Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Farm_emtikhan_s_1201_ra_1179_tary (1)

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
95.74 Кб
Скачать

Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау

Емтихан сұрақтары

1. Тәжірибелік фармакологияның негізін салған кім?

2. Нерв импульсін физиологиялық жүйелер жасушаларына немесе басқа

нейрондарға ауыстыратын химиялық затты атаңыз.

3. Қандай фермент ацетилхолинның синтезіне қатысады?

4. Қандай препараттар организмде қорға жиналады?

5. Фосфорорганикалық қоспалардың улы әсерінің механизмі қандай

жағдайға негізделген?

6. Токсикологиялық талдау әдістері

7. Фармакокинетика деген не?.

8. «Наркоз – орталық нерв жүйесінің уақытша функционалдық

салдануы» - осы теорияның авторын атаңыз.

9. Қандай препаратты тек үстінгі анестезияға пайдаланады?

10. Фармакодинамика деген не?

11. Қан алмастырушы қасиеті бар ақзаттық препаратты көрсетіңіз.

12. Қандай дәрілік зат тотықтандырғыш қасиеті бар дәрілер тобына

жатады /атомарлық оттегіні босатып микроорганизмдерді жояды/.

13. Наркотикалық /анальгетиктер/ дәрілердің қандай жағымсыз

әсері бар?

14. Улы қоспаның К кум 3-тен 5-ке дейін болса, оның кумуляциялық дәрежесі қандай?

15. Қандай дәрілік заттар ацетилхолинді ыдырататын ферментке блок

жасайды?

16. Қандай препарат өттің жасалуын үдетеді және несептің бөлінуін

көбейтеді?

17. Тыныс аналептиктерге жататын препаратты көрсетіңіз.

18. Жүрек тоқтап қалғанда жүрек бұлшық етінен енгізілетін дәрілік

затты атаңыз.

19. Өсімдіктерден бөлініп алынатын, микробқа қарсы касиеті бар

заттарды қалай атайды?

20. Қандай антибиотиктер тобынын микробқа қарсы әсері микроб

клеткасында ацетилмуран қышқылының синтезін тежеуіне

негізделген?

21. Өткізгіш анестезия жасау үшін новокаинді қандай

концентрацияда пайдаланады?

22. Жануар текті аналептикті көрсетіңіз.

23. Қоршаған ортаны, мал азығын, тағамдарды ластандыратын өте улы ауыр

металдардың бірін көрсетіңіз. Сыртқы ортаға жанартаудың атқылауында, көмір және

мұнай жанғанда, кинескоп, аккумуляторлардаң шығады.

24. Хлор қоспаларымен өнделген жайылымға жануарларды қанша уақыттан

кейін шығарады?

25. Қандай препарат орталық және перифериялық М- және Н-

холинолитикалық әсерін тигізеді, сонымен қатар, фосфорорганикалық

және басқа да антихолинэстеразалық қоспалармен уланғанда антидот

болып табылады?

26. Қандай препарат тұз қышқылының және асқазан сөлінің ықпалынан

фосфорлы сүтегіге алмасады да кеміргіштерге у болып табылады?

27. Антидеполяризациялық механизмі бар миорелаксантты атаңыз.

28. Қандай препарат ең күшті диуретикалық әсерін тизізеді?

29. Тұзды іш жүргізетін дәрілердің әсер ету механизмі қандай?

30. Биологиялық стандарттау әдісімен белгіленген препараттардың белсенділігі қалай көрсетіледі?

31. Сульфаниламидтік препараттардың нақтылық антагонисын көрсетіңіз.

32. Қандай препаратты сойыс малға қолдануға болмайды?

33. Темір препараттары кіретін дәрілік заттар тобын атаңыз.

34. Зиянкес өсімідіктерді жоятын дәрілік заттарды атаңыз.

35. Антибиотиктерді қолданғаннан кейін, малды неше күннен кейін союға болады?

36. Үлкен мөлшерінде Реншоу жасушаларында сезімтал нейрондар

орналасқан түйіріне блок жасайтын препаратты көрсетіңіз

37. Қандай препарат бұлшық еттен енгізілгенде қор жасап, эритропоэзді

үдетеді?

38. Тәжірибелі токсикологияның негізін салған ғалым?

39. Ветеринариялық фармакологияның негізін салған ғалым?

40. Ганглиоблокаторлық касиеті бар препарат.

41. Құрамында нитротобының молекуласы болғандықтан микробтарға

қарсы касиеті бар препарат.

42. 70%-дық спирт ерітіндісінен қанша алуымыз керек, одан 1 литр 20%-дық

ерітінді жасау үшін?

43. Синтезбен алынған эстрон деген табиғи аналық жыныс

гормонның аналогын атаңыз.

44. Қандай препараттың бір грамы 1 литрге дейін көмір қышқыл газын

сорады, қышқылдарды бейтараптандырады, ауыр металл тұздарын

тұнбаға түсіреді?

45. Стрихнин қандай касиетке ие болады?

46. 90%-дық спирт ерітіндісінен қанша алуымыз керек, одан 1 литр 70%-дық

ерітінді жасау үшін?

47. Адам, мешін және теңіз шошқалар организмінде синтезделмейтін

витаминді атаңыз.

48. Гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларында жасалып,

гипофиздің артқы бөлігіне жиналатын гормонды атаңыз.

49. Қандай препаратты жүрек жұмысының жіті жетіспеушілігінде

пайдаланады?

50.Қандай құстыратын дәрінің әсері 3-6 минуттен кейін басталады және

құсу акті 15 минутке созылады?

51. ЛД/50 50 мг/кг аз болса, пестицидтердің улылық дәрежесі қандай

болады?

52. Кумуляция коэффициенті (Ккум) 3-тен жоғары болса, токсиканттың

жиналатын қабілеті қандай?

53. Карбаматтық фунгицидтердің улы әсерінің механизмі қандай?

54. Қандай гербицид бүйрек үстінгі және қалқанша бездерінің қызметіне

улы әсерін тигізеді?

55. Ет құрамында жіберілетін нитраттардың концентрациясы

56. Ет және сүт өнімдерінде фтор қоспаларының мүмкіндік жіберілетін

концентрациясы.

57. Сынапорганикалық қоспаларының улы әсерінің механизмі.

58. Қандай өсімдіктер құрамында циангликозидтері кездеседі?

59. Қандай зиянды қарапайым саңырауқұлақтар афлатоксиндерді бөледі?

60.Қандай улы жылан Қазақстанда және Монголияда жиі кездеседі,

ұзындығы 1 метрге дейін барады, түсі сұр немесе сары-қоңыр, басында

ойығы бар?

61. Азық құрамында жіберілетін мыстың мүмкіндік концентрациясы.

62. Қандай минералдық умен уланғанда жануарлар ақсандайды, қызыл

иектері қызарады, тістері түседі?

63. Қандай өсімдіктер орталық нерв жүйесінің қызметін тежейді және сал

жағдайына әкеп соғады?

64. Жануар текті уды белгілеңіз: күшті аллерген, құрамында

ацетилхолины және гистамины бар, соңдықтан қан тамырлары

кенейтеді, антикоагулянттық әсерін білдіреді /бауырда тромбокиназа

ферментінің белсенділігін тежегендіктен/.

65. Қандай улы қоспамен созылмалы түрде уланғанда жануарлардың өсуі

баяулайды, түяқтары майысады, кілегейлі қабықтары сарғаяды?

66. Мақта құнжарасының құрамындағы негізгі улы қоспасы қалай

аталады?

67. Патологоанатомиялық өзгерістеріне орай күшәламен улануды

анықтаңыз.

68. Қандай микотоксиндермен уланғанда созылмалы стоматит, іш

тастау, аяқтарына сал немесе шаласал пайда болады, қанда

лейкопения байқалады?

69. Препаратты белгілеңіз: зооцид, синонимы- дифенацин. Түсі сарғылт кристалды ұнтақ, бензо, ацетон және спиртте жақсы ериді,

егеуқұйрықтар мен тышқандарға өте улы.

70. Қандай ХОҚ және оның метаболиттерін улы концентрацияда теңіз

жануарларымен балықтарға белгілейді?

71. Қандай дәрілік форманың құрамына дәрілік зат және өсімдік майы кіреді?

72. 20-дық майлы камфора ерітіндісін қай жолымен енгізу қолайлы?

73. Микроорганизмдердің пенициллин препараттарына үйренгенде қандай препарат қолдануға қолайлы?

74. Морфинмен уланғанда не қолдануға болады?

75. Преднизолон қай топқа жатады?

76. Қандай препараттың құрымына фенолфталеин кіреді?

77. Қуық, несеп жолы және бүйрек ауруларына 1:10 ара қатыспен несеп жүргізетін және антисеплық қандай препарат қолданылады?

78. Қандай препараттың 1 грамм еөлемінде 20, 40, 80 мг антибиотигі бар?

79. мес қарынның тимпаниясына – қандай препараттар қолайлы?

80. Дәрілер тобың атаңыз: егер олар жылы сумен араласқанда қоллоидтік ерітіндісі қалыптасады.

81. Трипанозомоз, су – ауру, аттардың контагиоздік пневмония, септикалық пневмонияда, колибактериозда қандай препарат қолданады?

82. Малдардың организмінде өтетін биохимиялық реакциясының спецификалық биологиялық катализаторың табыныз?

83. Атитиреоидтық препаратты атаныз?

84. Адамның, маймылдың және теніз шошқаларының организміндерінде биологиялық синтезделмейтін витамин:

85. 50% ерітіндіден 10 литр 12%-тік ерітінді жасау үшін қанша грамм препарат алу қажет?

86. Тұнба қайнап жатқан су моншасында қанша мерзім үсталады?

87. Суда нашар еритін препараттты атаныз?

88. Кофеиннің әсерің тигізетің орыны

89. 1 мл спирттік ерітіндіде қанша тамшы бар?

90. Рауғаш, итшомырт - қай тобқа жататың препарат?

91. Десерт қасығының көлемі?

92. Терінің созылмалы қабыну процесстерін және тендинитті, тендовагинитті жіті формасына аудару үшін жануарларға ұлу қандай май қолданылады?

93. Флавакридин гидрохлорид малдарға еңізгенде, қандай шартты сақтау керек?

94. «К» витаминінің және оның препараттарыңын қандай қасиеті бар?

95. Атропиннің көзге әсері?

96. Наркоздың үшінші денгейі қалай аталады?

97. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерді көрсетіңіз.

98. Қандай препараттар ірі малдан басқаларына іш жүргізетін зат ретінде қолданылады

99. Өлген малдың қалқанша безінен қандай көптірілген және майсыздалған препарат жасалады?

100. Молекуласын нитротоптары бар микробтарға қарсы әсер ететін препараттарды атаныздар

101. Қай препарат гельминттерге қарсы 1%-дық ерітіндіде цестодоз, мониезиоз, және тизаниезиоз ауруында пайдаланады?

102. Амидофоспен уланғанда қандай андидот қолданылады?

103. Буаз малдардың және жүкті әйелдердің зәрінен жасалған жасанды аналық жыныс гормоны?

104. Гемопоэзге ролін атқаратын препаратты атаңыз?

105. Жаңагален препаратын көрсетіңіз?

106.Организмдегі ацетилхолин жетіспегенде қандай препараттар қолданамыз?

107. Холиномиметиктермен ұланғанда қандай заттарды антидот ретінде пайдаланамыз?

108. Ара қатысы 1:1000 ерітіндінің пайыздық концентрациясын санаңыз?

109. Гастрит ауруында малдарға витамин В12 қандай жолымен енгізуге қажет?

110. Қандай препараттар жұлын ми анестезиясын жасауға пайдаланады

101. Дәрілік заттардың формасын атаңыз, қүрамында: сиропы, үн, және суы бар.

102. Қандай препарат анилин туындысы болып табылады, бауыры зақымдалаған жануарлармен адамдарға қолданбайды?

103. Уды асқазаннан және ішектен сіңуін тоқтату үшін, қандай қоспаларады пайдаланады?

104. Көмір қышқыл натрий түзі қандай препараттың синонимі?

105. Саңырауқұлақтарға қарсы әсері бар препараттарды атаңыз?

106. Натрий хлоридінің изотониқалық ертіндісінің концентрациясы қандай?

107. Карбоангидраза ферментін тежейтін қабілеті бар несеп айдығыш препарат.

108. Холинолитиқалық қасиеті бар препарат?

109. Камфора тобына кіретін, бірақ оның туындысы болып табылмайтын препарат?

110. Тазартылған крезолдің калий- жасыл сабындағы 50 проценттік ертіндісі қалай аталады

111. Дератизациялық заттар тобының препараты?

112. Универсалды антидот?

113. Фурациллиннің еріткіштігі?

114. Тыныс алу орталығының жұмысын қоздыруға тікелей әсерін тигізетін препарат?

115. Тұтқырлайтын дәрілердің қайсысы ащы ішектен әсерін тигізеді?

116. Хлорлы кальций қай жолмен енгізіледі?

117. Бес жұз мын /500000ед/ антибиотик мөшеріне қанша миллилитр еріткіш аласыз

118. Улылығы өте жоғары және аллергиялық қасиеті бар анестетикті табыңыз?

119. Совкаинды қандай анестезияға пайдаланған жөн?

120. 2 л 0,1% ерітінді жасау үшін, қанша 5%-дық ерітіндіден аласыз

121. Тұзды іш жүргізетін дәрілердін әсер ету механизмі.

122. Торшаның биохимиялық субстанциясына нерв импульсінің берілісін іске асыратын химиялық заттар қалай аталады?

123. Ұйықтататын дәрілердің организімге енгізу жолдары?

124. Танинмен формальдегидтың қоспасы қалай аталады?

125. Қандай малдарға камфораны қолдану жақпайды?

126. Торайлардың алиментарлық анемия аурыун емдеуге және алдына алуға пайдаланатың препарат?

127. Суда ерітін витаминдердің организмдегі негізгі биологиялық ролі?

128. Суынан айырылған натрий сульфатпен қалай дүрыс пайдалану керек?

129. Өсімдіктердің алынған инсектицидтерді және акарицидтерді атап берініз?

130. Өсімдіктерден бөлінетін микробқа қарсы әсері бар заттар қалай аталады?

131. ЛД/50= 200-1000 мг/кг дейін болса, пестицидтердің уыттылық деңгейі қандай дәрежеде болады?

132. Нитриттердің ет құрамындағы жіберілетін мөлшері?

133. Мыс қоспаларының ет бойындағы МДУ?

134. Қай гормоналдық препаратты синтетиқалық түрде алады?

135. Антибиотиктің қандай топтарының механизмі микроб клеткасындағы ацетилмурам қышқылының синтезделуін тежеуге негізделген?

136. ЛД/50= 50-200 мг/кг дейін болса, пестицидтердің уыттылық деңгейі қандай дәрежеде болады?

137. Ингаляциялық емес наркозға пайдаланатын жаңа препаратты көрсетіңіз?

138. Организмдегі диэтиламиноэтанол және парааминобензой қышқылына ыдырайтын препарат?

139. Гипофиздін артқы бөлігінде жиналып қанға сінетін гормон?

140. Жануарларда улы құбылыстарды тудырмайтын, ауаның бір мг/м3 максимальді жіберілетін улы заттың концентрациясы қалай аталады?

141. Температурасы 20 судың бір тамшысының көлемі қанша болады?

142. Мәскеу малдәрігерлік академиясында қызмет жасаған және малдәрігерлік фармакологияның дамуына маңызды ықпалын көрсеткен ғалымның фамилиясын белгіленіз?

143. Хлороформмен жасалған наркозда қандай қауіпті ауыр жағдайды бақылауға болады?

144. Қандай препаратты өткізгіш анестезия жасауға пайдаланады?

145. Кофеинның жылқыға берілетін мөлшері?

146. Антидеполяризациялық механизмі бар миорелаксат препаратың атап берініз?

147. Ең жоғарғы диуретиқалық әсері бар препаратты белгіленіз?

148. Буаз биенің қан сарысуын қандай мақсатпен пайдаланады?

149. Қандай түздардың іш жүргізетін әсері бар?

150. Фосфор органикалық қоспалардың емдеу концентрациясы қалай белгіленеді?

151. Токсоальбумин рицин қандай өсімдік құрамында кездеседі? Бұл өсімдік тұқымдарынан рицин майын жасап алады.

152. Зиянды моллюсктерге қарсы әсері бар дәрілерді қалай атайды?

153. Зоокумарин, дифенацин- қандай препараттар?

154. Егерде фармакологиялық препараттармен физиологиялық көрсеткіштердің деңгейінен жоғары белсендіру жүргізілсе, онда фармакологиялық тиімділігі қалай аталады?

155. Биологиялық стандарт тәсілімен анықталған препараттардың белсенділін немен көрсетеді?

156. Тамыр ішінен енгізілетін темір препараты?

157. Жүз мын /100000/ антибиотик мөлшеріне қанша миллилитр еріткіш аласыз?

158. Қандай препаратты тер астынан енгізгенде инфильтраттар және үлпаларға некроз пайда болуға мүмкін?

159. Новокаинның резорбциялық әсерінің үақытын белгіленіз?

160. Қай дәрлік форманың құрамына сора тұқымдарын пайдалануға болады?

161. Осмостық диуретикті көрсетіңіз

162. Гельминттерге қарсы қолданылатын дәрілік препарат?

163. Ивермектин қандай қасиетке ие болады?

164. Іш қатқанда және шектің атониясында іш жүргізу ретінде қандай препарат қолдайды?

165. Химико-токсикологиялық талдауға жіберілетін сынамаларды қалай консервилейді

166. Антикоагулянттарға жататын препарат?

167. Организмнің сусыздану кезінде қандай ерітінді қолданылады?

168. Азықтан сапониндерді белгілеу үшін қандай үлгі жасалады?

169. Бромидтер қандай қасиеттерге ие болады?

170. Антигистаминдік препаратты көрсетіңіз?

171. Қан паразиттерімен, пироплазмоз, нутталиоз қоздыцрғыштарымен қүрес жасағанда қолдаңылатын препарат

172. Союға 7 күн қалғанда сауынды және етті сиырларға қандай препаратты қолдануға болмайды?

173. Парентеральдық ерітінділерге қойылатын негізгі талаптар?

174. Сатылатын формалин неше проценттік болады?

175. Ашытылуға қарсы келетің препарат, газдің түзілуін тежейді, антисептикалық, және руминаторлық әсерін тигізуші, газдың торсықтан жойып және жұтып алушы, және олардың шығаруын қамтамасыз етеді?

176. Гормоналдық препараттар организмнен неше күннен кейін толық шығады?

177. Жаңагален препараттарына түсінік берініз?

178. Жергілікті анестезия жасайтың дәрілердің әсер ету мерзімін ұзарту үшін қандай қоспаларды қосамыз?

179. Микробқа қарсы спектрі кен препарат?

180. Қандай форманың құрамына дәрілік зат? Индифференттік ұнтақ және майдың негізі кіреді?

181. Ішек - қарын жолының қабыну процесі кезінде қолданылатын дәрілік заттың формасы?

182. Эрготоксиндерді қандай қарапайым саңырауқұлақтар қалыптастырады?

183. Қысқаша әсер ететін сульфаниламидттердің қолайсыз әсері?

184. Наперстянка /оймақ шөп/ препаратының қандай қасиеттері бар?

185. Жансыздандыратын дәрілердің қандай жағымсыз әсері бар?

186. Қандай препаратта антгельминттық қасиеті бар?

187. Әсер ету мерзімі созылған антибиотиктерді қолданғаннан кейін, малды неше күннен кейін союға рұқсат бересіз?

188. Антисептикалық және паразиттерге қарсы әсер бар зат май формасын дайындау үшін қосылады- қышыманы, гиподерматозды, бұзау тазын емдегенде қолданылады?

189. Аммоний хлориды қандай препараттардың тобына жатады?

190. «Улар» деген кітаптың авторы кім?

191. Қандай блокада жасағанда новокаин 0,25-0,5% ертіндісін қолданылады?

192. Ірі қара малдың енінен алынатын және құрамына гиалуронидаза фермент кіретін препарат?

193. 1 литр 15%-дық ертіндісін дайындау үшін қанша 50%-дық ерітіндінін көлемін алу керек?

194. Терінін сәулелі бұзылуында, кольпиттерді, эндоцервицидтерді, жатыр эрозиясын емдеуде қолданылатын зат?

195. Холинэстеразаға қарсы әсері бар препаратты көрсетіңіз

А. тропацин

В. токсоганин

С. натрий тиосульфаты

Д. унитиол

Е. тетацин-кальций

196. Адренергиялық синапстардың орналасқан орыңын белгілеңіз?

197. Адреналинді ыдырататың ферментті атаңыз?

198. Қандай антибиотиктердің әсер ету механизмі рибосомада белок синтезінің тежелуіне байланысты?

199. Наркоздың 1-ші сатысын атаңыз

200. Патологоанатомиялық көрсеткіштері бойынша фтормен улануды белгілеңіз.

201. 180,0 май дайындау үшін қанша стрепоцид алу керек?

202. Көгершіндердің организімінде тексерілген жүрек гликозидтерінің активтіні қалай белгіленеді?

203. Сульфаниламиндік препараттардың бәсекелі антагонисі болатын анестетикті атап беріңіз?

204. Малды сояр алдында қандай препаратты енгізуге болмайды?

205. Қандай дәрілік формаға какао майы кіреді?

206. Темірдің препараттары қандай топқа кіреді?

207. Кокарбоксилаза қандай витаминің коферменті?

208. Ксероформ қандай топқа жататын препарат?

209. Кеңелерді жоятын заттар қалай аталады?

210. Қысқы мезгілде акарицидтермен пайдаланудың ынғайлы формасы?

211. Қандай препаратт аз дозасында метгемоглобинды гемоглобинға аударады, ал үлкен дозасында қарама- қарсы әсер етеді?

212. Кокцидиялардың өсуімен дамуын тежейтін заттарды белгілеңіз?

213. Дәрінің қайталанған әсеріне организмнің көтерінкі реакциясы?

214. Адсорбциялық заттардың әсер ету механизмі?

215. Карбамат қоспаларының ВОЗ ұсынысымен бекітілген ет бойындағы МДУ?

216. Қандай препаратты ірі қара малға енгізуге болмайды?

217. 0,5% ихтиол майынан 150,0 дайындау үшін, қанша дәріден аласыз

218. Атропинның көзге әсері қандай?

219. Мыс қоспаларының ет бойындағы МДУ?

220. Вератрин, ақтомар дәрі-қай тобының препаратары

221. Сылап жағатың препараттардың формасын көрсетініз?

222. Саңырауқұлақтарға қарсы әсері бар препарат:

223. Атомарлық өттегіні бөліп шығарып микробқа қарсы әсер ететін препаратты көрсетініз?

224. Микробқа қарсы әсер кен антибитикті көрсетіңіз?

225. Туберкулездің қоздырушысына әрекет жасайтың препаратты белгілеңіз?

226. Пирозолон тобына жататын препарат?

227. Жүректің жіті жеткіліксіздігінде қандай препаратпен қолданады?

228. Қай витаминді мал организмі синтезделмейді?

229. Өкпе және бронх қабынуында қақырық түсіру үшін қандай препарат пайдаланады?

230. Қандай өсімдік қайнатпасын қабынуға қарсы және жараны тез бітіру үшін пайдаланады?

231. Қандай қоспамен уланғанда малды союға болмайды?

232. Асқазаннан улы заттарды жылдам шығару үшін қолданады /3-6 минуттен кейін құстырады, құсу акті 15 минутке дейін созылады/.

233. Орталық нерв жүйесін қоздыратын қабілеті бар тұндырманы көрсетіңіз?

234. Кальций алмасуын реттейтін гормоналдық препаратты белгілеңіз?

235. Тривитамин құрамы:

236. Нитраттар және нитриттермен уланғандығын анықтау үшін қандай клиникалық белгілерге көңіл аудару қажет?

237. Жанагален препараттарына түсінік берініз?

238. Жергілікті анестезия жасайтың дәрілердін әсер ету мерзімін ұзарту үшін қандай қоспаларды қосамыз?

239. Микробқа қарсы спектрі кең препарат

240. Ұлығы төмен, парааминофенол туындысы болып табылатың препарат

241. Тек малдәрігерлігінде пайдаланатың дәрілік форманы белгіленіз?

242. Стрихнинмен уланғанда қандай препаратпен қолдану керек?

243. Аралық және ортанғы ми жұмысын жақсартатың және тыныс алу, тамыр қозғалту орталықтарың қоздыратын препарат

244. Хлор қоспаларымен уланғанда пайдалануға жарамайтын антидот?

245. Құрамынды 95% формальдегиды бар препарат?

246. Жүректен немесе бүйректен болған домбығуды бұлшық еттен қандай препарат енгізіледі?

247. Випраксинның негізіне не кіреді?

248. Жылқылардың асқазаны кенеттен кенейгенде, кебуінде, созылмалы қабынуында антисептикалық және ашытылуға қарсы зат ретінде пайдаланатын препарат?

249. Алдынғы қарындардың тимпаниясында қандай препаратпен қолдану керек?

250. Қандай препарата өттің жасалуын және бөлінуін жақсартады?

251. Шетелден келген тағамдарды міндетті түрде қандай пестицидтерге тексереді?

252. Үй жануарлардың қышыну ауруын емдеуге, малды күту, аспаптарың залалсыздандыру үшін, мал қорасында дезинфекция жасау үшін қандай препарат қолданылады?

253. Сульфаниламидтерді ұзақ қолданғанда қандай жағымсыз әсері пайда болады:?

254. Дитилин қай топтың препараты?

255. Организімде ацетилхолин жетіспегенде қандай препаратты қолданамыз?

256. Холиномиметиктермен ұланғанда қандай заттарды антидот ретінде пайдаланамыз?

257. Калий перманганатының 5%-дық ерітіндісінен қанша алып, одаң 1:1000 ара қатысыспен 4 л ерітінді жасайсыз?

258 Қандай қоспалар организмде қорға /депо/ жиналады?

259. Қандай препаратты жұлын ми анестезиясын жасауға пайдаланады

260. Май-дәрінің дайындығын қалай білуге болады?

261. Биологиялық мембрананың қандай қабаттары бар?

262. Наркоздың толеранттық сатысында қандай рефлекс ең соңында тежеледі?

263. Инфильтрациялық анестезияға пайдаланатын новокаиның концентрациясы?

264. Жануарлардың заттарынан шыққан аналептикті көрсетініз:

265. Атропинды көздің дәнекер қабығына тамызғанда әсер ету ұзақтығын табыныз

266. ТМТД және дитиокарбаматтармен уланғанда лажсыз сойылған малдың сүтін азыққа пайдалануға болама?

267. Глаубер тұзы қандай концентрацияда іш жүргізеді ?

268. Уларға қарсы және десенсибилизациялық әсері бар препаратты белгіленіз?

269. Жұқпалы және паразитарлық ауруларда емдеуге соңымен қатар алдына алуға пайдаланатың заттар қалай аталады?

270. Пеницилинның микробқа қарсы әсерінің механизмін көрсетініз?

271. Пронтозилдың стрептокок инфекциясына тигізетін жоғары әсерін анықтаған ғалым?

272. Гиподермин- хлорофоспен өнделгеннен кейін қай уақыттан малды союға болады ?

273. ЛД/50= 50мг/кг дейін болса, пестицидтердің уыттылық деңгейі қандай дәрежеде болады?

274. Патологоанатомиялық көрсеткіштері бойынша мыспен улануды белгілеңіз.

275. АСД фракциясының авторы кім?

276. Наркоздың 4 сатысы қалай деп атайды?

277. Организімде диэтиламиноэтанол және парааминобензой қышқылына ыдырайтын препарат?

278. Гипофиздін артқы бөлігінде жиналып қанға сінетің гормон

279. Сынап қоспалары ең көбінде қандай ағзаларға жиналады?

280. Қандай дәрілік формаға дәрілік зат, индиференттік ұнтақ және майлы негізі кіреді?

281. Қандай пестицидпен жіті түрде мал уланғанда қорқыныш сезімі, миоз, қаңқа бұлшық еттеріне тремор пайда болады, құлақ және көру рефлекстері төмендейді малдың жүрісі бұзылады, диарея және жүйке-рефлекстік қоздырғышының нашарлауы байқалады ?

282. Қандай қызу басатын топқа жататын дәрі кеуде құысының және ас қорыту жолының ауыру сезімін жояды?

283. Патологоанатомиялық көрсеткіштері бойынша нитраттармен, нитриттермен улануды белгілеңіз.

284. Холинэстеразаға қарсы әсері бар препаратты атап беріңіз?

285. Патологоанатомиялық көрсеткіштері бойынша қорғасынмен улануды белгілеңіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]