емнен;

2. Эпителизациядан

3.+Жансыздандырудан;

4. Антисептикалық өңдеуден;

5. Ауыз қуысы санациясынан.

504. Герпестің алдын алу үшін, арнайы десенсибилизация мақсатында қолданылады:

1. Лейкоцитарлы интерферон;

2.+Культураллық инактивацияланғаня герпестік вакцина;

3. Аскорбин қышқылы;

4. Гистаглобулин;

5. Эндогенді интерферон түзілуін стимуляциялау.

505. Герпестік стоматиттің ремиссия кезеңін ұзарту мақсатында тағайындалады:

1. ОЖЖ-не седативті әсер ету;

2. Н-холинорецепторларды блокадалау;

3. Ауыз қуысы санациясы;

4.+Десенсибилизациялау;

5. Сілекей бөлінуін ынталандыру.

506. Созылмалы қайталамалы герпесті салыстырады:

1.+Мерезбен;

2. Жалпақ лейкоплакиямен

3. Гиперпластикалық кандидозбен;

4. Атрофиялық кандидозбен;

5. Атопиялық хейлитпен.

507. Герпес вирусын біріншілік жұқтырудың қайталанудан айырмашылығы:

1. Үрдістің орналасуы;

2.+Ағымының жедел болуы;

3. Зақымдау элементтерінің ауыруы;

4. Зақымдау элементтерінің көлемі;

5. Аурудың ұзақтығы.

508. Белдеме теміреткінің қоздырғышы:

1. Актиномицеттер;

2. Леффлер таяқшалары;

3.+Варицелла-зостер вирусы;

4. Қарапайым герпес вирусы;

5. Венсан фузоспирохетасы.

509. Белдеме теміреткі ненеің нәтижесінде дамиды:

1. Қоздырғыштың алиментарлы жолмен енуінде;

2. Дисбактериозда;

3. Невралгияда;

4.+Латентті инфекцияның белсендірілуінде;

5. Шартты-патогенді микрофлораның белсендірілуінде.

510. Белдеме теміреткіге тән симптомдар:

1. Регионарлы лимфаденит, қызарған шырышты қабат бетіндегі ауыратын эрозиялар;

2.+Невралгиялық ауыру сезімі, шырышты қабат пен теріде нерв бұтағының бойымен бөртпелердің болуы;

3. Ішінде қан бар жекеленіп орналасқан көпіршіктер;

4. Жиектері сақина тәрізді қызарған дөңгелек – сопақ пішінді жекелеп орналасқан эрозиялар;

5. Үлкен көлемді қосылған эрозиялар, ерін мен терідегі қабыршақтар, ісіну.

511. Белдеме теміреткіні салыстырады:

1. Глоссалгиямен;

2. Гиперпластикалық кандидозбен;

3. Жалпақ теміреткінің гиперкератозды түрімен;

4. Жалпақ лейкоплакиямен;

5.+Көптүрлі жалқықты қызармамен.

512. Белдеме теміреткі кезіндегі емдеу шаралары бағытталады:

1. Трофикалық жүйке талшықтарында вирусты блокалауға;

2. Анаэробты микрофлораға әсер етуге;

3. Созылмалы инфекция ошақтарын анықтау және оларды жоюға;

4. Ауыз қуысының санациясына;

5. Сілекей бөлінуінің белсендірілуіне.

513. Белдеме теміреткі кезіндегі асқынудың түрі:

1. Аллергия;

2. Созылмалы қайталамалы афталы стоматит;

3. Созылмалы қайталамалы герпестік стоматит;

4. Аусыл;

5.+Зақымдалған аймақтың трофикалық бұзылыстары.

514. Герпангина қандай вируспен тудырылады:

1. Эпшгейн-Барр

2.+Коксак

3. Варицелла-зостер

4. Қарапайым герпес

5. Тұмау

515. Герпангинаны тудыратын вирустың берілу жолы:

1. Парентеральды;

2. Трансплацентарлы;

3. Зоонозды;

4. Жыныстық;

5.+Ауалы-тамшылы.

516. Аусыл қандай ауру?

1. Аллергиялық;

2. Саңырауқұлақты;

3. Бактериалды;

4.+Вирусты;

5. Аутоиммунды.

517. Ауыз қуысының саңырауқұлақты ауруларына жатады:

1. Белдеме теміреткі;

2.+Кандидоз;

3. Аусыл;

4. Көптүрлі жалқықты қызарма;

5. Лейкоплакия.

518. Кандидоз табиғаты жағынан:

1. Вирусты

2. Инфекционды-аллергиялық;

3. Жарақаттық;

4.+Саңырауқұлақты;

5. Радиологиялық.

519. Кандидоздың себептері:

1. Суықтау;

2. Стресс;

3. Ауыз қуысының нашар гигиенасы;

4. Антибиотиктерге аллергия;

5.+Дисбактериоз.

520. Кандидоз кезіндегі зақымдау элементі: