Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.96 Кб
Скачать

24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз

Салық салу мақсатында салық төлеушілер резидент және бейрезидент болып жіктеледі. Ағылшын салық құқығында «жай резидент» және «домицилий» деген ұғымдар өолданылады.

Жай резидент дегеніміз Ұлыбританияда тұрғылықты мекені бар, қысқа мерзімді жеке және қызмет бабындағы жолсапарларын есептемегенде, өмір бойы лсы елде тұрып жатқан тұлға. Сондай-ақ, Ұлыбританияға шетелден келген және мұнда тұрақтап қалуы белгісіз жеке тұлғалар үш жыл мерзімге дейін жай резидент болып саналады. Егер жеке тұлға шетелден Ұлыбританияға бірден тұрақты негізде көшіп келген болса, онда елге келген бірінші күнінен бастап жай резидент болып танылады.

Домицилий дегеніміз тұрғылықте мекені орналасқан елде тұратын жеке тұлға. Жеке тұлға бір мезгілде бірнеше елдің резиденті болып табыла алса, домицилий тек бір елде ғана бола алады.

Резидент салық төлеуші алынған көзінен тәуелсіз барлық табыстарынан салық төлесе, бейрезидент тек ел аумағында алған табыстарынан ғана табыс салығын төлейді.

Ұлыбританияда Табыс салығы жылдық жиынтық табыс пен заң бойынша рұқсат берілген шегерімдер арасындағы айырмадан төленеді. Салық салу барысында отбасылық және жеке тұлғаның өзіне шегерім беріледі. Отбасылық және жеке шегерім мөлшері әрбәр өаржы жылында бөлшек сауда индексіне байланысты қайта қаралып, өзгертіліп отырады. Табыс салығы прогрессивтік ставкамен алынады.

Ұлыбританияның салық заңнамасы бойынша, заттай нысанда берілген жәрдемақы, ұлттық жинақ сертификаттары бойынша пайыздар, шәкіртақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға, денсаулығы нашар тұлғаларға берілетін жәрдемақыларға табыс салығы салынбайды. Еңбекақыдан алынатын табыс салығы төлем көзінен ұсталады. Тек қана еңбекақы есебінен күн көретін жеке тұлға бұл салық бойыншадекларация толтырмайды. Бұдан басқа жағдайлардың барлығыныда жеке тұлғалар табыс салығы бойынша декларация толтырып, тапсырады. Табыс салығы жыл ішінде төртке бөлініп төленеді. Салыққа қатысты құжаттар 6 жыл сақталуы керек.

Корпорация салығы немесе компанияның табысына салынатын салық 1965 жылы енгізілді. Корпорация салығының ставкасы – 35-33 пайыз. Шағын бизнестегі компанияларға 25 пайыз мөлшерінде төмендетілген ставка қолданылады.

Мұраға салынатын салық (inheritance tax) 1986 жылға дейін капиталды аударудан алынатын салық (capital transfer tax) ретінде қолданыста болды. Мұраға салынатын салықтың негізгі ставкасы – 40 пайыз.

Қосылған құнға салынатын салық 1973 жылдың 1-ші сәуірінде Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кіргеннен бастап енгізілді. Қосылған құнға салынатын салық мемлекеттік бюджеттің орта есеппен 17-20 пайызын құрайды және үлесі жағынан табыс салығынан кейінгі екінші орынды алады.

Акциздер, алкоголь, темекі және жанар-жағар май өнімдеріне, көлік құралдарына салынады. Акциз, спирт пен жанар-жағар май өнімдерінің әрбір литріне тұрақты соамаен, ал темекі өнімдерінен тауар құнына қосымша пайыз түрінде белгіленеді. Алкоголь өнімдері мен көлік құралдарына салық ставкасы 10-30 пайыз аралығында тағайындалған.