Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_331093993.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718 Кб
Скачать
☆

3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту және инвестициялық процесті ұйымдастыру: мәселелері және басымдықтары

3.1 Қазақстан Реуспубликасының зейнетақы қорларының инвестициялық процесті ұйымдастыруы

Зейнетақы активтерін инвестициялау - негізінен сенімділік, табыстылық және өтімділік сияқты үш талапқа сай келуі қажет. Зейнетақы қорланымын қорғауды күшейту үшін зейнетақымен қамсыздандыру заңына эмитенттің немесе бағалы қағаздың рейтингісі Standard&Poor’ рейтинг Агенттігінің «ВВ–» шәкіліне сай болуы, инвестициялық портфельдерде мұндай бағалы қағаздардың үлес салмағы 70%-дан төмен болмауы қажет сияқты талаптар енгізілді. Бұрын зейнетақы активтерін «А» санатынан төмен емес листинг қағаздарына салуға болатын.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіндегі күрделі мәселелер

  • қор нарығындағы барлық бағалы қағаздардың категориялары бойынша табыстылықтың төмендігі;

  • ұлттық компаниялардың акцияларына негізделген туынды бағалы қағаздарды эмиссиялау мәселесі;

  • зейнетақы қорларының тәуекел деңгейіне байланысты сапасы төмен, ол тәуекел менеджментінің жоқтығы;

  • ЖЗҚ-ның қызметінде тәуекелдердің хеджирленуін қолданбауы;

  • мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша процент мөлшерлемесінің төмендігі.

Сурет 3 – ЖЗҚ-ғы қызмет саласындағы күрделі мәселелер

Жаңаланған инвестициялық декларацияның негізі үш басты постулатқа негізделген. Біріншіден, қор тек салымшының мүддесіне қарай зейнетақылық активтерді инвестициялайды. Екіншіден, инвестициялық портфель өтімділіктің деңгейінің есебінен құрылады. Егер өтімділік соғұрлым жоғары болса, онда қор салымшысының алдында өзінің міндеттемесін орындай алады. Үшіншіден, қор әрқашан өзінің портфельінің тұрақтылық және сенімділік принциптерін қатаң түрдегі ұстанады.

Декларация баланстың тәуелділік принципін және кірістілікті нақты сақтауды назарында ұстайды. Кірістіліктің және қаржылық құралдырдың сенімділгінің арақатынасы үйлесімді болуы қажет. Қор ақылға сиымды шығын кезінде тұрақты кірісті алып отыруды артық көреді.

Келесі принцип – ол жанжақты анализ. Қор бағалы қағаздарды немесе акцияларды сатып алудың алдында альтернативті қаржылық құралдармен мұқият түрде салыстырады. Барлық «иә» және «жоқ» ойларын талқылай келіп, содан кейін ғана салмақталған шешім қабылдайды. Ендігіде бақылау және мониторинг принциптері күшіне енеді. Мамандар инвестициялау процесін үнемі қадағалап отырады және инвестициялық шешімдердің дұрыс қабылдануын бағалайды, талдайды. Бұл қорларға кез-келген инвестициялық ортадағы өзгерістерге шұғыл түрде әсер етуіне көмектеседі. Осы қалыппен зейнетақылық активтерді қарқынды түрде қадағалап отыруға болады.

Инвестициялық шешімдерің қабылдануының алқалық принципі өте маңызды болып саналады. Одан басқа инвестициялық комитеттік кеңес өзінің өкілеттілігі және қызметтері бар. Осы екі орган инвестициялық қызметтің қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі аналитикалық мәліметтер және болжамдар негізінде инвестициялық қызметтің стратегияларын анықтайды. Олар: стратегиялық инвестициялау, басқарудың белсенді стратегиясын және саудалық операциялырдың стратегиясы. Стратегияны сәтті пайдалану басымдылықтарды анықтау мен мақсаттарды қосу және инвестициялық қызметтің негізгі принциптеріне байланысты болады. Инвестициялаудың негізігі бағыттарын және салаларын таңдай отырып инвестициондық комитет тактикалық міндеттерді шешуге де жауапкершілік алады. Кеңестің мәжілісі аз дегенде аптасына бір рет өтіп отырады. Осы мәжілістің басты мақсаты – инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кеңестің мүшелері тоқсан сайын нарыққа әсер ететін әлемдік оқиғалардың геосаяси анализін және оның дамуның тенденцияларын қарастырып отырады. Зейнетақылық активтерді салудың алдында әлемдік нарықтың, толық экономикалық тенденция және кәсіпорындардың несиелік анализдің, инвестициялық портфельдік анализдің, сандар және фактілер өлшеміндегі бэк-тестінің макроанализі үлкен маңызға ие болады.

Қор өзінің тәжірибесінде үш инвестициялық стратегияны қолданады. Стратегиялық инвестициялау ұзақ мерзімдегі инвестицияларға қолданылады. Осы жағдайда уақыттың ұзақ аралықтарына бейімделе келе тәуелділікті және кірістіліктің деңгейін бағалайды. Бағалау негізінде басқарудың пассивті портфельі қалыптасады. Осындай портфель қаржылық құралдардан тұрады. Ондай құралдарды қор бағаның тербелісіне қарамастан өтеуге дейін немесе оған дейін эмитенттің немесе бағалы қағаздың сенімділігіне күмәндануға негіз болмағанға дейін тоқтата тұрады. Бұл инвестициялар стратегиялық, ұзақ мерзімдік сипатта болып жүр.

Президенттің үкіміне сәйкес Қазақстан еліне «Қазақстан 2015 жылға дейін дамыған 50 елдер қатарына кіру Стратегиясы» жолдауын іске асыру бойынша Үкімет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын (ӘКК) құру тұжырымдамасын бекітті.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) Қазақстанның жеті аймақтарында құрылады. Корпорациялар өз жұмыстарын Атырау, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Павлодар қалаларында бастайды.

ӘКК капитализациялау көздері ретінде қазіргі кезде республикалық және жергілікті бюджетке аударылатын төлемдердің кейбір түрлерін (мысалы, экологиялық) қолдану мүмкіншіліктерін қарастыру қажет. Мысалы, аумақтарда жұмыс істейтін ірі компанияларды бюджетке төленетін төлемдерден босату, берілген құралдарын ӘКК-ға салу негізінде. Өз кезегінде ӘКК оларды жаңа жобаларға активтер ретінде қолданады. ӘКК капитализациялау моделін тиімді іске асыру үшін бірнеше дайындық кезеңдерін жүргізу қажет. Бірінші бұл табысталған активтердің нарықтық құнын бағалауды жүргізу. Ол үшін тәуелсіз консалтингтік компания тартылады. Берілген активтердің нарықтық құны бағалағаннан кейін олар ӘКК жарғылық капиталына өткізіледі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Акционерлік қоғам формасында жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл активтерді ӘКК-ға табыстау жоғары мамандырылған менеджерлер, беделді консалтингтік компаниялардың икемді шарттарына байланысты оларды басқарудың сапасын жақсартуға алып келеді.

Қазіргі кезде аумақтық даму институты ретінде жеті әлеуметтік кәсіпорын корпорациясы өз қызметтерін жүргізуде – «Сарыарқа», «Ертіс», «Жетісу», «Оңтүстік», «Тобол», «Батыс», «Каспий».

ӘКК-ны құру бұл қазіргі аумақтық дамудағы маңызды құралдардың бірі, және бүкіл ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде жергілікті үкімет органдарынан максималды жәрдемдесуді қажет етеді.

ӘКК-ны құрудың негізгі мақсаты – елдің аймақтарында мемлекеттік даму институттарымен бірге қаржы ресурстарына және жоғарғы технологияларға қол жеткізу мүмкіншілігін жасау жолымен шағын және орта бизнестің дамуын қолдау (аймақтық бизнес-құрылымдар).

Институционалды инвесторлардың инвестициялық портфеліне жаңа инвестициялау объектісін енгізу қажет. Жаңа инвестициялау объектісі – ӘКК. ӘӘК-ға қаржы жұмсау келесідей деңгейде қарастырылады:

Кесте 3 – Институционалды инвесторлардың ӘӘК-ға қаржы жұмсау құрылымы

Институционалды инвесторлар

Нарықта алатын орны

ӘӘК-ға инвестициялау нормасы

ЖЗҚ

І

30%-тен жоғары болмауы керек

СК

ІІ

20%-тен жоғары болмауы керек

ИҚ

ІІІ

15%-тен жоғары болмауы керек

Ескерту – ҚҚА мәліметтері негізінде жасалған

Қазақстандағы нарықтық жүйенің қарқынды дамуы еліміздегі институционалды инвесторлардың қызметін жетілдіруге әкелді. Дегенмен, әр саланың өзіне тән болып келетін шешуші проблемалары бар. Сол сияқты институционалды инвесторлардың алдында бірқатар мәселелер туындап отыр.

Ең негізгі мәселелердің бірі өтімді, әрі сапалы қаржылық құралдардың жетіспеушілігі болып табылады. Соңғы жылдардағы жалпы экономикалық өсудің негізінде жұмысбастылық жағдайларының жақсаруына орай, зейнетақы, сақтандыру жинақтарының еселеп өсуіне мүмкіндік туындады. Соған байланысты зейнетақы, сақтандыру жинақтарын орналастыру жағдайын оңтайландыру қажет.

Эмитенттері облигациялардың шығарылымы бойынша дефолтқа жол берген жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі борыштық бағалы қағаздардың үлесі 2010 жылғы 01 қаңтарда зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 3,8%-ды құрады, ол абсолюттік көрсетілімде 71,5 млрд. теңгені құрады. ЕДБ-ға инвестицияланған зейнетақы активтерінің үлесі зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 24,1%-ға жуықты құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ахуалының нашарлауымен байланысты жағдайлар не осы қорды əкімшілендірумен байланысты проблемалар пайда болған жағдайда оның органдарының іс-əрекеттеріне бақылау жасау мақсатында қосымша Агенттік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өкілдер институтын (Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен ұқсастығына қарай) енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап консервативтік инвестициялық портфельді мерзімінен бұрын енгізу жəне 2012 жылдан бастап үш инвестициялық портфельді енгізу шеңберінде салымшылардың өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын басқаруға мейлінше белсенді қатысуына мүмкіндік жасау мақсатында Агенттік 2010 жылы осы жүйені тиімді енгізуге бағытталған іс-шараларды жүргізетін болады.

Зейнетақы қорларының толыққанды институционалдық инвестор ретінде құрылуы Қазақстандағы ұжымдық инвестициялау институтының негізін қалауға тиіс болатын. Өкінішке қарай бүгінгі таңда зейнетақы активтерінің болмашы бөлігі ғана экономиканың өндірістік секторын инвестициялау үшін пайдаланылады.

Зейнетақы қорлары шоғырландырған активтердің көп бөлігі оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға салу жолымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдаланылады. Зейнетақы қорларын мұндай инвестициялау саясаты табыстылығы жəне сенімділігі жағынан бірдей мəні бар бағалы қағаздар ұсынуға қабілетсіз қазақстандық қор нарығының қазіргі даму деңгейінен туындайды жəне сонымен тығыз байланысты.

Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылған Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ-12) 50%-дан астамы зейнетақы нарығының субъектілерімен сатып алынды деп хабарлайды KASE биржасы.2009 жылдың 28 қазанда ҚР Қаржы министрлігінің 250,1 миллион мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ-12) 23,8 млрд теңге сомасына, жылына 5,03%-бен 100-ші шығарылымы KASE сауда жүйесінің мамандырылған сауда саттықтары өтті. Биржа хабарлағандай актив өтінімі зейнетақы нарығының субъектілер үлесінің жалпы көлемі 40,8%, Қазақстанның екінші деңгейдегі банктер үлесі - 44,1 %, екінші деңгейдегі банк клиенттері - 13,5 %, брокер-дилерлік компаниялар - 0,1 %, солардың клиенттер үлесі - 1,5 %-ды құрады. 

Инвестициялық табыстарды тұрақтандыру және салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқарудың тиімділігін арттыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының портфелін әртараптандыру және зейнетақы қорланымының сақталу талаптарына сай қаржы құралдарының тізбесін кеңейту жөніндегі іс шараларды одан әрі жүргізу қажет, бұл өз кезегінде ішкі жинақталу мен өндірістік сектордың жандануы есебінен Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторын қаржыландыру проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді.

3.2 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту бұл салада мемлекеттің ролін арттыруды қарастырады. Өйткені, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бақылаушы, реттеуші, басқарушы қаржылық және заң жауапкершіліктерінің негізгі ауыртпашылығын мемлекет көтереді. Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастардың құрылуы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудан тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың нарықтық жүйесіне өтуіне алып келді.

Қазіргі уақытта зейнетақы қорларының инвестициялық табысы бойынша нормативтік лимиттер әрекет етпейді. Сонымен қатар, зейнетақы қорлары шоттарға аударылатын табыстылықтың минималды пайызын мемлекетпен бекіту орынды болар еді. Бекітілген нормативтен төмен табыстылықтың орны басқарушы ұйымдардың есебінен немесе егер ол келісім-шартпен қарастыратын болса қордың меншік құралдарының есебінен толықтырылады.

Мемлекет ҚР Заңына сәйкес ЖЗҚ –на аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Мұнда мемлекет тек қана алушыларға (салушыларға емес) ЖЗҚ банкротқа ұшыраған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының номиналдық құнын қайтаруға беретін кепілдігін жаңалық деп қарастыруға болады. Заңдағы өзгерістерге сәйкес зейнетақы төлемдерінің алушысы дегеніміз- бұл зейнетақы орталығына зейнетақы төлемі тағайындалған жеке тұлға (№369-11 Заңның 1-бабы, 2-тармағының 26- тармақшасы).

Осы жерде заң бойынша ЖЗҚ-мен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы жоқ қалған салымшылардың мәселесі туындайды. Мемлекет оларға да зейнетақы салымдарының қайтарылуына кепілдік беруі тиіс. Бірақ "қайтару" түсінігі тек қана шартты болуы мүмкін, өйткені салымшы ЖЗҚ банкротқа ұшыраған жағдайда өзінің зейнетақы салымдарын ала алмайды. Мұндай жағдайда мемлекет зейнетақы салымдарының сомасын компенсациясымен қоса салымшының қалауы бойынша басқа ЖЗҚ-да қайтаруы тиіс. Зейнетақымен қамтамасыз ету заңдарында "инфляция деңгейі" түсінігінің мәні толық ашылмаған. Қандайда бір заң актілерін шығара отырып, банкротқа ұшыраған ЖЗҚ-мен зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляциялық шығындарды төмендету механизімін жасау мүмкін болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, келесідей қорытынды жасауға болады: біздің елде зейнетақы салымдарының сақталуына берілетін кепілдіктер жеткіліксіз, сондықтан ЖЗҚ-ның инвестициялық ресурстарының сенімді құрылуын қамтамасыз ету үшін кепілдіктің көп деңгейлі жүйесін құру қажет деп есептейміз.

Қазақстан үшін көп деңгейлі кепілдендіру жүйесін құруды енгізу ЖЗҚ-ның зейнетақымен қамтамасыз етуге жеткілікті ресурстарын құру қажеттігінен туындайды.

ЖЗҚ инвестициялық қызметтерін ретеуші заң нормативтік-құқықтық актілерді талдау негізінде, жүйеде нақты анықталған міндеттерді атқаратын және элементтер, процестер, әдістер, ұйымдардан тұратын БҚПБМ блоктары бөліп қарастырылды. БҚПБМ зейнетақы активтерін өтімді құралдарға инвестициялау арқылы зейнетақы активтерін көбейту және сақталуын қамтамасыз етуші несиелік қатынастардың функционалдық түрін көрсетеді. ИПБМ келесі құрылымдардан тұрады: материалдық таратушы ЗА және осы қатынастардың субьектілері (ЖЗҚ, ЗАИБЖҰ, ҚҚА, банк-кастодиан, ОҰБ). ИПБМ 4 блоктан тұратын басқарушы күрделі жүйе ретінде көрсетуге болады (сурет 4 бойынша ):

Сурет 4 - ИПБМ жүйесінің басқару блоктары

Ескерту - www.profinance.kz.

ИПБМ процестік жағы, инвестициялық реттеу, инвестициялық басқару, ағымдағы бақылау, жоспарлау және оларды ұйымдастырудың әдістерін, тәсілдерін қамтитын "инвестициялық процесс" түсінігінде көрініс табады. Сонымен қатар, көрсетілген процестердің әрқайсысы олардың уақыт бойынша ағымын сипаттайтын жекелеген сатыларға бөліне алады.

Сонымен, қазіргі таңдағы ҚР ЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ұйымдастырудың негізгі мәселелері, ЖЗҚ ішкі институтционалды инвесторлардың инвестициялық потенциялының үнемі өсіп отыруынан туындайтын тартымды-инвестициялық құралдарының едәуір тапшылығына байланысты болып отыр.

Біздің көзқарасымыз бойынша, зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану керек. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржы құралдарын нақты жобаларға тарту келесі құралдар негізінде құрылуы қажет: мемлекетпен кепілдік берілетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар, банк құралдары, ипотекалық міндеттемелер, депозиттер.

Зейнетақы активтерін өнеркәсіп салаларының негізгі қорларын жаңартуға жұмсаған орынды деп есептейміз, атап айтсақ:

- зейнетақы шоттары бойынша қызмет көрсетуге арналған меншіктің барлық формасындағы өндірістік кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтарының лизингі;

- зейнетақылық қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуші шаруашылық салаларындағы алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми-техникалық өзін-өзі ақтаушы бағдарламаларды қаржыландыру (медициналық қызмет көрсету; коммуналдық тұрғын-үй қоры және т.б.).

Егер зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі даму мәселелерін формалды түрде қарастырсақ, онда оның негізінде оларды шешу жолдарын ұсынуға болады (кесте 4). Аталған мәселелер зейнетақы нарығы субьектілерінің қызметіне қатысты. ЖЗҚ жұмыстарының нәтижелеріне зерттеулер жүргізу ЖЗҚ көлемі ОҰБ табыстылығын анықтаудағы негізгі фактор болып табылатындығын көрсетеді және масштабтан үнемдеу жасауға байланысты шығындардың төмендеуімен түсіндіріледі.

Кесте 4 - Зейнетақы активтерін дамытудағы маңызды мәселелер және шешу жолдары

Зейнетақы нарығындағы субьектілерінің дамуының маңызды мәселелері

Мәселелерді шешу жолдары

1

Нарықты локальды монополизациялауға алып келетін, неғұрлым әлсіз және бәсекеге қабілетсіз ЗНС дефолт сериясының басталу мүмкіндігі.

-ЖЗҚ дамуын ҚБА тарапынан дистанциялы бақылау негізінде ерте диагностикалау;

-ЗА қорғау көзқарасы бойынша корпоративті басқару сұрақтарын нақты анықтау;

-ЗНС дефолты кезінде шығындардың бір бөлігін жабуда мемлекеттің қатысу мүмкіндігі;

-нарықтың үлесіне қатысты нормативтерді қатаңдату.

2

Екі фактормен байланысты ЗА табыстылығының төмен-

деуі:

1.БҚ барлық категориялар және депозиттер бойынша табыстылықтың жалпы төмендеуі;

2.АҚШ долларына қатысты тенге ревальвациясы.

-инфляциямен күресудің монетарлы ережелерін дамыту;

-жекелеген нарықтардағы бәсекелестікті күшейту (ауыл шаруашыллық және азық-түлік);

-ұлттық валютаны қолдау мақсатымен келетін мұнай доллар-ларын теріс әсерлерін төмендету механизмін жасау.

3

ЗНС тәуекелдерін басқару жүйесінің болмауы, яғни: инвестициялық бақару кезең-

інде жүйелік тәуекелдердің пайда болу тәуекелділігі бірнеше есе өседі. ЖЗҚ БҚП басқарумен айналысатын кі

шігірім ЗРС үшін ЖЗҚ БҚП басқарудың көп функциялары бір немесе бірнеше қызметкер

лердің қолында болу жағына ауып кету қаупі туындайды.

-ЗНС тәуекелдерін басқару жүйесін енгізуге байланысты ҚБА, ЗНС қатысуымен мемлекеттік бағдарлама жасап шығару;

-ЗНС қызметіне тәуекел-менеджментті енгізу бойынша іс-әрекеттерді егжей-тегжейлі регламенттеуші нормативті-құқықтық актілер жасау.

Ескерту – кесте ҚҚА мәліметтері негізінде құрастырылған

Сонымен қатар, ірі ЖЗҚ үшін неғұрлым тартымды компенсациялық пакет есебінен мамандарды тарту жеңіл болып келеді. Сәйкесінше, ЖЗҚ ерікті немесе мәжбүрлеп біріктіру арқылы ЖЗҚ қорлануын көбейтуге байланысты шаралар қажет. ЖЗЖ-нің даму барысына талдау жүргізу нәтижесінде, ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін "пассивті" активтердің үлесі, яғни ұзақ мерзімді келешек үшін сатып алынатын активтер тиімді екендігі анықталды. Бастапқы кезеңде құралдарды тиімді таңдау мен әрі бағалы қағаздар портфелін маржиналды реттеу қысқа мерзімді салымдар жасауға қарағанда неғұрлым ұтымды стратегия болып табылады.

БҰҰ жіктемесіне сәйкес Қазақстанда тұрғындардың "қартаю" кезеңінде тұр. Бұл, нақты жұмыс істейтін азаматтар күн сайын өсіп отырған, табыс жасауға қатыспайтын қарттардың санын қамтамасыз ету керек дегенді білдіреді. Яғни, болашақта зейнетақыны төлеуге бөлінетін қоғамдық шығындар бірден өседі, ол экономикалық жүйеге теріс қысым көрсетуі мүмкін.

Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бүкіл әлемде өршуде және оның обьективті түрде шешу қажет деп есептейміз. Мұның басты себебі жоғарыда атап өткендей орташа өмір сүру ұзақтығының көбеюі және туылу көрсеткішінің қысқаруымен байланысты тұрғындардың қартаюы процесінің жалғасуы.

Тұрғындардың қартаю дәрежесін сипаттайтын мәліметтерге тоқталар болсақ, қартаю дәрежесі көрсеткішінің негізгі критериі зейнеткерлер санының еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санына қатынасын көрсететін коэффициент (dependenency ratio) болып табылады немесе оған кері өлшем-қолдау коэффициенті (support ratio) -1 формуланы қараңыз:

Кт =З/Т; Қк=Т/Зс,

Мұндағы: Кт- тәуелділік коэффициенті (тұрғындардың қартаюы дәрежесі)

З-зейнеткерлердің саны, адам.,

Т-тұрғындардың жалпы саны., адам.,

Қк-қолдау коэффициенті

Сонымен, жақын жылдары тәуелділік коэффициентінің айтарлықтай өсімі болжануда. Егер 1990 ж ЭЫДҰ мүше елдері үшін бұл коэффициент 21,4% тең болса, ол 2040 жылы аталған факторлардың әсерінен бұл көрсеткіш екі есеге өсуі ықтимал.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты- экономикалық өсуді қамтамасыз ету, қаржылық тұрақты және әділ жүйені құру болып табылады. Зейнетақы жүйесін жаңа саяси және экономикалық жағдайларға бейімдей отырып, өтпелі кезеңде ескі жүйе зейнетақылық сақтандырудың жаңа мекемелерінің пайда болуы мен жұмыстарының басталуына дейін әрекет етуі тиіс.

Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, келесідей қорытынды жасауға болады, ЖЗҚ қамтамасыз ететін азаматтардың өз қарттықтарын қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін арттыратын үлгі сәйкес келеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жаңғырту қажеттілігінің шарттары ретінде келесілерді қарастырамыз:

  • қарттарды кедейшіліктен қорғау;

- зейнеткерлікке шыққаннан кейін кепілдендірілген табыспен қамтамасыз ету (яғни оның мөлшері зейнеткерлікке шығар алдындағы жалақы сомасына пропорционалды белгілі бір соманы құрайды);

- инфляция немесе басқада факторлардың нәтижесінде нақты өмір сүру деңгейінің төмендеуінен тағайындалған табысты қорғау (қор басшылары немесе билік өкілдерінің түрлі қаржы махинациялары және т.б.).

- демографиялық факторлардан, елдің экономикасындағы саяси және экономикалық жағдайлардан салыстырмалы түрде еріктілігін қамтамасыз ету;

- инвестициялық фактор - зейнетақы жүйесін дамыту және бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер әмбебап көзқарасынан бас тартып ішінара түріне өткенде бұл мәселелер шешімін табуы мүмкін. Өтпелі экономика негізінде әлеуметтік әділдік қағидасын сақтау басты мәнге ие болады, ал оған көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Оны құру үшін, нарықты экономикадағы елдердің жаңғырту тәжірибелерін әсіресе, өзіміздің экономикалық жүйенің ерекшеліктерін ескеру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]