Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_331093993.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.34 Кб
Скачать

2.3 Зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі

Инвестициялық кіріс – ЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялаудың нәтижесінде алынған ақшалар. Инвестициялық кіріс зейнетақы активтері және дививдендтері/сыйақы немесе ЖЗҚ бағалы қағаздар бойынша купондары құнының өсуінен және т.б. тұратындығын есте сақтаған жөн.

Басқарудың белсенді стратегиясының мәні инвестициялық кіріс алу үшін шектеулі мерзімде қаржылық құралдардан портфельдің қалыптасуында. Белгіленген мерзім таяй бастаған кезде қор осы қаржылық құралдарды іске асырады және инвестициялық кірісті бекітеді.

Аз көлемде қысқа мерзімге сатып алынатын қаржылық құралдардан стратегиялық саудалық операция кезінде портфельді қалыптастырады. Портфельдің ең басты критерийі – ол өтімділік. Егер нарықтық бағаның тербелісі кірістілікті болжаса инвестициялық кіріс алу үшін оларды тез арада сатады. Стратегиялық және белсенді портфельдік басқару кезінен қарағанда бұл өте үлкен кіріс.

ЖЗҚ инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіші ол 12, 36 және 60 ай кезеңіне есептелетін номиналды кірістілік коэффициенті (К2) зейнетақы активтері бойынша ЖЗҚ номиналды кірістілігінің көрсеткіші болып табылады.

ЖЗҚ зейнетақы активтері жоғары болған сайын, салымшылар өз жинақталған қаражаттарына жоғары инвестициялық кіріс алатындығы бәріне мәлім.

Осыған орай, номиналды кірістілік коэффициенттерінің мәні туралы деректермен қатар, ЖЗҚ инвестициялық портфельдеріндегі тәуекелдер мәні туралы деректермен танысу қажет. Заңнамаға сәйкес ЖЗҚ инвестициялық есепке түсетін зейнетақы активтері, зейнетақы активтері инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ЗАИБЖАҰ және/немесе ЖЗҚ инвестициялауға жатады.

Зейнетақы активтері инвестициялық басқаруды өз бетінше жүзеге асыратын ЗАИБЖАҰ немесе ЖЗҚ, кірістіліктің ең кіші мәнінен төмен кірістілікті алуды қамтамасыз етеді.

ЖЗҚ номиналды кірісінің коэффициенттері және кірістіліктің талап етілетін ең кіші мәні туралы мәліметтер ай сайынғы негізде 12, 36 және 60 ай кезеңіндегі К2 көрсеткіші туралы ақпарат бар кесте түрінде жарияланады.

Кестеде келтірілген деректерден таңдалған ЖЗҚ кірістілігінің ең кіші мәнінен К2 көрсеткішінен ауытқу дәрежесі туралы қорытынды шығаруға болады, сондай-ақ осы көрсеткіштің ЖЗҚ орындауының басқа ЖЗҚ осындай көрсеткіштерімен салыстырмалы талдамасын жасау керек.

Күнтізбелік жыл соңына есептелетін (60 ай кезеңіне) номиналды кірістілік көрсеткіші кірістіліктің ең кіші мәнінен аз шаманы құрайды, ЖЗҚ номиналды кірістілік пен кірістіліктің ең кіші мәні көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылықты қалпына келтіреді, ол есеп жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде кастодиан-банктің инвестициялық шотына есепке алынуы тиіс.

Сонымен қатар, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы мақсатында қосымша зейнеткерлікке шығу сәтінде инфляция деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан тұратын салымшылардың нақты енгізген сомасын қайтару бойынша мемлекеттік кепіл көзделген.

Қазақстанның зейнетақы қорларының таза табысы биыл 2 айда 29 миллиард теңгеге ұлғайды.  Бұл Алматыда өткен «Зейнетақы қызметі нарығының болашағы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды. Өткен жылы  зейнетақының жинақталу  өсімі 31 пайызды немесе 340 миллиард теңгені құрады. Таза инвестициялық кіріс 57 пайызға ұлғайып, 175 миллиард теңге шамасында болды. Ал зейнетақы жарнасының өсімі 26 пайыз немесе 34 миллиард теңгені құрады. Соның нәтижесінде 2008 жылғы 32 миллиард теңгенің шығыны былтырғы инвестициялық кірістің есебінен жабылды. Жинақталған зейнетақы сомасы 1 триллион 861 миллиард теңге болды», дейді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары Алина Алдамберген. Наурыздың 1-інде жыл басынан зейнетақы жиналымдары  3 пайызға ұлғайып 58  миллиард теңгені құрады. Таза инвестициялық кіріс 3,9 пайызға ұлғайып  29 миллиард теңге     болды.  Зейнетақы жарналары 50 миллиард теңге шамасында артып отыр[4].

Әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне әсер етті. Тек 2 ЖЗҚ-ы инфляция деңгейін, 9,5%-ды жеңе алды. Көптеген ЖЗҚ-ның табыстарының төмендеуі тіпті минусқа кетуі халықтың мазасыз назарын осы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне назарын аудартты. Яғни инвестициялық кірістің төмендеуі ең басты проблема болды[5, 146б].

ЖЗҚ халықтың зейнетақы жарналарымен қатты тәуекелденбеу керек, себебі зейнетақы қорлары - әлеуметтік институттар болып табылады. Яғни олардың мақсаты – жоғарғы пайданың артынан қуу болып табыламайды, кәрілікті қамтамасыз ету емес пе?!

ЖЗҚ-ның инвестициялық кірістілігін талдай келе келесідей ұсыныстар жасауға болады:

1. Банктердің еншілес жинақтаушы зейнетақы қорларына үстемдік жасау керек. Зейнетақы қорларының банктермен аффирлену дәрежесіне байланысты шаралар қолданып, оларға шешім қабылдауға көбірек еркіндік беру қажет. Құрылтайшы-банктер жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаржыны пайдалану арқылы тапқан табысының кем дегенде тең жартысын инвестициялық үстеме ретінде біреу міндеттелу тиіс.

2. Келесі маңызды мәселе – мемлекеттің зейнетақы салымдарының сақталуын кепілдендіру. Бұл салымдар үлкен тәуекелге баруға апарады. Өйткені қандай да инвестициялау болмасын, салымшы алдында жауап береді. Осыған орай зейнетақы қорларының салымшылар алдында жауапкершілігін күшейту қажет.

3. Зейнетақы қорларының инвестициялық портфелінің агрессивті, орташа және консервативті болып бөлінуі халықтың қаржылық сауатсыздығына байланысты ЖЗҚ-ның табыстылығын одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін. Сол себепті Бұқаралық Ақпарат Құралдарының көмегімен халықты зейнетақы жинақтары бойынша инвестициялық шешімдерді қабыладауды үйрету жұмыстарын жүргізу қерек, салымшылармен түсіндіру-консультациялық жұмыстар жүргізетін мамандар болуы қажет. Сонда салымшы жай ғана бақылаушы рөлінде қалмас еді. Қорыта келе, бүкіл әлемде зейнетақы қорлары жоғары пайда табу емес, бірінші кезекте сенімділік идеологиясымен басқарылады.

Қорлардың номиналды кірісінің коэффициенті туралы мәліметтер

2010 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің орташа алынған коэффициенті:

– 2005 жылғы тамыз – 2010 жылғы тамыз кезеңінде – 43,35%. Номиналды кірістің орташа алынған түзетілген коэффициенті – 41,17% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 61,53%);

– 2007 жылғы тамыз – 2010 жылғы тамыз кезеңінде – 16,71% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 35,84%);

– 2009 жылғы тамыз – 2010 жылғы тамыз кезеңінде – 4,69% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның деңгейі – 6,5%) құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды кірісі коэффициентінің өзгеруі 2010 жылғы 1 қыркүйекте алдыңғы айдың көрсеткішімен салыстырғанда мынандай сипатта болды:

- 60 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,28 пайыздық тармаққа азайды;

- 36 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,28 пайыздық тармаққа өсті;

- 12 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,78 пайыздық тармаққа азайды. Бұл жағдай қосымшада кесте түрінде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]