Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Интернатураға арналған 1080 тест.2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.14 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯ» МОДУЛЬ

ИНТЕРНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ

Дәрігер-интерндерге арналған қазақша тест.

1. Балалар стоматологиялық емханасына анасы 9 жасар баласының ауыз қуысын санациялау мақсатында келді. Анамнезінен бала кезінде жиі инфекцтялық аурумен ауырғаны анықталды. Ауыз қуысын қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістерінің кіреберіс бетінде дөңгелек және сопақ пішінді, әртүрлі көлемде және тереңдікте шұңқырлар бар, кіреуке жұқарған, түбі мен қабырғасы тегіс.

Осы патологияда қандай емдеу тактикасы тиімді?

1. Витамин препараттарының кешенін тағайындау;

2. Жасанды сауыттармен протездеу;

3.+Ремтерапия, пломбылау

4. Тістер ұлпаларын алу;

5. Ағарту.

2. 15 жастағы жасөспірім тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Объективті: тістердің түсі бор тәрізді, тістің кіреберіс бетінде дөңгелек пішінді, диаметрі 1,5 мм дейінгі, ақшыл қоңыр түсті пигментация аймақтары бар ақау анықталды, табаны тығыз. Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы дұрыс?

1.+Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;

2. Флюороз, жолақты түрі;

3. Флюороз, дақты түрі;

5. Беткей тісжегі;

4. Жергілікті гипоплазия.

3. Емханаға профилактикалық тексерілуге 9 жасар бала келді. Объективті: күрек тістердің кіреберіс бетінде, сауыттың ортасынан шетке қарай әртүрлі аймақтарда орналасқан, бор тәрізді дақтар бар, кіреуке тегіс, жылтыр. Дақтар метилен көгімен боялмайды.

Болжам нақтаманың қайсысы дұрыс?

1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;

2.Флюороз, жолақты түрі;

3.+Флюороз, дақты түрі;

4. Жергілікті гипоплазия;

5. Бастапқы тісжегі.

4. Стоматологқа анасы 8 жасар баласымен ауыз қуысының санациясы мақсатында қаралды. Объективті: алдыңғы тістердің кіреукесінде аздап білінетін борланған жолақтар бар, жолақ түсінің қанықтығы ортасынан шетке қарай азаяды, кіреукесі тегіс, жылтыр. Дақтар метилен көгімен боялмайды.

Болжам нақтаманың қайсысы дұрыс?

1. Флюороз, бор тәрізді-теңбілді түрі;

2.+Флюороз, жолақты түрі;

3. Флюороз, дақты түрі;

4. Жергілікті гипоплазия;

5. Бастапқы тісжегі.

5. Стоматологқа анасы 7 жасар баласымен келді. Объективті: тістің көлемі мен пішіні қалыпты, тістері сулы-сұр түсті, жылтыр, тіс кіреукесі оңай шытынайды.

Төменде аталған болжам нақтаманың қайсысы дұрыс?

1.+ Стентон-Капдепон синдромы;

2. Жетілмеген амелогенез;

3. Олбрайт синдромы;

4. Фролик ауруы;

5. Ослер синдромы.

6. Стоматологқа анасы 7 жасар баласымен қаралды. Объективті: тістің көлемі мен пішіні қалыпты, тістері сулы-сұр түсті, тіс кіреукесі оңай шытынайды. Қандай емдеу әдісін қолданған дұрыс?

1. Витамин препараттарының кешенін тағайындау;

2.+Ремтерапия, уақытша сауыттар дайындау;

3. Тістердің ұлпасын алу, протездеу.

4. Ремтерапия, ШИЦ-пен пломбылау;

5. Ағарту, ремтерапия.

7. Себебі тұқым қуалаған мерез болатын, кіреукенің жүйелі гипоплазияның түрлерін атаңыз:

1.+ Фурнье тістері;

2. Қашалған тістер;

3. Фролик ауруы;

4. Лобштейн ауруы;

5. Стентон-Капдепон синдромы.

8. Тіс тіндеріне фтордың әсер етудің қандай механизмі НЕҒҰРЛЫМ болуы мумкін?

1. Дентиндегі зат алмасу үрдісінің бұзылуы;

2. Ұлпадағы зат алмасу үрдісінің бұзылуы;

3.+ Энамелобласттарға токсикалық әсері;

4. Одонтобласттарға токсикалық әсері;

5. Тіс тіндерінің трофикасының бұзылуы.

9. 14 жастағы жасөспірім профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінде: бала кезінде жоғарғы жақсүйек аймағын жарақаттаған. Қарап тексергенде: 1.1, 1.2 тістердің кіреберіс бетінде сарғыш-қоңыр түсті дақтар бар. Төменде аталған факторлардың ішінде қайсысы осы патологияның дамуына НЕҒҰРЛЫМ әсер еткен?

1.+Тұрақты тіс фолликуласының механикалық жарақаты;

2. Уақытша тістердің жедел серозды пульпиті;

3. Уақытша тістердің жедел іріңді пульпиті;

4. Экологиялық фактор;

5. Тұқым қуалаушылық фактор.

10. 15 жастағы жасөспірім профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінде: бала кезінде жоғарғы жақсүйек аймағын жарақаттаған. Қарап тексергенде: 1.1, 1.2 тістердің кіреберіс бетінде сарғыш-қоңыр түсті дақтар бар.

Осы патологияда қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Ремтерапия;

2. Ағарту;

3.+Ламинациялау;

4. Протездеу;

5. ШИЦ-пен пломбылау.

11.Төменде аталған тісжегі емес ақаулардың ішінде қайсысы тіс жарып шыққаннан кейін НЕҒҰРЛЫМ жиі пайда болады?

1. Флюороз,

2. Гипоплазия;

3.+ Сына тәрізді ақау;

4. Жетілмеген амелогенез;

5. Жетілмеген дентиногенез.

12. Гипоплазия анықтамасына келесі сипаттамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Тістің қатты тіндерінің некрозы;

2. Тіс тіндерінің ошақты деминерализациясы;

4. Фтор жетіспеушілігінен эмальдың толық жетілмеуі;

3. Органикалық құрамының өзгеруінен эмаль дамуының бұзылуы;

5.+Энамелобласттар функциясы бұзылуынан эмальдың толық жетілмеуі.

13. Гипоплазияның пайда болуының НЕҒҰРЛЫМ басты себебі қандай?

1. Генетикалық фактор;

2. Сілекей құрамының өзгеруі;

3. Суда фтордың деңгейнің жоғарылауы;

4. Суда фтордың жетіспеушілігі;

5.+ Тіс ұрығында метаболизм процесстерінің бұзылуы.

14. Жүйелі гипоплазияға НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық симптомдарды көрсетіңіз:

1. Тіс сауытының болмауы;

2. Тістің өлшемінің өзгеруі;

3. Тіс жегі қуысының пайда болуы;

4. Тістің қатты тіндерінің палогиялық қажалуы;

5.+Тіс бетінде дақтар, сызықтардың пайда болуы.

15. Флюорозға НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық симптомдарды көрсетіңіз:?

1. Тістер сулы-сұр түсті, күрек тістердің қажалуы;

2. Тістің кесу қырына перпендикулярлы орналасқан;

3. Тіс сауыты конус тәрізді, түбірлері мен тіс қуыстары әдеттегідей;

4.+Алдыңғы топ тістердің кіреукесіндегі қатты байқалмайтын бор тәрізді жолақтар;

5. Тіс сауытының қажалуы, түтікті сүйектердің сынуы байқалады.

16. Төмендегі аталған факторлар ішіндегі қайсысы жетілмеген амелогенездің дамуына әсер етеді?

1.+Генетикалық;

2. Уақытша тістің қадалып шығуы;

3. Баланың ерте жаста ауыруы;

4. Суда фтор деңгейінің жоғарылауы;

5. Мезодермальды жасушалық құрылымдардың патологиясы.

17. 9 жастағы баланың төменгі мен жоғары жағындағы тұрақты ортаңғы күрек тістер ақшыл дақтармен бірге жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасындағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған.

Осы патологияда қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Дәрумендер препараттарының кешенін тағайындау;

2. Тістерді депульпациялау;

3. ШИЦ-пен пломбылау;

4. Ағарту;

5.+Ремтерапия.

18. 9 жастағы баланың төменгі мен жоғары тұрақты ортаңғы күрек тістері ақшыл дақтармен жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасыдағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған. Витальды бояу кезінде дақтардың түсі өзгермейді.

Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген дұрыс?

1. Жарақаттық зақымданумен

2. Жетілмеген амелогенезбен

3.+Флюороз, дақты түрімен

4. Тістің қатты тіндерінің эрозиясымен

5. Бастапқы тіс жегімен

19. 14 жастағы бала тіс қажалуына шағымданып келді. Объективті көрініс: тістер сулы-сұр түсті, жылтыр. Жоғарғы күрек тістер кіреукесі жұқарған, оңай шытынайды, кесу қырлары өткір. Төменгі күрек тістердің сауыты 1/3 биіктікке қажалған, дентині ашылған, тегіс, күңгірт қоңыр түсті.

Осы жағдайда науқасқа байланысты қандай ем тактикасы қолданылады?

1.+Ақауларды композициялық материалдармен қалпына келтіру;

2. Витамин препараттарының кешенін тағайындау;

3. Бұзылған тістердің ұлпасын алу;

4. Міндетті түрде протездеу;

5. Ағарту терапиясы.

20. 11 жастағы бала профилактикалық мақсатта қаралды. Объективті: 4.4 тістің шайнау бетінің кіреукесінде қоңыр түсті бұдырлы аймақ анықталды. Анасының айтуы бойынша, 1 ай бұрын 8.4 тісі жұлынған, қызылиегінде ұзақ уақыт жыланкөз болған.

Төменде аталған тістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрсетілген клиникаға тән?