- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
Германияның салық жүйесі Л. Эрхард заманынан бері мынадай қағидаларға негізделіп құрылуда:
салыққа жұмсалған шығындар мүмкіндігінше аз болуы керек;
салықтар құрылымдық саясатқа сәйкес болуы керек;
салықтар табысты әділ бөлуге бағытталуы керек;
салық жүйесі екі жақты салық салуды болдырмауы керек;
салықтар бәсекеге кедергі болмауы керек;
салық жүйесі адамдардың жеке өмірін құрметтеуі керек және т.б.
Германия салық жүйесіне тән ерекшелік – бюджет жүйесі буындарының арасында жиынтық салық түсімдерінің күрделі әрі көп сатылы бөлінуі. Басқа мемлекеттерге қарағанда Германияда табыстар вертикалды және горизонталды деңгейде теңестіріледі. Табысы жоғары Бавария, Вюртемберг, Солтүстік Рейн-Вестфалия тәрізді жерлер өзінің қаржы ресурстарының бір бөлігін Саксония, Шлезвиг-Голштейн сияқты біршама нашар дамыған жерлерге береді.
Германия Конституциясына сәйкес, елде мемлекеттік биліктің екі деңгейі: федералдық және жер билігі бекітілген. Общиналар үшінші билік деңгейі емес, жердің құрамы ретінде қаралады. Осыған байланысты федерация, жер, общиналардың құқықтары салық салу аясында қатаң бөлінген және Конституция және бірқатар салық қатынастарын реттейтін заңнамалармен реттеледі.
Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1969 жылғы ірі салық реформасы барысында қалыптасты. Германияның салық жүйесінің нығайып дамуында 1986, 1988 және 1990 жылдары жүргізілген салық реформалары маңызды роль атқарды. 1986-1988 жылдары жүргізілген салық реформалары барысында халықтан алынатын табыс салығын, әсіресе балалы отбасыларға салынатын салық мөлшерін төмендету мәселелері қарастырылады. Нәтижесінде салық салынбайтын минимум өсті, отбасылы салық төлеушілерге берілетін жеңілдіктер ұлғайтылды, салық прогрессиясы оңайлатылды. 1990 жылы жүргізілген салық реформасы барысында салық салынбайтын минимум мөлшері одан әрі арттырылды; прогрессивтік салық салу шкаласы енгізілді; мүлік салығынын ставкасы төмендетілді, т.б.
Қазіргі кезде Германия салық жүйесі салықтардың 50 түрін белгілеген.
26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
Қазіргі кезде Германия салық жүйесі салықтардың 50 түрін белгілеген. Атап айтқанда: еңбекақыға салынатын табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; қолөнер салығы; тұрақты табыс салығы; корпорациялық салық; табиғи мұнайға салынатын салық; темекі бұйымдарына салынтын салық; шіркеу салығы; автокөлік құралдарына салынатын салық; жер салығы; капитал бойынша табысқа салынатын салық; мүлік салығы; кеден баждары; мұраға салынатын салық; лотореяға салынатын салық; тотализатордан алынатын табысқа салынатын салық; аң аулау мен балық аулауға салынатын салық; биржа айналымына салынатын салық; жер учаскесін сатып алғанда салынатын салық; иттерге салынатын салық; арақ-шарап өнімдеріне салынатын салық; сақтандыру төлемдеріне салынатын салық; корпорацияның капитал өсіміне салынатын салық; өрт күзетін ұстауға арналған салық; вексельдік салық; қантқа салынатын салық; ойын-сауық мекемелеріне салынатын салық; спорт лотореясы бойынша ұтыстарға салынатын салық; кинофильм көрсетіліміне салынатын салық; тағы басқалары.
Салықтар былай бөлінеді:
федералдық салықтар;
жер салықтары;
біріккен салықтар (федералдық және жер);
жергілікті община салықтары;
шіркеу салықтары.
Салықтық түсімдердің үлесі негізінен жеке тұлғалардың табыс салығы мен қосылған құнға салынатын салық тәрізді екі үлкен салық есебінен құрылады. Біріккен мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салықтарды екі топқа топтастыруға болады:
меншікті салықтар;
біріккен салықтар.
Салық салу туралы Заң шығару, оларды алу, бөлу Германияның Конституциясымен реттеледі. Салыққа қатысты барлық мәселелер, бұзушылықтар мен жазалау шаралары 1997 жылы шыққан «Салықтар, алымдар және жарналар туралы» және «Салық-қаржы соты туралы» қаулылармен реттеледі. Федералдық билік кеден баждарына, қаржы монополияларына қатысты Заңдар шығаруға құқылы. Сондай-ақ , федералдық органдардың өкілеттілігіне салық салу базасын, салық салынбайтын минимумын, салық жеңілдіктерін белгілеу кірсе, жерлердегі органдар қандай да бір салықтың базалық ставкаларын тағайындайды, ал общиналар соларға арнайы коэффициенттер бекітеді. Германияда салықтардың бюджетке уақытылы әрі толық түсуін Қаржы министрлігі және олардың жергілікті қаржы органдары қадағалайды. Жергілікті қаржы органдары кәсіпорындарға салық ревизияларын жүргізеді. Жерлердегі қаржы органдарының қарамағына ірі, шағын, орта фирмалармен, ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен айналысатын арнайы бақылау бөлімшелері жұмыс жасайды. Федералдық деңгейде рефизиялық қызметті қаржы жөніндегі федералдық ведомство қадағалайды.
