
- •31.Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері және жоба белгілерін атаңыз
- •32. Әлеуметтік- экономикалық болжам принциптеріне талдау жасаңыз.
- •33.Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •34. Болжаудың және жоспарлаудың жалпы методологиялық (әдістемелік) негіздеріне ғылыми сараптама жасаңыз
- •35. Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындап көрсетіңіз.
- •36. Болжаудағы жүйелік әдіс-амалдарына сипатама беріңіз.
- •37. Болжаудың қателіктерін және сенімдік интервалдарына ашық пікір білдіріңіз.
- •38. Әлеуметтік жұмыста когнитивтік моделдерді талдау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •39. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған шетелдік ғалымдардың да көзқарастары және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсеткен ғалымдар?
- •40. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесінде қалай қарастырылады?
- •41. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мәні мен мақсатын ашыңыз.
- •42. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде ғылыми болжам жасауға мысал келтіріңіз.
- •43. Модельдерге қойылатын талаптар. Модельдерді бағалау.
- •44. Өмір сүру сапасын болжау кезінде қолданылатын негізгі технологияларды сипаттаңыз.
- •45. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар туралы мәліметтер қарастыру.
- •46. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде медициналық болжам жасауға мысал келтіріңіз
- •48. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін болжау барысында әлеуметтік жұмыскер қолданатын негізгі технологияларды сипаттап беріңіз.
- •50. Болжауға түзетулер енгізуге болатын жағдаятқа (ситуация) мысал келтіріңіз.
- •51. Эмпирикалық зерттеулерде болжам жасаудың тәжірибелік мәселелері бар ма?
- •51. Әлеуметтік салада болжауды жүзеге асырудың тиімді технологияларын сипаттап беріңіз.
- •53. Әлеуметтік және экономикалық болжаудың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •54. Генетикалық болжам дегеніміз не? оған мысал келтіріңіз.
- •55.Әлеуметтік жобаны әзірлеу және жүзеге асыру технологиялары?
- •56. Жалпы ғылыми әдістерге, интер ғылыми әдістерге т.Б.Сипаттама беріңіз.
- •57.Қазіргі заманғы әлеуметтік болжаудың дамуы мен жетістіктері қандай?
- •60. Әлеуметтік жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама беру.
40. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесінде қалай қарастырылады?
41. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мәні мен мақсатын ашыңыз.
Әлеуметтік-экономикалық болжамдарға- экономикалық өсуге, жиынтық сұранысқа, инфляция деңгейіне болжау, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына болжау, халықтың жұмысбастылық деңгейіне болжау, әлеуметтік саланың даму деңгейіне болжау жатады.
Экономиялық болжамдау. Кез келген мемлекеттің қоғамдық өмірі болашақты анықтаусыз алдағы даму жолын болжамдаусыз дамуы мүмкін емес. Мемлекеттің басты міндеті – барлық ұжымдарға, кәсіпкерлікке, жалпы мемлекеттік халықтың мүдделерге тиімді жол жасау.Бұл міндеттерді іске асыруда маңызды роль атқаратын құралдардың бірі – болжамдау мен жоспарлау. Болжам немесе болжау дегеніміз – біріншіден, түп мағынасы гректің алдын – ала білу түсінігінде жатқан. Екіншіден, ғылыми негізінде – обектінің жағдайы немесе оның альтернативті даму жолы мен іске асырылу мерзімі көзқарас ұғымын білдіреді. Болжамдау – бұл болжамдарды жасау процесін атайды. Болжамдар гипотезаға негізделеді. Гипотеза дегеніміз – алдын – ала білуді жалпы ғылыми теория деңгейінде сипаттау. Яғни, гипотезаның негізін ғылыми теория, оның негізінде ашылған заңдылықтар зерттеу объектісінің дамуы және байланыстары анықтайтындығын көрсетеді. Гипотеза негізінде жоспарлар жасалынады. Әр түрлі салалардағы, деңгейлердегі (жалпы мемлекет, облыс, аудан, қалалар т.б.) жоспарларды жасау процесін – жоспарлау деп атайды. Жоспарлау – бұл мүмкіндіктер мен ресурстарды тиімді пайдалануға және халық шаруашылығы салаларында оптималды, пропорционалды байланыстардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық жұмыстар жүйесі. Болжамдау мен жоспарлаудың экономиканы реттеу қызметтеріндегі қажеттіліктері келесідей анықталады: 1) алдағы тиімді жағдайларды сапалы пайдалануға мүмкіндік береді 2) алда болатын проблемаларды алдын ала бөлуге қол жеткізеді 3) басқару органдарына іс – қимыл жоспарларын, бағдарламаларын сапалы іске асырылуына мүмкіндік береді 4) экономика салаларындағы экономикалық қатынастарды ұтымды үйлестіруге, реттеуге қол жеткізеді. Мемлекттің шектеулі қаражаттарын халық шаруашылығы бағыттары бойынша тиімді бөлуге, пайдалануға ықпал жасайды 5) бөлінген, жұмсалынған қаражаттардың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық дамуын болжамдаудың маңызды түрінің бірі бұл – экономикалық болжамдау. Экономикалық болжамдау – бұл экономикалық құбылыстардың түсінігін, ғылыми әдістерін және болжамдау мен экономикалық теория тәсілдерінің, құралдарының барлық жиынтығын пайдалануға негізделінген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Экономика шаруашылығын реттеуде қолданылатын болжамдар — өздерінің объектілеріне, уақыт интервалдарына, функционалдық белгілеріне және т.б. жағдайларына қарай классификацияланады.
Әлеуметтік – экономикалық болжамдар классификациясы : I Болжамдау масштабына қарай: 1) макроэкономикалық болжамдар 2) халық шаруашылығы кешендерінің болжамдары 3) стратегиялық өнімдер болжамдары 4) құрылымдық болжамдар 5) негізгі буындар жүйелерінің болжамдары II Зерттеу объектілеріне қарай: 1) өндірістік қатынастардың даму болжамдары 2) ғылыми – техникалық прогресс болжамдары 3) еңбек ресурстары және оны толықтыру болжамдары 4) халықтың тұрмыс деңгейінің болжамы 5) сыртқы экономикалық байланыстар болжамы 6) сұраныс өзгеру болжамдары III Уақыт мерзіміне және бағытына қарай: 1) оперативті (немесе шұғыл) 2) орта мерзімді 3) ұзақ мерзімді 4) ізденісті 5) нормативті
Болжамдар принциптері. Болжамдау келесідей принциптерге негізделуі керек: 1) жүйелік принцип – біріншіден, жалпы халық шаруашылығын тұтас бірліктер, екіншіден, әртүрлі бағыттардағы деңгейлердегі болжамдардың жиынтығы деп қарастыруды білдіреді. 2) Ғылыми негізделік принцип – болжамдар қоғам өмірінің даму заңдылықтарына, макроэкономиканың жағдайлармен құбылыстар заңдылықтарына негізделініп жасалыну керек. 3) Баламалық принцип – болжамдардың көп вариантта сценарилері болу керек. Болжамдар көптеген даму бағыттарын қамту керек, сол кезде ішінен ұтымдысын, сапалысын таңдауға мол мүмкіндік болады. 4) Үйлесімділік принципі – бұл принцип ізденісті, нормативті, қысқа, орта, ұзақ мерзімді және макро, микро деңгейдегі болжамдар нәтижелерін бір – бірімен ұштастырып, келістіріп жасау қажет. 5) Үздіксіздік принцип – бұл принцип әр түрлі бағыттағы, мазмұндағы болжамдарды жасау үздіксіз процесс екендігін білдіреді, яғни шұғыл өте қысқа уақыт аралығындағы болжамдар негізінде қысқа мерзімді болжамдар мазмұндары анықталып, ал бұл болжамдар негізінде орта мерзімдегі болжамдар жасалынады. Сол себепті болжамдар күнделікті өмірдің ағымымен тығыз байланысты болып үздіксіз болу керек. 6) Тиімділік принципі – бұл принцип түрлі мақсаттағы болжамдар шығыны (қаржы, уақыт т.б.) қоғам үшін тиімді болу керек.