- •Ғылыми танымның философиясы және әдіснемесі.
- •Көне үндінің философиялық тұжырымдамалары. Ведалар-білім көзі ретінде.
- •Буддизм- философиялық жүйе және әлемдік дін
- •Көне қытайдың философиялық тұжырымдамалары.
- •Көне шығыс елдерінің дүниетанымдық принциптері мен ғылыми практикалық ілімдері.
- •Көне шығыстық космология және заттар табиғаты жайлы түсініктер.
- •Логос, эйдос, космос-антик философиясының ұғымдары ретінде.
- •Пифагор және Пифагорлық ұғым
- •Антиканың ғылыми жүйелері (Евклид геометриясы, Геродот тарихы, Гиппократ медицинасы)
- •Аристотель еңбектеріндегі ғылымдардың жіктелуі(« органон» « категориялар»).
- •Христиан философиясының дамуының негізгі кезеңдері мен қағидалары.
- •14.Ф.Аквинскийдің Құдайдың бар екендігіне бес зерделі дәлелдемесі.
- •15. Ортағасырлық университеттер-ғылыми білім ордасы ретінде
- •16. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясындағы ғылым және дін.
- •17.Мұсылман Ренесансы
- •18Қайта Өрлеу дәуірі мәдениеті қалыптасуның әлеуметтік тарихи, экономикалық алғышарттары
- •29. Огюст конттың « позитивті философия рухы » Еңбегі. Позитивизмнің бағдарламалық құжаты ретінде
- •34. Карл Поппер постпозитивизм негізін қалаушы ретінде
- •35. Парадигма түсінігі және т. Кун концепциясындағы парадигмалардың ауысуы.
- •36. Магистранттың ғылыми қызығушылық аумағындағы парадигмалардың ауысуы.
- •37. С.Тулминның әдістемелік концепциясы.
- •38.Фейерабендтың әдістемелік концепциясы
- •39. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасындағы әдістеме
- •45. Мәселелер және ғылыми жорамалдар
- •51.Эмпирикалық зерттеулер тәсілі
- •Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері[өңдеу]
- •Танымның жалпы логикалық әдістері[
- •69. Өркениетті кешенді түсіндіру. (с.Хантинктон «өркениеттер қақтығысы» )
- •72.Ғылымдағы дәстүршілдік және жанашылдық. Ғылыми дәстүр типологиясы.
- •73. Ғылыми революциялар. Ғылыми зерделік түрлері және олардың сабақтастығы
- •74.Әлемнің ғылыми бейнесі түсінігі. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •75. Синергетика түсінігі. Синергетика міндеті. Синергетика тәсілдерінің жаңашылдығы.
- •76. Жаһандық эволюция принциптері
- •77. Космологиядағы анторпты принцип
- •Саясаттанудағы негізгі парадигмалар
- •86. Амбивалентность[править вики-текст]
14.Ф.Аквинскийдің Құдайдың бар екендігіне бес зерделі дәлелдемесі.
Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негіздеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді.
Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары қатал анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады.
Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс, ал философияның қарастыратын мәселелері : құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды.
Философия дінге қызмет етуі керек, ол діни ақиқатты ақыл катигорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргуметтерді теріске шығарып отыруы керек.
Ф.Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:
1.Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай;
2.Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;
3.Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай;
4Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес – Құдай;
5 Мақсат – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай.
Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек.
15. Ортағасырлық университеттер-ғылыми білім ордасы ретінде
Батыс еуропалық орта ғасыр 5-13 ғасырларды қамтиды. Университеттерде оқыту негізі 3 болды.
Статуттарда баяндалған бағдарлама бойынша нақты уақыттарда оқытылатын оқу пәнін жүйелі баяндау лестио деп аталады.
Репетито- мүмкін болатын күмәндар және қарсылықтарды есепке алып жеке мәтіндерді жан жақты толықтай түсіндіру.
Оқытудың ең кең таралған түрі пікір сайыс диспутатио. Оларда алғашқы орынға диалектика қойылды.
XI—XII ғасырдан бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғасырда Италияда Балон құқық мектебінің неғізінде Балон университеті (1038 жылы) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғасырда Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 жылы), ал одан кейін ілешала Кембридж университеті (1209 жылы) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет галымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен төжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 жылы). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмысс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.
Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады, Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде төжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (XV ғасырда 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде Византияда да білім беру саласында Еуропаның батысыңдағы сияқты христиан шіркеуінің ықпалы зор болды. Оған дөлел ретінде ұлы Платонның өзі құрған және бір мың жылдан артық өмір сүрген білімнің алтын ордасы Афины мектебінің жабылып қалғанынын айтсақ та жеткілікті сияқты. Сөйтіп, көне философия діни ілімдермен алмастырылды. Бірақ, IX ғасыр ортасына қарай Константинопольде жоғарғы мектеп ашылып, ондағы білім беру жүйесі көне заманның үлгісімен жүзеге асырыла бастады. Бұл дәуірдегі Византия мәдениетінің көрнекті өкілі — «Мириобиблионаның» (негізінен көне авторлардьщ 280 шығармаларына берілген бага — талдаулардың жинағы) және толып жатқан діни еңбектердің авторы патриарх Фотий (820—890 жылдар) болды.
