- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
Испанияның салық жүйесі
Соңғы он бес жылда Испания өзінің экономикалық даму жағынан орташа дамыған еуропалық елдердің қатарына енді. Бұған елдегі тұрақты саяси жағдай мен салық саясаты өз әсерін тигізді. Испанияның салық жүйесі: Жалпы ұлттық; Жергілікті салықтардан тұрады.
Жалпы ұлттық салықтардың негізгі түрлеріне: Компания пайдасына салынатын салық; Азаматтардың табысына салынатын салық; Қосылған құнға салынатын салық; Мұра мен сыйға салынатын салық; Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын төлемдер, т.б. жатады.
Жергілікті салықтарға:
Жылжымайтын мүлікке салынатын салық;
Коммерциялық қызметпен айналысуға салынатын салық, т.б. жатады.
Салықтарды бекітетін жоғарғы билік органына парламент (кортесы), ал салық жүйесін басқаратын жоғарғы органға Экономика және қаржы министрлігі жатады. Салық төлеу барысында азаматтар резидент және бейрезидент болып бөлінеді.
Резидент-салық төлеуші деп Испания аумағында 183 күннен артық болған немесе Испанияда негізгі экономикалық мүддесі бар жеке тұлғалар танылады.
Бейрезидент-салық төлеушілер-183 күннен аз уақыт ел аумағында табыс тапқан жеке тұлғалар.
Салық төлеу барысында салық төлеушілердің табысы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.
Тұрақты табыстарына коммерциялық немесе кәсіби қызметінен алған барлық табыстары, жалдамалы жұмыстан алған табыстары, дивиденд, роялти, жалдық төлемдер, пайыздар, бір жылдан аз уақыт меншігінде болған мүліктерді сатудан түскен табыстар, т.б. жатады.
Салық екі түрлі тәсілмен есептеледі:
Барлық тұрақсыз және тұрақты табыстар қосылып, салық сомасы анықталады;
Тұрақты және тұрақсыз табыстар өз алдына бөоек есептеліп, салыө сомасы анықталады.
Азаматтардың табыс салығы 20 – 56 пайыз аралы,ында прогрессивті ставкамен есептелінеді. Бейрезиденттердің капитал өсімі түріндегі табысына 35 пайыздық, қалған табыстарының барлығына 25 пайыздық тұрақты ставка қолданылады.
29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
Франция салық жүйесінің басқа дамыған елдерден ерекшелігі – жалпы ішкі өнімдегі міндетті аударымдардың үлесіне (шамамен 40-45 пайыз) көптігі; әлеметтік қорларға аударылған жарнама үлесінің көптігі; тура салық салуға қарағанда жалпы салық салудың үлесінің жоғарылығы. Дамыған елдер арасында Франция жалпы ішкі өнімдегі әлеуметтік қорлардың үлесі жағынан бірінші орынды алады. Франция мемлекеттік бюджетінің 90 пайызға жуығын салықтар құрайды.
Негізінен Францияның салықтарын үш ірі топқа топтастыруға болады:
Табысқа салынатын салықтар;
Жанама салықтар;
Капиталға салынатын салықтар.
Мемлекеттік салықтар елдің барлық аумағында алынады және орталық бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылады.
Францияның АҚШ-тан айырмашылығы – еңбекақыдан алынатын әлеуметтік салықты жұмыс берушілер төлейді. Салық салу объектісі – еңбекақыға жататын барлық ақшалай және заттай нысандағы еңбек ақы қоры. Аталмыш салық 4,6-13,6 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен алынады. Бұдан басқа жұмыс 0,5 пайыздық ставкамен ставкамен еңбекақы қорынан кәсіби білім беру салығын төлейді. Бұл салықты енгізудегі басты мақсат елдегі кәсіптік-техникалық білім берудің дамуын қаржыландыру болып табылады. Егер кәсіпорында 10 және одан да көп адам жұмыспен қамтылған болса, онда кәсіпкер олардың ұзақ мерзімді кәсіби дайындығын қаржыландыруға қатынасуы заңмен жүктелген. Жұмысшылары тұрақты негізде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін салық ставкасы – 1,2; ал жұмысшыларды уақытша пайдаланатын кәсіпкерлер үшін 2 пайыз мөлшерінде салық ставкасы бекітілген.
Франция салық жүйесінде жергілікті салықтардың алатын орны зор. Францияның жергілікті органдарына 80 мыңнан астам дербес бюджет (коммуна, департамент, аймақ, т.б.) жатады. Жергілікті билік органдары экономикалық өмірдің маңызды субъектіері болып табылады. Жергілікті салықтар жүйесін төрт негізгі топқа бөліп қарастыруға болады:
1) құрылыс салынған учаскелердің жер салығы;
2) құрылыс салынбаған учаскелердің жер салығы;
3) тұрғын үй салығы;
4) кәсіби салық.
Бұл салықтардың ставкасын жергілікті билік органдары (бас кеңес, муниципалдық кеңес) алдағы жылдың бюджетін құру барысында анықтайды, бірақ ол ставкалар мемлекет деңгейінде бекітілген ставкадан жоғары болмауы керек.
