
- •31.Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері және жоба белгілерін атаңыз
- •32. Әлеуметтік- экономикалық болжам принциптеріне талдау жасаңыз.
- •33.Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •34. Болжаудың және жоспарлаудың жалпы методологиялық (әдістемелік) негіздеріне ғылыми сараптама жасаңыз
- •35. Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындап көрсетіңіз.
- •36. Болжаудағы жүйелік әдіс-амалдарына сипатама беріңіз.
- •37. Болжаудың қателіктерін және сенімдік интервалдарына ашық пікір білдіріңіз.
- •38. Әлеуметтік жұмыста когнитивтік моделдерді талдау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •39. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған шетелдік ғалымдардың да көзқарастары және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсеткен ғалымдар?
- •40. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесінде қалай қарастырылады?
- •41. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мәні мен мақсатын ашыңыз.
- •42. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде ғылыми болжам жасауға мысал келтіріңіз.
- •43. Модельдерге қойылатын талаптар. Модельдерді бағалау.
- •44. Өмір сүру сапасын болжау кезінде қолданылатын негізгі технологияларды сипаттаңыз.
- •45. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар туралы мәліметтер қарастыру.
- •46. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде медициналық болжам жасауға мысал келтіріңіз
- •48. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін болжау барысында әлеуметтік жұмыскер қолданатын негізгі технологияларды сипаттап беріңіз.
- •50. Болжауға түзетулер енгізуге болатын жағдаятқа (ситуация) мысал келтіріңіз.
- •51. Эмпирикалық зерттеулерде болжам жасаудың тәжірибелік мәселелері бар ма?
- •51. Әлеуметтік салада болжауды жүзеге асырудың тиімді технологияларын сипаттап беріңіз.
- •53. Әлеуметтік және экономикалық болжаудың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •54. Генетикалық болжам дегеніміз не? оған мысал келтіріңіз.
- •55.Әлеуметтік жобаны әзірлеу және жүзеге асыру технологиялары?
- •56. Жалпы ғылыми әдістерге, интер ғылыми әдістерге т.Б.Сипаттама беріңіз.
- •57.Қазіргі заманғы әлеуметтік болжаудың дамуы мен жетістіктері қандай?
- •60. Әлеуметтік жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама беру.
34. Болжаудың және жоспарлаудың жалпы методологиялық (әдістемелік) негіздеріне ғылыми сараптама жасаңыз
Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы ретінде ХХ ғасырда пайда болды. Алғашқы кезеңдерде әлеуметтік болжам ғылыми және техникалық болжамнан құрылды. Тарихи ғылымда негізделген әдістер архитектура мен машина жасау саласында қолданылды. Жобалау қоныстану мәселелерін шешуде , сонымен қатар басқару жүйелерн жүзеге асыруда кеңінен таралуда.
Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі ол философия, социология, тарихпен, психологиямен, математикамен байланысты. Болжау аппараттары, объект, мазмұны. Әлеуметтік философиямен социологидағы әлеуметтік болжау. Дж.Бернала, Н.Винера, Г.Тейла, Ф.Полака, И.В.Бестужева-Лада, Ж.Т.Тощенко, В.И.Курбатова және т.б. еңбектерін де қарастырылған.
Болжау-әлеуметтік таным теориясы. Ол теориялық доктриналармен, тұжырымдамалармен, жүйелермен спецификалық әрекетестікте болып, болашақты объекті ретінде қарап, оның мәселелерін теориялық, психолого-интуитивтік, тәжірибелік тұрғыдан зерттейді. Бұл ғылымның негізгі ұғымдары:прогностика, болжам,болжау, әлеуметтік болжау принциптері, әлеуметтік тәжірибедегі болжау.
Прогностика- болашақ туралы жүйелі ойлау әдістері, тәсілдері туралы зерттеумен айналысатын білім саласы. Прогностикалық зерттеу басқа ғылымдардың теориялық жетістіктеріне сүйенеді:философия, әеуметтану, психология, тарих,педагогика.
Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Зерттеу объектісінің даму жолдары, нәтижесі туралы көп вариантты гипотезасы.Болжам мақсаты- туындаған проблемаларға байланысты пайда болған сұрақтарға жауап беру.
Болашаққа прогноз қою – бұл болжам жасаудың формасы, мақсат қоюдан, құбылысты басқарудан, дамудың тенденциясын, формасын анықтаудан тұрады.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.
Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.
Зертеу объектісі- адамның, қоғамның өміріне қатысты болашаққа болжам жасау үрдісі.
Зертеу пәні-адамның, қоғамның өміріндегі түрлі өзгерістердің орын алуы, келу, қалыптасу жолдарын алдын ала болжау жолдары.
Мысалы,болжаудың социологиялық аспектісіне жатады: отбасы келіспеушіліктерін болжамдық зерттеу мәселесі. Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы. Еңбек нарығындағы жағдайларды болжау. Өмір сүру деңгейін болжау. Зейнетақы қамтамасыздығын болжау. Экологиялық процестерді болжау. Демографиялық процестерді болжаудың технологиясы. Мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.
Әлеуметтік жұмыстағы болжаудың атқаратын қызметі мен принциптері.
Әлеуметтік жұмыста болжаудың атқаратын қызметі зор оны іске асыруда келесідей принциптерді басшылыққа алу керек: вариативтік принцип, стратегиялық шешімдерді қабылдауда көп критериалдық, ұйымдастыру формаларында конкурстық негізде түрлі технологияларды қолдану оның мәні келесідей:
- болашақта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық жағдайды болжамдау;
- тұлғаның қоғамдық даму жағдайында рөлінің өзгеруін көрсету;
- халықтың сұраныстарының өсу динамикасын, маманықтарға сұраныстардың өсуін;
-әлеуметтік жұмыстың мазмұнының,ұйымдастырылуының,құрылымының өзгеруі. т.б.
Болжаудың түрлері: әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-саяси; әлеуметтік-мәдени болжаулар. Ізденістік болжам. Нормативтік болжам. Әлеуметтік болжау объетілері.
Болжау жасау әдістеріне экстрополяция жәнеэкспертизаны жатқызамыз.
экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
Экстрополяция-бір құбылысқа, затқа қатысты қортындының басқа құбылыстарға, мәселерге ықпалы, қатысты болуы. Экстрополяция гипотезаға негізделеді. Экстрополяция әлеуметтік процестерді саралауда, прогноз жасауда қолданылады.
Экспертиза- оны экспертік комиссия өткізеді, ғылыми ақпараттық орталықтар, лабораториялардағы эксперттік топтар немесе эксперттер.Эксперттік жұмысты жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады.Жұмысты жоспарлау, бағалау критерилерін, формаларын белгілеу. Әлеуметтік алдын ала көре білудегі интуицияның рөлі.
ретроспекция-объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу.