Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_331093993.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.34 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

1.1 Зейнетақы қорының инвестициялық портфель ұғымы

1.2 Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару

1.3 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және инвестициялық портфелдің құрылымы

2.2 Зейнетақы қорларының қазіргі күндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайы

2.3 Зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАРЫ

3.1 Қазақстан Реуспубликасының зейнетақы қорларының инвестициялық процесті ұйымдастыруы

3.2 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары

3.3 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары және шешу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен ең алғашқы ел болып табылады. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады.

Курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі - ҚР ЖЗҚ инвестициялық процесіне талдау жүргізу және тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту мен әрі қарай ҚР экономикасының дамытудың басымдықтарын анықтау маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету мақсатында инвестициялар жасау қажет.Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет. Бүгінгі күні инвестицияны және қорларды көбейту жылдам дамудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты болып отыр. Бұл тұрғыда, инвестициялық институттар тиімді инвестициялау процесін жүзеге асырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

ЖЗҚ төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасындағы бірнеше жылды құрайтын уақыт аралықтары ЖЗҚ ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді. Алайда, қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды және қаржы құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар тиімді орналастырылды деп айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

Курстық жұмыстың мақсатына толық тоқтала кетсем, ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiндегі инвестициялық процестерді ұйымдастыру мен оның басымдықтарын анықтау барысында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды теориялық негіздеу болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсатын ашу үшін төмендегідей зерттеу міндеттерін алдыға қойдым:

- бiрыңғай зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы түрiне өтудi анықтаушы факторларды жүйелеп, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн жетiлдiру және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге байланысты сұрақтарды қарастыру;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерiн талдау негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу;

- Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау.

- Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту ерекшеліктерін ашып көрсету;

- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн анықтай отырып, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;

- ЖЗҚ қызметтерін мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайын және олардың инвестициялық ресурстарының қалыптасуына әсерін көрсету;

- келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудағы мемлекеттік реттеуді жетiлдiруге байланысты ұсыныстар әзiрлеу;

Зерттеу пәні – ҚР экономикасын дамытуға инвестициялық зейнетақы қораларының әсері.

Зерттеу объектісі ретінде ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған.

Курстық жұмысты орындау барысында негізгі деректерді төменде көрсетілген әдебиеттер мен газет-журналдардан алынды.

Труд в Казахстане:пенсионная система – 2010. №5. С. 14-21, Банки Казахстана – 2009. №8. 42-45 Б, Егемен Қазақстан – 2009, 6 наурыз, 12б, Аль-Пари – 2009. №1-2. –С. 146-149, Банки Казахстана – 2009. №2. 41-45 Б. www.afn.kz., www.minfin.kz., www.egemen.kz.

1 Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі

1.1 Зейнетақы қорының инвестициялық портфель ұғымы

Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жынақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

«Инвестициялық портфель» – зейнетақы активтері инвестицияланатын қаржы құралдарының жиынтығы. ЖЗҚ «инвестициялық портфелі» ҚР ҚҚА иеленуге рұқсат етілген бағалы қағаздардан, яғни халықаралық рейтингілік агенттіктердің (Standard&Poors, Moodys Investors Service, Fitch) жоғары рейтингілеріне ие бағалы қағаздардан ғана құралады.

Инвестициялық портфельді қалыптастыру тәртібі әр түрлі объектілерді енгізудің жалпы қарама-қайшылықтары, инвестициялық салымның жойылуы, тәуелділік және табыс сәйкестігі болып табылады.

Портфель құрылымын ҚҚА-ның жаңа талап­тарына сәйкестендіріледі. Үкіметтің жаңа нұсқауларына сәйкес барлық зейнетақы қорлары өз портфель­деріндегі құнды қағаздар көлемін 20 пайызға, одан әрі болашақта 30 пайызға дейін арттыруға тиіс.

2012 жылғы 1 қаңтарда күші­не енетін жаңа заң актілерінің нормаларына сәйкес ЖЗҚ-лар зей­нетақы активтерінің есебінен 3 ин­вестициялық портфель қалыптас­тыруға міндетті. Олар: акция ұстал­майтын консервативтік, акция мөл­шері 30 пайыздан аспайтын шек­теулі және акцияның 80 пайызына дейін иеленетін агрессиялық  ин­вес­т­ициялық портфель болып та­бы­лады.

Кез келген зейнетақылық қордың портфелін екі түрге – өтімді және өтімсіз деп бөлуге болады. Портфельдің өтімді бөлігі бұл – дәл қазіргі сәттегі ба­ғадан сатылатын бағасының айыр­машылығы болмайтын қаржылық тәсіл. Портфельдің бұл бөлігін кез келген уақытта іс-жүзінде ешқан­дай шығынсыз сатуға болады. Порт­фельдің өтімсіз бөлігі бұл – са­тыл­ған кезде қағаздың бағасы белгі­ленген бағадан төмен болатын бөлігі.

Қаржылық қадағалау агенттігі мен зейнетақы қорлары, басқарушы компаниялар өкілдері кірген жұмысшы топ консервативті портфель әдісін мерзімінен бұрын енгізу мәселесін талқылады. Ұжымдық инвестиция жасау мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңда екі түрлі инвестициялық портфель принципін 2012 жылдан енгізу қарастырылған.

Қазір Қаржылық қадағалау агенттігінде әр қорда үш инвестициялық портфель болуын қарастыратын жоба әзірленіп жатыр. Консервативті портфельдегі қаржыға тәуекелі өте төмен мемлекеттік құнды қағаз бен өте сенімді компаниялардың табысы белгіленген және ұлттық валютада шығарылған құнды қағаздары алынады. Ал агрессивті портфельге акциялар мен туынды құнды қағаздар алынады. Бұлардың табысы жоғары болғанымен, тәуекелі де соншалықты мол. Бірқалыпты портфель осы екеуінің арасында. Пайдасы да, қауіп-қатері де орташа. Салымшылар өз қалауына орай қаражатын үш қорға бөліп салуына немесе біреуін ғана таңдауға құқылы болады.

Бұдан бұрын айтылып жүрген агрессивті портфель дағдарысқа байланысты қолданылмайтын сыңайлы.

Есімін атамауды өтінген сенімді ақпарат көзі: «Консервативті портфель саясатын енгізуге ірі зейнетақы қорлары мүдделі болып отыр»[1], – дейді. «Әзірге салымшы қаржысының бір бөлігі міндетті түрде консервативті портфельде ұсталуы керек пе, бұған зейнетақы жинағының қандай мөлшері аударылады» деген сауалдарға жауап жоқ. Өйткені жұмысшы топ алғаш рет кездескендіктен, тараптардың ыңғайы мен емеуріні ғана ортаға салынған.

Қаржылық қадағалау агенттігі 2010 жылдың қыркүйек айынан бері зейнетақы қорларының инвестициялық тактикасына бақылауды күшейтті. Осы уақытқа дейін зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялар бір кәсіпорын құнды қағаздарына инвестиция мөлшерін 10 пайыздан асырмау қағидасын ғана басшылыққа алған еді. Енді осы құнды қағазды не мақсатпен сатып алатыны, оның тәуекелі туралы реттеуші органға көлемді есеп тапсырулары керек.Бұл талапты орындау үшін бірқатар зейнетақы қорлары қосымша штат ашып, талдау бөлімін ашуды мақсат етіп отыр.

Егер салымшының ешқандай туысы болмаса, және салымшы қайтыс болса, ал оның артында белгілі мұрагерлері болмаса, қор бәрібір оның жинағын иемдене алмайды. Яғни олай етуге қордың құқы жоқ. Сөйтіп дүниеден өтіп кеткен салымшының бар жинағы мұрагерлері келгенге шейін жеке зейнетақы шотында сақталады. Мұрагерлері болмаса немесе белгісіз болса, онда қаладағы, аудан мен кенттегі, ауылдық округ әкімі аппараты «мұраның сенімді басқарушысын тағайындау» туралы өтінішпен нотариусқа баруы тиіс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда мұраның сенімді басқарушысы олардың талабы бойынша кері шақырылуы мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдау үстінде, сондай-ақ құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтингі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

Қаржылық қадағалау агенттігі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық саясатын жетілдіруді, сондай-ақ зейнетақы активтерінің сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастыруда.

Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелерін орындағанда, жинақ мерзімінде инвестиция тиімділігі жеткен нақты мәннен алынады және орта нарықтық табыс нормасының минимумына кепілдеме береді. Сондықтан олар портфель құрамын, есептің қойылымын кері аударып қолданады. Бұл жағдайда оңтайландыру мәселесі инвестициялық портфельдің күтілетін табысын, тәуекел дәрежесін лимиттеу r кезінде максимал мәнге жеткізу. Бұл кезде портфельді оңтайландыру есебі келесі түрге ие болады.

(1)

Бұл кезде қор өзінің максималды тәуекел дәрежесін анықтауы тиіс. Ол инвестиция қызметінің нормативті есептеуіне сәйкес немесе одан жоғары, егер қорда бірнеше инвестициялық портфель болса, онда қолданылатын тәуекел деңгейімен шектеледі. Инвестициялық портфельдің оңтайландыру есебін формула түріне келтірсек:

1. Зейнетақы қорының жалпы құрылымында белгіленген жарна схемасы бойынша құрылған келісім шарттар көбірек болады. Сол себептен оңтайландыру факторы ретінде тәуекелдің минималды деңгейінде талап етілетін минималды табысқа жету алынады.

2. Соған сәйкес оңтайлы портфель моделі келесі түрде жазылады (қарастырылған табыс бойынша шектеулер қолданылады):

(2)

Келтірілген модель инвестициялық портфельдің жалпы түрін сипаттайды (оны шартты оңтайлы лимиттелген дейді). Бірақ инвестициялық портфельді оңтайландыру есебінің құрамында өтімділік деңгейінің шарты бар болса, онда қосымша шектеулер, мысалы өтімділік бойынша шектеулер енгізіледі:

d (3)

Сәйкес оңтайлы модельдер келесі түрде жазылады:

Жарнасы белгіленген қор Төлемі белгіленген

портфелі үшін қор портфелі үшін

(4) (5)

Өтімділік шектеулері 0,1 сәйкес болса, онда модель келесі түрге енеді:

(6)

Инвестициялық портфельдің құрамында баға құның өсіретін құралдар үлесі бар болса, онда оңтайландыру есебіне қосымша шарттар енеді:

(7)

Сондықтан келтірілген мысалдарға ұқсас оңтайландыру жүйесіне қосымша шектеулер енуі мүмкін. Бір ғана ерекшелігін атап өтейік: шарттар саны көп болған кезде инвестициялық оңтайлы портфельдің саны шектеулі болады.

Берілген теңдеулер мен қарастырылған шектеулер (өтімділігі бойынша НР) инвестициялық портфельді құру бойынша бағдарлама инвестициялау объектілерін анықтайды және компьютерде өңдеген соң ең тиімді нұсқа таңдалады.

Зейнетақы активтерін тәуекелдер бойынша өлшеу келесідей тәртіпте жүргізіледі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]